Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +15 oC

2016 жылдың қорытындысы

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын жүзеге асыру үшін Республикалық бюджеттен 2016 жылға  5 млрд. 686 млн. 861 мың теңге бөлінді, оның ішінде: (кепілдік ету -204,0 млн.теңге, грант – 72,0 млн.теңге, пайыздық ставканы субсидиялау үшін - 2 млрд. 403 млн. 352 мың теңге, жетіспейтін инфрақұрылымды жетілдіру үшін - 2 млрд. 794 млн. 605 мың теңге, моноқалаларда, шағын қалаларда және ауылды елді мекендерде кәсіпкерлікті дамыту үшін – 212 млн. 904 мың теңге).

2016 жылы Өңірлік үйлестіру кеңесінің (бұдан әрі- ӨҮК) отырысында жалпы сомасы 43 472,9 млн. теңгеге 272 жоба қарастырылып, мақұлданды, оның ішінде: пайыздық ставканы субсидиялау бойынша несие сомасы 39 339,7 млн. теңгеге 146 жоба, ішінара кепілдеме бойынша 1 264,7 млн. теңгеге 80 жоба, жетіспейтін инфрақұрылымды жетілдіру бойынша 2,8 млн. теңгеге 4 жоба, грантты ұсыну бойынша 68,5 млн.теңгеге 42 жоба.

«Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасы аясында 1605 жаңа жұмыс орны ашылып, 7616 жұмыс орны сақталды.

 Моноқалаларда, шағын қалаларда және ауылды елді мекендерде кәсіпкерлікті дамыту үшін – 212 млн. 804 мың теңге бойынша  2016 жылы 7 сәуірде ӨҮК мен оператор болып «Ауыл шаруашылықты қолдау Қоры» АҚ анықталды.

2016 жылы жалпы сомасы 212,9 млн. теңгеге 51 несие беріліп, қаражат 100 пайыз игерілді.

Әкімдік, Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп (300+300) бөлінген қаражат бойынша 2016 жылы 600,0 млн. теңгеге 158 несие беріліп, қаражат 100 пайыз игерілді.

Алматы облысы әкімдігі және Алматы облыстық  «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ-мен  шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне арналған өңірлік қаржыландыру бағдарламасы бойынша 2015-2016 жылдарға жергілікті бюджеттен 1,5 млрд. теңге, 2,5 млрд. теңге «Даму» Қоры АҚ-нан бөлінді.

Бұл несие портфелі осы бағдарлама аясында  ірі болып табылады және  Республика бойынша Алматы қаласынан кейін 2 орын алады.

Аталған бағдарлама аясында 2016 жылы жалпы сомасы 2,5  млрд. теңгеге 37 жоба жүзеге асырылды, жалпы сомасы 298,9 млн. теңгеге 6 жоба мақұлданды. 



Орналастырылған күні: 20.01.2017 17:59

Өзгертілген күні: 20.01.2017 18:00:53

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх