Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +15 oC
2017 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қорытынды есеп

2017 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қорытынды есеп

2017 жылы құрылыс саласына бөлінген бюджет көлемі 59 млрд. 799,571 млн. теңгені құрайды. Оның ішінде:

- республикалық бюджеттен – 5,561 млрд. теңге;
- жергілікті бюджеттен – 25,713 млрд. теңге;
- Ұлттық қордан – 28,525 млрд. теңге.

Бөлінген қаражат есебінен 366 нысанның құрылысы жоспарлануда, оның ішінде: пайдалануға берілетіні 300 нысан, 66 нысан 2018 жылға өтпелі:
- республикалық бюджеттен – 5 нысан (2 мектеп, 3 инженерлік желілер);
 - жергілікті бюджеттен – 302 нысан (15 білім беру, 22 денсаулық сақтау, 132 тұрғын үй, 18 инженерлік желілер, 1 мәдениет, 10 коммуналдық шаруашылық, 66 ішкі істер органдары, 7 спорт, 31 ауыл шаруашылық нысаны);
- Ұлттық қордан – 59 нысан (31 білім беру, 12 тұрғын үй, 16 инженерлік желілер).
І-ші жарты жылдыққа бөлінген 23 млрд. 551 млн. теңгеден 23 млрд. 341 млн. теңге немесе 99,1% игерілді.
III тоқсанға 13 млрд. 988 млн.теңге игеру жоспарланған.

Білім беру нысандарын салу және қайта жаңғырту 

2017 жылы 48 білім беру нысандарының құрылысы мен қайта қалпына келтіруге (44-мектеп, 1-бала-бақша, 1-қала сыртындағы лагер, 1-музыкалық мектеп және мектеп-интернатқа монша) (2 - РБ, 31 - ҰҚ, 15 - ЖБ) Ұлттық қор, республикалық және жергілікті бюджет есебінен 26 млрд. 510 млн. теңге бөлінді, оның ішінде:
-       республикалық бюджеттен - 2 млрд. 343,8  млн.теңге;
-       Ұлттық қордан - 16 млрд. 846,7 млн. теңге;
-       жергілікті бюджеттен - 7 млрд. 319,6 млн. теңге.
          Пайдалануға берілетін 38 нысан (35 - мектеп, 1 - бала-бақша, 1 - қала сыртындағы лагер пайдалануға берілді және 1 - мектеп-интернатқа монша), (31-ҰҚ, 8-ЖБ) 1 пайдалануға берілді, ауыспалы 10 нысан (9 - мектеп және 1 - музыкалық мектеп) (2 - РБ, 8 - ЖБ).
І-ші жарты жылдыққа бөлінген 12 млрд. 281,5 млн.теңге (РБ – 216,3 млн.теңге, ҰҚ – 10 млрд. 502,7 млн.теңге, ЖБ – 1 млрд. 562,5 млн.теңге)   100% игерілді.
III тоқсанға 6 млрд. 470,7 млн.теңге (ҰҚ – 4 млрд. 724,8 млн.теңге, РБ – 847,6 млн.теңге, ЖБ – 898,3 млн.теңге) игеру жоспарланған.
30 мектеп (ҰҚ – 29 мектеп, ЖБ – 1 мектеп) пайдалануға берілуі жоспарланған.

 
Денсаулық сақтау нысандарын салу және қайта жаңғырту

2017 жылы 22 денсаулық сақтау нысандарының (8-ФАП, 10-ДА, 1-орталық аудандық ауруханасының патологиялық-анатомиялық бөлім, 1-наркологиялық диспансер 85 төсектік, 1-неонатальдық хирургия жапсаржайы 60 төсектік,  1-ас әзірлеу блогын, зарарсыздандыру камерасын және кір жуу орны) құрылысына  жергілікті бюджеттен 3 млрд. 248 млн. теңге бөлінді.

Пайдалануға берілетін 17 нысан (8-ФАП, 7-ДА, 1-орталық аудандық ауруханасының патологиялық-анатомиялық бөлім, 1-ас әзірлеу блогын, зарарсыздандыру камерасын және кір жуу орны) 11 нысан пайдалануға берілді (7-ФАП, 4-ДА).
І-ші жарты жылдыққа бөлінген 1 млрд. 536 млн.теңге қаражат толығымен игерілді. 
III тоқсанға 106,1 млн.теңге игеру жоспарланған. 2 нысанның құрылысы жоспарланған:
- Алматы облысы Қарасай ауданының ТК «Асыл Арман» бөлімшесін дәрігерлік амбулаторияға қайта жаңарту;
- Талдықорған қаласындағы 75 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория салу (ҰҚК).

 

Тұрғын үй құрылысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен (2016ж. 31 желтоқсандағы №922)  бекітілген «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру басталды, 2017 жылы несиелік, жалгерлік тұрғын үйлер салу және жеке тұрғын үй салу бойынша пилоттық жобаны іске асыру жоспарланған.
Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрлігінің Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің алдын ала жоспары бойынша ағымдағы жылы барлық қаржыландыру көздері арқылы 611,5 мың шаршы метр, оның ішінде бюджеттік қаражат есебінен 103,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беру қаралған.

2017 жылы жалпы ауданы 111,2 мың шаршы метр 144 тұрғын үй салуға (тұрғын ауданы 84,2 мың шаршы метр 1600 пәтер) 5 млрд. 609 млн. теңге бюджеттік қаражат бөлінді, оның ішінде:
- Ұлттық қордан (құнды қағаздар шығару арқылы несиелік үйлерге)– 1 млрд. 980 млн.теңге;
- Ұлттық қордан (сатып алу мүмкіндігінсіз жалгерлік үйлерге )– 1 млрд. 653 млн.теңге;
- облыстық бюджеттен - 1 млрд. 976 млн.теңге.
2017 жылы пайдалануға берілетіні жалпы ауданы 103,6 мың шаршы метр 103 тұрғын үй (тұрғын ауданы 78,1 мың шаршы метр 1496 пәтер) (Ұлттық қордан – 11, жергілікті бюджеттен – 92 үй),
2018 жылға өтпелі жалпы ауданы 7,6 мың шаршы метр 41 тұрғын үй  (тұрғын ауданы 6,1 мың шаршы метр 104 пәтер) (Ұлттық қордан – 1, жергілікті бюджеттен – 40 үй).

2017 жылдың 1-жарты жылдығында жедел мәліметтер бойынша 171,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде:
- бюджеттік қаражат есебінен жалпы ауданы 24,1 мың шаршы метр 5 үй пайдалануға берілді (тұрғын ауданы 18,6 мың шаршы метр 384 пәтер), оның ішінде 20,1 мың шаршы метр  4 коммуналдық үй (тұрғын ауданы 15,0 мың шаршы метр 320 пәтер) (Райымбек ауданы Кеген ауылындағы 32 пәтерлі үй, Талдықорған қаласының Оңтүстік-батыс ауданындағы 168 пәтерлі үй (43 таңба) және 4,0 мың шаршы метр 1 жалгерлік тұрғын үй (Талғар ауданы Талғар қаласындағы 64 пәтерлі үй).
- тұрғындар және мемлекеттік емес кәсіпорындар есебінен жоспарланған 487,2 мың шаршы метр тұрғын үйдің 146,9 мың шаршы метрі пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, Талдықорған қаласында Тұрғын үй жинақ банкі арқылы жүзеге асырылатын аз қабатты жеке үйлерді салудың  пилоттық жобаларын жүзеге асыру басталды (1 шаршы метрінің құны 120 мың теңгеден аспайтын бірыңғай сәулет нұсқасындағы 4 типті: 1-тип – 80, 2-тип – 100, 3-тип – 120 шаршы метр, 4-тип – 2-қабатты танхаус – 112,6 шаршы метр). Осы мақсатта аталған жобаның құрылыс жұмыстарын бастауға жергілікті бюджеттен 300,0 млн. теңге қаржы қарастырылған. Қазіргі кезде жобалар жекеменшік сараптамада қаралуда. Сараптама қорытындысын алу 28.08.2017 жылға белгіленген 

Сонымен қатар «Бәйтерек девелопмент» АҚ арқылы «Қазақстан ипотекалық қомпаниясы» АҚ желісімен «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында Талдықорған қаласының  Оңтүстік-батыс ауданында бөлінген 1,3 га жер телімінде 290 пәтер болатын, жалпы ауданы 25,5 мың шаршы метр (тұрғын ауданы 18,1 мың ш.м.) 5 үйдің (оның ішінде: 55 пәтерлі екі үй (7 шағын аудан 14 таңба, 6 шағын аудан 32 таңба) және 60 пәтерлі үш үй (6 шағын аудан 6,16,45 таңбалар) құрылысы 2015 жылы басталған.   

2017 жылдың III-тоқсанында бюджеттік қаражат есебінен 357 пәтер болатын 24 үй салып пайдалануға беру жоспарланған, пәтерлердің жалпы ауданы 19,027 мың шаршы метрді құрайды, оның ішінде:
- Ұлттық қордың есебінен жалпы ауданы 13,349 мың шаршы метр несиелік 3 үй;
- ЖАО-да кезекте тұрғандар үшін жалпы ауданы 1,4 мың шаршы метр бір 20 жалгерлік үй;
- жергілікті бюджеттен жалпы ауданы 4,277 мың шаршы метр 55 пәтерлі болатын коммуналдық үй.
І-ші жарты жылдыққа бөлінген 2 млрд. 187,2 млн.теңгеден (ҰҚ – 1 млрд. 434 млн.теңге, ЖБ – 753,2 млн.теңге) 2 млрд. 183,9 млн.теңге немесе  99,8% игерілді.
Қаржыландыру жоспары бойынша 2017 жылдың IIІ-тоқсанына 1 млрд. 748 млн.теңге қарастырылған, оның ішінде:
- Ұлттық қордан несиелік үйлерге (ішкі займ есебінен) 501,422 млн.теңге;
- кезекте тұрғандар үшін жалгерлік үйлерге республикалық бюджеттен 691,84 млн.теңге, жергілікті бюджеттен 400,180 млн. теңге;
- жергілікті бюджеттен коммуналдық үйлерге 154,656 млн.теңге.


Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу 

37 инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым нысандарының құрылысына 13 млрд. 803,9 млн. теңге қаржы бөлінді, соның ішінде:
- Ұлттық қордан – 8 млрд. 044,9 млн.теңге (16 нысан);
- Республикалық бюджеттен – 3 млрд. 217,4 млн.теңге (3 нысан);
- Жергілікті бюджеттен – 2 млрд. 541,6 млн.теңге (18 нысан).
37 нысанның 26 нысаны 2016 жылдан ауыспалы, 11 нысан жаңа.

Бөлінген қаржы есебінен 496,1 км инженерлік желілер жүргізу көзделді. Соның ішінде: электр желісімен қамту – 105,4 км, сумен қамту – 116,3 км, кәріз жүйесі – 30,7 км, газбен қамту – 3,2 км, жол желісі – 124,9 км, жылумен қамту – 4,7 км, телефон желісімен жабдықтау – 31,2 км, арық жүйесі – 79,6 км.
І-ші жарты жылдыққа бөлінген 6 млрд. 085,7 млн.теңгеден 5 млрд. 894,6 млн.теңге немесе  96,9% игерілді.
III тоқсанға 3 млрд. 949 млн.теңге игеру жоспарланған.
11 нысанды қолданысқа беру көзделген.

Мәдениет нысандарын дамыту

2017 жылы Талдықорған қаласында драма театрын салу (сыртқы инженерлік желілерісіз) нысанына жергілікті бюджеттен       2,6 млрд.теңге бөлінді, құрылыстың жалпы құны 3,7 млрд.теңге құрайды.
Мердігер ұйымы «Өнеркәсіп Құрылыс» ЖШС, келісім-шарт жасалып, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.
Нысанды пайдалануға беру мерзімі 2018 жылдың 30 мауысымына жоспарланған.
І-ші жарты жылдыққа бөлінген 517,1 млн.теңгенің  100% игерілді.
III тоқсанға 300,0 млн.теңге игеру жоспарланған.
Коммуналдық шаруашылық нысандарын дамыту
10 коммуналдық шаруашылық нысандарының құрылысына жергілікті бюджеттен 1 млрд. 412 млн.тенге бөлінді.
10 нысанның 9-ы ағымдағы жылы қолданысқа беру көзделген, 1 нысан 2018 жылға ауыспалы.
І-ші жарты жылдыққа бөлінген 178,8 млн.тенге толығымен игерілді.
III тоқсанға 310,6 млн.теңге игеру жоспарланған.
2 нысан қолданысқа беру көзделген (Еңбекшіқазақ ауданының Қазақстан ауылындағы әкімшілік ғимараты, "Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Өтенай ауылы, Тұнғатов көшесі 14 мекенжайындағы әкімшілік ғимаратқа жапсаржай салу").


Ішкі істер органдары нысандарын дамыту 

66 ішкі істер органдарының құрылысына жергілікті бюджеттен  2 млрд. 262,7 млн.тенге қаржы бөлінді.
І-ші жарты жылдыққа бөлінген 118,9 млн.теңгеден 115,2 млн.теңге немесе  97% игерілді.
III тоқсанға 289,0 млн.теңге игеру жоспарланған. 11 нысан қолданысқа беру көзделген

Спорт нысандарын дамыту 

 7 спорт нысандарының құрылысына жергілікті бюджеттен 1 млрд 830,3 млн.тенге бөлінді.
І-ші жарты жылдыққа бөлінген 208,9 млн.тенге толығымен игерілді.
III тоқсанға 518,0 млн.теңге игеру жоспарланған. 


Ауыл шаруашылық нысандарын дамыту 

Ауыл шыруашылық нысандарының құрылысына жергілікті бюджеттен 631,3  млн.тенге бөлінді.
І-ші жарты жылдыққа бөлінген 5,0 млн.тенге толығымен игерілді.
III тоқсанға 168,9 млн.теңге игеру жоспарланған.


Орналастырылған күні: 21.07.2017 10:43

Өзгертілген күні: 21.07.2017 10:54:36

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх