Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +2 oC
2016 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

2016 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат


Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының жұмыстары жылдық жоспарына сәйкес атқарылуда.

Мәдениет, мұрағат мекемелеріне  2016 жылға 4338300 мың теңге бөлінді.

Оның ішінде, күрделі жөндеу жұмыстарына 291,2 млн. теңге.

Бүгінгі күнге мәдениет, мұрағат  мекемелерінің желісі – 563 нысанды құрайды.

Оның ішінде: 246 мәдениет үйлері мен клубтар, 268 кітапхана, 21 музей, 2 галерея, 19 мұрағат, 5 облыстық мәдениет мекемелері  және 2 видеомобиль.

Үстіміздегі жылы облыстық мәдениет саласының 4 мекемесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі: Көксу ауданының Мәмбет ауылдық мәдениет үйі, Жамбыл ауданының Жамбыл әдеби музейі, Сарқан ауданының Черкасск музейі және Райымбек ауданының Кеген аудандық мәдениет үйі.

Мәдениет және мұрағат мекемелерінің қызметкерлер саны 2880-ге жетіп, 2015 жылмен  салыстырғанда қызметкерлер саны 139-ға артты.

2016 жылғы І -тоқсанда  филармония ұжымдары мен жеке әншілердің қатысуымен барлығы 63 концерттер ұйымдастырылып, 3100 көрермендерді қамтыды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 33 концертке артып отыр. Өткен жылғы осы мерзімде 13 гастрольдық концерттер ұйымдастырылып, 740 мың теңге қаржы түсірсе, сәйкесінше 16 гастрольдық концерттер ұйымдастырылып, концерттен түскен қаржы көлемі 1 млн.514 мың теңгені құрады.

«Құлансаз» фольклорлы-этнографиялық ансамблі 2016 жылдың 1 тоқсанында 4 концерт өткізді.

Бикен Римова атындағы облыстық драма театры сахнас 2016 жылы - 15 спектакль қойылса,  оның 2-і премьера.

Облыс аумағындағы  мәдениет үйлері мен клубтарында 2016 жылы   7341 шара өткізіліп, оған 1566159 көрермен қатысты.

Ағымдағы жылы көрсетілген ақылы қызмет 7395606 теңгені құрады.

Клуб құрылымдарының саны – 2016 жылы 1327-ні құрап, алдынғы жылмен салыстырғанда 232-ге артты.

Жалпы «Халықтық» атағы бар ұжым саны – 75, «Үлгілі» атағы бар ұжым саны – 13, олардың ішіндегі 29 ұжымда 176 штат бірліктері бар.

Барлық аудандық кітапханалар республикалық автоматтандырылған КАБИС жүйесімен жұмыс істейді. Интернет жүйесіне 54 кітапхана қосылған.

Барлық кітапханаларға 14041 кітап алынып, кітап қоры 2015 жылы –5060086, 2016 жылдың 1 тоқсанында бұл көрсеткіш - 5 074 127 данаға жетіп, 14041-ге өсті.Оқырмандар саны 113531-ді құрады.

Галереяларда 2016 жылдың 1 тоқсанында 4 көрме ұйымдастырылып, 20 экскурсия, 8 лекция жүргізіліп, 2559 көрерменді қамтыды.

Ақылы қызметтен түскен қаржы көзі 145600 теңге.

Әбілхан Қастеевтің көркемсурет галереясы қолданбалы қолөнер және көркемсуреттік бейнелеу өнері төңірегінде 4 көрме ұйымдастырып, тақырыптық 9 баяндама дайындады  және галерея залдарын келіп тамашалаушы  жалпы саны 1700 көрермен қауымға ақылы қызмет есебінен 220,0 тенгеге көлемінде ақылы қызмет көрсетті.  

2016 жылдың 1-тоқсанында «М.Тынышпаев атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК мен филиалдарының есебінде тұрған экспонаттардың жалпы саны –  59 528, оның ішінде 29837 - негізгі қорды,  29725  көмекші қорды құрайды. Ал музейлерге келуші адамдардың жалпы саны –  8418.  

Есеп беріп отырған мерзім ішінде музей залдары бойынша 513 экскурсия жүргізіліп, 79 көрме ұйымдастырылды. Ал ақылы қызметтен түскен қаржы – 737 547 теңгені құрады.

«Жауынгерлік Даңқ мұражайы» МКҚК 2016 жылдың І - тоқсанында 3 көрме өткізілді. Жалпы саны - 11 лекция оқылып, өткізген көрмелерді 2159 көрермен тамашалады. Арнайы 29 экскурсия жүргізіліп, 107 950 теңгеге ақылы қызмет көрсетілді.

Ұста Дәркембай атындағы қолөнер музейі 2016 жылдың І тоқсанында 6 көшпелі көрме ұйымдастырды. Музей туралы 4 мақала жарияланды. Музейге келушілер саны  950 адам. Жүргізілген экскурсия саны 15. Оқылған лекция саны 9. Ақылы қызметтен 75 000 теңге түсті.

Облыс аумағында жалпы 2338 тарих және мәдениет ескерткіштері тіркелген. Мемлекеттік тізімде – 1519, алдын-ала есепке алу тізімінде 807 жылжымайтын тарих және мәдениет, 612 археологиялық, 8-республикалық маңызы бар, 7- табиғат ескерткіштері бар. Мемлекет қорғауында халықаралық дәрежеде бүкіләлемдік мәдени-мұра тізіміне енгізілгені – 4.

Қарасай ауданындағы Райымбек ауылында жеке кәсіпкердің есебінен салынған «Анаға құрмет» музейін коммуналдық меншікке алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Архив мекемелері 44 тақырыптық және 6590 әлеуметтік құқықтық сұраныстар орындалып, оның ішінде 5214 –не қанағаттанарлық жауап берілді.

Есептік кезең өткізілген мәдени  шаралардың көптүрлілігімен ерекшеленеді.

2016 жылдың 2-6 қаңтар күндері «Таланты мира» Қорының шақыруымен М.Төлебаев атындағы қазақ оркестрі Мәскеу қаласында  болып қазақ ұлттық өнерін дәріптеп қайтты.

І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Хантәңірінің мұзбалағы, ақиық ақын М.Мақатаевтың 85 жылдығына арналған ақынның өлеңдеріне жазылған әндерден  ІХ «Жырлайды жүрек»   облыстық әншілер байқауының іріктеу кезеңіне 16 аудан, 3 қаладан барлығы 28 үміткерлер қатысты. Қорытынды сынға 13 үміткер жолдама алды.

Белгілі жазушы, драматург Роллан Сейсенбаевтың «Менің 100 кітабым» сериясымен шығарған Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың «Книга раздумий», Жүсіп Баласағұнның «Ақыл кітабы», «Дешті Қыпшақ жырлары» жинағы және Әбу Насыр Әл-Фарабидің «Қайырымды қала» кітаптарының тұсаукесері өтті.

Алматы қаласындағы Жамбыл атындағы филармонияда «Ұлы дала жыршысы» атты халықаралық-ғылыми симпозиумында тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Шараға Қазақастан республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Абдықалықова, мемлекет және қоғам қайраткері М.Жолдасбеков, Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академисяының вице-президенті, академик А.Ахматалиев, Колумбия университетінің профессоры Р.Абазов және т.б. зиялы қауым өкілдері қатысты.

Астана қаласында өткен «Ақ көгершін» халықаралық балалар шығармашылық фестивалінде «Солнышко» балалар хореографиялық ансамблі Гран при иегері атанып қайтты.

І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында  Халықаралық Әйелдер күніне арналып «Ана тіршіліктің тірегі» атты мерекелік мәдени шара өткізілді.

22 наурыз мейрамы жаңа ашылған Талдықорған қаласының «Жастар» саябағында «Тәуелсіз таңның нұрлы Наурызы» атты  Наурыз мерекесі қазақ халқының салт-дәстүрін дәріптейтін театрланған көрініс және концерттік бағдарламамен безендірілді.

Есепті мерзімде облыс кітапханаларында ақын Жамбыл Жабаевтың туғанына 170 жыл, мемлекет қайраткері Ә.Бөкейхановтың туғанына 150 жыл, ақын М.Мақатаевтың туғанына 85 жыл,  Алғыс айту күніне, Наурыз мейрамына басқа да аталып өткен күндерге орай көпшілік оқырмандарға  әдебиеттерді насихаттау мақсатында  түрлі мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды. Барлық өткізілген іс-шара саны – 2613, қатысушылар саны – 44404. 

 Архив қызметкерлері «Архивтік анықтамаларды беру тәртібі» (Ұзынағаш филиалы), «Іс номенклатурасын пайдалану және ведомстволық архивке құжаттарды өткізу» тақырыбында (Енбекшіқазақ филиалы) және Іле филиалында 3 семинар, Ұзынағаш филиалы «Архивтік анықтамаларды беру» мемлекеттік стандарты бойынша Жамбыл ауданының халыққа қызмет көрсету орталығымен және әділет басқармасының қызметкерлерімен дөңгелек үстел өткізді.

 "Ақпаратты Қазақстан-2020" Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес қорлар бойынша (тізімдер мен істердің) "Құжаттардың бірыңғай электрондық мұрағаты" ақпараттық жүйесіне – 87426 сақтау бірлігі енгізілді.

Елбасының дамудың даңғыл жолына бастайтын «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру мақсатында өткізілетін  ауқымды шаралар алдағы уақытта жүйелі жалғасын таба береді.


Орналастырылған күні: 19.04.2016 16:17

Өзгертілген күні: 06.04.2017 17:13:11

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Наверх