Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +12 oC
2016 жылдың І тоқсаныда атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

2016 жылдың І тоқсаныда атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңы мен Тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын орындауда 2016 жылдың  І тоқсанында жүйелі жұмыстар атқарды.

Тілдік жағдайды зерделеу үшін облыстық және жергілікті атқарушы органдардағы кіріс-шығыс құжаттарына тоқсан сайын мониторинг жасалып тұрады. Облыс бойынша мемлекеттік тілдің қолданылу көрсеткіші 99,3 пайызды құрады.

 Облыста 10 мемлекеттік, 2 жекеменшік мемлекеттік тілді оқыту орталығы жұмыс істейді. 2016 жылдың  І тоқсанында мемлекеттік тілді оқыту курсына 626, ағылшын тілі курсына 62, орыс тілі курсына 44 тыңдаушы қабылданды.

 «Қазтест» жүйесі негізінде 3115 адам диагностикалық тестілеуден өтті. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» тарапынан мемлекеттік және азаматтық қызметшілер арасында «Қазтест» жүйесінің екінші кезеңіне сәйкес сертификаттық тестілеу ұйымдастырылып, 186 адам сертификат алды.

Жыл басынан «Сәрсенбінің сәтінде...» әдеби кеш, тіл және өнер қайраткерлеріне арналған «Тағзым – 2» шарасы ұйымдастырылды.

«Қазконтент» АҚ «Әдебиет порталы» интернет сайтында онлайн түрде өтетін М. Мақатаевқа арналған «Поэзия, менімен егіз бе едің?» республикалық жазба ақындар байқауының ережесі жарияланып, ұсыныстар түсуде.

Облыс аумағындағы көрнекі ақпараттардың жай-күйін қадағалау мақсатында 2016 жылдың ақпан-қараша айларында «Мемлекеттік тіл және жарнама» акциясы жарияланды. Акция барысында рейдтік зерделеумен 264 нысан қамтылды, 113 кемшілік анықталып, оның  98-і  түзетілді.

Облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес Жамбыл, Іле аудандарында зерделеу жұмыстары жүргізілді.

Райымбек ауданындағы №2 Кеген орта мектебіне соғыс ардагері Сәдуақас Серкебаевтың, Алакөл ауданындағы №2 Қабанбай орта мектебіне соғыс ардагері Омар Молдағожиннің есімдерін беру туралы ұсыныстар бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы тиісті министрліктермен келісілуде.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Н. Нығматулиннің 2015 жылғы 30 қаңтардағы №284-2 тапсырмасына сәйкес  жарияланған мораторийге байланысты Республикалық ономастика комиссиясының оң қорытындысын алған 12 нысанның атауын өзгерту және облыстық ономастика комиссиясында қаралған 2 ұсыныс бойынша жұмыстар уақытша тоқтап тұр.

Өңірдегі мемлекеттік тілді халық арасында кең көлемде насихаттау шаралары бұқаралық ақпарат құралдары арқылы да жүргізіледі.

«Жетісу» телеарнасында «Тілсақшы» бағдарламасы үнемі ұйымдастырылып отырады.

Жыл басынан бері облыстық баспасөзде 11, аудандық, қалалық газеттерде 38 мақала жарияланды.

Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы тарапынан облыстағы тіл мәселесіне қатысты атқарылатын жұмыстар жүйелі түрде  жалғасатын болады.

 



Орналастырылған күні: 07.04.2016 14:52

Өзгертілген күні: 07.04.2016 14:54:30

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх