Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +12 oC

2016 жылдың қорытындысы


Алматы облысындағы қоғамдық-саяси ахуал туралы

Облыс бойынша 103 ұлт өкілдері, 71 ұлттық – мәдени орталықтар,  354 үкіметтік емес ұйымдар, 12 салалық кәсіподақ бірлестіктері, 98 бұқаралық ақпарат құралдары, 67 жастар бірлестігі және саяси партиялардың 6 облыстық филиалдары жұмыс атқарады. Саяси партиялардың арасында  «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы белсенділігін көрсетуде.

Өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалды тұрақтандыру мақсатында  облыстық жедел штаб және өңірлік штабтар құрылып, жұмыстарын жалғастырылуда. Облыс басшылығы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшыларымен, аудан, қалалардың әкімдерімен өткізілетін әр жиында облыстағы қалыптасқан тұрақтылықты сақтау, болуы мүмкін әлеуметтік шиеленістерді алдын алу шараларын жүргізу мәселелеріне баса зейін қояды.

Жергілікті атқарушы органдардың азаматтық қоғам институттарымен өзара байланысын қамтамасыз ететін аудандық, қалалық әкімдіктер жанындағы қоғамдық келісім кеңестері тұрақты негізде 252 ауылдық округті қамтып, пікірлесу алаңы тұрғысында қызмет етеді.

Қазіргі уақытта тұрғындар арасында рұқсат етілмеген митингтер, шерулердің алдын алу мақсатында профилактикалық  шаралар, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Этносаралық қатынастың дамуына әсер ететін теріс үрдістердің алдын алу және болдырмау мақсатында  көпұлтты аймақтар ерекше бақылауға алынған. Осыған орай, Қарасай, Жамбыл, Талғар, Іле, Еңбекшіқазақ, Ұйғыр, Панфилов  аудандарында қоғамдық-саяси ахуалды зерттеу бойынша басқармалар, департаменттер және құқық қорғау органдармен бірлескен іс-қимыл жоспары бекітіліп, осы жоспар негізінде әр басқарма, департаменттер  өз бағыттары бойынша  рейдтерге шығып, тиісті жұмыстар жүргізді.

Аудандық, қалалық әкімшіліктерден өңірдегі қоғамдық-саяси шаралар туралы, әлеуметтік шиеленіс тудыру қаупі және қоғамдық тұрақсыздыққа әкеліп соқтыруы мүмкін жағдайлар туралы ақпарат әр апта сайын арнайы кестеге сәйкес жинастырылуда. Аудан, қалалардан түскен мәліметтерге талдау жұмыстары жүргізіліп, ай сайын қорытындысы шығарылады.

Бүгінгі таңда этнос өкілдері тығыз қоныстанған аудандарда наразылық пен шиеленіске әсер ететін, сондай-ақ қоғамдық – саяси ахуалды ушықтыратын жағдайлар байқалмады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы облысы бойынша департаментінің кезекші бөлімінде терроризмге қарсы «қауырт» желі құрылған, қоңыраулар «110» телефон нөміріне қабылданады.Террорлық тұрғыдан осал объектілердің  террорға қарсы қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі ақпараттық материалдар жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында Call-центр телефондарының нөмірлері  орналастырылған.

Қазіргі уақытта қоғамдық-саяси ахуал тұрақты, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табуда.

Азаматтық қоғам институттарының өзара әрекеттестігі туралы

Соңғы мәліметтер бойынша облыста 354 үкіметтік емес ұйымдар қызмет атқаруда. Облыста тіркелген  үкіметтік емес ұйымдардың 60 пайызы ауылдық жерлерде тіркелген.

Салалық ынтымақтастық қағидатын мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимылы тәжірибесіне мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында ҮЕҰ әлеуметтік маңызды жобалар конкурстары енгізілген. 

2016 жылы облыс бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындау мақсатына 348,480 млн.теңге бөлініп, оның ішінде республикалық бюджеттен 21,535 млн.тг.,  облыстық бюджеттен 326,945 млн.тг. бөлінді.

ҚР «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» Заңының 5 тарауында көрсетілген бағыттары ескеріліп, сонымен қатар Елбасының және басқа да  жоғарғы мемлекеттік органдардың тапсырмалары есепке алынды.

Атап айтсақ, «Қазақстан - 2050» Стратегиялық жоспары негізінде іс-шаралар өткізу және оны насихаттау, Елбасының жыл сайынғы халыққа  Жолдауын насихаттау, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған, гендерлік саясат туралы және басқа да тақырыпта 4 лот белгіленді. Лот жеңімпаздары «Атамирас», «Славян жастар қозғалысы», «Алматы облысының Студенттер Одағы» жастар қоғамдық бірлестіктерінің келісім-шарттары бойынша арнайы жүйелі іс-шаралар кестесі әзірленіп, әртүрлі форматта  іс-шаралар ұйымдастырылуда.

«Алматы облысының Студенттер Одағы» жастар қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25жылдығына арналған және «100 қадам» Ұлт Жоспары, «Нұрлы жол» бағдарламасындағы, «Мәңгілік ел» мен «Елімнің тағдыры – менің тағдырым» идеяларын насихаттауға бағытталған Қарасай, Іле, Талғар, Еңбекшіқазақ, Райымбек, Ұйғыр, Панфилов, Кербұлақ, Ескелді аудандарындағы 25 ауылдық округтерінде 5  мыңнан астам адам қамтылған автошеру ұйымдастырды.

 «Атамирас» қоғамдық бірлестігі «ҮЕҰ-дың, журналистер және блогерлердің әлеуетін арттыру мақсатында іс-шараларды өткізу» лот аясында  Талдықорған, Қапшағай қалаларында  «ҮЕҰ-дың мектебі» атты 2 күндік семинар ұйымдастырды.

Сонымен қатар, Райымбек, Кербұлақ, Қарасай аудандарында, Қапшағай қаласында жергілікті атқарушы органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың әріптестік қарым–қатынасын жаңа деңгейге көтеру, өзара ынтымақтастықты жалғастыру мақсатында өңірлік үкіметтік емес форумдары өтті.

2016 жылғы 8 қарашадаТалдықорған қаласы, І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында «Болашағымыз бірлікте!» атты  облыстық VII Азаматтық форумы өтті. Өткізілген шараның негізгі мақсаты - «Қазақстан-2050» Стратегиясында,  Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларында, басқа да стратегиялық құжаттарда белгіленген мемлекеттік саясаттың стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу, сонымен қатар,   жергілікті атқарушы органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың әріптестік қарым–қатынасын жаңа деңгейге көтеру, өзара ынтымақтастықты жалғастыру болып табылады.

 

 Ақпараттық сүйемелдеу туралы

Облыста 98 бұқаралық ақпарат құралдары жұмыс атқаруда. Оның ішінде 84  баспа, 14 электрондық бұқаралық ақпарат құралдары бар.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына  «Қазақстан  жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты  Жолдауын,  «Ұлт жоспары - бес институционалды реформаларын жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам»түсіндіру мақсатында   облыстық іс-шаралар жоспары мен медиа-жоспар әзірленіп, бекітілді. Сонымен қатар,   құрамында 2385 адамы бар 221  ақпараттық топ құрылып, шығу кестесі бекітілді. Топ мүшелері аудандар мен  қалаларда, елді мекендерде  1752  кездесу өткізіп,насихат жұмыспен  84 012   тұрғын қамтылды. 

Бүгінгі күні  Елбасының Жолдауын,Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын, «Ұлт жоспары - бес институционалды реформаларын жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамын» насихаттау мақсатында   ақпараттық жұмыстар жүргізілуде.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында 13 арнайы айдарлар ашылып, 1479  мақалалар жарық көрді.  «Жетісу» телеарнасында  253 сюжет берілді.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жетілдіру мақсатында «Ақпараттық   топтарының 2015 жылғы атқарған жұмыстары туралы, 2016 жылға арналған басым бағыттары және Қазақстан Республикасының   Президенті – Елбасы  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму»  атты  Қазақстан халқына  Жолдауын және «Бес институционалдық реформа:100 нақты қадам» ұлт жоспарын   тұрғындар арасында   насихаттау»  атты облыстық семинар – кеңес  өткізілді.  Оған  аудан,  қала әкімдерінің орынбасарлары, ішкі саясат бөлімінің басшылары, газеттердің бас редакторлары қатысты.

Облыс орталығында ақпарат  және байланыс қызметкерлері  күні кәсіби мерекесі құрметіне  облыс әкімі  республикалық, облыстық, аудандық  бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен   салтанатты  жиын өткізді.  Жиында журналистер бағалы сыйлақтармен, құрмет грамоталарымен  марапатталынып,  147  БАҚ өкіліне  қаржылай сыйақы  берілді.

Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдар арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру жәнеҚазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында облыстың 25 үздік журналистері марапаталды.

Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде  барлығы  260  спикер сөз сөйлеп,  100 брифинг өткізілді. 1 брифинг-презентация, 2 баспасөз-мәслихатын ұйымдастырып, 6 республикалық онлайн-конференцияға  қатысты.

Облыс бойынша мемлекеттік саясатты насихаттау мақсатында  2154  көрнекі - үгіт құралдары орналасқан.

 

Ішкі саясат саласындағы өткізілген маңызды шаралар туралы

Алматы облысының ішкі саясат басқармасы мемлекеттік  саясатты жүйелі түрде жүргізу, өткізілетін шаралардың саяси-идеологиялық бірегейлігіне қол жеткізу мақсатында  мемлекеттік ұлттық мерекелерді, қоғамдық-саяси маңызды шараларды жоспарлау, өткізу бойынша жұмыстар атқаруда.

Шараларды өткізу барысында облыстың барлық аудандары мен қалаларында іс-шаралар  жоспары әзірленіп, жұмыстар жүргізілді.

Атап айтқанда,  мерейтойлық даталарға арналған, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының 30 жылдығына, Алаш Орданың 100 жылдық мерейтойына, Чернобыль оқиғасының 30 жылдығына, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Конституциясы, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күндеріне арналған шаралар, форумдар, акциялар, дөңгелек үстел отырыстары және "Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсы мен  тағы басқа іс - шаралар ұйымдастырылып, өткізілді.

Аталған мерекелердің идеялық-мазмұны және күнтізбелік сипатын назарға ала отырып, оларды дайындау мен өткізу барысында  сабақтастық пен кешендік қағидаты басшылыққа алынды.

Алматы облысында Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 28 наурыздағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу тұжырымдамасы мен республикалық шаралар тізбесіне сәйкес облыста, сондай-ақ аудан, қалаларда іс-шаралар жоспары мен шаралар тізбесі (сетевой график) әзірленді.

Аталған тұжырымдамасына сәйкес, облыс бойынша Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына шараларды  ұйымдастыру және өткізу бойынша комиссия құрылып, Ел Тәуелсіздігінің  25 жылдығын мерекелеу шеңберінде  облыстық іс-шаралар жоспары бекітіліп, жұмыстар атқарылды.


Облыста ұйымдастырылған барлық «дөңгелек үстелдер», семинарлар, акциялар, жиналыстар, кездесулер, фестивальдер, форумдар, салтанатты жиындар, мерекелік концерттер, спорттық жарыстар және т.б. шаралар мерейтойлық даталарға арналып, өткізілді.

Осы бағытта ең жарқын шаралардың бірі Астана қаласында «Қуатты өңір - қуатты Қазақстан» атты өңірлердің күндері  аясында  «Жерұйық мекен - Жетісу» атты Алматы облысының күндері өтті. 

Аудан, қалаларда «Үлкен Ел-үлкен Отбасы» атты жобасы іске асырылды және «Мәңгілік Ел пойызы», «Болашақ үшін естелік», «Ауылым – алтын қазынам», «Елімнің тағдыры – менің тағдырым» автошеру, «Қазақстан - достықтың киелімекені»  форумдар ұйымдастырылып,  Талдықорған қаласында «Жастар» саябағында 92 метр биіктікке Мемлекеттік ту көтерілді.Қарасай ауданыныңШамалған станциясындаҚазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Қазақстанның Азаматтық Альянсы аясындағы «Мәңгілік Ел» поезы»  жалпы республикалық акциясы өткізілді.

Облыс көлеміндеҚР   Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай  «25 қайырымдылық іс» шарасы аясында «Мектепке жол», «Жүректен жүрекке», «Аялы алақан»,«Балаға қуаныш сыйла»,Ардагерлерді ардақтайық» акциялары өткізілді.

Шаралар аясында аудан, қалаларда демеушілер тарапынан  әлеуметтік жағдайы төмен, мүмкіндігі  шектеулі,  жалғыз басты  қарт адамдарға, жетім балаларға, барлығы 8136 адамға 84 млн 679 мың теңге қаржылай, көмек көрсетілді.

Облыс орталығында  Президент Әкімшілігі мен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның жергілікті мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары мен қызметкерлеріне, үкіметтік емес ұйымдардың және кәсіподақ ұйымдарының өкілдеріне,  жастарға арнап «Қазақстандағы адам құқықтарын қорғаудың ұлттық және халықаралық тетіктері» тақырыбында оқыту семинар-тренинг өткізілді.

Талдықорған қаласында «Елбасы жолы» киноэпопеясының «Так сложились звезды» фильмінің тұсаукесері ұйымдастырылып, өткізілді.

Ақсу ауданында Алаш Орданың 100 жыл толуына орай танымдық конференция,  Ескелді ауданында Чернобыль  оқиғағасының 30 жылдығына арналған «дөңгелек үстелдің» отырысы ұйымдастырылды.

Облыс көлемінде отбасылық ар-ұждан құндылықтарын нығайту жөніндегі ақпараттық жұмыстарды күшейтіп, ынтымағы берік, тату отбасылардың үлгісін кеңінен көрсету мақсатында облыстық көлемде «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы ұйымдастырылып, өткізілді. Облыстық байқауға аудан, қалалардан 38 үздік отбасы қатысып,  жүлделі орындарға  лайықты 8 отбасы белгіленді.  Бас жүлдеге Талғар ауданынан Ақанаевтар отбасы ие болып, Алматы облысынан республикалық  байқауға қатысты.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеуге арналған 25 жұлдызды күндерінің (21 қарашадан  15 желтоқсанға дейін басты мерекелік іс-шаралар) арнайы облыстық жоспары әзірленді.

Облыс көлемінде өткізілетін іс-шараларжұмыс жоспарға сәйкес  бақылауға алынып, ақпараттар жинақталып, өңделді.Қазақстан РеспубликасыПрезидентіӘкімшілігіне Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып өткізілген іс-шараларбойыншакүнделікті есеп берілді.

«25 жұлдызды күндер»  аясында  облыста 124 808 адамның қатысуымен  592  игі іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді. Оңың ішінде, 87 әлеуметтік-экономикалық, 112 қоғамды-саяси, 28 ақпараттық-имидждік, 39 спорттық, 268 мәдени, 58 ғылыми-ағартушылық шаралар.

Атап айтқанда,Талдықорған қаласының  Мемлекеттік символдар аллеясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті мүсінінің ашылу салтанаты,  Қапшағай қаласының әкімдігі «Тәуелсіздік ұландарымыз» тақырыбында қала көріністері, Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласының орталық  Мәдениет үйінде  75 елді мекенде «Жетісу керуені» атты  қайырымдылық акциясының қорытынды шарасы, Кербұлақ ауданы Қоғалы ауылының Орталық алаңында «Тәуелсіз елдің жастары!» мәдени-сауықтыру шара,  Текелі қаласының Мәдениет үйінде «Егемен елдің әуені» ұлттық аспаптар концерті  өткізілді.

Сонымен қатар, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына және 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына 30 жыл толуына орай Талдықорған қаласында «Тәуелсіздік – тірегім!» атты облыстық форум өткізілді. Шарада облыс әкімі желтоқсандықтарға Желтоқсан оқиғасының 30 жылдығына арналған мерейтойлық медальдар тапсырды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеуге арналған «25  жұлдызды күндер»   облыс орталығының «Жастар» Спорт сарайында мерейтойға арналған салтанатты форуммен аяқталды.200-ден астам азаматтарға мемлекеттік наградалар, мерейтойлық медаль, Құрмет грамоталары табысталды. Салтанатты жиында Тәуелсіз еліміздің 25 жылдағы қол жеткізген табыстары голографиялық неонды 3D шоу және қазақ эстрадасы әншілерінің гала-концерті ұсынылды.

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай облыстық әкімшіліктің қолдауымен Ел Тәуелсіздік жылдарында Алматы облысының  жеткен жетістіктері жайлы фильм түсірілді.

Өткізілген шаралар облыс тұрғындарының басым көпшілігіне оң ықпалын, жалпы халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін жоғарылатуға өз септігін тигізуде.


Ішкі саясат саласындағы талдау және мониторинг

жұмыстары  туралы

Жыл басынан талдау және мониторинг бөлімі 9 көпшілік 1 телефон  сауалнама өткізді.  Оларға  9 500  респондент қатысты. Атап айтқанда:

- Тоқсан сайын облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайын зерделейтін әлеуметтік сұрау.

- Тоқсан сайын  облыстағы этносаралық жағдайды  анықтайтын әлеуметтік  сұрау.

- «Тәртіпсіздік пен құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қамтамасыз ету  жөніндегі 2015-2016 жылдарға арналған өңірлік жоспарды  іске асыру барысына қоғамдық баға беру».  

- Облыс тұрғындарының  Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың жыл сайынғы  дәстүрлі Жолдауларын қабылдау деңгейін анықтау.

- Облыс тұрғындарының көрнекті үгіт құралдардың, БАҚ-да имидж шығармашылардың, үгіт науқанның тиімділігін анықтау үшін жүргізілген көпшілік сауалнама.

- Мемлекеттік органдардың діни экстремизм мен терроризмге қарсы идеологиялық жұмыстарының тиімділігін анықтау бойынша әлеуметтік сауалнама.

 - Сыбайлас жемқорлық мәселесі бойынша сауалнама.

Сауалнамалар нәтижелерін  қорытындылай келе, облыстағы қоғамдық-саяси жағдай бірқалыпты, әр түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы достық қарым-қатынас орныққан, тұрғындардың көңіл-күйі позитивті және тұрғындардың басым бөлігі мемлекеттік саясатқа оң көзқараста екендігін атап өтуге болады.

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы Конституциялық  Заң талаптарының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылды.    

2016 жылғы 25-29 сәуір аралығында мемлекеттік рәміздердің заң талаптарына сай орналастырылуы мен қолданылуын тексеру мақсатында республикалық инспекциялық топ облыстың аудан, қалаларында іссапарда болды.

 Алматы облысы әкімінің жанындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері жөніндегі облыстық комиссияның 4 отырысы өтті. Ақсу, Ұйғыр, Панфилов, Қарасай, Талғар, Балқаш, Жамбыл, Еңбекшіқазақ аудандарында және Қапшағай қаласында 102 мемлекеттік мекеме  мен 49 білім беру ұйымдарында  мемлекеттік рәміздердің қолданылуы мен насихатталуының жай-күйіне  қадағалау жүргізіліп, әдістемелік көмек көрсетілді.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін пайдалану және насихаттау бойынша» брифинг өтті.   Брифингке облыстық ішкі саясат басқармасының, облыс бойынша  Техникалық реттеу және метрология комитеті департаментінің, облыстық прокуратураның өкілдері қатысты.

Алматы облысы бойынша техникалық реттеу және метрология комитеті департаментімен бірлесе  Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің пайдаланылуы мен насихатталуы  бойынша барлық аудан, қалаларда  семинарлар өткізілді.

 3 маусым Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында Талдықорған қаласының «Жастар» саябағында "Тәуелсіз елдің тұғыры биік көк Туы"  атты ҚР Мемлекеттік  Туын тұғырға көтеру салтанаты өтті.

ҚР Дін істері комитетінің республикалық  ақпараттық-түсіндіру тобының эксперті, «Білім» мәдени-білім беру орталығының директоры Р.Иржанов идеология  саласында  жұмыс істейтін қызметкерлерге және БАҚ саласының  өкілдеріне, І.Жансүгіров атындағы ЖМУ студенттері мен оқытушыларына арналған 3  семинар-лекциясыұйымдастырылды..

3 қазан күні  облыс әкімдігінің кіші залында  Мемлекеттік Елтаңбаның авторы  Жандарбек Мәлібековтың қатысуымен жиналыс ұйымдастырылып, қолданысқа енгізілген ҚР СТ 989-2014 стандарты  бойынша  Мемлекеттік Елтаңбаны сапалы ауыстыру жөнінде айтылды. Жиналысқа басқарма, департамент басшылары қатысты.

21 қазанда «Журналистер үйінде» «Мемлекеттік  көрсетілетін қызметтер сапасына қоғамдық мониторинг» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шарада Мемлекеттік қызмет істері және  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігінің Алматы облысы бойынша  департаменті, «Ашық Үкімет» мемлекеттік  корпорациясының, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.

28 желтоқсанда «Алматы облысының терроризмге қарсы комиссиясы: өңір қауіпсіздігін қамтамасыз ету» атты деректі фильм көрсетілімі ұйымдастырылды.

    


Орналастырылған күні: 18.01.2017 11:48

Өзгертілген күні: 19.01.2017 12:09:17

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх