Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +33 oC
2017 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қорытынды есеп

2017 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қорытынды есеп

Алматы облысы бойынша Статистика департаментінің мәліметтері бойынша 14 пен 29 жас аралығындағы жастардың саны 432 483 адамды құрайды, оның ішінде –99 538-і қалалық жерлерде, 332 945-і  ауылда тұрады.

Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға бөлінетін қаражат көлемі ұлғаюда. Мысалы, жергілікті бюджеттен 2013 жылы – 209,3 млн. теңге,  2014 жылы – 313,6 млн. теңге, 2015 жылы- 462,5 млн. теңге, 2016 жылы – 435,2 млн.теңге, 2017 жылы – 542,1 млн.теңге.

Облыста 20 жастар ресурстық орталықтары қызмет атқарады, оның ішінде 1- облыстық және аудан, қала деңгейінде 19 «Жастардың ресурстық орталықтары» коммуналдық мемлекеттік мекемелері. Штат саны 110 адамды құрайды.

 Облыс бойынша ауылдық округте жастар саясаты бойынша 253 нұсқаушылар бірлігі бөлінді. Бүгінгі күні әрбір округте 1 нұсқаушыдан өз жұмыстарын атқаруда.

2016 жылғы 5 шілдеде Талдықорған қаласында Жастарға қызмет көрсету орталығының ғимараты ашылды. Қазіргі таңда күнделікті орталыққа шамамен 230-250 жас келеді.

Олар негізінен, жастарға қызмет көрсету бөліміне кеңес алу үшін күніне 7-8 адам, коворкингке-45-50, интернет-кітапханаға – 50-60 (түнгі 23.00-ге дейін), фото және дыбыс жазу, бейнеролик түсіру студиясына – 15-20, аула клубтарына – 50-60, көп функционалды залға – 20-30, анти-кафеге – 10-15 жас өз уақыттарын тиімді өткізеді.

Жалпы жыл басынан бері «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 315 адам, «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша – 85 адам, «Қолжетімді баспана 2020» бағдарламасы бойынша 70 адам, «Серпін 2050» әлеуметтік жобасы аясында 78 адам және «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша 113 адам, «Кәсіптік және техникалық білім беру» - 24 азаматқа кеңес беріліп, түсініктеме жұмыстары жүргізілді. Психологиялық кеңес алғандар - 98.

Жастарды қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру, насихаттау мақсатында облыстық жастар ресурстық орталығының қызметкерлерінен құрылған  ақпараттық-насихат топ мүшелері аудан, қалалық ауылдық округтерде жастармен кездесулер ұйымдастыруда. Ақпараттық-насихат тобының аудандар мен қалаларға шығу кестесі облыс әкімінің орынбасарымен бекітіліп, кестеге сәйкес өз жұмысын атқаратын болады. Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілерінде «Жетісу жастары» және «Жастарға қызмет көрсету орталығы» жеке парақшаларында мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру бойынша демотиваторлар, бейнероликтер, инфографикалар әзірленіп, тұрақты әрі белсенді жариялануда және онлайн-консультация жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.

«Жасыл ел» штабы 3 жыл қатарынан «Үздік штаб» және үздік ақпараттық жұмысы үшін «Үздік онлайн штаб» атанса, 2016 жылы «Үздік командир» және «Үздік жоба» номинацияларына ие болып отыр.

2016 жылғы жұмыс маусымы ашылғаннан бері (мамыр-266, маусым-445, шілде-578, тамыз-574, қыркүйек-207, қазан-194 жасақшы) жасылелдіктер қатарында 2264 жасақшы еңбек етті.

2017 жылы «Жасыл ел» бағдарламасын қаржыландыру көлемі облыстық бюджеттен 52 млн.669 мың теңгені құрады.

Облыста 67 жастар бірлестіктері тіркелген, оның ішінде аса белсенділері 21 ЖҮЕҰ. 2017 жылы 31 млн.теңгеге 7 жоба іске асырылды.

Сонымен қатар, облыс әкімінің 2017 жылғы 2 ақпандағы №8-ө н/қ өкіміне сәйкес Алматы облысының ауылдық жерлердегі жастардың бос уақытын ұйымдастыру және жұмыспен қамтамасыз ету бойынша жұмыс тобы (бұдан әрі – Жұмыс тобы) құрылды. Жұмыс тобының мақсаты – ауыл жастары арасындағы жұмыссыздық себептерін анықтау, зерделеу және жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалану нысандарының қолжетімділігін анықтау бойынша жүйелі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ, жастар арасындағы өзекті проблемаларды анықтап, шешу жолдарын қарастыру болып табылады.

Алматы облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының  «Вконтакте», «Instagram», «Facebook», «Youtube», «Twitter» желілеріндегі ресми парақшалары тіркелген. 

Бүгінде барлығы 396 269 жазылушы тіркелген. 365 аккаунт жұмыс істеуде. Көрсетілім саны – 1 781 086. Әлеуметтік желіде 31 қоғамдастық парақшалары  ашылып, оның 19-ы аудандық ресурстық орталықтарда тіркелген. Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының жаңадан іске қосылған Kazng.gov.kz  ресми сайтының кіру көрсеткіші – 15 754 құрайды.

Сонымен қатар, «Kz Prank» әлеуметтік эксперимент жобасының Youtube желісінде көру көрсеткіші 918 450-ді құрайды.

2017 жылы жастарды патриоттыққа тәрбиелеу, жастарды дамытуға және әлеуметтендіру мақсатында 88 мыңнан астам жастың қатысуымен 893 іс-шара өтті. Оның ішінде атаулылары:

2017 жылғы 24 мамырда Талдықорған қаласында облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласына орай республикалық жас ақындар айтысы өтті. Айтыс қонақтары әрі әділқазы алқасы ретінде Б. Имашев, А. Тұрсынбаева, С. Дүйсенғазы, С. Тоқтамысова, Ж. Бұлғақов келді.

Бас жүлдеге ие болған Батыс Қазақстан облысының ақыны                              М. Мирлановқа 500 мың теңгенің сертификаты ұсынылды. 1 орын Батыс Қазақстан облысынан келген Т. Мықи, 2 орынға жетісулық Ж. Садық пен жамбылдық Ә. Дүйсембаев ие болды.

Сондай-ақ, ағымдығы жылдың 29-31 мамыр аралығында жыл сайын мүмкіндігі шектеулі жастар арасында өткізілетін «Жырлаймыз жүрекпен» атты республикалық өнер ән байқауы өтті. Байқауға 14 облысынан 39 үміткер қатысты. Байқаудың қорытындысы бойынша 1 орынды Шығыс Қазақстан облысынан Е. Чикичева, 2 орынға ие болған Қарағанды облысынан М. Веретин мен Оңтүстік Қазақстан облысынан Н. Сычев, 3 орынды Алматы облысы Е. Балтықова иеленді.  

2017 жылғы 26 маусымда жыл сайын өткізілетін «Very Innovative People» атты облыстық инновациялық ой-пікірлер, жоба, технологиялар бойынша облыс әкімінің грантына байқау өткізілді. Жалпы сомасы 6 млн. теңгені құрайтын байқауға барлығы 28 жоба ұсынылды. Қазіргі таңда комиссия шешімі байқау шартына сәйкес жобаларды қарауда.

Ағымдағы жылғы 30 мамырда Талдықорған қаласында «ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі» аясында Вена балы форматында «Көктем балы» өтті. 4 ай бойы балетмейстердің жетекшілігімен би және этика негізіне дайындалған 40 жұптан тұратын дебютанттар балдың ашылу салтанатын полонез биімен бастады. Сондай-ақ, бал облыстық филармония оркестрінің басшылығымен классикалық опера орындалды.

 Бал дебютанттары танго, полька, кадриль билерін биледі. Шараның мақсаты - классикалық бал мәдениетін Қазақстан жастарына дәріптеу, Талдықорған қаласының шығармашылық білім беру мекемелерінің беделін көтеру, облыс көлеміндегі мәдени өмірдің және өнер мен өркениеттің дамуына белсене араласу, патриоттық сезімге, құқық бұзушылық, жат мінездердің алдын алу, жастардың шығармашылықтарына қолдау көрсету, қоғамдағы белсенділігін арттыру, бос уақыттарын тиімді пайдалануына ықпал ету болып табылады. Аталған шара биыл 4-ші мәрте өткізілді.  

Сонымен қатар, Талдықорған қаласындағы жастарға қызмет көрсету орталығы жанынан 2017 жылы жастардың денсаулық орталығын ашу туралы, сондай-ақ, облыстың 8 ауданында (Балқаш, Панфилов, Ақсу, Еңбекшіқазақ, Ұйғыр, Қапшағай, Сарқан, Алакөл) аула клубтарын ашу туралы шешім қабылданды. Аталған жобаларға қаржы қарастыру бойынша бюджеттік өтінім берілген болатын.


Орналастырылған күні: 18.07.2017 15:05

Өзгертілген күні: 18.07.2017 15:06:33

Саймасай ауылындағы А. Байтұрсынов мектебі туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424
Наверх