Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған -15 oC
2017 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

2017 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

Облыс аумағында  105 этнос өкілдері тұрады. 23 облыстық этномәдени бірлестігі мен олардың  аудандардағы - 38 және қалалардағы  10 филиалдары (жалпы саны –71)  тіркелген. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанында тұрақты негізде  ғылыми-сараптамалық топ, этносаралық тақырып бойынша жетекші журналистер мен сарапшылардың клубы, «Ұлағат» ақсақалдар кеңесі, «Аналар кеңесі», «Облыстық Қоғамдық келісім кеңесі» және «Бірлік» жастар қауымдастығы, «Парасат» тіл жанашырлар клубы, «Өрнек» би ансамблі, “Полония” вокалды тобы,  «Көркем-ай» өнер-тәлім отауы, «Вайнах» шешен-ингуш ән-би ансамблі, «Melоdi Kids» ән студиясы жұмыс істейді.

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылдың 25 қаңтарындағы Қазақстан халқына Үндеуі мен 31 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру мақсатында Алматы облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы этномәдени бірлестіктерінен 71 ақпараттық-насихаттық топ құрылып, белгіленген жоспарға сәйкес түрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен құрылған Қоғамдық келісім кеңестері бүгінгі таңда үлкен күшке айналып отыр. Алматы облысы бойынша 627 Қоғамдық келісім кеңестері құрылған. Оның 16-ы аудандық және 3-қалалық, 252 ауылдық округтерде, 340 елді мекенде және 15 кәсіпорындарда құрылып, қоғамдық негізде жұмыс істейді.

Облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің  2017 жылға арналған іс-шара жоспарына сәйкес I тоқсанда  жалпыреспубликалық «Ауылдық округ күні» тақырыбында 181 шара ұйымдастырылып, оған 18 124 адам қатысты. Сондай-ақ: 22 семинар, 1 форум, 4 конференция, 33 дөңгелек үстелдер,   241 халықпен кездесулер, 1 фестиваль, 2 мега жоба, 29 кеңейтілген мәжілістер, 16 акция және   басқа да форматтағы шаралар ұйымдастырылып, жергілікті жерлерде нақты әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша  349 –ға жуық мәжілістер өткізілді. Аталған шараға барлығы  20365 адам қамтылды. Тұрғындарға әлеуметтік-экономикалық мәселелеріне қатысты, қайырымдылық көмек көрсету жайындағы тағы басқа да жеке сұрақтарына жауап берілді.

«Қайырымды Ел» акциясы облыста 1-наурыз Алғыс айту күнінде бастау алып, бүгінгі күнге дейін 579 шара ұйымдастырылып, 39 601 адамға 11 млн. 501 961 теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетілді.

Аналар кеңесі 16 аудан, 3 қалада түрлі форматтағы 240-қа жуық іс-шаралар өткізді:

4 - мерекелік шара, 14– семинар, 1– сауалнама, 1– форум,                             7- конференция, 72– дөңгелек үстел,  84– кездесулер  (көшпелі отырыс),    1 - фестиваль, 2 – мега жоба, 28– байқау, 14- кеңейтілген мәжіліс,                            3– акция өткізіліп, оған жалпы 11921адам қатысты.


Алматы облысынды  кәсіби медиаторлардың саны 22 болса,  кәсіби емес медиаторлардың саны 272-ні құрайды.  Бір медиация кеңесі бар.

Облыста 2 медиация орталығы, яғни «Халықаралық құқық қорғау орталығы» қоғамдық бірлестігі және «Медиация дамыту орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің филиалдары жұмыс істейді.

 Үстіміздегі жылдың 10 ақпанында «Даулар мен жанжалдарды реттеуге арналған медиация негіздері, сотқа дейінгі міндетті реттеу» семинар-практикумға қатысушы 30 адамға және 16 - 17 ақпан күндері «Медиация негіздері» тақырыбында сынып шеберлігі, «Этносаралық медиативтік біліктілік» семинар-тренинг өткізіліп,  қатысқан 110 адамға сертификат берілді.

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде  Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы мен Ғылыми-сарапшылық топтың бірлескен жоспарына сәйкес 1– пікірталас, 1 – жалпыреспубликалық дәріс, 1 – дөңгелек үстел, 1 – кездесу, 1-конференция, 5 - шара ұйымдастырылып, тартымды баяндамалар жасалды. Қатысқан адамдар саны – 621.

Әлеуметтанымдық сауалнама бойынша Зерттеудің мақсаты мен міндеті: қоғамдық келісімді сақтау, оның алаңдататын тұстарын саралау, қауіп-қатерлердің алдын алу, әлеуметтік, рухани өмірдің маңызды тұстарын қадағалау, болашақ үдерістерді болжау нәтижесі бойынша тәжірибелік ұсыныстарды жасау үшін Алматы облысындағы этносаралық ахуалдың жағдайын, өзгерістерін және әсер ету факторларын зерттеу жүргізілуде.

Респонденттер саны: 900 респондент. Зерттеу барысында 16 аудан мен 3 қалада этносаралық қатынастар мәселелері бойынша бірыңғай әлеуметтанымдық мониторинг жүргізілді. Ерлер мен әйелдердің арақатынасы: 395 / 505 құрады. Алынған нәтижелер сұралушылардың жасы, ұлты, білімі және табыс деңгейі тұрғысында талданды. Сұралушылардың қатарында әлеуметтік жағдайы түрлі қызметкерлер, кәсіпкерлер, жалдамалы жұмысшылар, студенттер мен зейнеткерлер бар.

Алматы облысында жүргізілген сауалнаманың нәтижесінде респонденттер этносаралық қарым-қатынастарды жағымды деп бағалады.

Жетекші журналистер мен сарапшылар клубы бойынша 14 наурыз күні Талғар аудандық кітапханасында «Қазақстан халқы Ассамблеясының 2025 жылға дейінгі Мемлекеттік стратегиялық бағдарламасын жүзеге асырудағы БАҚ-тың рөлі» тақырыбындағы көшпелі жиыны өтті.

Жиынның мақсаты: өңірдегі, облыстағы этносаралық қатынастар саласын, достық, бірлік, қоғамдық келісімді сақтау мәселелерін басқа да жұмыстарын жүйелі жүргізу.

Алматы облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының» I-тоқсанда өткізген іс-шараларының Баспасөз ақпарат құралдарында жариялануы; 90 ақпарат газет беттерінде жарияланды. Оның ішінде республикалық газетте – 13 ақпарат, облыстық газеттерде – 58, қалалық газеттерде – 5 ақпарат, аудандық газеттерде –              14 ақпарат.  Теларналардағы сюжеттер бойынша: «Жетісу» телеарнасында 20 қазақша, 20 орысша сюжеттер жаңалықтарда берілді, және айына 1 рет «Единый народ» бағдарламасы, 1 тоқсанда 3 рет шықты. «Жетісу» арнасында жалпы 43 материал берілді. «Қазақстан ұлттық телеарнасында»   24 сюжет, «Хабар, 24 арнасында» 40 ақпарат берілді.

Ресми сайттарда:

http://dostyk.zhetisu.gov.kz  - 22 ақпарат.

http://zhetisu.assembly.kz/  - 28 ақпарат.

http://zhgu.edu.kz/ - 14 ақпарат.

Әлеуметтік желіде:   «ВК» – 24 ақпарат.

Баспасөз ақпарат құралдарында жалпы 285 ақпарат жарық көрді.

Алматы облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы, «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы» ұйымдастыруымен республикалық, облыстық, аудандық деңгейде   I-тоқсанда облыс  бойынша 1430 іс-шара өткізіліп, 96548 адам қамтылды.



Орналастырылған күні: 18.04.2017 17:39

Өзгертілген күні: 18.04.2017 17:43:06

Елді мекендерге бұрылыс салу туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Наверх