Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +7 oC

2016 жылдың қорытындысы

Алматы облысында денсаулық сақтау саласын дамытудың 2018-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында нақты жұмыстар жүргізілді.

Мемлекеттік бағдарламаның нысаналы индикаторы 2019 жылға орташа өмір сүру жасының ұзақтығын 73,0 жасқа жеткізу болып табылады.

Осы мақсатқа жетудің басты құралдарының бірі -медициналық-демографиялық жағдайды жақсарту, ана мен бала денсаулығын қорғау, жарақаттану және жазатайым жағдайлардан, әлеуметтік маңызы бар аурулардан өлімді төмендету және салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Облыстың денсаулық  сақтау саласын қаржыландыру 2016 жылы 81,4 млн.теңгені құрады, өсім 2015 жылмен салыстырғанда 16,7% құрады.

         Жалпы саны 1 927 800 тұрғынға медициналық көмекті  826 мекеме көрсетеді, оның ішінде 663 – ДС жүйесінде, жекеменшік - 163.

         Мемлекеттік 663 медициналық мекеменің ішінен:

        - 80 аурухана 8 857 төсек орынға (16 АОА, 5 аудандық аурухана,  29 ауылдық аурухана, 4 қалалық аурухана,  6 туберкулез ауруханасы, 10 диспансер, 1 облыстық психикалық саулық орталығы, 2 жұқпалы аурулар ауруханасы, 4 облыстық мекеме, 2 перзентхан – Панфилов ауданындағы Жаркент  қ., Еңбекшіқазақ ауданындағы Есік  қ., Ақтас 1 республикалық МО);

        - 239  амбулаторлық-емханалық мекеме (235 дәрігерлік амбулатория,  2 өз бетінше емхана, 1 обл. СПИД орталығы, 1 облыстық дәрігерлік-дене тәрбиесі  диспансері);

        -    335 ФАП және МП;

        -    2 туберкулезге қарсы балалар шипажайы;

        -    2 сәбилер үйі;

        -    1 обл.қан орталығы;

        -    1 қалалық медициналық жедел жәрдем станциясы;

        -    1  Республикалық электронды денсаулық сақтау орталығының филиалы;

        -    2  медициналық колледж (Талдықорған және Талғар қалаларында).


Облыстың медициналық мекемелерінде 4867 дәрігер және 13 765 орта буын медицина қызметкері жұмыс жасайды. Дәрігерлермен қамтамасыз етілу 10 мың адамға есептегенде 24,6-ны құрайды,  республикалық көрсеткіште (бұдан әрі – ҚР) – 29,5, орта буын медицина қызметкерлерімен қамтамасыз етілу  – 69,6, ҚР көрсеткіш –79,0.

Облыс бойынша дәрігерлер санаттылығы 43,8%, орта буын медицина қызметкерлерінің санаттылығы  – 43,2% құрайды.

Бүгінгі күні жалпы тәжірибелік дәрігерлер тапшылығы – 28, акушер-гинекологтар – 27, анестезиолог-реаниматологтар – 25, онкологтар - 15, рентгенологтар – 15, педиатрлар – 13, кардиологтар – 13, травматологтар – 6.

Кадрлардың негізгі тапшылығы Талдықорған қаласында, Панфилов, Қаратал, Іле және Ұйғыр аудандарында тіркеліп отыр.

Облыс бойынша төсек орын саны - 8 857 (жекеменшік төсек орындарымен бірге). Төсек орындарымен қамтамасыз ету 10 мың адамға шаққанда – 45,5 (ҚР – 52,2).

Облыс стационарларында 2016 жылы 270 066 науқас емделіп шықты, жоспарлы түрде 74 205 (27,5%), шұғыл түрде 195 861 (72,5%).

2016 жылы күтілетін өмір сүру жасының ұзақтығы 72,0 жасқа жетті, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің және облыс әкімдігінің арасындағы меморандумда денсаулық сақтау саласын дамытудың «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының облыс тұрғындарының денсаулық жағдайын жақсарту бойынша «Күтілетін өмір сүру жасының ұзақтығы» нысаналы индикаторына қол жеткізілді.

Облыс бойынша туу көрсеткіші 2016 жылы 2015 жылмен салыстырғанда 1000 туылғанға 25,3-тен 25,4-ке дейін өсті, осыған орай, жалпы өлім 1000 адамға шаққанда   7,1-ден 7,3-ке дейін өскендігі белгілі болды. Меморандумға және денсаулық сақтау саласын дамытудың  «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес осы индикатордың маңызы 1000 адамға есептегенде 7,01-ді құрайды.

2016 жылы 1 жасқа дейінгі  377 бала шетінеді, ал 2015 жылы 389 бала болды, нәресте өлімінің көрсеткіші 10,9-дан 9,9-ға дейін төмендеді.

2016 жылы Қапшағай, Талдықорған қалаларында және Еңбекшіқазақ ауданында ана өлімінің 3 жағдайы тіркелді, облыс бойынша ана өлімінің көрсеткіші 100 мың тірі туылғанға 7,3-ті құрады, бұл 2015 жылдың көрсеткішінен 34,2%-ға төмен – 9,8.

Облыста жедел мәліметтер бойынша қатерлі ісікпен сырқаттанушылық 100 мың адамға есептегенде 2015 жылғы 182,6-дан 2016 жылы153,7-ге дейін төмендегені байқалады, алдын ала мәліметтер бойынша қатерлі ісік ауруларынан өлім 100 мың адамға шаққанда 66,45-ге дейін төмендеді, бұл көрсеткіш 2015 жылы 70,4-ті құрады.

Қанайналым жүйесі ауруларынан өлім көрсеткіші 2015 жылмен салыстырғанда 100 мың адамға есептегенде 159,0-ден 126,2-ге дейін төмендеді.

Облыс бойынша миокардтың жедел инфаркты кезінде медициналық көмектің жетілдірілген моделін енгізудің Жол картасын іске асыру барысында миокардтың жедел инфарктынан өлім 100 мың адамға есептегенде  9,9-дан 7,7-ге дейін, гипертониялық аурудан 2,0-ден 1,1-ге дейін, жүректің ишемиялық ауруынан 60,5-тен 45,1-ге дейін төмендеді.        Бұдан басқа, ми тамырларының зақымдануынан өлім 36,2%-ға төмендеді, егер 2015 жылы осы көрсеткіш 100 мың адамға шаққанда 62,24-ті құраса, 2016 жылы 45,77-ге жетті.

Көптеген жылдар бойы жарақаттанушылық мәселесінің өзектілігі артып келеді, оның үстіне ерекше алаңдаушылық тек жарақаттанушылықтың артқанында емес, жарақаттанушылықтың өлімге әкелуі, мүгедектікке ұшыратып, уақытша еңбекке жарамсыз  болып қалу, яғни жарақаттанушылық салдарының аурылығы болып отыр.

Облыс бойынша жедел мәліметтерге сүйенсек, тіркелген жол-көлік оқиғаларының саны 2015 жылғы 1542-ден 1844-ке дейін, 19,6%-ға өсті,  жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккендер саны да артуда, 2366-дан  2949-ға немесе 29,6%-ға артты, жол-көлік оқиғасының ауырлығына байланысты, облыста қайтыс болғандар саны 416-дан 459-ға дейін, оның ішінде кәмелетке толмағандар арасында да 43-тен 50-ге дейін өсті. Облыста жарақаттану кезінде медициналық көмек көрсетудің жетілдірілген моделінің Жол картасын іске асыру бойынша  жоспарлы іс-шаралардың арқасында жазатайым жағдайлардан, уланудан және жарақаттанудан өлім көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 2015 жылғы 87,6-дан 80,41-ге дейін төмендеді.

Облыс бойынша Қазақстан Республикасында 2014-2020 жылдарға арналған туберкулезбен күрес жөніндегі кешенді жоспардың іс-шаралар жоспарын іске асыруда нақты жұмыстар жүргізілуде. Осы жоспарға сәйкес 2016 жылдан бастап туберкулезге қарсы қызметті интеграциялау жүргізіледі, 2017 жылға туберкулезге қарсы мекемелер саны  8-ден 3-ке дейін, ал төсек саны 780-нен 670-ке дейін қысқартылды.

Облыста 2016 жылдың қорытындысы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақтанды. 2016 жылы туберкулезбен сырқаттанушылық 0,4%-ға төмендеп, 54,1-ді құрады, 2015 жылы 100 мың адамға есептегенде  54,2 болды, сонымен қатар, туберкулез ауруының таралуы 77,7-ден 72,7-ге, 6,4%-ға төмендеді.

Облыс бойынша туберкулезден өлім 2016 жылы біршама өсіп, 1,9-ға жетті, бұл көрсеткіш 2015 жылы 1,7-ні құрады.



Орналастырылған күні: 18.01.2017 19:12

Өзгертілген күні: 18.01.2017 19:14:09

Елді мекендерге бұрылыс салу туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Наверх