Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +15 oC
2016 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

2016 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат



2016 жылғы бірінші тоқсанда Алматы облысы туризм басқармасының қызметі Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы «Алматы облысында туризмді дамыту мастер-жоспарының және оны іске асыру жөніндегі 2014-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы» № 557 қаулысын орындауға бағытталды.
Облыс аудандары мен қалаларында Мастер-жоспарды жүзеге асыру бойынша аудандық және қалалық іс-шаралар жоспарларын оларды адымды орындауды, туризм нысандарына инвесторларды тартуды, жоспарланатын іс-шаралардың санын арттыруды ескере отырып, өзектендіру бойынша жұмыстар жүргізілді. Аудандар мен қалаларда туристік нысандарға бағытталатын жөндеу және құрылыс жұмыстарын талап ететін жолдардың тізімі қалыптастырылды.


Аудандар мен қалалардың әкімдіктерімен инвесторларды тартуды және мемлекеттік қолдауды талап ететін туризм саласында жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалардың тізімін қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілді. 2016 жылғы наурыздағы жағдай бойынша инвестициялық жобалардың тізімі әзірленді.


Балқаш, Алакөл көлдерінің жағалауында туризмді дамыту бойынша жұмыстар жалғастырылуда. Алакөл және Балқаш көлдерінің жағалауларында қажетті инфрақұрылымды құру мәселелерін шешу бойынша жұмыс тобы қызмет атқарады. 2016 жылғы 14 наурызда Сарқан ауданында жұмыс тобының, орналастыру органдарының және облыстық және аудандық құрылымдардың өкілдерімен «Балқаш көлінің жағалауында инфрақұрылымды құру» мәселесі бойынша жиналыс өткізілді.


Қазіргі таңда Ақши аулынынан Алакөл көлінің жағалауында орналасқан демалыс орындарына дейінгі жолды қайта жаңғырту бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Автомобиль жолының жалпы ұзындығы 23,78 шақырымды құрады. Жобаны жүзеге асыру құны – 3,036 млрд.тг. Жобаның жүзеге асырылу мерзімі – 2015-2017 ж.ж.


134,4 млн.тг. сомаға Балқаш көліне дейінгі жалпы ұзындығы 141 шақырымды құрайтын автожолдың телімдерін қайта жаңғырту бойынша жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленді, оның ішінде келесі телімдер бойынша: «Алматы - Өскемен - Лепсі - Ақтоғай» автожолының 0-110 шақырымы, «Алматы – Өскемен - Қызылқайың» автожолының 113-117 шақырымы, «Лепсі - Балқаш көлі» автожолының 0-27 шақырымы. Қазіргі таңда барлық телімдер бойынша жобалық-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамаға ұсынылды.
Есептік кезеңде Басқармамен облыстың туристік өнімін туристік қызметтердің ішкі және халықаралық нарықтарында жылжыту бойынша белсенді жұмыс жүргізілді.


2016 жылғы 10 қаңтарда Алматы облысының туризм басқармасы екінші Хоргос қазақстандық-қытайлық «Мұз бен Қар» фестиваліне қатысты. Фестивальдің мақсаты қысқы мезгілдегі, сонымен қатар шекараралық туризмді дамыту болып табылады. Іс-шараның барысында Алматы облысының туризм басқармасы мен ҚХР-ның Синьцзян-Ұйғыр автономды ауданы Іле-Қазақ автономдық округінің Ұлттық үкіметінің аралығында туризм саласында ортақ ынтымақтастық бойынша бірқатар кездесулер өткізілді.


Сонымен қатар, туризм саласында достық қарым-қатынасты орнату және іскерлік ынтымақтастықты тереңдету үшін 2016 жылғы 15 наурызда Алматы облысының туризм басқармасы Қытай Халық Республикасының Хубэй провинциясы және Алматы облысының басшылығымен өткен бизнес-кездесуге қатысты.
Облыстың туристік әлеуеті Берлин қаласындағы (ФГР) мерейтойлық 50- ші «ITB-2016» халықаралық туристік биржасында таныстырылды. Көрме бағдарламасының шеңберінде «Berlin Messe» неміс компаниясының қолдауымен «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-ы «ЭКСПО-2017 қарсаңындағы туризмнің дамуы» тақырыбында роуд-шоу ұйымдастырылды. Роуд-шоуда Алматы облысының туристік мүмкіндіктері таныстырылды. Презентацияның нәтижесі бойынша туристік индустрияның шетелдік өкілдері Алматы облысына туристік нысандар бойынша жасалатын ақпаратық турға және «WORKSHOP-ZHETYSU TRAVEL-2016» шарасына шақырылды.


2016 жылғы 23-26 наурыз аралығында Алматы облысы қазақстандық делегацияның құрамында Мәскеу қаласындағы (Ресей) 23-ші «MIIT/Саяхаттар және туризм 2016» халықаралық туристік көрмесіне қатысты.
Алматы облыстық туризм және ақпараттық қызмет көрсету орталығымен туристік көрмелерге қатысу үшін жарнамалық-имидждік өнімдерді әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қолданушылар үшін туристік ақпараттық интернет-портал қолжетімді, бейнероликтер дайындалды, Facebook мен Instagram әлеуметтік желілерінде парақшалар ашық.


Қазақ халқының аңшы құстармен аң аулаудың ұлттық түрлеріне шетелдік және жергілікті туристерді тарту мақсатында Алматы облыстық туризм және ақпараттық қызмет көрсету орталығымен «Соңар-2016» ұлттық спорт түрлері бойынша республикалық сайыстарға ақпараттық қолдау көрсетілді.
Алматы облысының 2016 жылға арналған оқиғалар күнтізбесі қалыптастырылды, оның ішінде туризм басқармасымен бірге келесі мемлекеттік органдардың іс-шаралары енгізілді: Қазақстан халықтары Ассамблеясы, спорт және дене шынықтыру басқармасы және т.б. Күнтізбе облыстың туристік компанияларының назарына жеткізілді, туризм басқармасының сайтына орналастырылды.


Есептік кезеңде балалар-жасөспірімдер, ішкі және спорттық туризм түрлерін насихаттауға және одан әрі қарай дамытуға ықпал еткен туристік іс-шаралар өткізілді. 2016 жылғы 5-9 қаңтар аралығында В. Чепельдің құрметіне туристік көпсайыс бойынша (балалар, жасөспірімдер) Қазақстан Республикасы Кубогының шеңберінде Жасанды жер бедерінде туристік көпсайыс (тау туризмі) бойынша ашық өңірлік сайыстары өткізілді.
Ағымдағы жылы сайыстарды Қазақстан республикасының 9 өңірінен 23 команда қатысты. Жалпы есепте, сайыстардың қорытындылары бойынша «Ересектер» жас тобында Іле ауданының «Альпийская роза» командасы, «Жасөспірімдер» жас тобында «Ирбис-Текели-7» командасы бірінші орындарға ие болды.


2016 жылғы 20 ақпанда Текелі қаласындағы «Текесу» тау шаңғы базасында Алматы облыстық туризм және ақпараттық қызмет көрсету орталығымен мемлекеттік қызметкерлер командаларының арасында қысқы туризм түрлері бойынша фестиваль ұйымдастырылды және өткізілді. Фестивальға 250-ден астам адам қатысты.
Спорттық туризмді дамыту мақсатында Алматы облысының командасы Ақмола облысындағы шаңғы туризмінің техникасы бойынша Қазақстан Республикасының Чемпионатына және Астана қаласындағы туристік көпсайыс бойынша Қазақстан Республикасының ашық Чемпионатына қатысты.


ЭКСПО-2017-ге дайындық шеңберінде туризм басқармасымен ағымдағы жылы орналастыру және тамақтандыру орындарының қызметкерлері үшін бірқатар оқу курс-тренингтерін өткізу жоспарланып отыр. Аталған іс-шаралардың басты мақсаты – туристердің облыс аумағына келуі барысында көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және кәсіпкерлерді осы іске ынталандыру. Мәселен, ақпан айында Талғар ауданындағы «Ақбұлақ» спорттық-сауықтыру кешенінің базасында Алматы облысындағы орналастыру орындарының топ-менеджерлері үшін тренинг өтті. Тренинг Қонақ үйлер мен мейрамханалардың қазақстандық қауымдастығының және Қазақстандық туристік қауымдастығының білікті сарапшыларымен өткізілді. Тренингтің бағдарламасы туристік өнімді орнықтыру мен нарықта жылжыту, туризмде жаңа тауарлар мен қызметтерді әзірлеу, қонақжайлылық индустриясындағы маркетинг бойынша оқу процестерін, сонымен қатар практикалық жаттығуларды қамтыды.


Наурыз айында Қаскелең қаласында орналастыру және тамақтандыру нысандарының қызмет көрсету персоналына кәсіби шеберлік ұйымдастырылды. Оған Қарасай, Жамбыл, Еңбекшіқазақ, Іле, Талғар аудандарының өкілдері қатысты. Курстар теориялық сабақтармен қоса мастер-класстар, сонымен қатар жағымды тәжірибелердің презентацияларын өткізген Имиджелогия Академиясының қызметкерлерімен өткізілді. Курстардың жалпы саны 45 адамды құрады, оларға тиісті сертификаттар табысталды.


Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды экологиялық туризмді дамыту мақсатында туризм басқармасы «Алтынемел», «Іле Алатауы», «Көлсай көлдері», «Шарын», «Жоңғар Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи парктерінде және мемлекеттік орман табиғи резерваттарында туризмді дамыту жобаларының бизнес-қауымға жасалған презентациясына қатысты. МҰТП презентацияларының қорытындысы бойынша жер телімдерін туризм нысандарының құрылыстары үшін ұзақ мерзіміді жалға беру бойынша тендер өткізу туралы хабарландырулар берілді. Туризм басқармасы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне туризм нысандарының құрылысын облыстың Қалақұрылысы кеңесінде келісу қажеттігі туралы ресми хат жолдады.


Мониторинг мәліметтері бойынша 2016 жылғы 1 қаңтарда облыста туристерді қабылдайтын 563 нысан есептелінеді, оның ішінде: 153 қонақ үй, 122 қонақжай және аңшылық үйлері, 48 демалыс үйлері мен шипажайлар, 20 сауықтыру лагерлері мен оратлықтары, 214 демалыс аймақтары мен базалары, 6 өзге нысан.
2016 жылғы 1 тоқсанда облыс аудандары мен қалаларында көрсетілген ақылы туристік-сауықтыру қызметтерінің көлемі 952,3 млн.теңгені құрады, бұл 2015 жылғы сәйкес кезеңдегі көрсеткіштің 122,9%-ын құрайды.


Орналастырылған күні: 19.04.2016 17:25

Өзгертілген күні: 06.04.2017 17:16:19

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх