Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған -9 oC
2017 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қорытынды есеп

2017 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қорытынды есеп

2017 жылы эпизоотияға қарсы іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруға 2 011 566,0 мың  теңге  қаржы бөлініп, жыл басынан 1 025 823,6 мың теңге қаржысы игерілген (51%).

Облыс аумағында ағымдағы жылы жануарлардың аса қауіпті жұқпалы ауруларының 39 ошағы тіркелді. Олардың 30-ы бруцеллез ауруынан, 5-і құтырық ауруынан, 3-і қарасан ауруынан және 1-і пастереллез ауруынан,. Тіркелінген ошақтарта тиісті ветеринариялық сауықтыру шаралары атқарылып, эпизоотиялық ахуал қалыптастырылуда.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы жоспарлы бруцеллез ауруына жүргізілген серологиялық зерттеулердің    нәтижесінде  1 115 бас  ірі  қара, 1 917 бас ұсақ малдың бруцеллез ауруына оң белгі бергені анықталып, ветеринариялық-санитариялық талаптарды сақтау ережелеріне сәйкес іс- шаралар  жүргізілуде.

Жергілікті атқарушы органдардың ветеринариялық мамандары, ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясының ветеринариялық-санитариялық инспекторларымен бірлесіп, мал базарларының тазалығы мен келген малдарды ветеринариялық бақылаудан өткізу, сонымен қатар ауыл шаруашылығы  малдары мен өнімдерінің қозғалысын  қадағалауға  алу жұмыстарын жүргізуде.

Ауыл шаруашылығы жануарларының бірдейлендіріліп, компьютерлік дерек қорға енгізілгені: 1 083 591 бас мүйізді ірі қара, орындалуы 91,4%;  4 049 941 бас ұсақ мүйізді мал, орындалуы 84,9%; 105 938 бас шошқа, орындалуы 101,6%;  302 521 бас жылқы, орындалуы 87,1%;  7 151 бас түйе, орындалуы 88,9% құрайды.

Облыс бойынша «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» бағдарламасы қондырылған 253 компьютердің интернет желісімен қосылуы толық қамтамасыз етілген.

Ауыл шаруашылығы министрі мен облыс әкімі арасындағы  келісімге сәйкес, облыс бойынша барлығы 141 мал сою орындары бар,  яғни 23 мал  сою  пункті,  118 мал сою алаңы. Оларда  жыл басынан барлығы 12 789 бас мүйізді  ірі  қара, 18 889  бас  ұсақ  мүйізді  мал, 2 023  бас  жылқы, 42 984 бас  шошқа  сойыстан  өткізілді.

Облыс бойынша ішкі сауда орындарында сатылуға түскен ауыл шаруашылық жануарларының ұшалары мен ауыл шаруашылық өнімдерінің саны бойынша 14 811 мүйізді ірі қара ұшасы,  26 607 ұсақ мүйізді мал ұшасы, 4 454  жылқы ұшасы, 3 666 шошқа ұшасы, 520 052 дана жұмыртқа және 168 725 кг балық ветеринариялық-санитариялық зертханаларда сараптамадан өткізілген.

Қажетті болып танылған 254 типтік үлгідегі мал  қорымдарынан  бары 148. Оның сыртында қарапайым  үлгіде 118 қорым бар. Сонымен қатар, 20 жылжымалы, 6 стационарлық биологиялық қалдықтар мен мал өлекселерін өртеу арқылы жоюға арналған инсинераторлармен қамтамасыз етіліп, қоланысқа пайдаланылуда.

Босқын жүрген ит, мысықтарды аулау және жою жұмыстарын жүргізу үшін  облыстық бюджеттен 68 400,0 мың теңге қаржы бөлініп,  40 416,8 мың  теңгеге 21 100 ит, 185 мысық ауланып, жойылды.


Орналастырылған күні: 20.07.2017 16:48

Өзгертілген күні: 20.07.2017 16:50:16

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Наверх