Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +12 oC

2017 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қорытынды есеп

Алматы облысы бойынша "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының" жүзеге асырылу барысы туралы
2017 жылдың 1 шілдесіне ақпарат

2017 жылы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының үш бағыты бойынша 8550,1 млн.теңге бөлінді(РБ 4031,4 млн.теңге, ЖБ – 4518,6 млн.теңге). Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне 1470,5 млн.теңге игерілді (жылдық жоспарға 17,2%).
Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде облыс бойынша 8350 адамды оқытуға 1572,5 млн.теңге қарастырылған. Оның ішінде:
1) тегін кәсіптік және техникалық білім берумен орта жастағы (15-24 жастағы) жастар қатарынан 1535 адамды оқытуға - 308,4 млн.теңге;
2) еңбек нарығындағы қажетті мамандықтарға жұмыс берушілердің сұранысы бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 6815 адамға - 1264,1 млн.теңге.

Жыл басынан қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен 3775 адам қамтылды.
Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде 1920 адамды қамту жоспарланып, 5321,7 млн.теңге бөлінді. Шағын несие беру жұмыстары басталды. 

2017жылдың 1 шілдесіне 224 адамның жалпы сомасы 1180,5 млн.теңгені құрайтын құжаттары мақұлданды. Оның ішінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 155 адамға жалпы сомасы 636,3 млн.теңге, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 69 адамның жалпы сомасы 544,2 млн.теңге. Қазіргі уақытта 49 адамға 232,4 млн.теңге шағын несие берілді.

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша пилоттық режимде 7 ауданда кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жүргізілуде. Бүгінгі күні кәсіпкерлік негіздеріне 671 адам оқытылып, оның 318-і сертификаттар алып шықты.
Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде 1655,8 млн. теңге бөлінді.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 915 адамды жұмысқа орналастыруға – 183,2 млн.теңге, жастар практикасына 1055 түлекті жолдауға – 360,1 млн.теңге жоспарланған.
Сонымен қатар, қоғамдық жұмыс орындарына 9155 адамға 1107,4 млн. теңге және Бағдарламаны сүйемелдеуге 5,0 млн.теңге қарастырылды.
Жыл басынан қоғамдық жұмысқа 5994 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 1021 адам және жастар практикасына 846 түлек жолданды.


Орналастырылған күні: 26.07.2017 17:07

Өзгертілген күні: 26.07.2017 17:09:22

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх