Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +12 oC
2017 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қорытынды есеп

2017 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қорытынды есеп

Есепті кезеңде Алматы облысы әкімдігінің 2017 жылғы 24 ақпандағы наурыздағы № 80 қаулысымен бекітілген Тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2017-2019 жылдарға арналған іс шаралар жоспарына сәйкес жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келеді.


Барлық аудан, қалаларда Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша 2017-2019 жылдарға арналған өңірлік іс шаралар жоспарлары бекітілді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мақсатында, есепті кезеңде облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы мен оның аудан, қалаларда орналасқан 9 филиалындағы мемлекеттік тілді оқыту курсына 661, ағылшын тілі курсына 186, орыс тілі курсына 30 тыңдаушы қабылданды. Тыңдаушылардың сапалық құрамы бойынша: мемлекеттік қызметшілер 221, бюджеттік сала мамандары 531, мемлекеттік тілді меңгеруге ниет білдірген тұрғындар 125 адам. Үстіміздегі жылдың І жартыжылдығында тыңдаушыларға 257 сертификат, 528 куәлік, 75 анықтама берілді. 


Сонымен бірге, ағымдағы жылы ағылшын тілін оқытуға қосымша 2 штаттық бірлік бөлініп, барлығы 4 оқыту орталығы (Талдықорған, Қапшағай қалалары, Қарасай, Іле аудандары) ағылшын тілін тегін оқуға мүмкіндік алды.
2017 жылдың І жартыжылдығында Қазтест жүйесі негізінде мемлекеттік қызметшілер және бюджеттік сала қызметкерлері арасында 13051 адам диагностикалық, 238 адам сертификаттық тестілеумен қамтылды.
Тілдік жағдайды зерделеу үшін облыстық және жергілікті атқарушы органдардағы кіріс-шығыс құжаттарына тоқсан сайын мониторинг жасалып тұрады. Есептік кезеңде мемлекеттік тілдегі кіріс құжаттарының үлесі 86 %, шығыс құжаттарының үлесі 99,3 % -ды құрады.


Облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес Ескелді, Ұйғыр ауданындағы ономастикалық ахуалдың жай-күйіне зерделеу жүргізіліп, анықталған кемшіліктерді түзету бойынша аудан әкімінің әлеуметтік салаға жауапты орынбасарларының есебі тыңдалды.
Қаратал ауданы Үштөбе қалалық округіне қарасты Опытное ауылын Ойсаз ауылы, Кербұлақ ауданы Қаспан ауылдық округіне қарасты Водное ауылын Қайнарлы ауылы, Қарасай ауданы Үшқоңыр ауылдық округі мен Үшқоңыр ауылын Шамалған ауылдық округін Шамалған ауылы деп қайта атау туралы ұсыныстар бойынша қолданыстағы заң актілеріне сәйкес тиісті жұмыстар жүргізіліп, облыс әкімдігі мен мәслихатының бірлескен шешім жобасы әзірленді.


Сонымен бірге Панфилов, Сарқан, Іле, Талғар, Райымбек аудандарындағы елді мекендердің жаңа көшелеріне (барлығы 35 көше) тарихи жер-су және ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулар берілді.
Жыл басынан «Сәрсенбінің сәтінде...» әдеби кеш, тіл және өнер қайраткерлеріне арналған «Тағзым – 3» шарасы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тілді үйрету: әдіс, тәжірибе, инновация» атты республикалық семинар, «Мемлекеттік тіл және БАҚ», «Тіл шебері», «Үздік ұжым» облыстық байқаулары және «Өңірлердегі ономастикалық атауларды реттеу мәселелері» атты семинар-кеңес өтті.


«Қазконтент» АҚ «Әдебиет порталы» интернет сайтында онлайн түрде өтетін Т. Молдағалиевқа арналған «Жүрегі жырдан жаралған» республикалық онлайн жазба ақындар байқауының ережесі жарияланып, ұсыныстар түсуде.
«Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары» республикалық байқауында облыстық «Жетісу» телеарнасы «Тілсақшы» бағдарламасының редакторы М. Абитаева Бас жүлдеге ие болды. 

 
2017 жылдың сәуір-маусым айларында басқарманың ұйымдастыруымен облыс бойынша халыққа қызмет көрсету нысандары мен қоғамдық көліктердегі деректемелер мен көрнекі ақпараттарда тіл нормаларының Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңының талаптарына сәйкес ресімделуін, олардың сауатты жазылуын қамтамасыз ету мақсатында «Тіл тазалығын сақтайық!» акциясы өтті. Акция барысында аудан, қалаларда құрылған арнайы топтармен 616 зерделеу жүргізіліп, 2449 нысан қамтылды. Нәтижесінде 862 кемшілік анықталып, оның ішінде 596-сы түзетілді.


Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы тарапынан облыстағы тіл мәселесіне қатысты атқарылатын жұмыстар жүйелі түрде жалғасатын болады.


Орналастырылған күні: 18.07.2017 16:37

Өзгертілген күні: 18.07.2017 16:38:57

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх