Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған -9 oC
2016 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

2016 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өңірлік индустрияландыру картасына 7550  жұмыс орнының құрылуымен, жалпы сомасы 289,3 млрд. теңгені құрайтын, 51 инвестициялық жоба іске қосылған.

710 жұмыс орнын құрумен 535,9 млрд.теңге  сомасына  1 жоба (Балхаш ЖЭС) Республикалық индустрияландыру картасының аясында жүзеге асырылуда.

Алматы облысының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №582 қаулысына сәйкес  2015-2019 жылдарға өңірлік  индустриаландыру картасына 18 жоба бекітілді (43,8 млрд. теңге, 2377 жаңа жұмыс орны құрылуымен).

2015 жылда 409 жаңа жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 7063 млн. теңгеге 4 жоба (Іле ауданындағы, «Абди Ибрагим Глобал Фарм» ЖШС фармацевтикалық зауыт құрылысы; Іле ауданындағы, «Aluminium of Kazakhstan» ЖШС алюминий профильдерін шығару зауыты, Жамбыл ауданындағы, «Күрті» Күрті кен орнында гранитті өндіру бойынша жұмыс жасап тұрған кәсіпорынды және құрылыс материалдарын өндіру бойынша тасты өңдеуші цехты салуды жетілдіру; Қапшағай қаласындағы, Алакөл ауданындағы «Алакөл-Көмір» ЖШС) іске қосылды.

Жалпы сомасы 19 467,1 млн. теңге, 1112 жұмыс орнымен 2016 жылдың 1-жарты жылдығында 1 жоба («Казиндустрия» ЖШС тасты қайта өңдеу  зауытының құрылысы) және 2-жарты жылдықта 4 жобаның («Bapy Mining»  Инновациялық технология бойынша темір кенін өңдеу мен қайта өңдеу арқылы шекті шойынды алу,   Панфилов ауданындағы, «KAZKOMPOZIT LTD» ЖШС сумен жабдықтау үшін шыныпластикалық құбырларды шығаратын кәсіпорынды құру; Алакөл ауданындағы, «Селбесу Агро» ЖШС тамшылап суару үшін жинақтаушыларды  өндіру зауыты, «Агрокомплекс Жетысу Мажико» ЖШС)  іске қосылуы жоспарланған.

2017 жылға 856 жаңа жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 17960,9 млн. теңгеге 9 жоба (Қапшағай қаласындағы, «Базальт-НПА» ЖШС композиттік өнімдерден базальт талшықтарын шығару зауыты; «Кызбулак» ЖШС, Қапшағай қаласындағы, «ЭкоПанель» Ұялы құрылымды бетонынан жасалатын блоктарды автоклавдық қатқылдану мен қабырға панелдер шығару; Темір бетон бұйымдары мен аса берік бетонды жаңа технологиямен шығару және көтеріңкі берікті бетонды енгізу «Фирма Әдемі» ЖШС, Сұйық май және құрғақ крахмал алумын крахмал өндірісін кеңейту «Азия Агро Фуд»АҚ,  «ЖарТас Products» ЖШС құрылыс өнімдерін өндіру бойынша бетон зауытының құрылысы; «Аль TAS CAPITAL-2015» ЖШС  туф табиғи тасын өңдеу бойынша зауыт, «Meat Processing and Service» ЖШС  етөңдеу кешенінің құрылысы, «Алюгал» ЖШС қалдықсыз алюминий кортпасының құрылым материалдарын шығару зауыты) іске қосылуға жоспарланған.

Қазіргі уақытта өңірлік индустрияландыру картасы атауын өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына ауыстыру және өзектендіру жұмыстары жүргізілуде.




Орналастырылған күні: 20.04.2016 11:46

Өзгертілген күні: 06.04.2017 16:23:28

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Наверх