Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +15 oC
2016 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

2016 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат


Облыстық статистика департаментінің мәліметіне сәйкес, облыста  103 этнос өкілдері тұрады. Жалпы 23 облыстық этномәдени бірлестігі мен олардың  аудандардағы - 38 және қалалардағы  10 филиалдары (жалпы саны –71)  тіркелген.

Сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблея хатшылығы, «Достық Үйі – Қоғамдық келісім» орталығында тұрақты негізде  «Тілдерді оқыту» орталығы, ғылыми-сараптамалық топ, этносаралық тақырып бойынша жетекші журналистер мен сарапшылардың клубы, «Ұлағат» ақсақалдар кеңесі, «Аналар кеңесі» және «Бірлік» жастар қауымдастығы, «Парасат» тіл жанашырлары клубы, «Өрнек» би ансамблі, “Полония” вокалды тобы,  «Көркем-ай» өнер-тәлім отауы, «Вайнах» шешен-ингуш ән-би ансамблі, «Meladi Kids» ән студиясы жұмыс істейді.

Қаңтар айында Қазақстан халқы Ассамблеясының 2025 жылға дейінгі даму тұжырымдамасын түсіндіру мақсатында облыстық ҚХА Кеңесінің мәжілісі өткізілді, тұжырымдаманың негізгі ережелері барлық этномәдени бірлестіктерде түсіндірілді. Қазақстан халқы Ассамблеясының 2025 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы бойынша  жекелеген іс – шаралар жылдық жоспарға енгізілді.

«Үлкен ел – Үлкен отбасы» жалпыұлттық жобасын жүзеге асыру бойынша облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының жоспары облыстық ҚХА Кеңесінде бекітілді.

Оның негізгі тармақтары аудандық, қалалық әкімдіктердің іс-шаралар жоспарларына енгізілді.

Алматы облысындағы барлық этномәдени бірлестіктердің негізгі іс-шаралар жоспарларында «Біздің мақсатымыз – Мәңгілік Ел», «Мәдени мұра. Мәңгілік Елдің перзенттері», «Ұлы Дала – бейбітшілік бесігі», «Тәуелсіз елдің тарихы: Көрісу. Ұлы Дала елінің жасампаз дәстүрі», форумдар:  «Мемлекеттік  тіл – Тәуелсіздік тұғыры» «Біз – қазақстандықтармыз!»,  «Берекелі шаңырақ аясында» атты этнос мәдениеттерінің фестивальдері және тағы басқа  шаралар қарастырылды.

 

Қоғамдық - Мәдени-көпшілік шаралар

Қаңтар айында облыстық орыс орталығының дәстүрлі Рождество мерекесі ұйымдастырылды. Оған облыстық этномәдени бірлестіктері, меценаттар, қала тұрғындары, жомарт жанды азаматтар мен БАҚ өкілдері қатысты.

11 қаңтарда  Іле ауданы  Байсерке ауылында өткен Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген мәжілісінде Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау және оны іске асыру барысымен қатар, өзге де мәселелер қаралды. Жиынға ҚХА мүшелері, қала, аудан әкімдерінің орынбасарлары және ішкі саясат басқармасының, аудандық бөлімдердің басшылары,  құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен  облыстық этномәдени орталықтардың  төрағалары қатысты.

Сол күні аталмыш ауданда Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауын халыққа түсіндіру әдістері бойынша Алматы облыстық этномәдени орталықтар төрағалары және этнос өкілдерінің семинары өтті. Семинарда облыстық  Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі            Ғ.Тұрсынбай жастар арасындағы этносаралық татулықты насихаттауда, Елбасының Жолдауын жүзеге асыруда, Қазақстан халқы Ассамблеясының даму тұжырымдамасын негізге ала отырып, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы құндылықтарына негізделген  қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту мен дамыту ісіндегі Ассамблеяның алатын орны жайында ауқымды ақпарат берді.

Ақпан айында «Шаңырақ – Мәңгілік елдің тұғыры» тақырыбында жетекші журналистер Клубының мәжілісі, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын БАҚ-та ақпараттандыру бойынша облыстық медиа-жоспар талқыланды.

Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 85 жыл толуына арналған «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты әдеби-сазды кеші,  Ілияс Жансүгіров атындағы ЖМУ-де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Жамбыл Жабаевтың  170 жылдығына арналған «Жыр алыбы Жамбыл» атты аймақтық ғылыми-практикалық конференциясы және «Шаңырақ – Мәңгілік елдің тұғыры» тақырыбында Ассамблея жанындағы ғылыми - сарапшы топ мүшелері мен жетекші журналистер клубының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті. Талдықорған политехникалық колледжінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Мақсат бірлігі – рух бірлігі» атты Достық фестивалі  ұйымдастырылып, Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайтуға, болашағы біртұтас ұлтты қалыптастыруға бағытталған ұлттық жобалар аясында халықтың ынтымағын, бірлігін насихаттайтын «Берекені көктен іздеме, бірлігі мықты елден ізде» атты форум өтті. Облыстық «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени орталығының ұйымдастырумен шешен-ингуш халқының күштеп қоныс аударылуына арналған «Тарихтың ащы беттері» атты дөңгелек үстел басында бас қосты.

Облыстық орыс этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен қысты шығарып салып, көктемді қарсы алуға арналған «Армысың, Масленица!» мейрамын қала тұрғындары  көтеріңкі көңіл-күймен атап өтті.

 «Мәңгілік Ел» пойызы жалпы республикалық акциясы аясында Қарасай ауданы Шамалған станциясына «Қазақстан Азаматтық Альянсы», ҚХА мүшелері, ҚР Ауыл шаруашылығы Министрлігі, ҚР Ішкі істер Министрлігі, ҚР Әділет Министрлігі, «Қазақстан теміржолы» Ұлттық Компаниясы АҚ,  ҚР Инвестициялар және даму Министрлігі, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігі, ҚР Қаржы Министрлігі, «Атамекен» ҰКП, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі мүшелерімен кездесу және аудан тұрғындарын қабылдау  ұйымдастырылды.

29 ақпанда Облыстық Ассамблея жанындағы жетекші журналистер клубының төрағасы, облыстық «Огни Алатау» газетінің бас редакторы А.Идиговпен «Халықтың күші – рухани бірлікте» атты брифинг ұйымдастырылды.

Наурыз  айында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында 1 наурыз – Алғыс айту күнін еліміз тұңғыш рет атап өтті.

Сол күні Қаратал ауданы  Бастөбе тауының етегінде «Қазақ халқына мың алғыс» монументінде алғыс  айту күніне арналған салтанатты митинг өтті. Шараға Алматы облысы әкімінің орынбасары Б. Өнербаев, Қаратал ауданының әкімі Қ.Бисембаев, Алматы облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғ.Тұрсынбай, ақсақалдар кеңесінің мүшелері, Қаратал ауданының әкімдігі, этномәдени бірлестіктер төрағалары және мүшелері, Қаратал ауданының құрметті азаматтары, белсенді жастары және БАҚ өкілдері қатысты.

Сол күні І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында этномәдени орталықтарының ұлттық тағамдар, қолөнер және кітап көрмесі ұйымдастырылып,  мерекелік концертпен жалғасты.

5 наурызда Халықаралық әйелдер күніне арналған «Тіршіліктің тірегі-асыл жандар»  атты форумына ардагер аналар, ЭМБ-нің төрайымдары мен белсенділері, Аналар кеңесінің мүшелері қатысты. Сол күні Қазақ мәдениеті мен салт-дәстүрі орталығының Достық үйінде салтанатты түрде ашылуы болды.  Алты қанат қазақ үй тігіліп,  тұрмыс - салт дәстүрге сай жабдықталып, қолөнер бұйымдарынан көрме ұйымдастырылып, дастархан жайылды. Қазақ халқының «Құрсақ шашу», «Тойбастар» сияқты ырымдары жиналған көпшілік назарына ұсынылды.

Облыс орталығының тұрғындары мен қала қонақтары Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесін тұңғыш рет «Жастар» демалыс саябағында атап өтті. Мереке барысында 12 этномәдени бірлестіктердің қолөнерлері және ұлттық тағамдарынан көрме ұйымдастырылды.  

Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан құрылған Аналар кеңесі Талдықорған, Сарқан, Еңбекшіқазақ, Кербұлақ, Талғар, Қаратал, Ақсу, Алакөл және тағы басқа аудандарда «Берік отбасы - берік мемлекет» атты бағдарламасы аясында 40-тан астам кездесулер мен іс-шаралар ұйымдастырып, бір отбасы, бір көше, бір ауыл, бір қала, бір облыс көлемінде отбасы түрлерінің диагностикасын жасауға, олармен келешекте қандай жұмыс жүргізу қажеттігі жөнінде ұсыныстар таратып берді. Отбасы құндылықтарын насихаттайтын, қоғамды тәрбиелейтін семинарлар, тренингтер, психолог мамандардың кеңесі жүйелі түрде өткізіледі, "Қыз -ұлттың анасы",  "Сен қандай әкесің?" атты әлеуметтік сауалнамаға 18-35 жас аралығындағы 180 респондент қатысты. Отбасы мәртебесін нығайту мақсатында Аналар кеңестері жүйелі түрде жұмыстар атқаруда.

Алматы облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» жалпыұлттық акциясының науқас балаларға қайырымдылық көмек көрсетуге бағытталған «Қоржын» акциясы аясында жетім, аз қамтылған, көп балалы отбасылар және мүмкіндігі шектеулі балаларға барлығы 220 адамға 4 932 469 (төрт миллион тоғыз жүз отыз екі мың төрт жүз алпыс тоғыз) теңге және 35 000 АҚШ доллары шамасында көмек көрсетілді.

Атап айтқанда 1 тоқсанда саяси, мәдени, әлеуметтік маңызы бар  (1 – акция, 3 – конференция, 3 – форум, 2 – кеңес, 1 – кеңейтілген мәжіліс, 1– дебат, 2 – семинар, 2 – фестиваль, 1 – митинг, 7 –қайырымдылық шаралары, 2 -  кездесу жиын, 5 -  салтанатты жиын, 4 – түрлі шаралар;) 34 шара ұйымдастырылып, оған  50 000-нан астам адам қамтылды.

 Жоғарыда көрсетілген барлық шаралар облыстық ҚХА-ның, «Достық Үйі – Қоғамдық келісім орталығының» және облыс әкімінің сайттарында, БАҚ беттерінде жарияланып, облыстық, республикалық, ұлттық арналарда таратылды. Үш айдың қорытындысы бойынша облыстық Ассамблеяның жұмысы жайында облыстық, республикалық газеттерде 61 мақала жарияланып, облыстық, ұлттық арналарда 23 телехабарлар мен сюжеттер көрсетілді. Облыстық «Жетісу» телеарнасында облыстық Ассамблея мен этномәдени орталықтарының жұмысын, этностардың мәдениетін, дәстүрін насихаттайтын  «Единый народ» циклды телехабары апта сайын шығарылып тұрады. Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіле береді.

 


Орналастырылған күні: 23.04.2016 11:42

Өзгертілген күні: 06.04.2017 17:46:59

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх