Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +15 oC

2017 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қорытынды есеп

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын жүзеге асыру үшін  Алматы облысына 2017 жылға  республикалық бюджеттен 1 млрд. 802 млн. 641 мың теңге бөлінді, оның ішінде: (кепілдік ету -204,0 млн.теңге, грант – 72,0 млн.теңге, пайыздық мөлшерін  субсидиялауға – 1 млрд. 526 млн. 641 мың теңге).

«БЖК-2020» бағдарламасын жүзеге асыру үшін пайыздық мөлшерлемені субсидиялау шеңберінде ағымдағы жылғы 1 маусымда  Мәслихаттың отырысында жергілікті бюджеттен 300 млн. теңге бөлінді.

Жергілікті бюджеттен индустриялық инфрақұрылымды дамытуға  100,0 млн. теңге бөлінді.

Гранттарды ұсыну бойынша құжаттарды қабылдауды аяқтағаннан кейін  жергілікті үйлестірушілер 206 жобаны қабылдады, оның ішінде жалпы сомасы 72 млн.теңгеге 58 жобаны  мақұлдады.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 жылдарға арналған Бағдарламасын  жүзеге асыру үшін 2017 жылы жалпы 8 млрд. 513 млн. теңге бөлінді.

Бірінші бағыт «Техникалық - кәсіптік білім беру және қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға» – 1 млрд. 572 млн. 500 мың  теңге;

 Екінші бағыт «Жаппай кәсіпкерлікті дамытуға» – 5 млрд. 321 млн. 700 мың теңге, оның ішінде Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы арқылы – 1145,6 млн. теңге (РБ - 168,1 млн.теңге, ЖБ - 977,5 млн.теңге), Бағдарламаны жүзеге асыру Ережесіне сәйкес аталған қаражат Талдықорған және Текелі қалаларына арналған.

Қаржыландыру жоспарына сәйкес  көрсетілген қаражат ағымдағы жылдың сәуір айында «Даму «Қоры» АҚ аударылады.

Үшінші бағыт «Еңбек нарығын дамытуға» -     1 млрд. 619 млн. 500 мың  теңге).


Орналастырылған күні: 26.07.2017 16:42

Өзгертілген күні: 26.07.2017 16:43:56

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх