2017 жылдың 1-жартыжылдығында облыс әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерге шолу
2017 жылдың 1- жаржылдығында облыс әкімінің аппаратына 1823 өтініш келіп түсті, оның ішінде 1506-сы жеке тұлғалардан, 317-сі заңды тұлғалардан, соның ішінде - 180 ұжымдық.
Жалпы келіп түскен өтініштердің 314-і жоғары органдардан, оның ішінде:
ҚР Президенті Әкімшілігінен - 192;
ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесінен – 52:
ҚР Парламентінен – 44;
Министрліктерден – 26;
Өтініштерде көбінесе төмендегі мәселелер жиі көтерілді:
- тұрғын үй беру және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы – 508;
- әлеуметтік қамтамасыз ету – 202;
- жер пайдалану және жер учаскелерін бөлу – 192;
- ауыл шаруашылығы – 62;
- мәдениет – 56;
- кәсіпкерлік – 46.
Облыс басшылығы жеке мәселелері бойынша 330 адамды қабылдады, оның ішінде 119 мәселе оң шешімін тапты, 211-іне түсініктеме берілді.
Келіп түскен өтініштердің барлығы қаралды, әрқайсысына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес жауаптар мен түсініктемелер берілді.
Орналастырылған күні: 03.07.2017 12:45
Өзгертілген күні: 03.07.2017 12:46:35