Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +12 oC
2017 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қорытынды есеп

2017 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қорытынды есеп

Алматы облысындағы қоғамдық-саяси ахуал туралы   

 
Облыс бойынша 103 ұлт өкілдері, 71 ұлттық – мәдени орталықтар,  354 үкіметтік емес ұйымдар, 12 салалық кәсіподақ бірлестіктері, 104 бұқаралық ақпарат құралдары, 67 жастар бірлестігі және саяси партиялардың 6 облыстық филиалдары жұмыс атқарады. Саяси партиялардың арасында  «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы белсенділігін көрсетуде.   

Облыстың жергілікті атқарушы органдары тарапынан өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын сақтау  мен әлеуметтік шиеленіс ошақтарын болдырмаудың алдын-алу мақсатында нақты жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.
Аудандық, қалалық әкімшіліктерден  келіп түскен мәліметтерге сәйкес, өңірде тұрғындарды алаңдататын, өз шешімін таппаған өзекті мәселелер тиісті деңгейде шешілуде. 
Бейбіт митингілер мен шерулер бойынша алдын-алу шаралары қабылданып, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізілуде.   

2017 жылдың басынан жергілікті атқарушы органдарға 10 өтініш түсті (оның ішінде 1 – рұқсат берілді, 6 – арызданушыдан бас тарту туралы өтініштің түсуіне байланысты қараусыз қалдырылды, 3 – «Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» заңының талаптары түсіндіріліп, өтініштерін толықтыру туралы ұсыныс берілді).
Ү.ж. 2 тоқсанында жоспарға сәйкес өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалды саралау, саяси партиялар  мен үкіметтік емес  ұйымдармен  жұмысты жүйелі түрде ұйымдастыру, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және мемлекеттік рәміздерді қолданудың талаптарын түсіндіру мәселелері бойынша Жамбыл, Қарасай, Талғар, Іле аудандары және Қапшағай қаласы ішкі саясат бөлімдерінің жұмыстарына әдістемелік көмек көрсетілді.   

Жергілікті атқарушы органдардың азаматтық қоғам институттарымен өзара байланысын қамтамасыз ететін аудандық, қалалық әкімдіктер жанындағы қоғамдық келісім кеңестері тұрақты негізде 252 ауылдық округті қамтып, пікірлесу алаңы тұрғысында қызмет етеді.
Этносаралық қатынастың дамуына әсер ететін теріс үрдістердің алдын-алу және болдырмау мақсатында  көпұлтты аймақтар ерекше бақылауға алынған. Бүгінгі таңда этнос өкілдері тығыз қоныстанған аудандарда наразылық пен шиеленіске әсер ететін, сондай-ақ қоғамдық – саяси ахуалды ушықтыратын жағдайлар байқалмады. 

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметі қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын-алуға және құқықтық тәртіпті сақтауға бағытталған бірқатар ұйымдастырушылық және практикалық шаралар жүргізді.
Осыған орай, жергілікті полиция қызметінің мемлекеттік және өзге де органдармен, ұйымдармен, мекемелермен бірлескен іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді.   

Жедел жағдайды бақылап отыру мақсатында барлық қала аудандық ішкі істер басқарма бөлімдерінде бейнебақылау камераларының техникалық мүмкіндіктері барынша қолданылады. Бейнебақылау камералары неғұрлым адам көп жиналатын орындарда, наразылық акциялары өтуі мүмкін жерлерде, сондай-ақ үлкен көшелердің қиылыстарында орнатылған.  Қазіргі таңда Алматы облысының аумағында 144 бейнебақылау камералары орнатылған.
Қазіргі уақытта қоғамдық-саяси ахуал тұрақты, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табуда. 

 

  Азаматтық қоғам институттарының өзара әрекеттестігі туралы 

Облыстық әділет департаментінің 2017 жылғы 1 мамырдағы мәліметтері бойынша облыс бойынша 1022  үкіметтік емес ұйымдар тіркелген. Олар әр түрлі бағыт бойынша:  білім беру саласында, әлеуметтік бағытта, жастар саясаты жөнінде, экология тақырыбында, әскери-патриоттық, салауатты өмір салтын қалыптастыру жөнінде, гендерлік теңдік бағытында және  басқа бағыттарда жұмыс істейді. 
Аудандық, қалалық әкімдіктерінің мәліметтері бойынша 388 ҮЕҰ-дар белсенділікті танытуда.
2017 жылдың басынан осы бағытта аудан, қалаларда 40-тан астам «дөңгелек үстелдер», кездесулер ұйымдастырылып, аталған шараларға 650 адам қатысты.   

Жалпы, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа 2017 жылы -  414,925 млн.теңге бөлінді. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың салалық принциптерін кеңейту мақсатында облыстық денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, ішкі саясат, дін істері және жастар саясаты жөніндегі басқармалары, сондай-ақ, аудандық және қалалық әкімдіктері тиісті жұмыстар атқаруда.  Бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктері өз салалары бойынша әлеуметтік жобалар тақырыптарын бекітіп, биылғы жылы жалпы 127 әлеуметтік жобаларды іске асыру жоспарлануда.   

Облыс әкімдігінің 2017 жылғы 8 ақпандағы №89 Қаулысымен облыс әкімдігі жанындағы азаматтық қоғам институттарымен өзара байланыс жөніндегі Кеңес Ережесіне өзгертулер енгізіліп, құрамы қайта толықтырылды. Мүдделі басқарма басшылары, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, қоғамдық ұйым жетекшілері кіретін Кеңес құрамы 16 адамнан жасақталды. Облыстық Кеңес жоспарына сәйкес 2017 жылдың 2 тоқсанында  Жамбыл, Сарқан аудандарындағы жергілікті атқарушы органдардың азаматтық қоғам институттарымен өзара байланыс жөніндегі атқарылған жұмыстар туралы Кеңес төрағаларының есептері тыңдалды. Отырысқа Кеңес мүшелері, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары, ішкі саясат бөлімдерінің басшылары қатысты. Кеңес отырысының хаттамасы барлық аудандық, қалалық әкімдіктерге жіберілді.   

    Ақпараттық сүйемелдеу туралы   

Қазақстан Республикасының Президенті Н..Назарбаевтың Қазақстан халқына  «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты  Жолдауын  түсіндіру мақсатында құрамында 2602  адамы бар облыстық, аудандық, қалалық 335  ақпараттық топ құрылып, шығу кестесі бекітілген. Топ мүшелері аудандар мен  қалаларда, елді мекендерде  216  кездесу өткізді.  Ақпараттық  жұмыспен   23 324 тұрғын қамтылды.  Сонымен қатар, ағымдағы жылдың  ақпан айының 16-25 күндері аралығында  8  адамнан  құрылған  республикалық ақпарат топ  мүшелелері Жолдаудың басымдықтарын  түсіндіру бойынша облыс көлемінде жұмыс атқарды.  Олар 28 кездесу  өткізіп,  шараға 4 675   облыс тұрғындары қамтылды.
Жолдауының   мәтіні басылған және негізгі қағидаларын түсіндіру мақсатынды әзірленген   әдістемелік құралдар  10 000   данамен  басылып шығарылып,   ақпараттық топ мүшелеріне және облыс тұрғындарына   таратылды. БАҚ-да сөз сөйлеу үшін мемлекеттік мекемелердің басшыларының, депутаттардың, ҮЕҰ, жастар ұйымдарының, этностық-мәдени бірлестіктердің өкілдерінің ішінен спикерлер пулы құрылды. 

2017 жылдың 2 ақпанда облыс әкімінің орынбасары Ж.Омар  Жолдаудағы негізгі бағыттарды жергілікті жерлердегі тұрғындарға жеткізу мақсатында  облыстық  ақпарат топтар мүшелерімен  семинар өткізді.                            Облыстық, аудандық газеттерінде «Актив жиыны», «Әкімдер есебі», «Селектор», «Послание Президента – руководства к действию», «Отчеты акимов всех уровней», «Совещания» атты арнайы айдарлар ашылып, мақалалар жариялануда. 

Алматы облысы тұрғындары арасында міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру бойынша кең көлемді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. 

Жыл басынан баспа басылымдарда «МӘМС уақыт талабы», «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы ақпараттық түсіндіру материалы», «Міндетті әлеуметтік сақтандыру жайында» т.б. айдарлары мен  242 мақала жарияланды.  

Сонымен қатар, 2017 жылы 20 сәуір аралығында облыстық «Огни Алатау» және «Жетісу» газеттерінде 58714 таралым және аудан, қала газеттерінде 21 сәуір -19 мамыр аралығында жалпы 94050 таралыммен   38 арнайы беттер жарық көрді. 

Облыстық «Жетісу» телеарнасынан «Астана ЭКСПО - 2017» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы тарапынан әзірленген бейнероликтер күніне 5-6 рет көрсетілуде. Сонымен қатар, «ЭКСПО.-.2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін ақпараттық сүйемелдеу шараларына сәйкес бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Облыстық «Жетісу», «Огни Алатау» және 19 аудан және қалалық газеттер бетінде арнайы бекітілген логотиппен «Әлем Қазақстанға көз тікті»,  «ЭКСПО-2017 көрмесі-тұрақты дамудың биік үлгісі», «ЭКСПО аясында көпшілік назарына ұсынылатын шаралар» айдарлары ашылып,   жыл басынан 354  мақала,  электрондық БАҚ-та 169 мақала жарияланды. 

Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын облыс тұрғындарына жеткізу  мақсатында  бірқатар ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.   Облыстық  баспа басылымдарда  бірыңғай логотиппен «Рухани жаңғыру», «Жарқын болашаққа жаңа көзқарас», «Үн қосу», «Наша стратегия духовного развития», «Мнения»  айдарлары мен  «Жаңғырудың жаңа белестері», «Латын әліпбиі қазаққа жат емес», «Рухани өркендеу өзегі», «Өмір талабына сай», «Сана көкжиегі» атты және тағы да басқа 209 мақала жарияланды.  «Жетісу» телеарнасында  жаңалықтар топтамасынан  қазақ және орыс тілдерінде 67 сюжет көрсетілді. 

Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай  28   маусымда облыс әкімі А.Баталовтың қатысуымен салтанатты  шара өткізілді.  Шараға аудандық, облыстық, республикалық  БАҚ өкілдері, блогерлер, журналистика ардагерлері қатысты. Кәсібилігі, мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асырудағы белсенділігі үшін бірқатар журналистер  Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация  министрлігінің және облыс  әкімінің  марапаттарына ие болды.                                         

Облыстың және барлық мемлекеттік органдардың ресми сайттарында 63 мыңнан астам оқырмандары бар аудан, қала әкімдерінің және әкімдіктерінің, облыстық басқарма басшыларының «Instagram», «Facebook», «ВКонтакте» әлеуметтік желілерінде парақшаларына күнделікті ақпараттар жариялануда. Алматы  облысының  өңірлік  коммуникациялар  қызметі жергілікті атқарушы орган басшыларымен 78 брифинг өткізді.                                          Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс шеңберіндежергілікті атқарушы мемлекеттік органдардың қызметтері бойынша ақпараттық  сүйемелдеу үшін «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Время», «31 канал», «Хабар 24», www.kazinform.kz, Kazakhstan Today.kz, «Nur.kz», Tengrinews.kz, Zakon.kz, Today.kz, Ult.kz, Abai.kz, BNews, qamshy.kz, Altyn-orda.kz және тағы басқа  республикалық  бұқаралық ақпарат құралдармен  тұрақты түрде ақпарат алмасып отырылады.             

                  
 Ішкі саяси бағыттар бойынша жоспарлау туралы  

Ішкі саясат саласындағы мемлекеттік саясатты жүйелі түрде жүргізу, өткізілетін шаралардың саяси-идеологиялық бірегейлігіне қол жеткізу мақсатында мемлекеттік ұлттық мерекелер, қоғамдық-саяси маңызды іс-шаралар  жоспарланып, іске асырылды.
Өңірде ішкі саясат саласындағы жұмыстарды жоспарлау, ұйымдастыру, жүйеге келтіру бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды.
2017 жылғы 25 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Президентінің билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі үндеуін, Қазақстан Республикасының Президенті Н..Назарбаевтың Қазақстан халқына  «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты  Жолдауын халық арасында түсіндіру бойынша шаралар тізбесіне сәйкес облыста, сондай-ақ аудан, қалаларда жүйелі кестелер әзірленді.
Елбасы Жолдауын түсіндіру мақсатында Алматы облысының тұрғындарымен кездесу сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының жұмыс кестесі құрылды.   

Аталған кестелерге сәйкес Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіне өткізілген іс-шаралар  бойынша күнделікті есеп жолданды.
2017 жылға арналған идеялық-ақпараттық жұмыстың базалық басымдықтарына, елеулі мерейтойлық даталарға оқиғалар қатары әзірленді.
Сондай-ақ, ел бірлігін және қоғамды топтастыруды қамтамасыз ету барысында азаматтық қоғам институттарымен, өңірдің қоғам жұртшылығының өкілдері шараларға тартылуда.   

Облыстық аудан, қалаларында өткізілген барлық шаралар тұрғындардың басым көпшілігіне оң ықпалын тигізіп, жалпы халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін жоғарылатуға өз септігін тигізуде.
Алматы облысында Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы туралы» № 250 өкіміне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2014 жылғы 5 наурыздағы №181 қаулысымен бекітілген «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу ережесіне сәйкес «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу бойынша өңірлік іс - шаралар жоспары әзірленіп, іске асырылды.
Облыстың аудан, қалаларынан «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына  барлығы 260  отбасы қатысты.
 «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының облыстық комиссия мүшелері әр аудан мен қалалардан  тапсырылған өтінімдері мен құжаттары бойынша қағидаға сәйкес 76 отбасылардың арасынан лайықты 38 отбасыларын іріктеп алды.   Сонымен  бірге, 38 отбасынан жүлделі орындарға  лайықты  деп танылған 8 отбасылар облыс көлемінде жеңімпаздар болып белгіленді. 

Алматы облысының атынан Ұйғыр ауданынан Көжекбаевтар, Жамбыл ауданынан Жарасовтар жеңімпаз отбасылардың материалдары республика көлемінде «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағын тағайындау жөніндегі комиссияға  жолданды. 

Алматы облысында 14 сәуірде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын іске асыру бойынша жүйелі жұмыстар атқарылды.
  Осы бағытта облыс, аудан, қалаларда актив жиындары өтті.  Активке қатысушылар Елбасының бағдарламалық мақаласын бірауыздан қолдап, оны іске асыру жөнінде жастарды елжандылыққа тәрбиелеу, халықтың рухани және моральдық құндылықтарын нығайтуға үндеді. 
  Сонымен бірге,  ҚР Президентінің мақаласын іске асыру үшін жұмыс тобы, өңірлік комиссия құрылды, жұмыс жоспары мен іс-шаралардың желілік кестесі әзірленді.
17 мамыр күні Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі 60 адамнан құралған өңірлік комиссия отырысы өтті. Комиссия отырысында қазақ тілінің латын әліпбиіне кезең-кезеңмен көшуі, «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «Туған жер», «Қазақстанның сакралды географиясы», «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет», «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобалары бойынша алты бағытта жұмысты жүйелі жүргізуге тапсырмалар берілді. 

«Туған жер» бағдарламасын іске асыруда негізгі тұжырымдамалық тәсілдерді негізге ала отырып өңірлік іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді. Бағдарламаның жобаларын ілгерілету, сондай-ақ орталық және жергілікті атқарушы органдармен жұмысты үйлестіру үшін облыс әкімінің орынбасары, облыстық басқарма басшыларынан құралған өңірлік Басқарушылық кеңес құрылды.
  Сонымен қатар, құрамында мәдениет және өнер қайраткерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясының, саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, қоғамдық пікірдің көшбасшылары, білім беру, тарих және мәдениет саласындағы сарапшылар Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ғалымдары бар өңірлік Сарапшылық кеңес құрылып, кеңестің офисі Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде орналасты.
Сондай – ақ, «Журналистер Үйі» ғимаратында жобалардың командаларымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету үшін қажетті материалдық-техникалық құралдармен жабдықталған Жобалық офис ашылып,  Жұмыс тобы Хатшылығы құрылды.
Қазіргі таңда «Туған жер» бағдарламасын іске асыруда аталған жұмыс топтары жоспарға сәйкес жұмыстарын жүргізуде.
А.ж. 24-29 сәуір аралығында Елбасының мақаласына байланысты сарапшылық сауалнама жүргізді. Оған ғылыми интеллегенция, этномәдени орталық өкілдері,  аудандық, қалалық, облыстық БАҚ-тардың бас редакторлары, қоғамдық ұйым өкілдері, барлығы 48 адам қатысты.
Барлық сарапшылар мақаланың уақытылы және өзекті екендігін белгілеген.
Сарапшылардың басым көпшілігі бұл бағдарламалық құжатты іске асыру елдің болашағы үшін ықпалы оң деп баға берген.
ҚР Мемлекеттік қызметші  күніне орай  22 маусымда Талдықорған  қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында  дебат  өткізілді. Аудан, қалалардан, департамент, басқармалардан 15 қазақ ,  4 орыс тілді  командалар  пікір-таласқа түсті.  Жартылай финалға 4 команда өтті, ІІІ орынды қазақ, орыс командалары бойынша  Көксу ауданы, Текелі  қаласы иеленді. Астана қаласында өтетін финалға  Ақсу, Ескелді аудандары, Талдықорған қаласы және Мемлекеттік қызмет істер  және сыбайлас жемқорлыққа қарсы  күрес  агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің  командалары  жолдама  алды.  Шараға белсенді қатысқан, шешендік өнерімен ерекшеленген командалар, үздік  спикерлер,  үздік  төрешілер  «Алғыс хатпен» және сыйлықтармен  марапатталды. 

  Ішкі саясат саласындағы талдау және мониторинг

Үстіміздегі жылдың І жартыжылдығында талдау және мониторинг бөлімі облыс  тұрғындарның пікірін анықтау бойынша 4  жедел-сауалнама және 1  сарапшылық сұрау өткізді, оған 3434 респондент қатысты:
-  облыстағы қоғамдық-саяси ахуалды зерделеу;
- облыс тұрғындарының билік тармақтары арасында  өкілеттіліктерді қайта бөлу мәселелері бойынша пікірін анықтау;
-  ҚР терроризм  мен экстремизм мәселелеріне  байланысты кейбір  заңнамалық құжаттарына  енгізілген өзгертулер мен  толықтыруларға байланысты облыс  тұрғындарының пікірін анықтау;
- Облыс тұрғындарының Қазақстан Республикасы Президентінің 2017  жылдың 31 қаңтардағы Қазақстан халқына     Жолдауын қабылдау деңгейін анықтау.
- Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына байланысты сарапшылық сауалнама жүргізілді. Оған  ғылыми  интеллегенция, этномәдени орталық  өкілдері,  аудандық, қалалық, облыстық БАҚ-тардың бас редакторлары, қоғамдық ұйым өкілдері, барлығы 48 адам қатысты.
  Әлеуметтік   сұрау нәтижелерін  қорытындылай келе, облыстағы қоғамдық-саяси жағдай бірқалыпты, әртүрлі ұлт өкілдерінің арасындағы достық қарым-қатынас орныққан, тұрғындардың көңіл-күйі позитивті және тұрғындардың басым бөлігі мемлекеттік саясатқа оң көзқараста екендігін атап өтуге болады.
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы Конституциялық  Заң талаптарын орындау мақсатында облыс әкімі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі облыстық комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес Кербұлақ, Қаратал, Сарқан, Алакөл  аудандарында 79 мемлекеттік мекеме мен білім ұйымдарында мемлекеттік рәміздердің қолданылуы мен насихатталуына қадағалау жүргізіліп, әдістемелік көмек көрсетілді. 

Сондай-ақ, комиссия жұмысы шеңберінде мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік рәміздердің заңға сәйкес қолданылуын қадағалау бойынша Талдықорған қаласында, Көксу, Ескелді, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандарында   Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті өкілдерімен бірлескен тексерулер жүргізіліп, рәміздердің дұрыс қолданылуы  бойынша әдістемелік  көмек көрсетілді. 

2017 жылғы 17 мамырда мемлекеттік рәміздері насихаттау, жастар арасында патриотизмді дәріптеу мақсатында ҚР Мемлекеттік рәміздердің 25 жылдығына  орай ҚР Мемлекеттік Елтаңбаның  авторы, «Құрмет» орденінің иегері  Ж.Мәлібековтың қатысуымен «Мемлекеттік  рәміздер – елдігіміздің  нышаны» атты салтанатты шара  өтті. Оған ардагерлер, қоғамдық ұйым өкілдері, жастар,  студенттер, ұстаздар, әскери қызметкерлер, БАҚ өкілдері, барлығы 300 адам қатысты.  

 
  Кадр жұмысы бойынша 

2017 жылдың 1 шілдесіне облыстық ішкі саясат басқармасының штат санының лимиті 16 адамды құрайды, оның ішінде басқарма басшысы – 1, басқарма басшысының орынбасары – 2, бөлім басшысы – 5, бас маман – 7, жетекші маман – 1.
Басқарманың барлық қызметкерлерінің білімі жоғары, оның ішінде: философия докторы  (PhD) – 1, педагогика ғылымдарының кандидаты – 1, екі жоғары білімі бар – 5.   

2017 жылы кешенді аттестациялауға жататын –10 адам, әңгімелесуге қатысқан – 10 адам.
Бүгінгі күні басқармада бос вакансиялар жоқ, сондықтан конкурстар болған жоқ. Қызметке тағайындалғандар және жұмыстан босатылғандар жоқ.
Лауазымдық міндеттерін тиімді атқару мақсатында басқарманың мемлекеттік қызметкерлері  облыс көлемінде өткізілген шараларға белсенді  қатысуда. Мәселен, Мемлекеттік қызметшілер күніне орай өткізілген  дебаттық турнирге, «Тіл шебері – 2017», «Білікті мемлекеттік қызметкер – ел тірегі» атты  конкурстарға қатысып, алғыс хаттармен, дипломдармен және сыйлықтармен  марапатталды.


Орналастырылған күні: 21.07.2017 15:19

Өзгертілген күні: 27.07.2017 16:31:27

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх