Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +2 oC
2017 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қорытынды есеп

2017 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қорытынды есеп

Алматы облысы бойынша 2017ж. 6 айында өткен жылдың тақылеттес кезеңімен салыстырғанда эпидемиологиялық жағдай вирустық «А» гепатитінің, эпидпаротит жұқпаларының жоғарылауымен, ал жіті ішек, сальмонеллез, менингококк, вирусты кене энцефалиті, эхинококкоз жұқпаларының төмендеуімен сипатталады. Көкжөтел, қызылша, қызамық жұқпалары тіркелген жоқ.

Вирустық гепатит «А» жұқпасының – 54 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 24 (44,4%), 100 мың тұрғынға шаққандағы сырқаттанушылық көрсеткіші 2,7 – 4,1 құрады. Сонымен қатар, өткен жылмен салыстырғанда сырқаттанушылық 27,8% жоғарылаған. Вирустық «А» гепатитіне қарсы барлығы 2 жасқа толған балалардың 15830 жоспарлы, 940 адам эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша иммундаумен қамтылды. Жұқпа ошақтарында қарым-қатынаста болған 892 адам анықталып, медициналық бақылауға алынған, оның ішінде биохимиялық әдіспен аминотрансфераза ферменттерінің белсенділігіне 172 адам тексерілген (19,3%).

Вирустық «В» гепатитінің – 1 жағдайы тіркелді, 100 мың тұрғынға шаққандағы сырқаттанушылық көрсеткіші 0,05 құрады. Сонымен қатар, өткен жылмен салыстырғанда сырқаттанушылық бір деңгейде. .

Вирустық «С» гепатитінің – 14 жасқа дейінгі балалар арасында 1 жағдайы тіркелді, 100 мың тұрғынға шаққандағы сырқаттанушылық көрсеткіші 0,05 – 0,17 құрады. Сонымен қатар, өткен жылмен салыстырғанда сырқаттанушылық 1 жағдайға жоғарылаған.

Созылмалы парентеральды гепатиттердің 317 жағдайы тіркелді, 14 жасқа дейінгі балалар арасында 8 (2,5%) жағдайы тіркелді. 100 мың халыққа шаққандағы сырқаттанушылық көрсеткіші 15,8 – 1,3 құрады. Оның ішінде созылмалы вирустық «В» гепатитінен - 160, созылмалы вирустық «С» гепатитінен – 157 жағдайы тіркелді.

Жіті ішек жұқпасының 302 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 197 (65%), 100 мың адамға шаққандағы көрсеткіш 15,0 және 33,6 құрайды. 2016 жылдың тақылеттес уақытымен салыстырғанда сырқаттанушылық 20 жағдайға төмендеген. Жұқпаның таралу жолы 90% анықталды, тағам арқылы – 96,7%, қарым – қатынас арқылы – 3,3%.       

Сальмонеллез жұқпасының 7 жағдайы тіркелді, 100 мың адамға шаққандағы көрсеткіш 0,3. 2016 жылдың тақылеттес уақытымен салыстырғанда сырқаттанушылық 1 жағдайға төмендеген.

Менигококты жұқпаның 3 жағдайы 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелді, 100 мың халық санына шаққандағы көрсеткіштері 0,15 – 0,51 құрады. Былтырғы жылмен салыстырғанда сырқаттанушылық 2 жағдайға төмендеген.

Эпидемиялық паротиттің 8 жағдайы, 14 жасқа дейінгі балалар арасында 4  жағдайы тіркелді, 100 мың халық санына шаққандағы көрсеткіштері 0,4 – 0,6  құрады. Былтырғы жылмен салыстырғанда сырқаттанушылық 6 жағдайға жоғарылаған.

Эхинококкоз жұқпасының 86 жағдайы тіркелді, 14 жасқа дейінгі балалар арасында 25 (29%) жағдайы тіркелді. 100 мың халыққа шаққандағы сырқаттанушылық көрсеткіші 4,2 – 4,2 құрады, өткен жылмен салыстырғанда сырқаттанушылық 1 жағдайға төмендеген.

Вирусты кене энцефалитінің 4 жағдайы тіркелді, 14 жасқа дейінгі балалар арасында 1 (25%) жағдайы тіркелді. 100 мың халыққа шаққандағы сырқаттанушылық көрсеткіші 0,2 – 0,1 құрады, өткен жылмен салыстырғанда сырқаттанушылық 7 жағдайға төмендеген.

Облыс бойынша бруцеллез сырқаттанушылығы 2016 жылдың осы уақытымен салыстырғанда 2017 жылдың 6 айында 24,8% жоғарылаған (77 жағдайдан 96 жағдайға дейін). Бруцеллезбен науқастанғандардың 82,3% ауыл тұрғындары қамтып, сырқаттанушылық облыстың 61 елді – мекенінде тіркелді.

Алматы облысында 2017 жылдың 6 айында адамдар арасында құтырма ауруы тіркелген жоқ. Сонымен бірге облыстың 4 ауданында (Ақсу, Қаратал, Кербұлақ, Райымбек) ауылшаруашылық малдары арасында құтырма ауруына күдікті 7 жағдай тіркелді,  5 жағдайда құтырма ауруының диагнозы зертханалық жолмен расталды. Ошақтардың барлығы ветеринарлық қызметпен бірлесіп тексеріліп, тиісті шаралар атқарылды, қарым – қатынаста болған 54 адам есепке алынып, олардың антирабиялық екпелерінің күнбе – күн алынуына тізім бойынша бақылау жүргізілуде.

Облыс аумағында оба, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы тіркелген жоқ.  Департаменттің  зоологиялық-паразитологиялық тобымен көктемде-күзде іссапарлар ұйымдастырылып, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына, туляремия және басқа карантиндік инфекциялардың эпидемиологиялық жағдайының қолайсыздығына байланысты аудан аймақтарындағы табиғи ошақтарының белсенділігіне геоақпараттық жүйе бойынша мониторинг жүргізіледі. Көктем,  күз айларында тексеру барысында сыртқы ортадан алынған оң нәтижелі  сынамалар электрондық картаға енгізіліп тұрады.

Алматы облысында 2017 жылдың 6 айында адам иммунтапшылық вирусы жұқпасымен (АИТВ) 159 жағдай тіркелді, 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш 7,9 құрады. 15-49 жас топтары арасында АИТВ жұқпасының таралу көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 0,012 құрады.

Аса қауіпті инфекциялардың алдын алу мақсатында бруцеллез, сібір жарасы, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы мен құтырма аурулары бойынша бейнероликтер түсіріліп, облыстық «Жетісу» телеарнасы арқылы көрсетілуде. Сондай-ақ, құтырма, бруцеллез және сібір жарасы жұқпаларының алдын алу және сақтық ережелерін насихаттау мақсатында департаментпен күнтізбелер жасалып, халыққа таратылуда.

Есепті жылы облыс аумағындағы тағам объектілерінің жұмысымен байланыстырылған топтық аурушаңдық тіркелген жоқ

2017 жылдың бірінші жартыжылдығында  2016 жылдың бірінші жартыжылдығымен  салыстырғанда эндемиялық зобпен аурушаңдық саны 6029-ден 5936 азайды. Аурушаңдық барлық жас топтары арасында азайды.  Облыс аумағында йодпен байытылған сүт өнімдерін өндіру жалғасуда (сүт зауыттары ААҚ АӨК «Адал» Еңбекшіқазақ ауданы (сұраныспен), «Үштөбе Айдын» ЖШС Қаратал ауданы,  «Ляззат-2006» сүт цехы мен  ЖК Л. Жолтабарованың наубайханасы Талдықорған қ.).

Алматы облысы   қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің  бақылауында барлығы 2035 білім беру ұйымдары бар.  Ыстық тамақтану  538 (72,9%)  мектепте ұйымдастырылған, 98 (13,2%) - буфеттік. Барлық 538 (100%)  асханалар жекеменшік кәсіпкерлерімен жалға алынып жұмыс істеуде.  Мектептер медициналық кабинеттермен 99%, медициналық кадрлармен 100% қамтамасыз етілген.

Қазіргі уақытта 741 елді-мекендердің 622-і (83,9%) орталықтандырылған,  106-і (14,3%)  орталықтандырылмаған, 9 (1,21 %) елді  мекен тасымалды сумен қамтылады, оның 6 Сарқан ауданындағы разъездер:  Керегетас, Сарықұлақ, Арғанаты, Ақбалық, Қаратас, Көкшалғын, Жамбыл ауданындағы Ащысу және Бозой ауылы, Іле ауданындағы Күрті ауылы және 4 – і өзен суын қолданады. Микробиологиялық көрсеткіш талаптарына сәйкес ауыз суының меншікті салмағы 2017 жылдың 1 жартыжылдық қорытындысы бойынша төменгі деңгейлік қалпында болып 3,6% құрады. 

Радиациялық ахуал бірқалыпты, радиациялық фон  0,11-0,18 мкЗв/сағ. құрады.

Облыс бойынша 178 рентген кабинеттері  жұмыс жасайды.  2017 жылдың 1 жартыжылдығына 11-не, дозиметриялық өлшемдерді қолдана отырып, санитариялық-гигиеналық тексерулер жүргізілді.

 

 


Орналастырылған күні: 21.07.2017 11:19

Өзгертілген күні: 21.07.2017 11:21:23

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Наверх