Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +15 oC
2017 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қорытынды есеп

2017 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қорытынды есеп

Есепті мерзімде  бекітілген жоспар бойынша жүйелі жұмыс істеліп  33 мәдени-көпшілік шара өткізілді. Жоспардан  тыс 14  кездесу және  8 форум ұйымдастырылды. Құжаттар айналымы бойынша 212 кіріс, 169 шығыс құжаттары тіркеліп 169 ақпарат дайындалды.

Ел өміріндегі елеулі оқиға ретінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауын және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын түсіндіру, насихаттау мақсатында Талдықорған қаласында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңесі, Алакөл, Сарқан, Жамбыл, Қарасай аудандарында Қоғамдық келісім кеңестерінің кеңейтілген отырыстары, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми-сарапшылық  топтың  мүшелері І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде жас ғалымдар арасындағы этносаралық және толеранттылық, қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісіне арналған ғылыми жұмыстар байқауын ұйымдастыру мәселесі бойынша  кездесулер өткізді.

Жетекші журналистер клубының «Қоғамдық рухани жаңғыру. ХХ ғасырдағы 30-шы жылдардың басы 40-шы жылдардың ортасындағы аштық, қуғын-сүргін, күштеп қоныс аудару оқиғаларын талдаудағы БАҚ-тың рөлі» тақырыбындағы дөңгелек үстел,  Аналар кеңесінің Іле  ауданында «Келіні жақсы үйдің босағасы алтын», Панфилов  ауданында «Мерейлі  мекеннің мәртебелі аналары», Талдықорған  қаласында  «Халқын  сүйген  салтын да сүйеді» атты облыстық форумдары, Ескелді,  Қарасай,  Жамбыл, Райымбек, Ұйғыр аудандары  мен Текелі, Талдықорған қалаларында «дөңгелек  үстел» мәжілістері мен кездесулер  ұйымдастырылды.

 «Рухани жаңғыру» жобасы аясында облыс әкімдігінің бекітілген кестесіне сәйкес облыстық ҚХА төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғ.Тұрсынбай Ақсу, Алакөл, Панфилов, Ұйғыр аудандарының тұрғындарымен және Жазушылар  одағы мүшелері Ахмеджан  Ашири,  Мархабат Байғұт, Несіпбек Даутаевтың қатысуымен Панфилов, Ұйғыр, Іле, Жамбыл  аудандарының жұртшылығымен  кездесулер өткізді.

Сондай-ақ, этномәдени  бірлестіктердің насихат топтары үшін: орыс, татар, әзербайжан, славян қозғалысы, ұйғыр, болгар, қытай, күрд, корей, грек, поляк орталықтарында 12 семинар ұйымдастырылып, насихатшыларға әдістемелер ұсынды.

Этномәдени бірлестіктер: облыстық Қазақ мәдениеті мен салт-дәстүрі орталығы «Татулық – бірлік бастауы»,  «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігі «Тіршіліктің тірегі – асыл жандар», болгар мәдени орталығы  «Достықтың дархан мекені» фестивальдарын, Қарасай ауданында «Мәңгілік  Ел – құрыштай беріктігім», «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігі «Мемлекеттік тіл – Қазақстан халқын біріктіретін тіл», «Туған тель» татар мәдени орталығының 25 жылдығына арналған «Бірлігі жарасқан байтақ елім» облыстық форумы, «Полония» поляк мәдени-ағарту қоғамы «Тұғыры биік Тәуелсіз елім - Қазақстан», татар-башқұрт  мәдени орталығы «Бірлігі жарасқан елім - Қазақстан» тақырыбында фестивал, орыс этномәдени орталығының 25 жылдығына арналған «Славян  жазулары мен мәдениеті»  фестивалі аясында түрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтсақ: «Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы азаматтарды біріктірудің маңызды факторы» атты дөңгелек үстелі, облыс көлемінде мектеп оқушылары, колледж студенттерінің қатысуымен «Книги – юбиляры 2017 года» әдеби кештер ұйымдастырылды.

26 сәуір күні «Жаңғырудың негізі – тұрақтылық, бірлік, келісім» атты тақырыппен  Астана қаласында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХV сессиясына облыстан Ассамблея  мүшелері,  «Бірлік» жастар қауымдастығының белсенді жастарымен шақырылған  қонақтар жалпы  

47 адам қатысты.

Елбасының Қазақстан халқы Ассамблеясы сессиясында берген  тапсырмалары бойынша төмендегі  жұмыстар атқарылуда: Сәуір айында халық шығармашылығының деңгейін көтеру мақсатындағы Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ІХ дәстүрлі «Өнерім - өмірім» вокалды-хореографиялық байқауы өтті. Байқауға 29 өнерлі жастар мен  9 би ұжымдары қатысты. Байқау жоғары дәрежеде ұйымдастырылып, жеңімпаздар 1 мамыр Қазақстан халқының Бірлігі күні орталық «Жастар» саябағында өткен мерекелік шарада өнер көрсетті.

Мамыр айында «Асар» әлеуметтік ынтымақтастық  қайырымдылық акциясы аясында Жеңіс күніне арналған «Ерлікке тағзым» атты облыстық форумы аясында 50 еңбек және тыл ардагерлеріне құрмет көрсетілді.

«Рухани жаңғыру» жобасы аясында 20 мамыр күні Көксу аудандық «Нахичевань» әзірбайжан этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен саяси қуғын-сүргіннің басталғанына 80 жыл толуына орай облыстық «Бірлік» форумы өтті.

Жалпы облыс көлемінде қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» тақырыбында 183 шара ұйымдастырылып,  19 000-нан  астам адам қамтылды.

ІІ тоқсанда «Қайырымды Ел» акциясы аясында 63 қайырымдылық іс-шара ұйымдастырылып,  1 705 000 теңге көлемінде көмек  көрсетілді.

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мүмкіндігі шектеулі балалардың «Талаптыға нұр жауар» - облыстық шығармашылық фестивалі  биыл  4-ші рет ұйымдастырылды.

Халықаралық балаларды қорғау күніне облыс көлемінде  660 шара ұйымдастырылып, 90 766  бала қамтылып, оның  421-і қайырымдылық шаралары аясында  13 450 000 теңге көлемінде балаларға көмек  көрсетілді.

Қазақстан халқы Ассамблеясы және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылдың 9 маусымында Алматы облысы әкімдігінде бейнеконференциялық байланыс арқылы «Сыбайлас жемқорлықты жалпыға бірдей қабылдамау – бірлік пен тұрақтылықтың кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіліп, сол күні Алматы облыстық ҚХА және облыстық жастар ресурстық орталығының ұйытқы болуымен «ЭКСПО-2017» «Болашақ энергиясы» атты көрмесінің ашылуына байланысты  патриоттар форумы өтті.

27 маусым Оқушылар сарайында облыстық ҚХА жəне білім басқармасының ұйымдастыруымен "Мың бала" мəдени-ағартушылық жобасы бойынша "Тиімді тілдік орта" ойын алаңы бағытындағы жаздық лагерьлер алаңында "Біз қазақша сөйлейміз" атты "1001 мақал 101 жұмбақ танымдық ойыны" өтті. Іс-шараға қазақ тілінде еркін сөйлейтін өзге этнос өкілдерінің балалары қатысты.

26-29 маусым аралығында «Ұлы Жібек жолы бойындағы сұхбат» республикалық тарихи-мәдени жобасы аясында Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Жарасым» жастар қанаты мүшелері Кербұлақ, Қарасай аудандарында және 28 маусым күні  Астана қаласындағы Ұлттық мұражайда ҚР Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының сектор меңгерушісі Н.Шанаи,  Қазақстан халқы Ассамблеясының  Мәжіліс депутаты Ю.Тимощенко, ҚР  Парламент  мәжілісінің депутаты Г.Шиповских, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ-нің директоры А.Тараков облыс делегациясының қатысуымен дөңгелек үстел өткізді. Сондай-ақ, «Ұлы Жібек жолы бойындағы сұхбат» республикалық тарихи-мәдени жобасының қатысушылары Астана қаласында «Болашақ энергиясы» ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесімен  танысты.

Облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің  іс-шара жоспарына сәйкес ІІ тоқсанда  393 шара ұйымдастырылып, 21 000 адам қатысты. Қоғамдық келісім кеңесінің тағы бір бағыты – қайырымдылық.  «Қайырымды Ел» акциясы бойынша облыс көлемінде  486  шара ұйымдастырылып, 15 млн. 225 000 теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетілді.

Алматы облысының аудандық және оған теңестірілген соттарымен 1438 қылмыстық іс қаралса, оның ішінде 365 іс медиация тәртібімен шешілген.  16 645 азаматтық іс қаралса, оның ішінде 785 іс медиация тәртібімен реттелген.

Пилоттық жоба аясында Алматы облысы бойынша барлығы 5 айда 228 дауларды реттеу туралы келісім-шарт жасалған.

23 маусымда Мемлекеттік қызметшілер мен Полиция күніне орай, облыстық ҚХА, «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы», Медиация кабинеті, Аналар кеңесімен және Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігімен бірлесе кездесу ұйымдастырылды.

Әлеуметтанымдық сауалнама бойынша 2017 жылғы 30 наурызда «Алматы облысы әкімінің аппараты» ММ-нің «Достық үйі-Қоғамдық келісім орталығы» КММ мен «Тиек» жастарды дамыту орталығы» қоғамдық бірлестігі арасында келісім-шартқа қол қойылып, Алматы облысында этносаралық қатынастар саласы бойынша бірыңғай әлеуметтанымдық мониторингті жүргізу жұмыстары жалғасуда.

Ү.ж. ІІ тоқсанында жүргізілген әлеуметтік зерттеулердің қорытындысы бойынша респонденттердің басым бөлігі облыстағы этносаралық жағдайды «тыныш» деп бағалады және әлеуметтік көңіл-күй позитивті сипатқа ие.

Алаңдайтын мәселелерге діни саладағы қауіп-қатерлер, экономикалық және саяси мәселелерді жатқызуға болады. Респонденттердің 92% «этносаралық жанжалдың болу мүмкіндігі жоқ» деп жауап берген.

Респонденттердің аздаған бөлігінде ғана қоныс аударуға ықыласты тұрақты  көңіл-күйі қалыптасқан, олар  8,4% құрайды.

Сұралған респонденттердің жартысынан көбі мемлекеттің этносаралық келісімді сақтаудағы саясатын қолдайтындығын білдірген. Респонденттер облыс әкімдігі, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы, Достық үйі мен ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ қызметін жоғары бағалады, оң жауап нұсқаларының қосындысы сәйкесінше 88,1%, 84,5%, 80,3% және 80,1% құрады. Алматы облысында жүргізілген сауалнаманың нәтижесінде респонденттер этносаралық қарым-қатынастарды жағымды деп бағалады.

Респонденттер саны: 1000 адам. Зерттеу барысында 16 аудан мен 3 қалада этносаралық қатынастар мәселелері бойынша бірыңғай мониторинг  жүргізілді.                                                                                                                                         ІI тоқсанда Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы, «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының» ұйымдастыруымен өткен шаралар бойынша 87 материал баспасөз ақпарат құралдарында жарияланды. Оның ішінде: аудандық газетте - 12, облыстық газеттерде - 42, республикалық газеттерде - 33. Теларналардағы сюжеттер бойынша: «Жетісу» телеарнасында 42 қазақша, 42 орысша сюжеттер жаңалықтарда берілді. Айына 1 рет «Единый народ» бағдарламасы көрсетіледі. Жалпы 87 материал берілді. «Қазақстан ұлттық арнасында» 5 сюжет, «Хабар, 24 арнасында» 8 сюжет көрсетілді. Жалпы телеарналарда 100 материал таратылды.

Ресми сайттарда  http://dostyk.zhetisu.gov.kz  - 58 ақпарат.                                           

  http://zhetisu.assembly.kz/  - 34  ақпарат.

 http://zhgu.edu.kz/ - 14 ақпарат.

Ресми сайттарда -12 ақпарат (bnews.kz, newtimes.kz, tengrinews.kz)

Әлеуметтік желілер: ВК-48 ақпарат; Фейсбук-53 ақпарат; Инстаграмм-25 ақпарат.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары барысында бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде 431

материал жарияланды. 



Орналастырылған күні: 24.07.2017 16:26

Өзгертілген күні: 24.07.2017 16:32:22

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх