Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +15 oC
2016 жылдың І тоқсаныда атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

2016 жылдың І тоқсаныда атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

Алматы облысы бойынша «Агробизнес-2020»

бағдарламасының 2016 жылдың I тоқсанында

орындалуы туралы ақпарат

 

«Агробизнес 2020 » бағдарламасы шеңберінде 2016 жылға 22,5 млрд. тенге қаражат бөлінді, оның ішінде тауар өндірушілерді субсидиялауға арналған қаражат көлемі 19,0 млрд. теңге немесе 84,4 % құрайды.

Қаржыландыру көздеріне сәйкес республикалық бюджеттен – 1,2 млрд. теңге немесе барлық қаржыландырудын 5,5 % құрайды, жергілікті бюджеттен – 21,3 млрд. теңге немесе 94,5 %.

Бағдарламаның бірініші бағыты «АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау» аясында – 34,4 млн.теңге бөлінді.

Екінші бағыты «АӨК субъектілеріне тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің экономикалық қол жетімділігін арттыру» аясында – 20,3 млрд.теңге қаражат бөлінді, оның ішінде егін шаруашылығын дамытуға – 7,0 млрд.теңге, мал шаруашылығына – 11,9 млрд, қайта өңдеуге – 984,4 млрд теңге, несиені сақтандыру және кепілдендіруге – 31,9 млн.тенге, қаржылық қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыруға – 282,2 млн.теңге.

Ағымдағы жылдың 14 сәуіріне қаржыландыру жоспарына сәйкес 4,1 млрд.теңге игерілді немесе 650 шаруашылық мемлекеттік қолдауға ие болды.

Мал шаруашылығын дамытуға – 3,4 млрд.теңге бағытталды оның ішінде асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға – 0,6 млрд.теңге, мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыру мақсатында – 2,8 млрд. теңге бағытталды.

Тауар өндірушілер қолданылған суармалы су құнын арзандату бойынша 37 шаруа иелеріне қолданылған 64,6 млн.м3 су көлеміне – 52,3 млн. теңге төленді.

Соңдай-ақ «Көксу қант зауыты» ЖШС 2015 жылы шаруақожалықтарынан қабылдап алынған 73,4 мың тонна қант қызылшасына және өндірген 9,2 мың тонна таза ақ-қантқа – 268,0 млн.теңге төленді.

Үшінші бағыт «АӨК субъектілерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесін дамыту» аясында – 2,3 млрд.теңге бөлінді, оның ішінде фитосанитарлық қауіпсіздікке – 96,9 млн.теңге және ветеринарлық қауіпсіздікке – 2,2 млрд теңге. оның 352,8 млн.теңгесі немесе 15,6 % игерілді.

Ауыл шаруашылығы малдарының ауруларына қарсы 202,6 млн. манипуляция егілді және 350,1 млн. басқа диагностикалық зерттеу жүргізілді.


Орналастырылған күні: 20.04.2016 12:43

Өзгертілген күні: 20.04.2016 12:44:47

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх