Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +7 oC
2016 жылдың І тоқсаныда атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

2016 жылдың І тоқсаныда атқарылған жұмыстары туралы ақпарат



ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫН ДАМЫТУДЫҢ 2016-2019 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН «ДЕНСАУЛЫҚ» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

 

 

2015 жылы денсаулық сақтау саласын дамытудың «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аяқталды және тұрғындардың денсаулығын одан әрі нығайту, еліміздің әлеуметтік-экономикалық тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін, Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы Жарлығымен  денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.

Негізгі нысаналы индикатор күтілетін өмір сүру жасының деңгейін 2020 жылға дейін 73,0 жасқа жеткізу болып анықталды.

Осы индикаторды іске асыру үшін, 2019 жылы жалпы өлім деңгейін ҚР ДСӘДМ-ң белгілеген келесі басым бағыттары бойынша төмендетуге қол жеткізу қажет (1000 адамға 6,65):

1. Ана мен нәресте өлімін төмендету (100 мың тірі туылғандарға 9,75, 100 мың тірі туылғандарға 7,49);

2. Жарақаттанудан, жазатайым жағдайлардан және уланудан өлімді төмендету (100 мың адамға 79,9);

3. Қанайналым жүйесі ауруларынан өлімді төмендету (100 мың адамға 158,55);

4. Қатерлі ісік ауруларынан өлімді төмендету (100 мың адамға 70,0);

5. Туберкулезден өлімді төмендету (100 мың адамға 1,7);

6. Жедел, шұғыл медициналық көмекті және санитарлық авиацияны дамыту.

Жоғарыда аталған бағыттар бойыша Жол карталары дайындалып, облыс әкімінің орынбасарымен бекітілді, ведомствоаралық өзара әрекеттестік бойынша Үйлестіру кеңестері құрылды.

Медициналық мекемелер жұмысының сапалы көрсеткіштерінің бірі – тұрғындардың көрсетілетін медициналық көмекке қанағаттанушылығы болып табылады.

Медициналық қызмет көрсету сапасын, қолжетімділігін және уақытылы көрсетілуін мониторингтеу және анықтау үшін, Талдықорған қалалық емханасының базасында тәулік бойы жұмыс істейтін бірыңғай Call-орталық қызмет етеді (8 800 08 0 88 28, 87282 41 12 12, қоңыру тегін). Орталық туралы ақпарат денсаулық сақтау басқармасының сайтында, облыстың барлық медициналық ұйымдарында орналастырылған.

Бұдан басқа, денсаулық сақтау басқармасында сенім телефоны бар және «сұрақ-жауап» бөлімімен www.zdrav.zhrav.zhetysu-gov.kz ресми сайты құрылды.

Облыста 2012 жылы Алматы облысы бойынша пациенттердің құқықтарын қорғау жөніндегі Қоғамдық кеңес құрылып, бүгінгі күнге дейін жұмыс істейді, онда облыс әкімдігіне, Медициналық және фармацевтикалық қызмет сапасын бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментіне және денсаулық сақтау басқармасына түскен шағымдар мен өтініштер қаралады.

«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың басынан бастап өтініштер саны 2011 жылғы 177-ден 2015 жылы 289-ға дейін көбейді, ал шағымдар 164-тен 145-ке дейін азайды. Негізді шағымдар саны 10%-ға азайды.

2015 жылдан бастап 60 мемлекеттік денсаулық сақтау субъектілеріне пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметі енгізілді.

Денсаулық сақтау басқармасы 2016 жылға облыстың денсаулық сақтау саласын дамыту жоспарын дайындады, оның ішінде:

1.Талдықорған қаласының медициналық нысандарын дамытудың келешек жоспары – ҚР ДСӘД Министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі «ҚР денсаулық сақтау ұйымдары желілерінің  мемлекеттік нормативін бекіту туралы» №284 бұйрығына сәйкес, Талдықорған қалалық емханасы 3 жеке емхана болып қайта  құрылады (Талдықорған қ. №1 қалалық емхана, Гаухар ана көшесі, 87 үй, тұрғындар саны 55 814 адам, №2 қалалық емхана (қалалық аурухананың бұрынғы ғимараты), Гаухар ана көшесі, 87 үй, тұрғындар саны – 53 149 адам, №3 қалалық емхана (балалар емханасының базасында), Талдықорған қаласы, Қаратал шағынауданы, тұрғындар саны – 53 485 адам).

- Талдықорған қаласында көпсалалы клиникалық аурухана ашу;

- Талдықорған қаласы әйелдер консультациясы ғимаратының базасында амбулаторлық хирургия орталығын ашу;

- жедел және шұғыл медициналық көмек қызметін дамыту (шақыру сапасын жақсарту және шұғыл медициналық көмекті уақытылы көрсету үшін, GPS навигациясымен Талдықорған қаласының интерактивті картасы). Осы жобаны әрі қарай облыстың ірі аудан орталықтарында енгізу жоспарланып отыр.

2. Алғашқы шұғыл медициналық көмек көрсету дағдыларына парамедиктерді, оның ішінде ІІД қызметкерлерін, қоғамдық көлік жүргізушілерін (қалалық және облыстық бағыттардағы) оқыту.

3.Облыстық мекемелердің базасында Қазақстан Республикасының ғылыми орталықтарымен стратегиялық әріптестікте жұмыс істеу және медициналық мекемелерді заманауи құралдармен жабдықтауды жақсарту үшін, жоғары мамандандырылған медициналық көмектің түрлерін және үлесін көбейту.

Денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында, 2017 жылдан бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізіледі. Мемлекет азаматтардың 15 санаты үшін жарналарды іске асырады, оның ішінде 12-сі тұрғындардың әлеуметтік осал тобы. Жұмыс берушілер – жалдамалы жұмысшылар үшін және салық органдарында тіркелген қызметкерлер мен өз ісімен айналысушы азаматтар өздері үшін.

2016 жыл - сақтандыру медицинасына көшу үшін, дайындық кезеңі болып табылады. Денсаулық сақтау жүйесінің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін, адам ресурстарын стратегиялық басқару медициналық мекемелердің басшыларына жаңа функционалдық және біліктілік талаптарын  енгізу арқылы іске асырылатын болады. «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында медициналық мекемелердегі барлық жұмыс процестерін автоматтандыру және электронды форматта  медициналық ақпаратты есепке алу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, науқастарды дәрігердің қабылдауына жазу, нақты уақыт режимінде кеңес беру және оларды жеке стационарлық компьютерлер мен смартфондарды қолдана отырып, бақылауға алу кезең-кезеңмен онлайн-жазбасы енгізіледі.

2019 жылға тұрғындарды электронды паспорттармен қамту және электронды түрде ауруханаға жатқызу үлесі 50%-ға, ал бірыңғай желіге қосылған денсаулық сақтау мекемелерінің үлесі 80%-ға жеткізіледі.

Алматы облысы тұрғындарына медициналық көмек көрсету сапасының аталған кемшіліктерін жою бойынша жан-жақты жұмыстар жүргізіледі. Денсаулық сақтау басқармасы «мұнда» және «қазір» қағидаты бойынша медициналық қызмет көрсету сапасының соңғы  индикаторларына жету бойынша стратегиялық мақсаттарға жетуді жоспарлап отыр.   


Орналастырылған күні: 18.04.2016 10:43

Өзгертілген күні: 18.04.2016 10:45:47

Елді мекендерге бұрылыс салу туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Наверх