Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +15 oC
2017 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қорытынды есеп

2017 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қорытынды есеп


Есептік кезеңде Алматы облысында туризмді дамыту мастер-жоспарын және оны іске асыру жөніндегі 2014-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жалғастырылды.

Алматы облысының аумағында Алакөл мен Балқаш курорттық аймақтарын дамыту жоспары әзірленді және бекітілді. 2017 жылғы ақпан айында Астана қаласында Алакөл, Балқаш курорттық аймақтарын дамыту бойынша ұсыныстарды қарау және іріктеу үшін ведомствоаралық жұмыс тобының отырысында инженерлік-көліктік инфрақұрылымдардың құрылыстары, жағажайларды қоршау бөгендерінің жұмыстары, авиарейстерді субсидиялау бөлігінде республикалық бюджеттен қаржыландыруды талап ететін мәселелерді көрсете отырып, курорттық аймақтарды дамытудың әлеуетін таныстырды.

Ақши ауылынан Алакөл көлінің жағалауында орналасқан демалыс орындарына дейінгі жолды қайта жаңғырту бойынша жұмыстар жалғастырылуда. Автомобиль жолының жалпы ұзындығы 23,78 шақырымды, оның ішінде: сол жақ жағалауы бойынша – 15,53 шақырымды, оң жақ жағалауы бойынша – 8,25 шақырымды құрайды. Жобаны жүзеге асырудың құны - 3,036 млрд.теңге, 1516,0 млн.тенге игерілді. Жобаны аяқтау мерзімі - 2018 ж.

Алакөл көлінің жағалауында демалушылар ағымының жыл сайын артуына байланысты, ағымдағы жылы да «Жетіген-Достық-Жетіген» маусымдық теміржол қатынасы ұйымдастырылады, бұл мақсатта  85,0 млн.тг. бөлінді. Тасымалданатын жолаушылардың болжамды саны - 60 мың адам. Пойыздың қатынау кестесі
20 маусым мен 30 тамыз аралығын қамтиды.

Туристерді Алакөл көлінің жағалауына қолайлы жеткізу үшін Үшарал қаласындағы әуежайдың құрылысы жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарына облыстық бюджеттен 896,9 млн.теңге бөлініп, оның 348,7 млн.теңге сомасы 2016 жылы игерілді. Қазіргі уақытта, Үшарал қаласындағы әуевокзал ғимараты және қосалқы ғимарат нысандарының құрылысы 97 %-ға аяқталды, бұған қоса перрон құрылысының жұмыстары жүргізілуде.

«Астана-Үшарал-Астана» әуебағытын субсидиялау оң шешімін тапты, аптасына 3 рет «Жетісу» Авиакомпаниясы» АҚ-мен орындалады, қаржыландыру көзі  республикалық бюджет.

Алакөл ауданында 500 адамға арналған көп бейінді қонақ үй кешені салынуда, бастамашы - «Falcon Petroleum» ЖШС. Қазіргі таңда су және электржүйелері тартылды, 4 этажды ғимараттың құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Пайдалануға беру уақыты 2017 жылға жоспарланып отыр.

2017 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Алакөл көлінің жағалауында 12 туристік нысан пайдалануға берілді, жеке инвестиция тарапынына бөлінген қаражат сомасы 1250, млн. теңге. 111 жұмыс орны құрылды. 350 орынға арналған «Каримов» ЖК демалыс орны пайдалануға енгізілді.

2017 жылғы наурыз айында Алматы облысы әкімінің орынбасары Ж. Омардың қатысуымен Алакөл ауданының туристік әлеуетін дамыту мақсатында көшпелі брифинг өткізілді. Аталған шарада БАҚ өкілдері Алакөл көлінің жағалауында керекті туристік инфрақұрылымын жақсарту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы ақпараттандырылды.

Балқаш көлінің жағалауында туризмді дамыту үшін жалпы ұзындығы 141 шақырым «Алматы-Өскемен-Қызылқайың-Лепсі» автомобиль жолының реконструкциясын жүргізу бойынша 134,4 млн.теңге сомаға ЖСҚ әзірленді. Аталған автожолдың құрылысын 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджеттен қаржыландыруға енгізу үшін уәкілетті органға 758,5 млн.теңге сомаға бюджеттік өтінім жолданды.

Алматы облысы туризм басқармасының ұйымдастыруымен 2017 жылғы 12 мамырда Талғар ауданында «Ақ Бұлақ» спорттық-сауықтандыру кешенінде «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандырылған көрмесіне қатысу және жазғы туристік кезеңді ашу бойынша жиын өтті. Жиынға «Астана ЭКСПО» ҰК» АҚ өкілдері, қала және аудандар әкімдері, туризм саласына жетекшілік ететін қала және аудандардағы мамандар, МТҰП және тур.бизнес өкілдері, қоғамдық ұйымдар мен ассоциациялар, БАҚ өкілдері қатысты. Жиын барысында «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандырылған көрмесіне дайындық жұмыстары, Алматы облысының туритік кластерінің Тұжырымдамасын құру, туристік инфрақұрылым жағдайы бойынша сұрақтар қарастырылды. Жиын қатысушыларына «Ақ Бұлақ» кешені бойынша инфотур өткізілді.

«100 нақты қадам» Ұлттық жоспардың 57 қадамы аясында Талғар ауданында «Ақбұлақ» халықаралық туристік орталық құрылысы жобасы жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда «PEACOCK+LEWISARCHITECTS & PLANNERS INC» халықаралық компаниясымен әзірленген эскиз бойынша 1500 шаршы метрде Клабхауз жобалық жұмыстары бастау алды. Клабхауз құрылысы 2017 жалға жоспарланған, жобаның болжамды құны – 3 500 мың доллар.

QR-кодтау қолданумен облыс қала және аудандарында туристік навигация жүйесін енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Туристік өнімді жылжыту, ішкі және халықаралық нарықтарда туристік қызмет көрсету мақсатында, облыс бойынша жұмыс жүргізілуде. Облыс туристік логотипі мен брендбугі әзірленгенді, туристік ақпараттық интернет-порталы ашылды, Facebook және Instagram әлеуметтік желілерде ресми беттер ашылды. Сондай-ақ, BBC телерадио ұйымы Алматы облысының табиғаты мен көрікті жерлері туралы ролик түсірілді.

Сонымен қатар, Қазақстан мен ҚХР арасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылау үшін туризм басқармасы қазақстан-қытай бизнес-форумына қатысты.

Пекин қ. және Алматы облысының туризмді дамыту Комитетімен Форум барысында b2b форматында кездесу өткізілді. Кездесуде 2018 жылы ҚХР-да облыстың туристік потенциалын презентацияларын өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Бірлескен ынтымақтастық бойынша жұмыс Шэньчжень (ҚХР) қаласы ақпараттық тур шеңберінде жалғастырылды.

Алматы облысының туристік әлеуеті Петропаловск қаласында өңірлік туристік көрмеде, Алматы қаласындағы «КITF-2017» «Туризм және саяхат» қазақстандық халықаралық туристік көрмесінде ұсынылды.

Көрмелерде ұлттық «Шарын», «Алтын Емел», «Іле Алатауы», «Жоңғар Алатау», «Көлсай көлдері» табиғи парктері; «Маралсай» демалыс үйі, «Тамғалы» тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы және басқа да туристік қызмет субъектілері өздерінің туристік өнімдерін көрсетті.

«КITF-2017» «Туризм және саяхат» атты халықаралық туристік көрме аясында b2b форматында туризм саласы өкілдері үшін туристік саласында байланыс орнату және бизнесті дамыту воркшоп ұйымдастырылды.

Туристік объектілерді көру үшін сыйлық сертификаттардың ұтыс ойындары өткізілді. Облыстың көрнекті жерлеріне туристік компаниялар- көрмеге қатысушыларға ақпараттық тур ұйымдастырылған.

Ішкі және сыртқы туризмді дамыту мақсатында келесі ірі іс-шаралар өткізілді: Іле-Балқаш регатасы, Алматы облысы әкімінің Кубогына Қапшағай су қоймасында халықаралық желкенді қайық регатасы, «Крылья Алаколя» бедвочерлер фестивалі, спорттық туризм бойынша табиғи рельефте Алматы облысының чемпионаты, «Tengri Ultra» спорттық фестивалі.

«Ұлы Дала Елі» облыстық балалар туристік экспедициясы ұйымдастырылды. Сондай-ақ тау туризмі бойынша Қазақстан Республикасының Чемпионаты, тау туризмі ҚР Кубогының кезеңі, бойынша «Іле-2017» республикалық жарыстары өтті.

Текелі қаласында туристік көпсайыс (жасанды жер бедерінде тау туризмі) бойынша Алматы облысының ашық Чемпионатын өткізілді. Іс – шарада 10 мыңнан астам адам қатысты. Осы іс-шаралардың мақсаты су және желкенді туризм, туристік көпсайыс, белсенді демалыс, салауатты өмір салтын насихаттау және туристік мүмкіндіктері дәріптеу болып табылады.

Туристік кадрлардың біліктілігін арттыру үшін, оның ішінде ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің келушілеріне әзірленген маршруттарында жұмыс атқаратын гидтарды дайындау үшін туризм басқармасымен Орталық Азия Университетінің базасында білікті гидтерді дайындау бойынша курстар өткізілді.

Есепті кезеңде туризм және ақпараттық қызмет көрсету орталығымен туристік әр түрлі туризм түрлерін, соның ішінде балалар мен жасөспірімдер, спорттық, оқиғалы, мәдени-танымдық, экологиялық және т. б. туризм түрлерін насихаттау және одан әрі дамыту үшін іс-шаралар өткізілді.

Мәселен, Ескелді ауданында 28-Бүкіләлемдік Универсиаданы  қолдау мақсатында мемлекеттік қызметкерлерінің, бюджеттік ұйымдардың және жастар үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен жыл сайынғы қысқы фестивалі ұйымдастырылды. Фестивальде 15 команда және 100-ден астам адам қатысты.

Маусым айында өңірде, Коринск шатқалында аудандар мен қалалар туристік клубтарының қатысуымен аралас туристік көпсайыс бойынша іс-шара өтті.

Алматы М. Тынышпаев аттындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қолдауымен Талдықорған қаласының оқушылары арасында «Менің сүйікті Жетісуым» атты  өлкетану викторинасы ұйымдастырылып өткізілді. Қатысушылар саны – 76 оқушы.

Текелі қаласында 8-13 жастағы балалар мен жасөспірімдер арасында «Туристята» облыстық туристік жарыстары өтті. Жарыста облыс қала мен аудандарынан 15 команда қатысты.

Рухани туризмді дамыту мақсатында Қаратал ауданында орналысқан киелі жерлер бойынша "Қасиетті Қаратал-әулиелер мекені" атты экскурсия өткізілді. Экскурсия қатысушылары Ескелді би, Айту би, Балпық, қарымбай әулие әулие мен Жолбарыс әулие сияқты адамдардың өмір тарихымен танысқан студенттер болды.

Қапшағай қаласы әкімдігінің қолдауымен Тамғалы – Тас шатқалында «Біздің жерді құтқарайық» атты туристік – экологиялық акциясы ұйымдастырылды.

Акция қатысушылары үшін Таңбалы Тас шатқалында Будда мүсіндері бойынша экскурсия өтті.

Жастар саясаты басқармасымен, «Алтын Емел» МҰТП-мен бірлесе отырып "Саябақтар Шеруі" акциясы өткізілді. Іс-шараға жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Акция қорытындысы бойынша «Алтын Емел» МҰТП-ның ұйымдастыруымен парк туристік нысандарымен танысу сыйлық сертификаттары ойнатылды.

Белсенді туризм түрлерін дамыту мақсатында рафтинг бойынша Қазақстан Кубогының кезеңі өткізілді. Іс-шарада 60-тан астам команда қатысты.

EXPO және облыстың туристік логотипі бар кәдесый өнімдері жасалған (буклеттер, каталогтар, лифлеттер, қаламдар, магниттер, блокноттар, брелоктар, қолшатырлар және т. б.).

Сонымен қатар, балалар-жасөспірімдер туризмін дамыту, спорттық шеберлікті арттыру мақсатында, әртүрлі жас санаттарындағы Алматы облысы командалары туристік көпсайыс бойынша кезеңдерінде Қазақстан Республикасының Кубогі кезеңдеріне қатысты.

2017 жылғы 1 жартыжылдығында облыс аудандары мен қалаларында көрсетілген ақылы туристік-сауықтыру қызметтерінің көлемі 2695,1 млн.теңгені құрады, бұл 2016 жылғы сәйкес кезеңдегі көрсеткіштің 140,4 %-ын құрайды.

ІІІ тоқсанға арналған туризм басқармасының негізгі міндеттері:

- ішкі және кіру туризм түрлерін дамыту;

- перспективті демалыс аймақтарына туристік және көліктік инфрақұрылымды құру;

- туристік кластерлерді дамыту;

- Балхаш және Алакөл көлдерінде туристік аймақтарды құру;

- Панфилов және Ұйғыр аудандарындағы жылу сулардың негізінде жаңа орналастыру орындарын ашу және бар демалыс орындарын дамыту;

- туристік навигациясы жүйесін құру.

 



Орналастырылған күні: 18.07.2017 17:28

Өзгертілген күні: 18.07.2017 17:30:44

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх