Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған 0 oC
2017 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қорытынды есеп

2017 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қорытынды есеп

Облыстың жер қоры 22 млн 358 мың га құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылық алқаптары –15 млн  844 мың га, оның 1 млн 070 мың га егістік, 484 мың 909 га - суармалы егістік, көпжылдық екпелер - 31 мың 136 га, тыңайған жер - 106 мың 291 га, шабындық - 469 мың 090 га, жайылым - 14 млн 160 мың га және бау-бақша мен қызметтік мақсаттарға арналған жер - 6 мың 806 га.   

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2016 жылғы 09 қыркүйегіндегі тапсырмасына және Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметовпен бекітілген «Жер қатынастарын реттеу саласындағы 2017-2019 жылдарға арналған жұмыс жоспарына» сәйкес, облыс аумағында 2017 – 2019 жылдары жер учаскелері меншік иелерінің және жер пайдаланушылардың жеріне құжаттық түгендеу (ревизия) жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Аталған жұмысты іске асыру мақсатында облыс, аудан, қалалар деңгейінде комиссиялар құрылып, тиісті іс – шаралар атқарылуда.   

Сонымен қатар, Елбасы Жолдауында жерді пайдалану тиімділігін арттыру көзделген. Атап айтқанда, Республика бойынша суармалы егістік алаңын бес жыл ішінде 40%-ға кеңейтіп, 2 млн гектарға жеткізу жоспарланған.
Аталған тапсырманы орындау мақсатында облыс деңгейінде бірқатар жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, 126,684 гектар айналымнан шығып қалған суармалы жерлерді қайта айналымға енгізу мақсатында пилоттық жобамен  6 ауданның (Ақсу, Алакөл, Ескелді, Көксу, Панфилов, Ұйғыр) Ислам Даму банкісінің қаражатымен суару жүйелерін қайта жаңғырту құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Бүгінгі таңда  суармалы егістің көлемін кеңейтуге облыста ішкі резервтер бар. Атап айтқанда, жер пайдаланушылардың өтініштері негізінде неғұрлым бағасы төмен ауыл шаруашылығы алқаптарын  суармалы егістікке ауыстыру, жайылымдық және тәлімді жерлерді суармалы егістік ретінде пайдаланып жүрген жер пайдаланушыларды анықтап, есептік құжаттамаға тиісті өзгерістер енгізу болып табылады.   

Бұдан бөлек, 2016 жылғы 15 наурызындағы № 31  облыс әкімінің өкімімен облыс аумағында ауыл шаруашылығы, коммерциялық мақсатындағы жерлерге, жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілген жерлерге түгендеу жұмыстарын жүргізу үшін комиссия құрылып, іс - шаралар жоспары бекітілді.
Аталған комиссия жұмысы нәтижесінде 2015 – 2016 жылдары пайдаланылмай жатқан көлемі 331,2 мың га пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер анықталды.
Қабылданған шаралар нәтижесінде 40,2 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылды, 202,5 мың га жердің иелері жерлерін пайдалануға кірісті, 13,4 мың га жер иесіз мүлік ретінде есепке алынды, 75,1 мың га жердің материалдары жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасымен қаралуда.
Аталған бағыттағы жұмыстар облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасымен атқарылуда.   

Тұрақты жұмыс комиссиялармен пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша жұмыстар жалғастырылуда. 

 
  «Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы» 

 
Автомобиль құрылысы белдеуіне 939 жер учаскелері енген (690,6 га), оның сатып алуға жататыны 722 учаске (639,08 га), (Іле ауданы - 197 уч., Талғар ауданы - 186 уч., Қарасай ауданы - 339 уч.).   

Жер учаскелерін иеліктен шығару барысында 580 жер учаскесі (334,2 га) жалпы сомасы 9,2 млрд. теңгеге сатып алынды (Қарасай ауданы - 232 уч., Іле ауданы - 188  уч., Талғар ауданы -160 уч.), 27 жер учаскесінің меншік иелеріне тең бағалы жер учаскелері берілді (Талғар ауданы), 114 жер учаскесі жер пайдаланушылармен мемлекет меншігіне өз еркімен қайтарылды (Қарасай ауданы - 79, Іле ауданы - 9, Талғар ауданы -26).
Қалған 1 жер учаскесі бойынша материалдар сот қарауында. Өтемақы сомасы сот шешіміне сәйкес анықталады.

 
  «Алматы-Бішкек» автомобиль жолы 

 
Республикалық маңызы бар «Алматы - Бішкек» автомобиль жолының «Алтын Орда» базары аумағындағы учаскесін жаңғырту үшін қажетті жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қою жұмыстары жалғастырылуда.
Жаңғырту жүргізілетін белдеуге барлығы 53 жер учаскесі түседі (көлемі-4,5484 га), оның ішінде 5 жер учаскесі мемлекет меншігінде (көлемі-0,1263 га). 48 жер учаскесі сатып алуға жатады (көлемі-4,4221 га). Келіссөздер жүргізу барысында 12 учаскенің (0,7386 га) меншік иелері ұсынылған өтемақы сомасымен келіспеуіне байланысты материалдар аудандық сотқа жолданды   ( 99,4 млн), 18 жер учаскесінің (2,3697 га) меншік иелерінің келісімі алынды (436,8 млн), 5 жер учаскесінің (0,2758 га) меншік иелері өз еркімен бас тартты (0,8 млн). Қалған 13 жер учаскесінің (0,0641 га) меншік иелерімен келіссөз жұмыстары жүргізілуде (34,5 млн).
«Appraisement» ЖШС бағалаушы компаниясы мемлекет мұқтажы үшін алып қойылатын жер учаскелерінің құнын 571 538 мың теңгеге бағалады.  

Облыс әкімдігі 2017 жылдың 15 мамырында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне жер учаскелерін сатып алу үшін  571 538 мың теңгеге бюджеттік өтінім жолдады. Қажетті қаражат бөлінгеннен кейін, мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін сатып алу жұмыстары жүргізілетінін хабарлаймыз.  
Іле ауданы аумағындағы «Гейт Сити» индустриалды аймақтың құрылысы   

«Береке» индустриалды аймақтың құрылысына барлығы 98 жер учаскесі түседі (көлемі 483,46 га), оның ішінде сатып алынуға жататыны 77 жер учаскесі (396,34 га). Оның ішінде, 5 жер учаскесі (24,5 га)  меншік иелері бағалау құнымен келісіп, сатып алынды (70,002 млн теңге), 2 жер учаскесі (12,36 га) меншік иелері бағалау құнымен келісті (410,2млн), 34 жер учаскесі (176,5 га)  меншік иелері тең бағалы жер учаскесін алуға келісім берді (оның ішінде 19 жер учаскесі кепілде тұр), 6 жер учаскесінің (24,1 га) материалдары сот қарауында (130,1 млн теңге), 20 жер учаскесін иеліктен шығару бойынша сот шешімі қабылданды (110,4 га). Сот шешімдері күшіне енуіне қарай аталған жер учаскелері сатып алынатын болады (құны 171,3 млн теңге),10 жер учаскесі (48,4 га) меншік иелерімен келіссөз жұмыстары жүргізілуде (114,8 млн теңге).   

Жер учаскелерін сатып алу үшін жергілікті бюджеттен 838,013 млн. теңге қаражат бөлінді. Қаржыландыру жоспарына сәйкес, оның игерілуі тамыз айына жоспарланған.
Бүгінгі күні, «Береке» индустриялық аймақтың ұлғаюына байланысты (534,9898 га) қосымша экспликациясы жасалуда. 

Талдықорған қаласындағы заманауи бассейн құрылысы. «Ирбис»  

«Жастар» саябағының маңынан сатып алынуға жататын көлемі 4,25 га құрайтын 11 жер учаскесі анықталды. Жер учаскелерінің меншік иелері анықталып, жоспарлау – картографиялық материалдары әзірленді. Жер учаскелерін иеліктен шығару туралы Талдықорған қаласы әкімдігінің қаулысы қабылданып, әділет органында тіркелді.

Қалалық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық бөлімі тарапынан бағалаушы компания (жеке кәсіпкер «Бағалау») анықталып, 8 жер учаскесінің  бағалау сомасы 674,9 млн теңге құрады, 3 меншік иесі жер учаскесін бағалау жұмыстарына кедергі көрсетуіне байланысты ақпараттық анықтама әзірленді.       Бүгінгі күні, 1 жер учаскесі бойынша (С.Мукашева) келіссөз жұмыстары жүргізілуде, 3  жер учаскесі б ойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық  сотының және 7 жер учаскесі бойынша Талдықорған қалалық сотының шешімдері қала әкімдігінің пайдасына шықты. Алайда, сот шешімі шыққан меншік иелерімен апелляциялық сот алқасына шағым дайындалуда. Жер учаскелерін сатып алу үшін 674,9 млн. теңге қарастырылған. 


Талдықорған қаласындағы Оңтүстік-Батыс тұрғын аймағы   

Жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы Талдықорған қаласы әкімідігінің 2016 жылғы 26 қыркүйектегі № 41-656 қаулысы қабылданған.
Нәтижесінде, қаланың Оңтүстік-батыс тұрғын аймағындағы 33 жер учаскесін (көлемі 54,4 га) алып қою бойынша тәуелсіз бағалау компаниясымен бағалау есептері әзірленді (977,0 млн теңге).

Қалалық әкімдік тарапынан барлық 33 жер учаскелерінің бағалау актілері республикалық бағалаушылар палатасына ұсынылып, эксперттік сараптама нәтижесі алынды. 21 жер учаскесі сатып алынып (590,0 млн теңге), 2 меншік иелеріне тең бағалы жер учаскелері ұсынылды. 

9 жер учаскесі бойынша материалдар сот органдарының қарауында, 1 меншік иесімен келіссөздер жүргізілуде.
Талдықорған қаласындағы «Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес акционерлік қоғамының әкімшілік ғимаратына кіре беріс жолының құрылысы   

«Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес акционерлік қоғамының әкімшілік ғимаратына кіре беріс жолының құрылысына көлемі 6,66 га құрайтын 11 жер учаскесі түседі. Бүгінгі таңда бағалау жұмыстары аяқталып (246,6 млн теңге), меншік иелерімен келіссөздер жүргізілуде.

«Азаматтарға арналған үкімет» әкімшілік ғимаратын қайта құрылымдау» бойынша ЖСҚ дайындау үшін 2016 жылы 20 қазанда № 9-49 облыстық маслихаттың шешімімен 100,0 млн.тг. қаражат бөлінді.
Тапсырыс беруші мекеме «Алматы облысының құрылыс басқармасы» ММ-сі аталған нысанның жұмыс жобасына мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды. Конкурстың қорытындысы бойынша жеңінпаз болып «Ақжол- 2» ЖШС анықталып, келісім шарт жасалды.
 


Орналастырылған күні: 21.07.2017 15:27

Өзгертілген күні: 21.07.2017 15:30:52


Саймасай ауылындағы А. Байтұрсынов мектебі туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424
Наверх