Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +12 oC

2016 жылдың қорытындысы

Алматы облысында жалпы  Индустрияландыру картасы бойынша 7515 жұмыс орнының құрылуымен 288,9 млрд.теңгеге 50 жоба іске асырылып, оның 41 жобасы (82%) жобалық қуаттылығына жетіп отыр.  Қуаттылығына жетпей отырғандар қатарында «Aluminium of Kazakhstan» ЖШС, «Абди Ибрагим Глобал Фарм» ЖШС, «Нұр Агро» ЖШС жобалары.

970 жұмыс орнын құрумен 875,8 млрд.теңге сомасына 1 жоба (Балхаш ЖЭС) Республикалық индустрияландыру картасының аясында жүзеге асырылуда.

Қазіргі уақытта 2015-2019 жылдарға (2-ші бесжылдық) өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына (Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы  19 шілдедегі №399 қаулысымен) 2274 жұмыс орнын құрумен  156,8 млрд.теңгеге 12 жоба  енгізілді.

 2015-2016 жылдарға 909 жұмыс орнының құрылуымен 15,3 млрд.теңге сомасына  5 жоба іске асырылды. Оның ішінде, 2016 жылы  Текелі қаласындағы «Bapy Mining» ЖШС «Қуаттылығы 400 мың тонна шойынды инновациялық технология бойынша шығару» жобасы іске асырылған.    

2017- 2019 жылдардағы Картаны өзектендіру мақсатында аудандар мен қалалардың әкімдіктерімен жұмыстар жалғастырылуда. 



Орналастырылған күні: 20.01.2017 17:54

Өзгертілген күні: 20.01.2017 17:56:13

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх