Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +12 oC

2017 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қорытынды есеп

Облыс бойынша медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту, тұрғындардың медициналық қызметке қанағаттанушылығы және денсаулық сақтауды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының мақсатты индикаторларына жету мақсатында, облыс әкімі және денсаулық сақтау министрлігі арасындағы меморандум бойынша Алматы облысында нақты жұмыстар жүргізілуде. 

Мемлекеттік бағдарламаның мақсатты индикаторы - өмір сүру жасының ұзақтығын 2019 жылға 73,0-ге жеткізу болып табылады.

Осы мақсатқа жетудің басты құралының бірі - медициналық-демографиялық жағдайды жақсарту, ана мен бала денсаулығын сақтау, жарақаттардан және жазатайым жағдайлардан, әлеуметтік маңызы бар аурулардан өлімді азайту және салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады.  

Облыстың денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 80,9 млрд. теңгеден 2017 жылы 83,8 млрд. теңгеге жетті, өсім 2016 жылмен салыстырғанда 16,7%-ды құрады.


Облыстың медициналық мекемелерінде 5 309 дәрігер және 14 047 орта буын медицина қызметкері жұмыс жасайды. Дәрігерлермен қамтамасыз етілу 10 мың адамға есептегенде 26,7-ні құрайды,  республикалық көрсеткіш (бұдан әрі -ҚР) – 36,6, орта буын медицина қызметкерлерімен – 70,6, ҚР –   88,4.

Кадр тапшылығын шешу үшін, медициналық мекемелердің  басшылары жыл сайын Семей және Алматы қалаларындағы медицина университеттерінде өтетін бос орындар жәрмеңкесіне қатысады.

Денсаулық сақтау басқармасы басқарма қызметінің индикаторларына жету бойынша нақты жұмыс жүргізеді, атап айтсақ, жалпы өлім, ана мен бала өлімі, қанайналым жүйесі ауруларынан, қатерлі  ісіктерден, туберкулезден өлім, қатерлі ісікпен науқастардың 5 жыл және одн көп өмір сүруі, қатерлі ісікті 1 және 2 дәрежесінде ерте кезде анықтау.

Облыс бойынша туу көрсеткіші 2017 жылдың 6 айында 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1000 туылғанға 25,44-тен  24,25-ке дейін төмендеді, сонымен қатар, жалпы өлім көрсеткіші де 1000 туылғанға 7,3-тен 7,09-ға дейін төмендеп отыр. Жалпы өлімнің төменгі шекті мәні  1000 адамға шаққанда 6,89 және 5 негізгі нозологиядан өлімді төмендеткен жағдайда  бұл индикаторға қол жеткізіледі. Негізгі топтар бойынша өлім құрылымын жазатайым жағдайлар, улану және жарақаттар - 1000 адамға 72,01, қатерлі ісік 100 мың адамға-  61,52, қанайналым жүйесі аурулары 100 мың адамға  - 128,7 құрайды  және   осы нозологиялардан өлімді төмендеткен кезде жалпы өлім бойынша  индикаторға қол жеткізілді деп есептейміз.

Облыста миокардтың жедел инфаркты кезінде медициналық көмек көрсетудің жетілдірілген моделін енгізудің Жол картасын іске асыру барысында миокардтың жедел инфарктынан өлім  100 мың адамға шаққанда 8,34-тен 6,39-ға дейін төмендегені байқалады.

Инсульттік орталықтардың негізгі мәселесі – невролог мамандардың жетіспеушілігі болып табылады, атап айтсақ,  Сарқан, Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарында жетіспейді.

Инсульттік орталықтарды нормативке жеткізу үшін, (250 мың адамға 1 ИО) тағы да 2 орталық ашу қажет, денсаулық сақтау басқармасы Іле және Панфилов аудандарында материалдық және кадрлық ресурстары бар ИО ашуды жоспарлап отыр.

Облыста қатерлі ісік ауруларымен сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 2016 жылғы 146,98-ден 2017 жылы 131,1-ге дейін төмендегені байқалады және қатерлі ісік ауруларынан өлім 100 мың адамға есептегенде 61,62-ге дейін төмендеді, бұл көрсеткіш 2016 жылы- 70,64-ті құрады.

Сонымен қатар, онкологиялық қызметті жақсартудың негізгі көрсеткішінің индикаторы – қатерлі ісікпен 5 және одан да көп өмі сүретін науқастардың үлес салмағы облыс бойынша 2017 жылдың 6 айында – 45,8-ді құрады, 2016 жылдың 6 айымен салыстырғанда 3,1%-ға ғана өсті. 

Көптеген жылдар бойы жарақаттанушылық мәселесінің өзектілігі артуда, оның үстіне жарақаттанушылықтың артуы ғана емес, соның салдарынан өлім-жітімнің өсуі, мүгедектікке әкелуі, уақытша еңбекке жарамсыз болып қалуы, яғни жарақат салдарының ауырлауы ерекше алаңдатушылық туғызады. 

Облыста 2017 жылдың 6 айында 838 жол-көлік оқиғасы тіркелді, бұл 2016 жылдың 6 айынан 4,6%-ға немесе  40-қа аз (878 ЖКО), жол-көлік оқиғасында қаза болғандар саны 167-ден 162-ге дейін азайып отыр.

Жазатайым жағдайлардан және уланудан өлім құрылымында 100 мың адамға есептегенде 18,7 өзіне өзі қол жұмсағандар құрайды, 16,89 көліктік және 100 мың адамға шаққанда 10,49 адам өлтіру жағдайлары.

Жарақаттанушылық кезінде медициналық көмек көрсетудің жетілдірілген моделі бойынша Жол картасын іске асыру үшін,  жедел жәрдем медицина қызметкерлерін реанимациялық және шұғыл көмек көрсетудің халықаралық стандарттарына оқыту жүргізіледі,  көліктік-құтқару медициналық пункттерінің базасында төтенше жғдайлар министрлігінің медиктерімен бірлесіп жұмыс істеу бойынша іс-шаралар жасалып жатыр.

2017 жылдың 6 айына ана өлімінің 4 жағдайы, оның 2-уі Талдықорған қаласындағы перинаталдық орталықта және 2-уі Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасында тіркелді, облыс бойынша  ана өлімінің көрсеткіші 100  мың тірі туғандарға шаққанда 20,7-ні құрады,   яғни 2016 жылдың 6 айындағы көрсеткіштен 4,4 есеге артық. Екі әйелдің өлімінің себебі - Эклампсия болды, 1 – аневризманың жыртылуы, 1 – анафилактикалық реакция. Барлық жағдайлар бойынша талдау жүргізілді, тәртіптік шаралар қабылданды, талдау барысында анықталған қателіктерге жол бермеу бойынша іс-шаралар дайындалды.  

Нәресте өлімі 2016 жылдың жартыжылдығымен салыстырғанда өлім 1000 тірі туғандарға 36,7%-ға 9,93-тен 7,26-ға дейін төмендеді.

Денсаулық сақтауды дамытудың «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, нәресте өлімінің төменгі шектік мәні 1000 тірі туғандарға 7,69-ды құрайтынын атап өту керек және жаңа туылған нәрестелерге медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту, балалық  шақтағы ауруларды ықпалдастыра жүргізу бойынша жұмысты күшейту кезінде бұл көрсеткіштің 2017 жылдың қорытындысы бойынша жетістіктің жоғары деңгейі болып табылады.

Жаңа туылған нәрестелерге және босанған әйелдерге медициналық көмек көрсету сапасын арттыру үшін, 2017 жылдың тамыз айында Талдықорған қаласындағы облыстық перинаталдық орталықтың базасында Литваның босандыру және неонатология саласындағы жетекші мамандарымен оқыту тренингі  өткізіледі, қамту 150 акушер-гинеколог және неонатологты құрайды.

Облыста Қазақстан Республикасында туберкулезбен күрестің 2014-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарының іс-шараларын іске асыру бойынша нақты жұмыстар жүргізілуде. Осы жоспарға сәйкес, 2016 жылдан бастап туберкулезге қарсы күрес қызметінде интеграциялау жүргізіліп жатыр, атап айтсақ, 2017 жылға туберкулезге қарсы кызмет мекемелерінің саны 8-ден 3-ке дейін, төсек саны  780-нен  670-ке дейін қысқарды.

Облыста 2017 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша  эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтанғандығы байқалады. 2017 жылы туберкулезбен сырқаттанушылық 6,6%-ға төмендеп, 53,6-ны құрады, ал 2016 жылдың 6 айында 100 мың адамға шаққанда 57,4 болды.

Облыс бойынша туберкулезден өлім 100 мың адамға шаққанда  2,2-ге дейін төмендеді, 2016 жылдың 6 айында өлім көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 2,6-ны құрады.

Қазақстан Республикасында қабылданған денсаулық сақтауды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында денсаулық сақтау саласын информатизациялауды дамыту жалғасып жатыр, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу үшін, ақпараттық негіз құрылуда.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 15 ақпандағы №422 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы - жаһандық бәсекеге қабілеттілік» халыққа Жолдауын  іске асыру бойынша жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының (бұдан әрі – ЖҰЖ) 52 тармағын орындау аясында нақты жұмыстар атқарылуда.

Қазіргі кезде облыста 822 денсаулық сақтау нысаны жұмыс жасайды, оның ішінде 659 нысан мемлекеттік (80,2%) және 163-і – жекеменшік (19,8%) болып табылады.

Алматы облысы бойынша барлық медициналық мекемелерде, стационарлық, сондай-ақ, емхана деңгейінде заманауи IT технологиялар енгізілген.

Медициналық мекемелерде 2017 жылғы 01 шілдеге 5 712 компьютер бар, компьютерлік техникамен жабдықтау 68,7%-ды құрады.

Компьютерлермен жабдықталу облыстық ауруханалар деңгейінде – 88%, емханаларда – 84%, аудандық және қалалық ауруханаларда – 85%, ауылдық ауруханаларда – 84%.

Интернет желісіне облыстық деңгейдегі 16 медициналық мекеме, 3 қалалық емхана, 19 аудандық және қалалық аурухана, 21 ауылдық аурухана, 185 дәрігерлік амбулатория, 54 фельдшерлік-акушерлік пункт, 31 медициналық пункт қосылған.

Облыстық және аудандық ауруханалар деңгейінде интернет желісіне 100% қолжетімділік қамтамасыз етілген, ауылдық ауруханалар деңгейінде  72,4% мекеме, 78,7% дәрігерлік амбулатория, 51,9% фельдшерлік-акушерлік пункт және 13,4% медициналық пункт интернет желісіне қосылған.

Денсаулық сақтау жүйесінде медициналық ақпараттарды автоматтандыру, статистикалық мәліметтерді өңдеу мақсатында, медициналық ақпараттық жүйелер (бұдан әрі - МАЖ) қолданылады.          Медициналық 493 мекемеде статистикалық ақпараттарды жинауға және облыстық, аудандық және қалалық ауруханалар деңгейінде қаржыландыруды қамтамасыз етуге барлық ақпараттық жүйелер пайдаланылады, ауылдық ауруханалар және дәрігерлік амбулаториялар деңгейінде – 15, фельдшерлік-акушерлік және медициналық пункттерде – 6.

Облыстың медициналық 205 мекемесінде «Жетісу» МАЖ қолданылады (жасаушы «Жетісу автоматтандыру орталығы» ЖШС-і). Қалалық медициналық жедел және шұғыл жәрдем станциясында 2011 жылдан бастап К2 ақпараттық жүйесі қолданылуда (жасаушы Қарағанды қаласының «»Kaz Sat Group» ЖШС-і).

Облыстың медицина қызметкерлері компьютерлік сауаттылыққа, денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйесіне мәліметтерді енгізу бойынша оқытылды. Қолда бар ақпараттық бағдарламалардың ақпараттық-техникалық тіркеуін ШЖҚ «Республикалық электронды денсаулық сақтау орталығы»  РМК-ы Алматы облыстық филиалы іске асырады.

Электронды денсаулық сақтау орталығы мамандар үшін автоматтандырылған жұмыс орындарын құрды, олардың жалпы саны  8 315 құрайды.

Медициналық мекемелерді жергілікті (локальді) ақпараттық жүйелермен толық қамтамасыз ету үшін, жұмыс орындарын 100% компьютерлермен жарақтап,  оларды жергілікті есептеу желісіне қосуды қамтамасыз ету қажет. 

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды табысты іске асыру үшін, 500,0 млн. теңгеге 2603 компьютер сатып алу қажет, жұмыс орындарында медициналық ақпараттық жүйені енгізу үшін,72,1 млн.теңге қажет.


Орналастырылған күні: 31.07.2017 15:16

Өзгертілген күні: 31.07.2017 15:17:51

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх