Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +15 oC

2017 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қорытынды есеп

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың
2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының
Алматы облысы бойынша 2017 жылдың 20 шілдесіне
орындалуы туралы ақпарат

 

«Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында Алматы облысына 2017 жылға – 33,6 млрд.теңге қаражат бөлінді, оның ішінде субсидия көлемі – 25,5 млрд.теңге немесе барлық қаражаттың – 75,8 %.

Бөлінген қаражаттың егін шаруашылығын дамытуға – 5,9 млрд.теңге, су шаруашылығын дамытуға – 2,0 млрд.теңге, мал шаруашылығына – 11,9 млрд.теңге, қайта өңдеуге – 0,6 млрд.теңге, инвестициялық субсидиялауға – 5,6 млрд.теңге, бюджеттік несие беруге – 4,1 млрд.теңге, қаржылық қызметтерге – 1,0 млрд.теңге, фитосанитарлық және ветеринариялық қауіпсіздікке – 2,4 млрд.теңге қарастырылған.

Ағымдағы жылдың 20 шілдесіне қаржыландыру жоспарына сәйкес  16,9 млрд.теңге игерілді немесе – 50,2%. 


Орналастырылған күні: 27.07.2017 10:36

Өзгертілген күні: 27.07.2017 10:38:09

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх