Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +15 oC

2016 жылдың қорытындысы


«Агробизнес 2020 » бағдарламасы шеңберінде 2016 жылға 29,3 млрд.тенге қаражат бөлінді (2015 ж. – 24,4 млрд.тенге), оның ішінде тауар өндірушілерді субсидиялауға арналған қаражат көлемі 25,6 млрд.теңге немесе 87,3% құрайды (2015 ж – 21,3 млрд.тенге), бөлінген қаражат толығымен игерілді.

Бағдарламаның бірініші бағыты «АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру» бағыты шеңберінде 2013-2015 жылдары мақұлданған жобаларды субсидиялауға – 23,9 млн.теңге бюджет қаражаты бағытталды.

Екінші бағыты «АӨК субъектілеріне тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің экономикалық қол жетімділігін арттыру» аясында – 26,8 млрд.теңге қаражат, оның ішінде егін шаруашылығын дамытуға – 7,4 млрд.теңге, мал шаруашылығына – 14,7 млрд.теңге, қайта өңдеуге – 1,4 млрд.теңге, инвестициялық салым шығыстарынын бір бөлігін субсидиялауға – 2,9 млрд.теңге, лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға – 393,9 млн.тенге бағытталды.

Үшінші бағыт «АӨК субъектілерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесін дамыту» аясында – 2,5 млрд.теңге бөлінді, оның ішінде фитосанитарлық қауіпсіздікке – 0,3 млрд.теңге және ветеринарлық қауіпсіздікке – 2,2 млрд.теңге бағытталды.

Сонымен қатар, «ҚазАгро ҰБХ» АҚ-ы тарапынан сомасы 11,8 млрд.теңге несие берілді, оның ішінде ауыл шаруашылығы техникасын лизингке алуға – 4,3 млрд.теңге, мал шаруашылығында шебер-жоспарларды орындауға – 2,7 млрд.теңге, инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға – 3,6 млрд.теңге, ауылдық несие серіктестіктері тарапынан – 1,2 млрд.теңге.

Мемлекеттік қолдаумен – 18968 агроөнеркәсіп кешені субъектісі қамтылды, оның 16904-не субсидия берілсе, 2064-не несие берілді.

Бағдарламаның тиімділігі келесі көрсеткіштермен сипатталады:

Агроөнеркәсіп кешеніне облысқа 41,0 млрд.теңге инвестиция тартылды, оның ішінде ауыл шаруашылығына – 29,0 млрд.теңге, тамақ өнімдерін өндіруге – 12,0 млрд.теңге, нақты көлем индексі – 163,9%.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 2016 жылы 581,4 млрд.теңгені құрады, нақты көлем индексі – 103,8%

Ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 2015 жылға 6,0 мың гектарға ұлғайып, 932,2 мың гектарды құрады (2015ж.–926,2 мың га). Өткен жылға қарағанда бидайдын егіс көлемі – 7,4 мың га, дәндік жүгері – 4,1 мың га, күріш – 0,8 мың га, қант қызылшасы – 3,1 мың га, картоп – 0,2 мың га, бақша – 0,5 мың га және азықтық дақылдар – 1,4 мың га ұлғайды.

Ылғал сақтау технологиясы 142,9 мың га тәлімі жерді қамтиды (2015 ж. – 140,5 мың га).

Тамшылатып суару технологиясы 1242 га кеңейтіліп 8749 га қолданылды, жаңбырлатып суару агрегаттары 5439 га орналастырылды, бұл 2015 жылға қарағанда 1190 га артық.

Мүйізді ірі қара саны – 1,0% өсіп 906,2 мың басты құрады, сәйкесінше қой мен ешкі – 1,0% және 3283,0 мың бас, жылқы – 1,0% өсіп 274,6 мың бас, құстар – 1,1% өсіп 9060,3 мың басты құрады.

Сондай-ақ 327,5 мың тонна ет өндірілді немесе 2015 жылдың сәйкес мерзіміне 103,7%, 692,7 мың тонна сүт сауылды (101,8%), 1067,5 млн.дана жұмыртқа алынды (101,2), 8,2 мың тонна жүн қырқылды (101,2%).

«Сыбага» бағдарламасы бойынша фермерлік шаруашылықтар 7889 мүйізді ірі қараның аналық басын алды немесе жоспар 113% орындалды.

«Алтын Асық» бағдарламасы бойынша 19857 бас саулық алынды немесе жоспар 125% орындалды.

«Құлан» бағдарламасы бойынша 3317 бас бие алды немесе жоспар 92% орындалды.

Жайылымдарды суландыру үшін 35 құдық салынды.

Экспортқа барлығы 104,9 тонна мүйзді ірі қара мал еті шығарылды, оның ішінде Қырғыз Республикасына Балқаш ауданындағы «Жақсылық» ШҚ 80 тонна, Жамбыл ауданындағы «Мыңбай» ШҚ 19,5 тонна және Қытай Халық Республикасына Панфилов ауданындағы «Әділ Экспресс Транссервис» ЖШС      5,4 тонна.

Өндірілген азық-түлік өнімдерінің көлемі 377,4 млрд.теңгені құрады, немесе 2015 жылдың сәйкес мерзіміне өсімі 14,2 %.

2016 жылы 4,3 млрд. теңгеге 547 дана ауыл шаруашылығы техникалары алынды.



 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде      2017 жылға – 22,0 млрд.теңге қаражат қарастырылуда, атап айтсақ республикалық бюджеттен – 3,0 млрд.теңге, жергілікті бюджеттен – 19,0 млрд.теңге.

Оның ішінде тек субсидия көлемі – 19,8 млрд.теңгені құрайды немесе барлық қаражат көлемінін – 90,0 %.

Анықтама: 2016 жылы бюджеттен – 29,3 млрд.теңге бөлініп толығымен игерілді және – 11,8 млрд.теңгеге АШТӨ несие берілді, осылайша АӨК дамытуға барлығы – 41,1 млрд.теңге қаражат бағытталды, субсидия көлемі – 25,6 млрд.теңге немесе – 87,4 %.

Бағдарламаның ішінде егін шаруашылығын дамытуға – 7,0 млрд.теңге, мал шаруашылығына – 11,9 млрд.теңге, қайта өңдеуге – 1,4 млрд.теңге, қаржылық қызметтерге – 1,6 млрд.теңге, фитосанитарлық қауіпсіздікке – 103,7 млн.теңге бөлінді.

Ағымдағы жылдан бастап бірқатар жаңа бағдарламалар қосылды, атап айтсақ:

1.                Мал шаруашылығы өнімдерінің қайта тереңдетіп өңдеуге бағытталған шығындарды өтеуге – 125,3 млн.теңге

2.                Егін шаруашылығы өнімдерінің қайта тереңдетіп өңдеуге бағытталған шығындарды өтеуге – 1287,4 млн.теңге

3.                Кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін бюджеттік кредиттер беру және жаппай кәсіпкерлікті қолдауға – 636,9 млн.теңге


4.                АӨК саласындағы дайындаушы ұйымдардын бюджетке төленген ҚҚС сомасын субсидиялауға – 71,4 млн.теңге

5.                Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитті жүргізуге, тексеру одақтарының шығындарын субсидиялауға – 8,9 млн.теңге бөлініп отыр. 


Орналастырылған күні: 18.01.2017 16:48

Өзгертілген күні: 18.01.2017 16:50:51

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх