Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +15 oC

2016 жылдың қорытындысы

                                                  

Алматы облысы ІІД-нің 2016 жылғы 12 айдың қорытындысы бойынша жедел-қызметтік жағдайының нәтижелері туралы

А Қ П А Р А Т

 

Жедел жағдай бағасы.

Ішкі істер органының барлық бағытары бойынша 27052 (+3,1%) қылмыс тіркелініп оның ішінде 1638 (-6,6%) ауыр, 158 (-22,5%) аса ауыр қылмыстары тіркелінді,  3 688 (-24,2%) ауыр емес, 17943 (-14,6%) орташа түрлері.

Тіркелген қылмыстың 65,0 пайызы (немесе 17594) Алматы қаласына жақын орналасқан аудандарда орын алған (Қарасай, Іле, Талғар, Еңбекшіқазақ, Жамбыл және Қапшағай).

Қылмыстылық деңгейін 10 мың. тұрғынға есептегенде -136 (республика бойынша 194)

Тіркелген қылмыстар:

- адам өлтіру - 97  (-12,6%);

- денсаулыққа ауыр жарақат келтіру -178 (-3,8%);

-  зорлау  -242 (-9,0%);

-  қарақшылық - 75 (-6,3%);

-  тонау 682 (-1,0%);

-  бөтен мүлкін ұрлау - 15939 (+15,0%),  оның ішінде пәтерден ұрлығы 4728 (+47,5%), мал ұрлығы 1500 (+1,4%), ұялы телефондар ұрлау 2760 (+12,3%).

Ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашу көрсеткіші  65,6 пайызды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7,8 пайызға жоғары (респуб.көрсеткіші – 64,1%), оның ішінде ауыр – 63,0% (респуб. көрсеткіші – 62,1%), аса ауыр – 92,2% (респуб. көрсеткіші – 88,8%)

Адам өлтіру бойынша қылмыстардың ашу көрсеткіштері – 91,1% (+1,1%), денсаулыққа ауыр жарақат келтіру – 95,3%  (+7,2%), зорлау – 95,0% (+10,2%), қарақшылық  – 67,7% (+4,9%), тонау – 55,3% (+9,0%).

Облыстық орта мөлшер көрсеткіштерінен қылмыстарды ашу көрсеткіштері төмен  Іле ауданында (44,4%), Талғар (51,4%),  Қарасай  (59,8%) аудандарында.

Бұрын жасалған қылмыстардың ашылуы 1,0 пайызға төмендеген (3040-ден 3011 дейін), өткен жылдардағы қылмыстар саны 8,1 пайзға төмендеді (360-тан 331 дейін).

Бұрын жасалған 33 денсаулыққа ауыр жарақат келтіру қылмыстары ашылды (+38,9%).

- адам өлтіру - 16  (-35,3%);

-  зорлау - 53(-14,5%);

-  тонау - 187  (-1,1%);

- бұзақылық - 166 (-32,0%).

Ағымдағы жылда 97 қасақана адам өлтіру бойынша тіркелген қылмыстардың 88 ашылды.

8 адамдарды өлтіру қылмыстары ашылмады: Талғар АІІБ-да 3 (А.К.Кайназаровты,Ж.И.Нұрбаева, Есенбаев),  Іле АІІБ-да 2 (С.Уалиевты, В.Харланованы), Карасай АІІБ-да 2 (М.Азизованы, Туркияның азаматы Алпман), Ақсу АІІБ-де 1 (А.Күмісбекті).

Тіркелген қылмыстардың басым бөлігін бөтеннің мүлкін ұрлау құрады – 15939 немесе 58,9 пайыз (27052 тіркелгеннен). 

Барлық ұрлық қылмыстарының осы түрінің ашылмаған үлес салмағы 65,4 пайызды құрады (15939-дан 10434-і).

Ұрлықтардың ашылуы 48,0 пайызды құрады (2015ж. – 44,3%).

Қылмыстарды ашу бойынша ең төмен көрсеткіштер  Талғар АІІБ (25,9%),  Іле АІІБ және Қарасай АІІБ (32,4%),  Талдықорған ҚІІБ (51,4%), Енбекшіқазақ АІІБ (52,3%)  орын алды.

Ауыр қылмыстар санатына жататын ұрлықтар саны 6,6%   пайызға  (1724-тен 1638-ге дейін)  азайды, ашу көрсеткіші 8,9 пайызға көтерілді (54,1%-ден 63,0%-ге дейн).


Жедел есепте тұрған 37 адам ұсталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды, оның ішінде «қылмыстық ортаның беделділері» - 3, ұйымдасқан қылмыстық топтардың 1 басшысы және 33 мүшесі (2015ж. – 40/3/1/36).

2016 жылдың 01 қазанына қарасты жедел есепте және өндеуде 6  ұйымдасқан қылмыстық топтар тұр, оның ішінде барлығы 145 жеке тұлғаның 21 «қылмыстық ортаның басшылары», 1 беделдісі, 114 ұйымдасқан қылмыстық топтарының мүшелері.

31 (36) жеңгетайлық дерегі анықталды және ашылды.

Аса қауыпты қылмыскерлерге қарсы  күрес бойынша: 39 (-3,0%) пара алу дерегі, 2 (+100,0%) адам саудасы қылмыстары анықталды және ашылды 1 кәмелетке толмаған адам саудасы.


Экстремизмге қарсы күрес бағыты бойынша

ҚР ҚК-нің 174 бабы 1 бөлімі бойынша (әлеуметтік, ұлттық, рулық, тектік немесе діни алауыздық пен өшпенділікті  тұтандыру бойынша) үш қылмыстық іс қозғалды:

ҚР ҚК –нің 273 бабы (террористік акті жөнінде жалған хабар беру)  2 қылмыстық іс қозғалды:

Діни қарым-қатынастар саласындағы құқықбұзушылықтар жасағаны үшін 5 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды:

- ҚР ӘҚБК-нің 490 б. (діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнаманы бұзу) 3 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

- ҚР ӘҚБтК-нің 489 б. 10б. бойынша (тіркелмеген қоғамдық, діни ұйымдардың қызметіне басшылық ету, қатысу) тыйым салынған «Алля-Аят» қозғалысының қызметіне қатысқаны үшін Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы, Аппазова көшесі 90 үй тұрғыны Супильярова Арзигуль Саутджановна, әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 50 АЕК мөлшерінде (53025 теңге) айыппұл салынды.

- ҚР ӘҚБК-нің 453 б. (БАҚ өнімдерін, немесе басқа өнімдерді жасау, сақтау, алып келу, тасымалдау, сату) бойынша 2016 жылдың 21 сәуірінде 17.11.1975 ж.т. С.А.Колеснюкке қатысты №0524122 әкімшілік хаттама толтырылып, 06.09.2016 жылы Қарасай аудандық мамандандырылған әкімшілік сотымен 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды (42420 теңге).     

6 діни мазмұнды материалдарды алу дерегі іске асырылды, олардың біреуі рұқсат етілмеген орындарда сатқаны үшін, олардың шеңберінде 24 кітап, 31 кітапша, 10 DVD-диск, 1 ноутбук 1 қатты диск:

Есірткі бизнесіне қарсы күрес бағыты бойынша.

532 есірткі қылмысы (-0,6%) анықталды, оның ішінде 153 (-0,65%) есірткі заттарын өткізумен байланысты.

Айналымнан 2т. 968кг. 169,53гр (2015ж. – 2т. 121кг.774,85гр) есірткі заттар тәркіленді, оның ішінде 4кг.689,69гр. (2015ж. – 8кг.936,21гр.) «героин», 2т. 929кг. 520,33гр. (2015ж. – 2т.088кг.249.88гр) «марихуана», 31кг.655,09гр. (2015ж. – 24кг.583,07гр) «гашиш» тәркіленді.


Жергілікті полиция қызметі бойынша

Бұрын сотталған қылмыскерлермен жасалғандар саны 3,4 есеге (1410-нан 4815-ке) өсті, мас күйінде жасалған қылмыстар саны 48,0 пайызға (1183-тен 1751-ге), нашақорлық күйінде жасалынған қылмыстар саны 2,2 есеге ( 67-ден  149-ға дейін) өсті.

Мерзімінен бұрын шартпен босатылған тұлғалармен 16 қылмыс жасалған (Еңбекшіқазақ – 6, Іле және Текелі қаласы  – 3-тен, Сарқан – 2, Талғар, Ескелді, Көксу, Алакөл, Талғар және Кербұлақ  – 1 ден).

Учаскелік полиция инспекторларымен сотқа  мерзімінен бұрын шартпен босатылатын 49 тұлғаға қатысты сотқа өзгерту  ұсыным хаты жолданды, тіркеуде тұрғандардың (801)  арасындағы 29 немесе 3,6% сотпен қолданды. Осы бағытта төмен көрсеткіштер Кербұлақ (24), Райымбек (20), Ұйғыр (12),Балқаш (4) ҚАІІББ.

ІІО бастамашылығымен  «В» тармағы бойынша әкімшілік қадағалауға  94 немесе 7,4% формалдыққа жататын тұлғалар алынды (1255). Алакөл ауданында көрсеткіштер жоқ (49).

Жанұялық-тұрмыстағы қылмыстарды алдын-алу үшін 2201 қорғайтын нұсқама шығарылды, сотпен 275  бойынша ерекше талаптар қойылды.

2,7 пайызға ІІО-ның алдын-алу есебіне алынған тұлғалардың саны өсті (3445-тен 3537-ге),  оның ішінде:

- қорғау нұсқама 2199-дан 2201-ге;

- Формальды әкімшілік бақылауға 599-дан 644-ге.

- мерзімінен бұрын шартпен босатылған 497-ден 543-ке;

- әкімшілік бақылау 150-ден 149-ға;

Учаскелік полиция инспекторларының жеке іздеуімен  (штат бойынша 638) 4849 қылмыс ашылды  (+24,2%), қатысуымен 5211 (+34,8%).

Кәмелетке толмағандармен 373 (+60,8% немесе 232) қылмыс жасалған, оның ішінде 47 ауыр (+80,8% немесе 26).

Кәмелеттік қылмыстардың өсуі Еңбекшіқазақ (23-тен 47-ге), Көксу (4-тен 6-ға), Жамбыл (11-ден 20-ға), Іле (30-дан 61-ге), Қарасай (21-ден 44-ге), Қаратал (8-ден 10-ға), Панфилов (8-ден 16-ға), Райымбек (3-тен 10-ға), Сарқан (8-ден 10-ға), Талғар (18-ден 33-ке), Ұйғыр (11-ден  19-ға), Қапшағай (6-дан 21-ге) байқалады.

Мектеп, гимназия оқушыларымен 103 (+49,3% немесе 69) қылмыс, колледж оқушыларымен 74 (+25,4% немесе 59) қылмыс жасалды.

ІІО-на  8241  кәмелетке толмағандар жеткізілді, олардың ішінде әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін 6540 (+7,0% немесе 6109).

ІІО–ның есебіне 928 кәмелетке толмағандар және 604 қолайсыз жанұя анықталып есепке қойылған.

Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 158  (+5,3% немесе 150) бала, оның ішінде 85 қамқорсыз қалғандар, 65  қараусыз, бақылаусыз қалғандар, 8 арнайы мектебіне жіберілді.

2016 жылғы 1 желтоқсанға қарасты ІІО-да 789 кәмелетке толмағандар және 1045 қолайсыз жанұя есепке алынған.

 

Жол-патрульдік полиция бойынша:

Облыс аумағында 438 патруль бағыты бекітілген, оның ішінде 219 көлік патруль және 208 жаяу бағыты, 8 модуль бекеті, 3 «Шеп» бекеті.

Қоғамдық орындарында жасалған қылмыстар саны 1,3 пайызға  төмендеді   (5369-дан 5298-ге), көше қылмысы 5,3 пайызға төмендеді  (3527-ден 3341-ге).

Жол-патрульдік полициясы қызметкерлерінің қатысуымен 1879  қылмыс ашылды (+40,2% немесе 2015ж.-1804).

Облыстың автожолдарында 2086  (+23,1%) жол-көлік оқиғасы тіркелді, салдарынан 506(+9,3%) адам қаза болып, 2810 (+30,2%) адам жарақат алды.

Жол-көлік оқиғалардың өсуі келесі ҚАІІББ байқалады Қарасай (254-тен 288-ге), Еңбекшіқазақ (252-ден 340-қа), Талдықорған (189-данн 296-ға), Қапшағай (81-ден 114-ге), Ескелді (44-тен 52-ге), Алакөл (35-тен 47-ге), Ақсу (22-ден 28-ге), Қаратал (14-ден 17-ге), Кербұлақ (27-ден 31-ге), Райымбек (22-ден 33-ке), Жамбыл (123-тен 141-ге), Көксу (50-ден 52-ге), Талғар (180-нен 190-ға).

33,1% ЖКО республикалық маңызы бар (691) автожолдарда, 12,0% жергілікті (341), 50,5% аудан орталығы және басқа тұратын пункттерде (1054) орын алған.

Жол көлік оқиғасының басым көпшілігі: «Алматы-Көкпек-Кокталө-Хоргос» автожолдарында орын алады - 10,9%, «Алматы-Өскемен – 11,7%, «Алматы-Бішкек» - 6,1%.

Оқиғалардың түрлері бойынша:

889 немесе 42,6%- жол-көлік қақтығысы;

758 немесе 36,3% - жаяу жүргізушіні қағып кету;

151 немесе 7,2% - кедергі қағып кету;

176 немесе 8,4% - аударылып кету;

Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері – жылдамдық шегінен шығу – 537 немесе 25,7%,  қиылыстан өту – 122 немесе 5,8%:

Жаяу жүргізушілердің жазығымен 261 жол-көлік оқиға немесе 12,5% болды.

Жол-патрульдық полиция қызметкерлерімен  жол жүру  ережесін бұзғаны үшін 220946 бұзақылық анықталды (2015ж. - 220599 немесе –+0,2%), оның ішінде мас күйінде  - 2888 (2015ж.- 2506 немесе + 15,2%). 

 

Табиғатты қорғау полиция бойынша

Табиғатты қорғау полициясы бөліністерімен барлығы 1662 (2015ж. - 1596 немесе +4,1%) табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылық дерегі  анықталды, оның ішінде 581 (2015ж.-544 немесе +6,8%) қылмыстық іс қозғалды.

Ағымдағы жылдың 12 ай ішінде 1081 (2015ж. - 1052) адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ағымдағы жылы құқық бұзушылардан 13тонна 324,0 кг. заңсыз ауланған балық, 138,3 текше метр ағаш, 464 бұзушылық жасауға арналған жабдықтар оның ішінде, 128 дана аңшылық қару тәркіленді.

 

Лицензиялау-қару айналымын бақылау жүйесі бойынша

Облыс бойынша 24852 әр түрлі  қару иелері   есепке алынған.

Қару сақтау тәртібін бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБтК  482 бабы)  119  құқық бұзушылық анықталды  (173 немесе -31,2%).

Қаруды тіркеу, қайта тіркеу   ережесін бұзғаны үшін  (ҚР ӘҚБтК 486-бабы) 1432 бұзушылық анықталды (1413 немесе +1,3%).

Заңсыз сақталған немесе ІІО қаруды алып жүруге рұқсат берілмеген (ҚР ӘҚБтК 484 бабы) бойынша  1126 құқық бұзушылық анықталды (1040 немесе +8,3%).

Айналымнан 195 бірлік қару  (228) және ойық ұңғылы қарудың 343 оқ алынған.

Өз еркімен 809 бірлік қару өткізілді.

Қару қолдануымен 22 (-18,5%) қылмыс жасалынды.

58 бірлік қару ұрланған (108 немесе -46,3%), оның ішінде 3 ойық ұңғылы қаруы, 49 тегіс ұңғылы қаруы, 3 газды және 1 пневматикалық, 1 травматтық тапаншалары.

Ағымды жылдың 15 сәуірден бастап  өткізілген акция бағытында азаматтармен  12 млн.835 мың 634 теңге көлемінде 295 бірлік қару мемлекетке өткізілген.

 

 Көші-қон полициясы бағыты бойынша

Облыстың ІІО-на 264703 (+13,7%) шетел азаматы тіркелді, оның ішінде 37568 (+4,5%) алыс елдерден, 227135 (+15,3%) жақын елде мекендерден.

Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 19835 (+65,6%) азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 10095 (-9,2%)  шетел азаматы, 9740 (+11,4есе) ҚР-ның азаматы.

7316 (+8,5 есе) азаматқа айыппұл салынды, 2415 (-22,1%) қамауға алынып, 702 (-23,9%) ҚР елді мекенінен шығарылды.

Шетел азаматтарымен 220 қылмыс жасалды, оларға қатысты 270 қылмыс жасалған. 

2016 жылдың 12 ай ішінде Қазақстан азаматтығын 3136 адам алды, оның ішінде 2913 оралмандар, 223 Белоруссия, Ресей, Қазақстан және Қырғыз республика арасындағы азаматтар қабылдау жеңілдік тәртіп Келісімі бойынша, 149 ҚР Президентінің Жарылығмен.

Екі жақты азаматшылығы бойынша  108 дерек анықталды, келешекте тұлғалар ҚР азаматтығынан айырылады.

Тұрақты тұру орнына 10563 шетел азаматтар келді.

232 азаматшылығы жоқ тұлғалар есепке алынды. Басқа мемлекетке тұрақты тұру орнына  шығу үшін 1114 құжат дайындалды.

Жедел орталығы бойынша

Бүгінгі күні облыс аумағында 344 бейне бақылау камера орнатылған, оның ішінде Талдықорған қ.  – 271, Қарасай ауданы – 19, Талғар және Іле аудандарында – 15-тен, Жамбыл, Еңбекшіқазақ аудандарында және Қапшағай қаласында – 8-ден.

Бейне бақылау камерасымен 113 қылмыс ашылған, оның ішінде 6 тонау, 34 бұзақылық, 54 бөтеннің мүлкін ұрлау, 2 автокөлікті заңсыз иелену және басқа қылмыстар.

15566 әкімшілік бұзушылық анықталды.


 


Орналастырылған күні: 20.01.2017 17:13

Өзгертілген күні: 20.01.2017 17:16:33

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх