Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +4 oC
2016 жылдың І жартыжылдығы бойынша қорытынды есеп

2016 жылдың І жартыжылдығы бойынша қорытынды есеп


2016 жылдың жартыжылдығында облыс бойынша архив мекемелерi Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттары» Заңының және басқарма мен облыс бойынша архив мекемелерінің 2016 жылдың ІІ тоқсанына бекітілген жоспарын iске асыруға айрықша көңiл бөлдi. 

Облыстық архивтің архивистері Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда өсім, реформалар даму» халыққа Жолдауы бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырды. Өртке қарсы қауіпсіздікті сақтау мақсатында өндірістік оқулар өткізді.

Басқарманың ережесіне өзгертулер енгізілуіне байланысты облыстық әділет басқармасына тіркеуге ұсынылды.

Басқарманың Ұлттық мұрағат қорын қалыптастыру және құжаттауды бақылау бөлімінің басшысы Г. Абсейтова және Райымбек филиалының директоры У. Солтангазиева облыс әкімінің 8 наурыз әйелдер күніне арналған мерекелік қабылдауына қатысып, облыс әкімінің 70 мың теңге көлемінде сыйақысымен марапатталды.

Алматы облысының мемлекеттік архивінің  ұйымдастыруымен Сарқан ауданында наурыз мерекесіне орай облыстық архивистерінің арасында сайыс өтті. Өткізілген сайыс нәтижесінде озып шыққан архивистерге төрт номинациялар бойынша жүлделі орын беріліп, бағалы сыйлықтар тапсырылды. 

«Жетісу» телеарнасының 7-ші студиясында Райымбек филиалының директоры «Алматы облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Райымбек филиалының құрылғанына 30 жыл толуына орай сұхбат берді.

Архив мекемелерінің 2016 жылғы бюджеті 228762, 0 мың теңгені құрады.  Бірінші жартыжылдыққа бөлінген қаражаттың 99,8 пайызы игерілді.

Алматы облысының мемлекеттік архивінің филиалдарында қысқы жылыту маусымдарына дайындық жұмыстары жалғасуда.

Талдықорған мемлекеттік мұрағатына  ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Алматы облысының мемлекеттік архиві және оның филиалдарының, Талдықорған мемлекеттік архивінің 2016-жылғы 1 жартыжылдықтағы штат саны 175 бірлікті құрайды.

Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы» Заңының аясында 4 архивист қазақ тілін терең оқу үшін 6-айлық курсын оқуда. Сондай-ақ, екі мұрағатшы ақпараттық және әкімшілік технологиялар институты ұйымдастырған «Электрондық мұрағатты ұйымдастыру» тақырыбында өткен семинарға қатысты.

 

1.  ҚР ҰМҚ  құжаттарын мемлекеттiк есепке алу және сақталуын қамтамасыз ету.

Облыстық архивтің мамандары  Ақсу және Сарқан филиалдарының жұмысына кешенді тексеру өткізіліп облыстық мемлекеттік архивтің директорлар кеңесінде қаралды.

Алматы облысының мемлекеттік архиві және оның филиалдарында, Талдықорған мемлекеттік архивінде жалпы 5219 қор, 1398021 сақтау бірліктері сақталуда.

Есептік кезеңде мемлекеттiк сақтауға 19895 сақтау бірлігі, оның ішінде тұрақты  сақталатын 12296 сақтау бiрлiгi, жеке құрам бойынша 7524 сақтау бiрлiгi, жеке тектік 75 сақтау бірлігі, жұмысын тоқтатып, жабылған мекемелердің  118 уақытша сақтау бірлігі қабылданды.

Есепті мерзімде облыстағы архив мекемелерi құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, бiрыңғай жұмыс  жиынтығы жүргiзiлдi, атап айтқанда: сақтандыру қорын құру бойынша аса құнды құжаттарды   сканерден 2016 жылы 15836 парақ өткізіп, 161 микрафиша дайындалды.

Қағаз негізінде құжаттардың жай-күйін және толықтығын тексеру бойынша 86095 сақтау бірлігі тексеріліп,  оларға 340 қорытынды акті толтырылды. Облыс бойынша архив мекемелері өшіп бара жатқан және көрінбейтін мәтіні бар құжаттардың жалпы саны 424 бет парақтарын қалпына келтірді.

2016 жылы архив қоймаларынан 28 пайдаланушыларға  (зерттеушілерге) 2763 іс және 1027 тізімдеме  пайдалануға берілді.

Облыс бойынша облыстық архивтің тізіміне кірген мекемелер мен кәсіпорындардың ведомстволық мұрағаттарына паспорттар толтыру жұмыстары әлі жалғасуда.

ҚР Президентінің 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 464 жарлығымен бекітілген «Ақпаратты Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес «Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» ақпараттық жүйесін (бұдан әрі –ҚБЭМ АЖ) құруды  облыс бойынша архив мекемелері  2015 жылдың 18 ақпанынан бастап электрондық жүйеге енгізуде. Аталған жоба шеңберінде Ұлттық архив қоры құжаттарының құрамы мен мазмұны және оны толықтыру көздері туралы деректер жиынын (каталогын) электронды форматқа бүгінгі таңға 816 қордың 209768 тізімдемелері енгізілді.

Заңды және жеке тұлғалардан келіп түскен тапсырыстар, сұраныстар, өтініштер қабылданып, әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұраныстарды орындау, яғни әлеуметтік-құқықтық сипаттағы анықтамалар беру және әр түрлі сұрақтарға телефон арқылы және ауызша кеңес беру, сонымен қатар келіп түскен сұраныстарды компьютерге Е-Әкімдік бағдарламасына енгізу, мемлекеттік көрсетілетін қызмет архивтік анықтама алушылар әдістемелік бағаға карточка толтырылып қызмет көрсету сапасы жөнінде пікірін білдіру жұмыстары жасалынды.

2.  ҚР-ның ҰМҚ қалыптастыру. Ведомстволық архивтерге ұйымдастырушылық-әдiстемелiк көмек.

 

    Есепті кезеңде басқарма қызметкерлері, архивистер Алматы облысының ауылшаруашылығы, экономика және бюджеттік жоспарлау, жерқатынастары, білім,  басқармаларына, Алматы облысының онкологиялық диспансеріне, Алматы аймақтық туберкулез диспансеріне, Алматы аймақтық балалар клиникасына, Алматы облысының қазынашылық департаментіне, Жамбыл ауданының дене шынықтыру және спорт бөліміне, Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің аппаратына, Талдықорған заң колледжіне, Көксу ауданының кәсіпкерлік бөліміне, мәдениет үйіне, Талдықорған гарнизонының әскери сотына,  Ескелді ауданының әділет басқармасына және кәсіпкерлік бөліміне, Көксу ауданы әкімінің аппаратына және т.б. облыстық мекемелердің  іс жүргізушілері мен ведомстволық архивтеріне жауапты мамандарына  мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларын, сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін  жұмыс бабында пайдалану бойынша 470 кеңестер берілді.

Мысалы: Алматы облысының ішкі саясат, білім басқармаларына, қазынашылық департаментіне, Алматы облысы  Еркін ауылдық округі әкімі аппаратына, Көксу ауданының Еңбекші ауылдық округі әкімінің аппаратына  және т.б.

Басқарманың және облыстық архивтің ведомстволық бөлімінің мамандары облыстық мекемелер мен ұйымдардың ведомстволық архивтеріне жауапты мамандарына «Архивтерге және құжаттарды сақтауға қойылатын талаптар», «Іс жүргізу және істер номенклатурасын құру тәртібі», «Істерді рәсімдеу, істерді қалыптастыру нормативтік құқықтық актілер», «Ведомстволық архивтерде іс қағаздарды жүргізу» тақырыптарында 10 семинар-кеңестер ұйымдастырды. Алматы облысының мемлекеттік архивінде сақтауда тұрған Жамбыл ауданының  36 қор, 8373 сақтау бірлігі  Ұзынағаш филиалына қабылдап - өткізу актісімен тапсырылды.

Архив қызметкерлері мекемелердің сараптау комиссияларының жиналыстарына қатысты.

Облыстық, аудандық және қалалық 157 мекемелерге хат және басқа да елтаңбалы бланк жобаларын әзірлеуде әдістемелік көмек көрсетті.

 Басқарманың сараптау тексеру және әдістемелік комиссияларының барлығы  5  отырыстарында басқармалық  құжаттар бойынша  162 тізімдеме, оның ішінде 90 тұрақты сақтау мерзімі бойынша  9335 іс,  жеке құрам бойынша 72 тізімдеме, 2620 iс, 77 жоюға жіберілген құжаттардың актісі 118157 құжаттар мен істер, 20 iстер номенклатуралары,  284  сараптау комиссияларының, ведомстволық архивтер туралы ережелері келісілді.

Архив қызметкерлері мекемелердегі ведомстволық архивке жауапты қызметкерлерге құжаттардың реттiлiгi, iстер номенклатурасының құрылымы, құжаттардың сақталу мерзiмi, құжаттарды қалыптастыру және көркемдеу, құжаттарды дұрыс сақтау жұмыстарына 970 кеңестер бердi.

 

3.  Ғылыми ақпараттық  және құжаттарды пайдаланудың Ақпаратты - iздену жүйесiн құру.

 

 «Архив анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті Алматы облысы әкімінің 2016 ж. 28 наурыз айында № 148 қаулысының негізінде Алматы облысының әділет департаментімен бекітіліп, облыстық және аудандық архивтерге қолданысқа жіберілді.

Аудандық әділет басқармасымен және  халыққа қызмет көрсету орталықтарымен бірлесіп  «Мұрағаттық анықтама беру» тақырыбында 3 дөңгелек үстел өткізді.

Талдықорған мемлекеттік мұрағаты құжаттары негізінде «Талдықорған мемлекеттік мұрағаты», «Жетісу тарихы» атты жинақтарға мәліметтер дайындау жалғасуда.

«Мұрағаттық қор» бағдарламасы бойынша жұмыс жалғасын табуда. «Мұрағаттық қор» бағдарламасына 1 жаңадан қабылданған қор бойынша деректер және тұрақты сақталатын құжаттардың 5 қорына өзгерістер енгізілді.

Алматы облысының мемлекеттік архивінде сақтауда тұрған құжаттардың негізінде 1932-2012 жж. аралығындағы «Алматы облысының хронографы» атты жинаққа 6765 істер қаралып құжаттар дайындалуда.

Облыстық мұрағаттың  және оның филиалдары Астана қаласындағы «Қазақстан мұрағаттары» журналына аудандық, облыстық БАҚ-на Назарбек Әмірғалиев – актер, әнші, композитор, тұнғыш Қазақ КСР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстан әртісі Дәмен Шаймерденова – актриса, биші, «Қазақ КСР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» туралы «Будущее нашей страны в руках наших детей» және «Мұрағаттық анықтамаларды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы, «Қарқара көтерлісіне 100 жыл», «1916 жылғы Ұлт-азаттық қозғалысына – 100 жыл», «Даңқты жауынгер», «Отан деп соққан жүрегі...», «Саяси қуғын сүргін құрбандары халық санасынан өшпейді», «Ратный труд школьников во время войны», «Мұрағат-тарихтың қайнар бұлағы» тақырыптарда барлығы 12 мақалалар дайындап жарияланды. Сонымен қатар 3 ынталы ақпар дайындалды.

Есептік кезеңде  архив мекемелерінің  оқу залдарында 30 зерттеуші, 2415 қормен жұмыс істеп, 2763 іс берілді.                   

№ 1278 «Талдықорған қалалық атқару комитеті» қорының 1977-1993жж. құжаттарының тізімдемесіне жеке үй құрылысына жер бөлу мен пәтер бөлу туралы шешімдері және қаулыларына тізбе құрастыру үшін 134 іс (15224 парақ) қаралып,  1467 тегіне (фамилияға) тізбе құрастырылу әлі жалғасуда.

№1126 «Жұмысшылар, шаруалар және қызыл әскер кеңес депутаттарының Жаркент уездік атқарушы комитеті» қорының (1917-1928 жж.) құжаттарына каталогтау жүргізілді (105 сақтау бірлігі іздеп табылды, 155 карточка құрастырылды).

Облыстық мұрағат пен оның филиалдарының мамандары «Қарқара көтерілісіне 100 жыл» тақырыбына, ҚР Мәдениет қайраткері, ардагер ұстаз, Алматы облысы Іле ауданының құрметті азаматы Төрткен Кененқызының  80 жасқа толуына орай «Асылдың сынығы» атты 2 көрме ұйымдастырылды және мектеп оқушыларына 3 экскурсия  ұйымдастырды.

Талдықорған мемлекеттік архиві 1941-1945 жж. Ұлы отан соғысы ардагерлерінің (1946-2012) 2 іс және І. Жансүгіров атындағы университетінің ғалым редакторлардың биографиялық (1973, 1977, 1988-1989, 1995, 1998, 2001, 2008жж.) 8 іс коллекциялары жасалды.

Архив мекемелері  тақырыптық 107 сұраныстардың  77 оңды, 30 теріс жауаппен орындады. 15322 әлеуметтік-құқықтық сұранымның 12180 оңды, 2849 теріс жауаппен орындап, 293 сұранысты басқа архивтер мен мекемелерге жолданды.     ҚР СІМ және Консулдық қызмет департаментінен келген 19 сұранымның 13 оңды,     6 теріс жауаппен орындалды.

Басқарманың сайтымен 16167 келушілер танысып, пайдаланды. Сайт  жаңалықтармен үнемі толықтырылып тұрады. Бүгінгі таңда сайттың  виртуалдық қабылдауына түскен  20 сұрақтарға толық жауап берілді. Сонымен қатар, басқарманың сайтына  «Басқарманың ағартушылық қызметі» атты жаңа бөлім ашылды.


Орналастырылған күні: 11.07.2016 17:20

Өзгертілген күні: 11.07.2016 17:31:46

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх