Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған -9 oC
2016 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

2016 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат


Алматы облысында  саяси партиялардың облыстық филиалдары және қоғамдық пікір көшбасшыларымен бірге өңірлердегі қоғамдық-саяси ахуалды одан әрі тұрақтандыруға бағытталған есептік кезеңде бірқатар жұмыстар атқарылды.    

Бүгінгі күні облыс көлемінде республикалық саяси партиялардың  6 филиалдары жұмыс атқаруда. Атап айтқанда, «Нұр Отан», халықтық-демократиялық патриоттық «Ауыл», Халықтық Коммунистік, «Ақ жол» демократиялық, Жалпыұлттық социал-демократиялық және «Бірлік» партияларының облыстық филиалдары тіркелген.               

Облыс бойынша саяси партиялардың арасында  «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы белсенділігін көрсетуде. «Нұр Отан» партиясының 19 аудандық және қалалық филиалдары жұмыс атқарады. Жыл басынан облыс бойынша партия филиалдары  41 іс-шара өткізілді.

20 наурыздағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауы облыс бойынша жоғары деңгейде өтті. Алматы облысындағы  990 021 сайлаушының  94,06 %-і сайлауға қатысты. Оның ішінде «Нұр Отан» партиясына дауыс бергендер 84,7%-ті құрады. 

 Облыстағы қоғамдық-саяси жағдай, сонымен қатар жекелеген азаматтардан келіп түсетін арыздар мен өтініштер уақытында қаралып, қатаң бақылауға алынған. Қазіргі уақытта өңірдегі қоғамдық-саяси ахуал бірқалыпты.

 

Азаматтық қоғам институттарының өзара әрекеттестігі туралы

 

   Соңғы мәліметтер бойынша облыста 910 үкіметтік емес ұйымдар тіркелген. Облыста тіркелген  үкіметтік емес ұйымдардың 60 пайызы ауылдық жерлерде қызмет атқаруда. Оларға аудан әкімдері, ауылдық округ әкімдіктер тарапынан  жан-жақты  қолдау көрсетілуде.   2016 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыруға аудан, қалалық деңгейдегі ҮЕҰ-ды қолдау мақсатына  348 млн.тг бөлінді.

 2016 жылы   Алматы облыстық ішкі саясат басқармасы тарапынан жыл сайын өткізілетін әлеуметтік маңызы бар жобалар байқауына  жергілікті  бюджеттен 25 млн. теңге бөлінді. ҚР «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» Заңының 5 тарауында көрсетілген бағыттары ескеріліп, сонымен қатар Елбасының және басқа да  жоғарғы мемлекеттік органдардың тапсырмалары есепке алынды. Атап айтсақ, «Қазақстан - 2050» Стратегиялық жоспары негізінде іс-шаралар өткізу және оны насихаттау, Елбасының жыл сайынғы халыққа  Жолдауын насихаттау, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған, гендерлік саясат туралы және басқа да тақырыпта 10 лот белгіленді. Байқау сәуір айының екінші жартысына жоспарлануда.

 

Ақпараттық саясат және БАҚ мониторингісін жұргізу туралы

 

2016 жылдың  1 сәүріне  облыста 91  бұқаралық ақпарат құралдары жұмыс атқаруда. Оның ішінде 79 баспа, 12 электрондық бұқаралық ақпарат құралдары бар.

Облыс бойынша мемлекеттік саясатты насихаттау мақсатында  2187 көрнекі - үгіт құралдары орналасқан.

Қазақстан Республикасының Президенті Н..Назарбаевтың Қазақстан халқына  «Қазақстан  жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты  Жолдауын,  «Ұлт жоспары - бес институционалды реформаларын жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам»  түсіндіру мақсатында   облыстық іс-шаралар жоспары мен медиа-жоспар әзірленіп, бекітілді. Сонымен қатар,   құрамында 2385 адамы бар 221  ақпараттық топ құрылып, шығу кестесі бекітілген. Топ мүшелері аудандар мен  қалаларда, елді мекендерде  1715  кездесу өткізді.  Насихат жұмыспен  83271   тұрғын қамтылды. 

 Бүгінгі күні  Елбасының Жолдауын, Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын, «Ұлт жоспары - бес институционалды реформаларын жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамын»  мақсатында   ақпараттық жұмыс жүргізуліде.  Облыстық «Жетісу», «Огни Алатау» газеттерінде «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы», «Адам капиталын дамыту», «Обеспечить достойную занятость», «Сделано в Казахстане»  атты 9 арнайы айдарлар ашылып, «Жетісу» телеарнасында бағдарламалар ұйымдастырылды.

 Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында «Айытаушы мен қорғаушы арасындағы  теңгерім»,  «Татулық, бірлік, ынтымақ», «Бір біріне тілеулес», «Өңір дамуының өзекті тұстары», «Шетелдіктер «шығыс қақпасында», «Үздік жоба анықталды», «Мәңгілік елдің бесігі, отбасы-бақыт есігі», «Обеспечить достойную занятость», «Игіліктер арнасы», «Жеке кәсіпкер жиыны», «Шағын зауыттың мүмкіндігі мол», «Тас өңдейтін жаңа зауыт», «Отандық өнім әлеуеті қай деңгейде», «На контроле – трудовые отношения», «Наш главный  работодатель – население», «Айғайтастың игі ізденістері», Жарқын жетістікке бастайды», «Мәңгілік елдің жоспары», «Міндеттер нақтыланды», «Ұт жоспары әлеуметтің әлеуетін арттырары анық», және т.б. 788   мақалалар жарық көрді.

 «Жетісу» телеарнасында 141  сюжет беріліп, «Болмыс», «Единый народ», «Жетісудың ақын- жазушылары», «Шапағат» және т.б бағдарламалар ұйымдастырылды.  Жергілікті жердегі үгіт – насихатшының   қоғамдық белсенділігін арттыру, мемлекеттік саясаттың басым бағыттары жөніндегі ақпараттардың жұртшылыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету  мақсатында 1 сәуірде    «Ақпараттық   топтарының 2015 жылғы атқарған жұмыстары туралы, 2016 жылғы арналған басым бағыттары және Қазақстан Республикасының   Президенті – Елбасы  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың      «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму»  атты  Қазақстан халқына  Жолдауын және «Бес институционалдық реформа:100 нақты қадам» ұлт жоспарын   тұрғындар арасында   насихаттау»  атты облыстық семинар – кеңес  өткізілді.  Оған  аудан,  қала әкімдерінің орынбасарлары, ішкі саясат бөлім басшылары, газеттердің бас редакторлары қатысты.

«Алматы  облысының  өңірлік  коммуникациялар  қызметі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2016 жылғы 4 ақпан – 1 сәуір аралығында  15 брифинг, 1 брифинг-презентация және 2 онлайн-конференция ұйымдастырылды.  Аталған шараларда 34 спикер сөз сөйледі.  Бұқаралық ақпарат құралдарында облыстық  және қалалық газттерде 43 мақала жарық көрсе, сайттарда 21  жарияланған. «Жетісу» телеарнасында 29 сюжет берілді. Республикалық телеарналарда  сюжеттер берілді:  «31 телеарна» - 1, «24 kz» - 2 , «Хабар» - 2, «Қазақстан» -1 . «Қазақ радиосында» 4 сұхбат берілді.      

Жыл басынан басқарма сайтында әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыру бойынша материалдар, өткізілген іс-шаралар, акциялар, семинарлар туралы 21  материал орналастырылды. Сайтта орналастырылған ақпараттар күн сайын жаңартылып отырады, басқарма басшысының жеке блогына келіп түскен  азаматтардың өтініштері уақытында қаралып, жауаптар берілуде. Сайттың безендірілуі үнемі жаңартылуда.

                                                            

Өткізілген  сауалнамаларға талдау және мониторинг жүргізу туралы

 

Жыл басынан талдау және мониторинг бөлімі 3 көпшілік 1 телефон  сауалнама өткізді.  Оларға  4 600  респондент қатысты.

Атап айтқанда, облыстағы қоғамдық – саяси ахуалды, тоқсан сайын жүргізілген сауалнамаға  2000 респондент қатысты.

- облыс тұрғындарының  Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың жыл сайынғы  дәстүрлі Жолдауларын қабылдау деңгейіне арналған телефон – сауалнамаға   600 респондент қатысты.

- облыс тұрғындарының көрнекті үгіт құралдардың, БАҚ-да имидж шығармашылардың, үгіт науқанының тиімділігін анықтау үшін жүргізілген көпшілік сауалнамаға  1000 респондент қатысты.

- облыстағы  этносаралық  ахуал  мәселелері  зерделеу  бойынша  көпшілік сауалнамаға 1000 респондент қатысты.

- облыс тұрғындарын бірінші кезекте инфляция, валюта айырбас бағамдарының тұрақсыздығы, баға мен тарифтердің өсуі (32%), табыс деңгейінің төмендігі (28%),  тұрғын үй және ипотекалық несиелеу (20%) мәселелері алаңдатып отыр.

Респонденттердің 90,8%  ұлт өкілдерінің арасындағы қатынастар «жақсы, жолдастық» деп атап өтті. 

Сауалнамалар нәтижелерін  қорытындылай келе, облыстағы қоғамдық-саяси жағдай бірқалыпты, әр түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы достық қарым-қатынас орныққан, тұрғындардың көңіл-күйі позитивті және тұрғындардың басым бөлігі мемлекеттік саясатқа оң көзқараста екендігін атап өтуге болады.

                   

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін пайдалану және насихаттау бойынша

 

 Ағымдағы жылы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы Конституциялық  Заң талаптарының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Алматы облысында бірқатар жұмыстар атқарылды.    

 Алматы облысы әкімінің жанындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері жөніндегі облыстық комиссиясы Мемлекеттік рәміздер бойынша заң талаптарының орындалуы мақсатында 37 мемлекеттік мекеме  мен 23  білім мекемелерінде  тексеру жұмыстары жүргізіліп, әдістемелік көмектер көрсетілді.

Сонымен қатар, өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін пайдалану және насихаттау бойынша» брифинг өтті.  Брифингке облыстық ішкі саясат басқармасының, облыс бойынша Техникалық реттеу және метрология комитеті департаментінің, Алматы облысы прокуратурасының  өкілдері қатысып, мемлекеттік рәміздер саласындағы заңнамаларға  өзгерістер мен толықтырулар енгізілгендігі және Мемлекеттік Елтаңбаның ұлттық стандартына  өзгерістер енгізілгендігі жөнінде  пікір алмасты.

Алматы облысы бойынша техникалық реттеу және метрология комитеті департаментімен бірлесе  Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің пайдаланылуы мен насихатталуы  бойынша Ақсу, Ескелді, Көксу аудандарында семинарлар өткізіліп, әдістемелік көмектер көрсетілді.


Орналастырылған күні: 20.04.2016 16:53

Өзгертілген күні: 06.04.2017 17:17:48

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Наверх