Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған -15 oC
2016 жылдың І тоқсаныда атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

2016 жылдың І тоқсаныда атқарылған жұмыстары туралы ақпарат


2016 жылдың қаңтар – наурыз аралығында статистика агентігінің мәліметі бойынша жұмыс істейтін шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 161,5 мың бірлікті құрады, немесе былтырғы жылға шакканда 106,6 %. (2015 жылы қаңтар-наурыз аралығында 151,4 мың бірлік).
Шығарылған өнімнің көлемі – 874,4 млрд.теңге немесе былтырғы жылға шакканда 100,1 % , (2014 жылы – 873,2 млрд. теңге). 


Қаңтар – наурыз айлары аралығында бюджетке түскен қаражат 10,2 млрд.теңге немесе 135,1 % (қаңтар-наурыз 2015 жыл – 7,5 млрд. тенге).


«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай Бағдарламасын жүзеге асыру үшін Алматы облысына 2016 жылға республика бюджетінен 5 млрд. 386 млн. 861 мың теңге бөлінді, оның ішінде:( кепілдік ету -204,0 млн.теңге, гранттарды ұсыну – 72,0 млн.теңге, пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға – 2 млрд. 103 млн. 352 мың теңге, жетіспейтін инфрақұрылымды жетілдіруге – 2 млрд. 794 млн. 605 мың теңге, моноқалаларда, кіші қалаларда және ауылдық елді мекендерінде кәсіпкерлікті дамытуға – 212 млн. 904 мың. теңге).


Жергілікті бюджеттен жетіспейтін инфрақұрылымды жетілдіруге- 844,9 млн. теңге бөлінді.
Жыл басынан Өңірлік үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында барлығы жалпы соммасы 3 400,6 млн. теңгеге 54 жоба қарастырылып, мақұлданды: оның ішінде проценттік ставканы субсидиялау бойынша жалпы соммасы 2 683,9 млн. теңгеге 30 жоба, ішінара кепілдеме беру бойынша жалпы соммасы 224,3 млн. теңгеге 20 жоба, жетіспейтін инфрақұрылымды жетілдіру бойынша жалпы соммасы 492,4 млн. теңгеге 4 жоба.


Орналастырылған күні: 21.04.2016 16:42

Өзгертілген күні: 21.04.2016 16:43:22

Елді мекендерге бұрылыс салу туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Наверх