Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +4 oC
2017 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қорытынды есеп

2017 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қорытынды есеп

Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының жұмыстары  2017 жылғы бірінші жартыжылдық жоспарына сәйкес атқарылды.

Мәдениет, мұрағат  мекемелерінің желісі – 561 нысанды құрайды.

Оның ішінде: 243 мәдениет үйлері мен клубтар, 268 кітапхана, 22 музей, 2 галерея, 19 архив, 5 облыстық мәдениет мекемелері және  2 видеомобиль. 

Мәдениет саласында қызметкерлер саны – 2945.

Мәдениет, архив мекемелеріне 2017 жылға 8088,4 мың теңге бөлінді.

Ағымдағы жылы мәдениет   нысандары   бойынша  күрделі жөндеу жұмыстары мен жобалық сметалық құжаттарына  жасату жұмыстарына барлығы 963,5 млн. теңге бөлінді.  Бірінші жартыжылдықта қаражат 99,9 пайызға игерілді.

Бүгінгі таңда «Черкасск қорғаны» музейінің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.  Сарқан ауданы аудандық мәдениет үйінің жұмыстары 38,5 % -ке, Бақалы ауылдық мәдениет үйі 27,0 % -ке,   Жамбыл ауданының Мыңбаев ауылдық мәдениет үйі 50,0 %-ке және Талдықорған мемлекеттік архивінің ғимаратының жөндеуден жұмыстары 35,0 % -ке жұмыстар жүргізілген.  Сондай-ақ,  6  мәдени нысанға  ЖСҚ  жасалуда. Олар: облыстық мемлекеттік архивінің Ұйғыр филиалы, Үшқоңыр, Мыңбаев, Бесағаш, Мұсабек ауылдық мәдениет үйлері және І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайының қасбеті. 

Мәдениет және өнер саласы қызметкерлерінің  кәсіби мерекесіне орай мәдениет қызметкерлері «Үздік» номинациясы бойынша  алғыс хаттармен, құрмет грамоталарымен, ақшалай сыйлықтармен және Қазақстан Республикасының «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталып,  жылдың «Үздік мәдениет мекемесі» номинациясы бойынша «Lada Granta»  автокөлігімен «Көркемсурет галереясы» марапатталды.

Барлық мәдениет мекемелерінде Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы насихатталды.

Елбасы Жолдауын насихаттау бағытында мәдениет үйлерінде есептік мерзімде 97 жиын өткізілді.

Елбасының «Болашаққа бағдар. Рухани жаңғыру» мақаласы аясында арнайы жоспар құрылып,  «Туған жер бағдарламасы» бойынша Қабанбай батырдың 325 жылдығына орай ғылыми конференция І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында,  Алкөл ауданы «Ой жайлау» атшабарында ат бәйге және республикалық ақындар айтысы, Қазақстанның халық әртісі Нұрғали Нүсіпжановтың 80 жылдығына орай «Өз елім» атты концерт берілді.  «Ауылым-алтын бесігім» ауылдық мәдениет үйлері арасында байқау өткізілуде.  

Еңбекшіқазақ ауданында демеушілер есебінен Ж.Жабаев ескерткіші Ж.Жабаев атындағы «Жастар» саябағында, Еңбек Ері С. Есбергенов ескерткіші Сөгеті ауылында және жергілікті бюджет есебінен ақын Т.Молдағалиевке еңселі ескерткіштер бой көтеруде.

Облыс аумағындағы барлық музейлер арасында жылжымалы «Туған өлке» атты көрмелер ұйымдастырылды.

«Жетісудың киелі жерлерінің географиясы» арнайы жобасын жүзеге асыру мақсатында  аудандарда қасиетті жерлердің тізімін қалыптастыруға ұсыныстар әзірлейтін арнайы 3 адамнан жұмыс топтары құрылып, аудан, қала бойынша қасиетті, киелі нысандардың (саны 52) тізімі, фотосуреттері, аңыз әңгімелері аудандардан жинақталып алынды.

Облыс аумағындағы тарих және мәдениет ескерткіштерін әр түрлі құрылыс жұмыстары (құрылыс салу, жол жасау, кабельдер жүргізу) кезінде бұзылудан сақтау мақсатында Алматы облысы аумағында орналасқан археологиялық ескерткіштердің орналасуы бойынша электронды карта дайындау жоспарланып, «Корпорация Литер» ЖШС-мен алғашқы жоба нұсқасы Қарасай ауданы бойынша жасалынды.

Сондай-ақ, демеушілер есебінен «Батыр бабалар» мемориалды кешенінің жұмыстары аяқталып, жергілікті бюджет есебінен ішкі әрлеуі және ашылу салтанатына дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Облыс аумағында 1327 үйірмелер жүмыс жасайды. Оның ішінде балалар  мен  жастардың  тәрбиесіне  ата-апаларымыздың  белсенділігін  арттыру мақсатында «Шежіре – өнер, тәлім отауы» 236 үйірмелері белсенді жүргізіліп келеді.  Оларға жалпы саны - 17772  өнерпаз қатысады. Облыс бойынша 88 «Халықтық» және «Үлгілі» атағы бар өнер ұжымдары жұмыс жасайды.

Облыс әкімінің тапсырмасымен  «Еңселі ауыл ертеңім»  жобасы әзірленіп, тиісті жұмыстар атқарылуда.

2017 жылдың бірінші жартыжылдықта облыс аумағында 22 181  шара ұйымдастырылып, оған 12 млн 715 мың  адам қамтылды.

Талдықорған қаласы І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Хантәңірінің мұзбалағы, ақиық ақын М.Мақатаевтың 86 жылдығына арналған ақынның өлеңдеріне жазылған әндерден дәстүрлі «Жырлайды жүрек» Х облыстық әншілер байқауы ұйымдастырылды.

Республикалық Қазақстан телеарнасының ұйымдастыруымен «Мен Қазақпын» тележобасының іріктеу туры өтіп, үш номинация бойынша жеңімпаздар анықталды. Тамыз-қазан айларында Астана қаласында өнер көрсететін болады.

Облыстық концерттік бірлестіктері  бірінші жарты жылдықта 135 концерт ұйымдастырды. Жыл басынан бері 28 177  көрерменге мәдени қызмет көрсетті. «Алатау әуендері» МКҚК  «Құлансаз» ансамблі Еңбекшіқазақ, Талғар, Алакөл, Іле, Жамбыл аудандарында гастрольдік сапарлармен барып қайтты.

Есептік мерзімде облыс өнерпаздары 7 халықаралық және республикалық байқауларға қатысып, 17 жүлделі орындарға ие болды.

          Сүйінбай атындағы облыстық филармониясының «Қобыз сарыны» квартеті, «Алтынай» МХБА бишілері және жеке дауыстағы әншілері  Алашорданың 100 жылдығына орайластырылған концерттік бағдарламамен Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облыстарында өнер көрсетіп, жұрт ықыласына бөленді.

Ш.Қалдаяқов атындағы халықаралық байқауға Сүйінбай атындағы облыстық филармония әншісі Тілек Нағымбетов қатысып, жүлделі 1-ші орын иеленді.

«Ақ көгершін» Халықаралық балалар шығармашылығы байқауына облыс  атынан қатысқан үміткерлер би, «Эстрадалық ән», «Дәстүрлі ән» номинациясы бойынша жүлделі орындарды иеленді.   

«Алтынай» МХБА бишілері «Шашу» ІІ Халықаралық  өнер фестиваліне қатысып, Астана қаласы әкімінің дипломымен марапатталып қайтты.

Есепті мерзімде облыстық мәдениет мекемелерінде 37 млн. 635 теңгеге ақылы қызмет көрсетілді.

Есептік мерзім ішінде музейлерде 327 мәдени шара ұйымдастырылып,  музей залдары бойынша 1345 экскурсия жүргізіліп, 171 көрме, 151 лекция ұйымдастырылды. Музейлерге келуші адамдардың саны-26538. Экспонаттар саны-60428. Халықаралық музейлер күніне орай «Музей түні» ақциясы өтіп,  айтулы күндері дөңгелек үстелдер мен кездесулер ұйымдастырылды.

Көркемөнер галереясында 2017 жылдың І-жартыжылдығында  13 көрме, 42 экскурсия, 17 лекция  ұйымдастырылып, жалпы саны 5262 көрермен тамашалады. Галереяның негізгі қорында 279 экспонат сақтаулы.

2017 жылдың бірінші жартыжылдығында театр сахнасында 56 рет спектакльдер қойылып, 20 елді-мекенге гастрольдік сапарлар ұйымдастырылды. У.Шекспирдің «Ромео мен Джульетта» атты трагедиясының, А.Ихсанның «Хақ жолы» әлеуметтік драмасының тұсаукесері өттіп, аудан, қала сахналарына қойылды.  Оған 9 млн. 500 мың  көрермен қамтылды. Ақылы қызметтен 4 млн. 414 мың теңге қаржы түсті.

Халықаралық театр күніне орай облыс әкімінің қатысуымен салтанатты кеш ұйымдастырылды.

Облыс кітапханаларына бірінші жартыжылдықта  35241 дана кітап келіп түсіп, жалпы кітап қоры  5 млн. 154 мың дананы құрады. Оқырман саны 202126 адам, келушілер саны 1768929 адамды құрап отыр. Облыстық кітапханаларда жартыжылдықта 5149 мәдени шара ұйымдастырылып,  мемлекеттік мерекелер мен атаулы кундерге мәдени шаралар өткізіліп, жергілікті 39 автордың кітаптары шығарылып, тұсаукесері өтті. Жергілікті ақын-жазушыларды ынталандыру мақсатында  63,8 млн.теңге қаржы бөлініп, әр тоқсан сайын 35 мың теңге стипендия берілуде.

Архив мекемелерінде жалпы 5313 қор, 1 445 728  сақтау бірліктері сақталуда.

Архив мекемелерінде 121 тақырыптық  сұраныстар, 17016 әлеуметтік-құқықтық сұраным орындалды.

Мемлекеттік  және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін  жұмыс бабында пайдалану бойынша 958 кеңестер берілді.

Басқармалық   құжаттар бойынша  басқарманың сараптау тексеру және әдістемелік комиссияларының 12 отырысы және 12 семинар-кеңестер өткізілді.  

Есептік мерзімде облыс архивімен оның филиалдарында 5 кешенді тексеру жұмыстары жүргізілді.

Басқарманың және облыстық архивтің ведомстволық бөлімінің мамандары 78 дөңгелек  үстел мен 16 көрме ұйымдастырды.

Ағымдағы жылы архив қызметкерлері арасында мемлекеттік құжаттаманы талапқа сай жүргізіп, азаматтарға жоғары деңгейде мемлекеттік қызмет қөрсету бойынша «Үздік іс жүргізуші» байқауы ұйымдастырылуда.   

Архив құжаттары бойынша БАҚ беттерінде 51  мақала жарияланды.              

Облыстардың өзара ынтымақтастықтығын дамыту мақсатында облысымыздың мәдениет, архив қызметкерлері мен өнер ұжымдары Шығыс Қазақстан облысымен тәжірибе алмасты.

 


Орналастырылған күні: 20.07.2017 17:16

Өзгертілген күні: 20.07.2017 17:18:22

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх