Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +15 oC

2016 жылдың қорытындысы


 

Облыстық туризм басқармасымен есептік кезеңде Алматы облысында туризмді дамыту Мастер-жоспарын және оны іске асыру жөніндегі 2014-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жалғастырылды.

Облыс аудандары мен қалаларында Мастер-жоспарды жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарларын оларды адымды орындауды, туризм нысандарына инвесторларды тартуды, жоспарланатын іс-шаралардың санын арттыруды ескере отырып, өзектендіру бойынша жұмыстар жүргізілді. Алматы облысында туризмді дамыту Мастер-жоспарын және оны іске асыру жөніндегі 2014-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалу барысы 2016 жылғы 29 желтоқсанда Алматы облысы әкімдігінің отырысында қарастырылды.


Есептік Балқаш, Алакөл көлдерінің жағалауында туризм инфрақұрылымын дамыту бойынша жұмыстар жалғастырылуда. Облыс әкімінің 2015 жылғы 4 тамыздағы № 541-ө өкіміне сәйкес арнайы жұмыс тобы қызмет атқарады. Балқаш, Алакөл көлдерінің жағалауында туризмді дамыту бойынша жұмыс тобының отырысында Алакөл көлінің жағалауын бекіту бойынша жұмыстарды жүргізу қажеттілігі мәселесі қарастырылды. Көктұма ауылындағы Алакөл көлінің жағалауын бекіту бойынша мәселені шешу үшін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне Алакөл көлінің жағалауында орын алған төтенше жағдайды шешуге ықпал ету туралы ресми хат жолданды.

Жергілікті бюджеттің есебінен 21 млн.теңге сомаға Ақши аулынынан демалыс орындарына дейінгі автожол құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, құрылысы басталды. Қазіргі таңда Ақши ауылынан Алакөл көлінің жағалауында орналасқан демалыс орындарына дейінгі жолды қайта жаңғырту бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Автомобиль жолының жалпы ұзындығы 23,78 шақырымды құрады. Жолдың рекострукциясын 2017 жылғы қараша айында аяқтау жоспарланып отыр.

Алакөл көлінің жағалауында демалушылар ағымының жыл сайын артуын ескере келе, ағымдағы жылы да «Жетіген-Достық-Жетіген» маусымдық теміржол қатынасы жергілікті бюджеттен 65,6 млн.тг. сомаға субсидияландырылды.

Туристерді Алакөл көлінің жағалауына қолайлы жеткізу үшін  Үшарал қаласындағы әуежай құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, құрылыс-монтаж жұмыстары басталды. Құрылысты аяқтаудың мерзімі - 2017 жылғы сәуір айы. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне «Астана-Үшарал», «Алматы-Үшарал» авиарейстерін субсидияландыру бойынша ұсыныстар енгізілді.

Ағымдағы жылы Алакөл ауданындағы «AQUAMARINE resort» заманауи қонақ үй кешенінің құрылысы инвестициялық жобасын жүзеге асыру аяқталды. Аталған нысанға тартылған инвестициялардың жалпы сомасы - 568,0 млн.тг. Бұған қоса, Алакөл көлінің жағалауында көпсалалы қонақ үй кешенінің құрылысы үшін «Falcon Petroleum» ЖШС-нің, демалыс аймағының құрылысына «Каримов» ЖК-нің инвесторлары тартылды.

Атқарылған жұмыс нәтижесінде, мониторинг мәліметтері бойынша Алакөл ауданында ағымдағы жылғы 12 айда бойынша ақылы туристік-сауықтыру қызметтерінің көлемі 2015 жылмен салыстырғанда 2,6 есе, қызмет көрсетілген келушілердің саны 3,1 есе өсті.

2016 жылғы 14 наурызда Сарқан ауданында жұмыс тобының, орналастыру орындарының және облыстық, аудандық құрылымдардың өкілдерімен «Балқаш көлінің жағалауында инфрақұрылымды құру» мәселесі бойынша жиналыс өткізілді.

134,4 млн.тг. сомаға Балқаш көліне дейінгі жалпы ұзындығы 141 шақырымды құрайтын автожолдың телімдерін қайта жаңғырту бойынша жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленді. Қазіргі таңда барлық телімдер бойынша жобалық-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамаға ұсынылды.

Облыс аудандары мен қалаларының әкімдіктері туризм саласындағы өзге де инвестициялық жобалар бойынша жұмыстарды жүргізуде. Талғар ауданында «Ақбұлақ» халықаралық туристік орталығының құрылысы инвестициялық жобасы жүзеге асырылуда, Текелі қаласында «Tekesu Outdoor Center» демалыс және спорт туристік орталығының құрылысы» жалғастырылуда. 2-кезеңнің нысандары– қонақ үй кешені, кафе, таулы ауыл және автотұрағы бар балалар-жастар кешені құрылыстарының эскиздік жобалары дайындалды.

Есептік кезеңде Басқармамен облыстың туристік өнімін туристік қызметтердің ішкі және халықаралық нарықтарында жылжыту бойынша белсенді жұмыс жүргізілді.

Туризм саласында достық қарым-қатынасты орнату және іскерлік ынтымақтастықты тереңдету үшін Алматы облысының туризм басқармсасы ҚХР-мен белсенді серіктестік жүргізуде. ҚХР-ның Синьцзян-Ұйғыр автономды ауданы Іле-Қазақ автономдық округінің Ұлттық үкіметінің аралығында туризм саласында ортақ ынтымақтастық бойынша бірқатар кездесулер өткізілді. Туризм басқармасы Қытай Халық Республикасының Хубэй провинциясының басшылығымен өткен бизнес-кездесуге қатысты.

Облыстың туристік әлеуеті Берлин қаласындағы (ФГР) мерейтойлық 50- ші «ITB-2016» халықаралық туристік биржасында таныстырылды. Көрме бағдарламасының шеңберінде «ЭКСПО-2017 қарсаңындағы туризмнің дамуы» тақырыбында роуд-шоу ұйымдастырылды. Роуд-шоуда Алматы облысының туристік мүмкіндіктері таныстырылды. 2016 жылғы  23-26 наурыз аралығында Алматы облысы қазақстандық делегацияның құрамында Мәскеу қаласындағы (Ресей) 23-ші «MIIT/Саяхаттар және туризм 2016» халықаралық туристік көрмесіне қатысты.

Облысқа келуші туристік ағымды арттыру мақсатында Алматы облысы ағымдағы жылы Алматы және Астана қалаларындағы халықаралық қазақстандық туристік көрмелерге қатысты.

«KITF-2016» халықаралық қазақстандық туристік көрмесінің шеңберінде облыс алғаш рет ресми өңір-серіктес болды. Көрме қатысушылары мен келушілері үшін облыстың туристік мүмкіндіктерінің кең презентациясы ұсынылды: туризм туралы қысқаметражды бейнефильмдер конкурсының қорытындысын жүргізу, «Алматы облысындағы ұлттық парктердің экологиялық соқпақтары», «Алакөл көлінің емдік күші», «Қапшағай - туризм және ойын бизнесінің қаласы», «WORKSHOP-TRAVEL-2016» воркшопы, туристік навигация жүйесінің және туристік өнімді әлеуметтік желілерде жылжыту бойынша конкурстардың презентациялары, «Жеті өзеннің таңғажайып мекені - Жетісу» ақпараттық туры.

Туризм басқармасы ағымдағы жылы туризмді дамыту және туристік дестинацияны жылжыту саласында неғұрлым тиімді бағыттардың бірі ретінде танылып үлгерген В2В форматында презентация өткізу жалғастырылды. 2016 жылғы сәуірде Алматы қаласында «WORKSHOP-TRAVEL-2016» воркшоп ұйымдастырылып, оның жұмысына Алматы облысының туристерді қабылдайтын нысандар (демалыс аймақтары, спорттық-сауықтыру кешендері, шипажайлар және т.б.), мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, шетелдік және отындық нарықтағы туристік фирмалар қатысты. Сонымен қатар, Хоргос қаласының, Қытай Халық Республикасының Хубэй және Хайнань провинцияларының туризм басқармаларының, Татарстан Республикасының туризм бойынша мемлекеттік комитетінің және Қазан қаласының Туристерді қабылдау департаментінің, Қазақстан Республикасы туристік қауымдастықтарының өкілдері де қатысты. Воркшоптың шеңберінде Алматы облысы туризм басқармасы Хоргос қаласының, Қытай Халық Республикасының Хайнань провинциялары туризм басқармаларымен туризм саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды.

Воркшоптарды өткізудегі тиімділіктің негізгі көрсеткіші - ішкі туристер ағымының артуы және Алматы облысындағы орналастыру орындарының толтырымдылығының өсуі екенін ескере келе, облыстың туристік мүмкіндіктерінің презентациясын Астана қаласында «Astana-Leisure 2016» халықаралық қазақстандық туристік көрмесінің шеңберінде өткізу туралы шешім қабылданды. Іс-шараға облыстың туристерді қабылдайтын 25-тен аса нысан және 30-ға жуық отандық және шетелдік туристік фирмалар қатысты. «WORKSHOP-TRAVEL-2016»-тың ерекшелігі - оның алғаш рет Астана қаласында өтуі, Қазақстан туроператорларымен байланыс орнатуға ықпал етуі болды.

Атқарылған жұмыстың нәтижесі ретінде облыстағы орналастыру орындарына келушілердің саны 2015 жылғы деңгеймен салыстырғанда  38,3 %-ға өсті.

Алматы облыстық туризм және ақпараттық қызмет көрсету орталығымен (бұдан әрі - Орталық) туристік көрмелерге қатысу үшін жарнамалық-имидждік өнімдерді әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қолданушылар үшін туристік ақпараттық интернет-портал қолжетімді, бейнероликтер дайындалды, Facebook мен Instagram әлеуметтік желілерінде парақшалар ашық.

Осы жылы туризм басқармасы туристік мүмкіндіктерді әлеуметтік желілер арқылы насихаттау үшін алғаш рет «ЖЕТІСУ ЖҮРЕГІМДЕ» селфи және флешмоб конкурстарын ұйымдастырды. Аталған конкурсқа 250-ден аса адам қатысты.

2016 жылғы 20 мамырда туризм басқармасы Египет Араб Республикасының Елшілігімен Алматы қаласында өткізілген туристік семинар мен пресс-конференцияға қатысты. Египет делегациясы сапарының шеңберінде Алматы облысын әкімінің орынбасары С. Тұрдалиевтің Оңтүстік Синай провинциясының губернаторы Халед Фудамен ресми кездесуі ұйымдастырылды. Кездесу  қорытындысы бойынша Оңтүстік Синай провинциясы мен Алматы облысы аралығында достық қарым-қатынас орнату туралы келісімге қол қойылды.

Есептік кезеңде туризм басқармасымен Қытай Халық Республикасы, Ресей Федерациясы және Италия Республикасының шетелдік туроператорлары үшін, сонымен қатар Милан қаласындағы (Италия) «ЭКСПО-2015» халықаралық көрмесінде қазақстандық павильонның миллионыншы келушісі үшін бірқатар ақпараттық турлар ұйымдастырылды. Бұған қоса,  «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық шеңберінде шетелдік туристік компаниялардың өкілдері үшін ақпараттық ұйымдастырылды. Ақпараттық турлардың қатысушылары «Алтынемел», «Шарын», «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи парктерінің туристік нысандарына барды. ХІХ ғасырда біздің елімізге сапар жасаған алғашқы британ саяхатшысы және суретшісі - Томас Аткинсон ұрпақтарының делегациясы үшін кездесу және облыстың туристік нысандары бойынша экскурсия өткізілді.

Жетісу Инвест-2016» Жібек жолының өркендеуі арқылы жаңа мүмкіндіктерге» халықаралық инвестициялық форумының шеңберінде «Туризм және көлік-логистикалық жүйе» панельді сессиясы өткізіліп,  туризм және логистика саласындағы өңірдің инвестициялық мүмкіндіктері, инвестиция тартудың құралдары, өңірдің туристік және көліктік-логистикалық әлеуетін дамыту мәселелері қарастырылды.

2016 жылғы сәуірде Алматы облысының аумағынан өтетін, оның ішінде «ЭКСПО-2017» көрмесінің келушілеріне көрсетілетін туристік маршруттардағы қызметтердің сапасын жетілдіру мақсатында облыс аумағында маршруттардың инспекциясын өткізілді. Жұмыс барысында сарапшылар «Recommended by EXPO-2017» бағдарламасына сәйкес  маршруттардың біліктілік талаптарына, кәсіби қауіпсіздік стандарттарына сәйкестігін анықтады. Туристік маршруттар инспекциясының нәтижесінде әрбір маршрут бойынша сарапшылық қорытындылар мен ұсынымдар берілді.

Туризм басқармасы облыс аудандары мен қала әкімдіктерінің туризм саласына жетекшілік ететін мамандары, МҰТП мен туристік бизнестің (туристік фирмалар мен орналастыру орындары), қоғамдық ұйымдардың, БАҚ-тың өкілдері үшін Қапшағай қаласында әлеуметтік туризм мен «ЭКСПО-2017» көрмесіне облыстың қатысуы туралы мәселелер талқыланған семинар өткізді.

2016 жылғы 5-9 қаңтар аралығында В. Чепельдің құрметіне туристік көпсайыс бойынша (балалар, жасөспірімдер) Қазақстан Республикасы Кубогының шеңберінде Жасанды жер бедерінде туристік көпсайыс (тау туризмі) бойынша ашық өңірлік сайыстары өткізілді. Ағымдағы жылы сайыстарды Қазақстан республикасының 9 өңірінен 23 команда қатысты. Жалпы есепте, сайыстардың қорытындылары бойынша «Ересектер» жас тобында Іле ауданының «Альпийская роза» командасы, «Жасөспірімдер» жас тобында «Ирбис-Текели-7» командасы бірінші орындарға ие болды.

Балалар-жасөспірімдер туризмін дамыту мақсатында, сонымен қатар туристік клубтар мен үйірмелерде айналысатын, аз қамтылған отбасынан шыққан Талдықорған қаласының мектеп оқушылары үшін Астана қаласына «Астана-болашаққа бастама» туристік сапары ұйымдастырылды.

2016 жылғы 20 ақпанда Текелі қаласындағы «Текесу» тау шаңғы базасында Алматы облыстық туризм және ақпараттық қызмет көрсету орталығымен мемлекеттік қызметкерлер командаларының арасында қысқы туризм түрлері бойынша фестиваль ұйымдастырылды және өткізілді. Фестивальға 250-ден астам адам қатысты.

2016 жылғы 30 сәуірде Таңбалы Тас шатқалында «Іле-Балқаш» регатаның (бұдан әрі - Регата) салтанатты ашылуы өтті. Ағымдағы жылы регатаның 1-кезеңінде (спринт, жалпы жүзу) 61, оның ішінде Ресей Федерациясынан (Санкт-Петербург институты ТЖМ) командалар қатысты. Регатаның шеңберінде жыл сайынғы «Таңбалы Тас» фестивалі, «Іле таңы-2016» спорттық-туристік көпсайыс бойынша ашық облыстық сайыстар, табиғи жер бедердегі спорттық туризм бойынша Алматы облысының Чемпионаты, сонымен қатар, футбол, волейбол, ұлттық спорт түрлері (көкпар, аударыспақ, қыз қуу) бойынша спорттық сайыстар өткізілді.

Су туризімін дамыту және дәріптеу мақсатында 2016 жылғы 17-19 маусым аралығында Көксу ауданында «KOKSU WATER FEST-2016» су туризмі фестивалі өткізілді. Фестивальға 150-ден астам адам, оның ішінде мемлекеттік мекемелер мен туристік ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары, сонымен қатар Саңырау-мылқаулар қоғамының командалары қатысты.

Алакөл көлінің туристік мүмкіндіктерін насихаттау үшін туризм басқармасы «Ветер странствий» журналымен бірлесе «Крылья Алаколя» бервочерлер фестивалін, «Окунколь» балық-туристік фестивалін ұйымдастырды. Бағдарламаға сәйкес, барлық қатысушыларға құстарды бақылау жүргізу үшін жаяу экскурсиялар,  алабұға балығын аулау бойынша турнир ұйымдастырылды.

2016 жылғы 15-25 маусым аралығында Алматы облысының аумағында «Ұлы Дала Елі» облыстық экспедициясы (туристік жорық) өткізілді. Экспедицияға барлығы облыстың 8 өңірінен, оның ішінде 11 туристік клубтан 13 топ қатысты. Экспедицияға алғаш рет қатысқан маршруттың қатысушыларына «Қазақстан саяхатшысы» белгілері берілді. Жоңғар Алатауы тауларында туристік маршруттарды әзірлеу үшін жыл сайынғы «Жоңғария-2016» тау және жаяу туризм бойынша республикалық туриадасы өткізілді.

Желкенді туризмді, белсенді демалысты насихаттау және облыстың туристік мүмкіндіктерін жарнамалау мақсатында 2016 жылғы 11-19 маусым аралығында Қапшағай су қоймасында Алматы облысы әкімінің Кубогына халықаралық желкенді регатасы өткізілді. Регатаға 30 командалары, оның ішінде Ресей Федерациясының командалары (Санкт-Петербург, Омск, Томск, Ижевск, Новосибирск, Новокузнец) қатысты.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығының құрметіне туризммен айналысатын, оқу үздіктері болып табылатын, аз қамтылған отбасынан шыққан мектеп жасындағы балалар, оқу үздіктері үшін «Қазақстанның астаналары: кеше және бүгін» туристік теміржол маршруты ұйымдастырылды. 240 бала Алматы, Түркістан, Тараз, Астана қалаларының тарихи орындарына, мұражайларын мен құндылықтарына барып, қазақ халқының тарихымен танысты. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай 2016 жылғы 7-20 желтоқсан аралығында Алматы облысының оқушылары үшін біркүндік 25 ақпараттық тур ұйымдастырылды. 750 бала Алматы облысының құндылықтарын көріп қайтты.

Облыс кімінің 2016 жылғы 2 қыркүйектегі № 136-ө өкіміне сәйкес, Сарқан ауданында Дүниежүзілік Туризм күніне арналған дәстүрлі ашық облыстық туристер слеті өтті, аталған іс-шараға 24 топ және 200-ден аса адам қатысты.

Талғар ауданында І халықаралық «Ұлы Дала Елі» фестивалі өткізілді. Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығының құрметіне өтті. Іс-шараға 10 мемлекеттен: Қазақстан, Венгрия, Голландия, Германия, Түркия, Қытай, Корея, Украина, Ресей, Қырғыстан елдерінен 2000-нан аса адам қатысты.

Спорттық туризмді дамыту мақсатында Алматы облысының құрама командасы 2016 жылғы 24-28 ақпан аралығында туристік көпсайыс (шаңғы туризмі) бойынша Қазақстан Республикасының ашық Чемпионатына және туристік көпсайыс бойынша Қазақстан Республикасының Кубок кезеңіне, сонымен қатар 2016 жылғы 21-24 наурыз аралығында жасанжы жер бедердегі туристік көпсайыс бойынша Қазақстан Республикасының Кубок кезеңіне, «Горизонт» Кубогы үшін өңіраралық сайыстарға қатысты. Сайыс қорытындылары бойынша жалпытоптық есепте облыс командасы 4 және  5 орындарға ие болды. Алматы қаласында өткен спорттық туризм-жаяу туризм техникасы бойынша ҚР Чемпионатында, РҚ Кубок кезеңінде Алматы облысы 1 орынды иеленді. Павлодар облысында өткен ТМД туристерінің «Ертіс меридианы-2015» атты республикалық достастық слетіне Алматы облысы жеке-командалық дистанциясында 2 орын, жалпыкомандалық есепте 3 орынға ие болды. 2016 жылы Алматы облысының командасы Сочи қаласында (Ресей) өткен туристік көпсайыс бойынша халықаралық сайыстарға қатысып, «Балалар» жастар тобында 3-орынға ие болды.

«ЭКСПО-2017-ге» дайындық шеңберінде туризм басқармасымен ағымдағы жылы Талғар ауданы мен Қаскелең қаласындағы орналастыру және тамақтандыру орындарының қызметкерлері үшін бірқатар оқу курс-тренингтері өткізілді. Ағымдағы жылы 7-8 қазан аралығында «Recommended by EXPO-2017» бағдарламасына қатысуға ұсынылатын туристік нысандардың мамандары үшін мастер-класстар өткізілді. Курстарға қатысушылардың жалпы саны 65 адамды құрады, оларға тиісті сертификаттар табысталды. 2016 жылға арналған облыс бойынша MICE-күнтізбе қалыптастырылды және бекітіліп, туризм басқармасының сайтына орналастырылды.

Атқарылған жұмыс нәтижесінде мониторинг мәліметтері бойынша 2016 жылы облыс аудандары мен қалаларында көрсетілген ақылы туристік-сауықтыру қызметтерінің көлемі 5477,2 млн.теңгені құрады, бұл 2015 жылғы көрсеткіштің  126%-ын құрайды.


         


Орналастырылған күні: 17.01.2017 18:54

Өзгертілген күні: 17.01.2017 18:56:16

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх