Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +12 oC
2016 жылдың І тоқсаныда атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

2016 жылдың І тоқсаныда атқарылған жұмыстары туралы ақпарат


Алматы облысы бойынша "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы
2016 жылдың 1 сәуіріне ақпарат



2016 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының өзектендірілуіне байланысты облысқа үш бағыт бойынша 12116,1 млн.теңге (РБ – 11451,3 млн.теңге, ЖБ – 664,8 млн.теңге) бөлінді.
Бірінші бағыт бойынша 40 жобаны іске асыруға 5475,3 млн.тенге бөлінген (РБ – 4810,5 млн.теңге, ЖБ – 664,8 млн.теңге). Іске асырылатын жобаларда 1843 жұмыс орнын құру, оның 942 жұмыс орнына Бағдарламаның қатысушыларын орналастыру жоспарлануда.
Екінші бағыт бойынша 1457 адамға 5833,0 млн.теңге шағын несие беруге (3 млн. тенгеге дейін 968 адамға 2903,0 млн. тенге, 6 млн. теңгеге дейін 489 адамға 2930,0 млн.тенге) және кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 391 адамға 17,8 млн.теңге көлемінде қаражат қарастырылған.
Үшінші бағыт бойынша 789,9 млн.теңге бөлінді.
Қайта даярлаумен 1272 адам, біліктілігін арттыруға 47 адам, 55-тен 64 жасқа дейінгі жастағы жұмыссыздар арасынан 168 адам қайта даярлаумен, 18-ден 24 жасқа дейінгі жастар қатарындағы жалдамалы қызметкерлер арасынан 391 адам қайта даярлаумен қамтылады. Өнеркәсіп салаларына жататын кәсіпорындардың білікті қызметкерлерін қайта даярлауға жіберу үшін 330 азаматқа грант беру көзделген.
Сонымен қатар қысқартылған жұмыс уақыты үшін республикалық және өңірлік деңгейдегі кәсіпорындардың білікті 144 қызметкерлерінің жоғалтқан табысының үштен екі бөлігін уақытша субсидиялау жоспарлануда. Бұл олардың жұмыс орнын қысқартуды болдырмау мақсатында жалақының жоғалтылған бөлігінің орнын толтыру үшін жүзеге асырылады.
Әлеуметтік жұмыс орындарына 859 адам, жастар практикасына 1084 адамды жіберу жоспарланған.
2016 жылдың 1 сәуіріне кәсіптік оқытумен 658 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 818 адам орналастырылды, жастар практикасына 417 түлек жіберілді.



«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан  жүзеге асыруы бойынша


2015 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының бірінші бағыты аясында облыстың елді мекендерінде жалпы сомасы 1 145,5 млрд. теңгеге (РБ – 1019,8 млн.тг. және ЖБ 113,3 млн.тг.) ауыз сумен қамтамасыз ету жүйелерін және электр желілерін күрделі, ағымдағы жөндеу, абаттандыру және жарықтандыру бойынша 30 жоба жүзеге асырылды (Ақсу ауданы - 1, Балқаш - 1, Еңбекшіқазақ - 4, Ескелді - 1, Жамбыл - 6,  Іле - 6, Қарасай - 1, Қаратал - 1, Кербұлақ - 1, Көксу - 1, Райымбек - 3, Ұйғыр - 1, Талдықорған қ. - 2, Текелі қ. - 1).

Қазіргі таңда барлық объектілерде жұмыс аяқталып, қабылдау актілеріне қол қойылды. Игерілген сома мөлшері 1 142,7 млн.теңгені құрайды (99,7 % (қаңтар- желтоқсан жоспары бойынша)

Аталған жобаларды жүзеге асыру барысында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының нысаналы индекаторларына қол жеткізілді. Жоспарланған  420 адамның орнына 437 адам жұмыспен камтылды (жоспардың 104%), оның ішінде 234 адам жұмыспен қамту орталықтары арқылы қабылданды.

2016 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының бірінші бағыты аясында коммуналдық-инжернерлік, көлік инфрақұрылымдарына және ауылды абаттандыруға 16 жоба бойынша 1 629,7 млн.теңге бөлінді ( абаттандыру бойынша - 9, ауыз сумен қамтамасыз ету жүйелері бойынша – 5, жарықтандыру бойынша -2 жоба  (Ақсу ауданы - 1, Балқаш - 2, Еңбекшіқазақ - 3, Ескелді - 1, Жамбыл - 1, Қаратал – 1,  Қарасай - 1,  Кербұлақ - 2, Талғар - 1, Қапшағай қ. - 1,  Текелі қ. – 1). Аталған жобаларды жүзеге асыру барысында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының нысаналы индекаторларына қол жеткізу мақсатында 550 адамды оның ішінде 276 бағадарлама қатысушыларын жұмыспен қамту жоспарланған.

Қазіргі таңда мердігерді анықтау мақсатында конкурстық процедуралар жүргізілуде.

 

 

 


Орналастырылған күні: 12.04.2016 17:54

Өзгертілген күні: 18.04.2016 09:44:07

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх