Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған -19 oC

2016 жылдың қорытындысы


1. Жалпы статистикалық мәліметтер.

Алматы облысы бойынша Статистика департаментінің мәліметтері бойынша 14 пен 29 жас аралығындағы жастардың саны 432 483 адамды құрайды, оның ішінде –99 538-і қалалық жерлерде, 332 945-і  ауылда тұрады. Оның ішінде 222 368 –ер, 210 115-і әйел адамдар.

Облыс жастары 3 жоғары және 73 кәсіптік-техникалық оқу орнында білім алады.

2. Жастар ресурстық орталықтарының қызметі.

Облыста 20 жастар ресурстық орталықтары қызмет атқарады, оның ішінде 1 облыстық және аудан, қала деңгейінде 19 «Жастардың ресурстық орталықтары» коммуналдық мемлекеттік мекемелері. Штат саны 110 адамды құрайды.

Облыс бойынша ауылдық округте жастар саясаты бойынша 253 нұсқаушылар бірлігі бөлінді. Бүгінгі күні әрбір округте 1 нұсқаушыдан өз жұмыстарын атқаруда.

Жастар саясатын іске асыру және жұмысты жедел жүргізу үшін барлық орталықтар көлікпен қамтамасыз етілді. Барлығы бүгінгі күні 30 жаңа автокөліктің кілті табыс етілді.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 2016 жылғы 5 шілдеде Талдықорған қаласында Жастарға қызмет көрсету орталығы ғимаратының құрылысы аяқталып, жастардың уақытын тиімді пайдаланып, заман талабына сай дамуы үшін аталған ғимаратты аула клубтары жұмыс істеуде: дыбысжәне бейне жазу студиясы, интернет-кітапхана, анти-кафе, фитнес-клубы, Республикалық жастар ұйымдары филиалдарының кеңселері мен Coworking (КОВОРКИНГ), Open Space (ОУПЕН СПЕЙС). Сондай-ақ, жастарға арналған бағдарламалар туралы толық кеңес беріліп, ақпарат алу мүмкіндігі қарастырылған.

Жыл басынан бері 16 375 адамның қатысуымен 126 кездесу, оның ішінде аудан-қалалық, ауылдық округтерде – 113, ЖОО және арнаулы оқу орындарында – 13 кездесу өткізді. Сонымен қатар, 4 «Бос жұмыс орындар  жәрмеңкесі» өтті. Жәрмеңкеге қатысқан мекемелер саны – 28. Ұсынылған бос жұмыс орындары - 498. Жалпы жәрмеңкеге қатысқан қала, аудан тұрғындары – 721 адам. Жұмысқа орналасқан азаматтар саны – 69.

«Жастарға қызмет көрсету орталығы» ғимаратына келіп, «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 259 адам кеңес алды. 24 азамат жұмысқа орналасты. «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша – 44 адам, «Қолжетімді баспана 2020» бағдарламасы бойынша 93 адам кеңес алып, оның 18 үй алу кезегіне тұрды. «Серпін 2050» әлеуметтік жобасы аясында 218 талапкер кеңес алып, 52 ЖОО түсті.  «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша 51 адам, «Кәсіптік және техникалық білім беру» бойынша - 33 азаматқа кеңес беріліп, түсініктеме жұмыстары жүргізілді. Психологиялық кеңес алғандар - 65. Жастар ісі жөніндегі комитет бойынша – 19. Алғашқы медициналық көмек көрсетіліп кеңес алғандар саны – 43. Барлығы – 825 адам кеңес алды. Онлайн режимде кеңес алғандар саны – 4748 адам. Барлық келіп кеңес алған және онлайн режимде кеңес алғандар саны – 5573.

Жалпы күнделікті орталыққа шамамен 230-250 жас келеді.

Олар негізінен, жастарға қызмет көрсету бөліміне кеңес алу үшін күніне 7-8 адам, коворкингке-45-50, интернет-кітапханаға – 50-60 (түнгі 23.00-ге дейін), фото және дыбыс жазу, бейнеролик түсіру студиясына – 15-20, аула клубтарына – 50-60, көп функционалды залға – 20-30, анти-кафеге – 10-15 жас өз уақыттарын тиімді өткізеді.

Сондай-ақ, мәжіліс залда аптасына 2-3 рет жастарға арналған түрлі тақырыптарда семинар-тренингтер, кездесулер өткізіліп тұрады.

Жұмыс жоспарына сәйкес 2016 жылдың басынан облыс бойынша 152545  жас қатысқан, барлығы 1383 шара өткізілді. Оның ішінде 275 кездесу, 462 спорттық шаралар, 26 форум, 421 мәдени шаралар, 199 акция.

Кәсіпорындарда, ЖОО-да және колледждерде жастар ісі жөніндегі комитеттер жұмыс атқарады (барлығы: 104, оның ішінде ЖОО-да – 3, колледждерде – 73, кәсіпорындарда - 28).

3. Консультативтік-кеңесші органдар.

Облыс әкімдігі жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңес отырысы ережеге сәйкес жартыжылдықта бір рет өткізіледі. Аудан, қала әкімдіктері жанындағы кеңес отырыстары тоқсанына бір рет өткізіледі.

Облыста жастар ісі жөніндегі 20 Кеңес жұмыс атқарады (1 облыстық, 19 аудан, қалалық), кеңесті түрлі деңгейдегі (облыс, аудан, қала) әкімдер төрағалық етеді.

Түрлі деңгейдегі кеңес отырыстарында жастар саясаты саласындағы төмендегі бірқатар мәселелер шешімін тапты:

-аудан, қалалық жастар ресурстық орталықтары, ауылдық округ нұсқаушыларының материалдық-техникалық базасы нығайтылып, аудан, қалалық орталықтарға жаңа қызметтік көліктер тапсырылды.

-облыстық жастар саясаты орталығының қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында 20 орынды ИВЕКО микроавтобусы мен газель берілді.

-облыстық жастар ресурстық орталығы жанынан жастарға арналған интернет-журналы, әлеуметтік желілермен жұмыс істеу және аула клубтарымен жұмыс істеу бөлімдері құрылды.

-көшеттерді өсіру үшін «Жасыл ел» облыстық штабтарының сенімгерлік басқаруына мамандандырылған тәлімбақтар жанынан жер телімдерін бөлу мүмкіндігі қарастырылып, қазіргі таңда Талдықорған қаласының аумағынан 1 га жер телімі бөлінді.

-Талдықорған қаласында 1 га жер телімі бөлініп, жастарға қызмет көрсету орталығы ғимараты салынып, пайдалануға берілді.

4. Облыстық «Жасыл ел» штабы.

«Жасыл ел» штабы 3 жыл қатарынан «Үздік штаб» және үздік ақпараттық жұмысы үшін «Үздік онлайн штаб» атанса, 2016 жылы «Үздік командир» және «Үздік жоба» номинацияларына ие болып отыр.

2016 жылғы жұмыс маусымы ашылғаннан бері (мамыр-266, маусым-445, шілде-578, тамыз-574, қыркүйек-207, қазан-194 жасақшы)жасылелдіктер қатарында 2264 жасақшы еңбек етті.

2016 жылы «Жасыл ел» бағдарламасын қаржыландыру көлемі облыстық бюджеттен 52 млн.669 мың теңгені құрады.

5. Жұмыспен қамту.

2017 жылдың 1 қаңтарына жастар арасынан 16441 адам жұмыспен қамту шараларымен қамтылды, олардың 11084-і жұмысқа орналастырылды.

Еңбекке бейімделгеннен кейін тұрақты жұмысқа орналасу үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құру қарастырылған. 2017 жылдың 1 қаңтарына әлеуметтік жұмыс орындарына 313 адам жіберілді.

Жастарды уақытша жұмыспен қамту мақсатында қоғамдық жұмыстарға жастар арасынан 2645  адам  жіберілді.

2016 жылы жұмысқа орналасу мүмкіндігін арттыру үшін кәсіби дайындауға  жастар арасынан  665 жұмыссыз адам жіберілді.

Жастар практикасы облыстағы жастар арасында әлеуметтік-экономикалық ахуалдың жақсаруына және жастар жұмыссыздығының азаюына ықпалын тигізуде.

Жыл басынан «Жастар практикасына» 1551 жас маман жіберілді.

2016 жылдың 3 тоқсанында облыс бойынша жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2,7 пайызды құрады.

6. Жастар үкіметтік емес ұйымдарының қызметі.

Облыста 64 жастар бірлестіктері тіркелген, оның ішінде аса белсенділері 21 ЖҮЕҰ. 2015 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 25 млн.теңге көлеміндегі 4 әлеуметтік маңызы бар жоба жүзеге асырылды, шамамен 50 шара ұйымдастырылып, 15 мың адам қатысты. 2016 жылы 31 млн.теңгеге 5 жоба іске асырылды.

Сондай-ақ, «Expo-2017» халықаралық көрмесі шеңберінде өткізілетін шараларға түрлі қызмет бағыттары бойынша 100 ерікті қатысуға ынта білдірген болатын.

2016 жылы аталған шара бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Еріктілер қызметін ірі халықаралық іс-шараларға («Expo-2017», «Универсиада-2017») дайындау үшін ұйымдастыру» атты лоты қарастырылып, 50 еріктіні ағылшын тілінен оқытып, семинар-тренингтер өткізілді.

Сондай-ақ, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында басқарма жанындағы жастарға қызмет көрсету бөлімінің мамандары Дін істері басқармасының теолог маманымен бірігіп, ақпараттық-насихат жұмыстарын өткізуге іссапарға шықты. Кездесу барысында жастарға арналған мемлекеттік бағдарламаларды халыққа жеткізу, түсіндіру, насихаттау, сондай-ақ, діни экстремизм, терроризмнің алдын алу мақсатында және қыз бала тәрбиесі жайлы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Барлығы 72 кездесу өткізіліп, 10 030 адам қамтылды.

8. Өткізілген шаралардың бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде жариялануы

Басқарманың «Вконтакте», «Instagram», «Facebook», «Youtube» желілеріндегі ресми парақшалары тіркелген.  Бүгінде барлығы 55 053  жазылушы тіркеліп,  аудандық жастар ресурстық орталықтар желілерін қосқанда жалпы саны 101038-ны құрайды. Әлеуметтік желілерде 31 қоғамдастық  парақшалары  ашылып, оның 19-ы аудандық ресурстық орталықтарында тіркелген. Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының Kazng.gov.kz  ресми сайтының кіру көрсеткіші – 14 752 құрайды. Сайтта жастар саясаты басқармасының атқарған іс – шаралар мәліметі мен барлық аймақтар бойынша ақпараттары енгізілген.

Сонымен қатар, «Kz Prank»  әлеуметтік эксперимент жобасының Youtube желісінде 2016 жылдық көру көрсеткіші 268022 құрайды.

2016 жылдың жұмыс жоспарына сәйкес жалпы саны облыстық 156 іс-шара өтіп, осы шаралар туралы БАҚ беттеріне барлығы 483-қа жуық жарияланым мен көрсетілімдер болды. Олар облыстық «Жетісу» телеарнасы және республикалық «Қазақстан», «24kz», «Хабар», «31канал», «СТВ» телераналарында - 90 сюжет. Облыстық «Жетісу», «Огни Алатау», қалалық «Талдықорған», «Алатау» газеттерінде - 123 мақала, «Bnews», «ҚазАқпарат», «Kazng.gov.kz» әлеуметтік порталдарында - 70 ақпарат,  «Жетісу жастары», «Жастарға қызмет көрсету орталығы», «Жас Отан» әлеуметтік «Вконтакте», «Instagram», «Facebook», «Youtube» желілерінде - 200-ге жуық ақпарат жарияланды.

 



Орналастырылған күні: 20.01.2017 11:06

Өзгертілген күні: 20.01.2017 11:08:20

Елді мекендерге бұрылыс салу туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Наверх