Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +12 oC
2016 жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

2016 жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат


Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңы мен Тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын орындауда 2016 жылдың   І жартыжылдығында жүйелі жұмыстар атқарды.

Тілдік жағдайды зерделеу үшін облыстық және жергілікті атқарушы органдардағы кіріс-шығыс құжаттарына тоқсан сайын мониторинг жасалып тұрады. Облыс бойынша мемлекеттік тілдің қолданылу көрсеткіші 99,3 пайызды құрады.

Облыста 10 мемлекеттік, 2 жекеменшік мемлекеттік тілді оқыту орталығы жұмыс істейді. 2016 жылдың жартыжылдығында мемлекеттік тілді оқыту курсына 626, ағылшын тілі курсына 62, орыс тілі курсына 44 тыңдаушы қабылданды.

«Қазтест» жүйесі негізінде 11 827 адам тестілеуден өтті.

Жыл басынан «Сәрсенбінің сәтінде...» әдеби кеш, тіл және өнер қайраткерлеріне арналған «Тағзым – 2» шарасы, «Алаш мұраты және Мұхамеджан Тынышпаев» атты  ғылыми конференция, «Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым» дөңгелек үстел, «Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары» байқауы, Алматы облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының Қарасай аудандық филиалының ашылу рәсімі ұйымдастырылды.

«Қазконтент» АҚ «Әдебиет порталы» интернет сайтында онлайн түрде өтетін М. Мақатаевқа арналған «Поэзия, менімен егіз бе едің?» республикалық жазба ақындар байқауының ережесі жарияланып, ұсыныстар түсуде.

Облыс аумағындағы көрнекі ақпараттардың жай-күйін қадағалау мақсатында 2016 жылдың ақпан-қараша айларында «Мемлекеттік тіл және жарнама» акциясы жарияланды. Акция барысында 574 рейдтік зерделеу жүргізіліп, 1076 нысан қамтылды, 376 кемшілік анықталып, оның  312-сі  түзетілді.

Облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес Жамбыл, Іле, Панфилов, Талғар аудандарында зерделеу жұмыстары жүргізілді.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы  Н. Нығматулиннің 2015 жылғы 30 қаңтардағы №284-2 тапсырмасына сәйкес  жарияланған мораторийге байланысты Республикалық ономастика комиссиясының оң қорытындысын алған 14 нысанның атауын өзгерту және облыстық ономастика комиссиясында қаралған 4 ұсыныс бойынша жұмыстар уақытша тоқтап тұр.

Облыс бойынша жарнама агенттіктері тарапынан түскен 623 жарнама мәтініне келісім берілді.

Өңірдегі мемлекеттік тілді халық арасында кең көлемде насихаттау шаралары бұқаралық ақпарат құралдары арқылы да жүргізіледі.

«Жетісу» телеарнасында «Тілсақшы» бағдарламасы үнемі ұйымдастырылып отырады.

Жыл басынан бері облыстық баспасөзде 25, аудандық, қалалық газеттерде 80 мақала жарияланды.


Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы тарапынан облыстағы тіл мәселесіне қатысты атқарылатын жұмыстар жүйелі түрде  жалғасатын болады.


Орналастырылған күні: 21.06.2016 18:04

Өзгертілген күні: 21.07.2016 16:52:40

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх