Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +2 oC
2017 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

2017 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

Алматы облысы бойынша 2017ж. 3 айында өткен жылдың тақылеттес кезеңімен салыстырғанда эпидемиологиялық вирустық «А» гепатиті, сальмонеллез,  менингококк, эпидемиялық паротит, эхинококкоз жұқпаларының жоғарылауымен, жіті ішек жұқпаларының төмендеуімен сипатталады. 

Вирустық гепатит «А» жұқпасының – 32 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 16 (50%), 100 мың тұрғынға шаққандағы сырқаттанушылық көрсеткіші 1,60 – 2,74 құрады. Сонымен қатар, өткен жылмен салыстырғанда сырқаттанушылық 2 есеге жоғарылаған. Вирустық «А» гепатитіне қарсы барлығы 2 жасқа толған балалардың 10 329 жоспарлы, 899 адам эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша иммундаумен қамтылды. Жұқпа ошақтарында қарым-қатынаста болған 583 адам анықталып, медициналық бақылауға алынған, оның ішінде биохимиялық әдіспен аминотрансфераза ферменттерінің белсенділігіне 95 адам тексерілген (16,2%).

Вирустық «С» гепатитінің – 14 жасқа дейінгі балалар арасында 1 жағдайы тіркелді, 100 мың тұрғынға шаққандағы сырқаттанушылық көрсеткіші 0,05 – 0,17 құрады. Сонымен қатар, өткен жылмен салыстырғанда сырқаттанушылық 2 жағдайға жоғарылаған.

Созылмалы парентеральды гепатиттердің 175 жағдайы тіркелді, 14 жасқа дейінгі балалар арасында 2 (1,1%) жағдайы тіркелді. 100 мың халыққа шаққандағы сырқаттанушылық көрсеткіші 8,73 – 0,34 құрады. Оның ішінде созылмалы вирустық «В» гепатитінен - 77, созылмалы вирустық «С» гепатитінен – 98 жағдайы тіркелді.

Жіті ішек жұқпасының 106 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 75 (71%), 100 мың адамға шаққандағы көрсеткіш 5,29 және 12,8 құрайды. 2016 жылдың тақылеттес уақытымен салыстырғанда сырқаттанушылық 1,4 есеге төмендеген. Жұқпаның таралу жолы 96,6% анықталды, барлығы тағам арқылы – 100%. Үй жағдайында дайындалған, тоңазытқышсыз сақталған тағам басты факторы болып қалуда.     

Сальмонеллез жұқпасының 3 жағдайы тіркелді, 100 мың адамға шаққандағы көрсеткіш 0,15.

Менигококкты жұқпаның 2 жағдайы 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелді, 100 мың халық санына шаққандағы көрсеткіштері 0,10 – 0,34 құрады.

Эпидемиялық паротиттің 3 жағдайы, 14 жасқа дейінгі балалар арасында 2 жағдайы тіркелді, 100 мың халық санына шаққандағы көрсеткіштері 0,15 – 0,34 құрады. Былтырғы жылмен салыстырғанда сырқаттанушылық 3 жағдайға жоғарылаған.

Эхинококкоз жұқпасының 44 жағдайы тіркелді, 14 жасқа дейінгі балалар арасында 12 (27,2%) жағдайы тіркелді. 100 мың халыққа шаққандағы сырқаттанушылық көрсеткіші 2,20 – 2,05 құрады.

Облыс бойынша бруцеллез сырқаттанушылығы 2016 жылдың осы уақытымен салыстырғанда  9 жағдайға жоғарылады, 25 жағдайдан 34 жағдайға дейін. Бруцеллезбен науқастанғандардың 82,4% ауыл тұрғындары, сырқаттанушылық облыстың 29 елді  мекенінде тіркелді.

Адамдар арасында құтырма ауруы тіркелген жоқ. Сонымен бірге облыстың 2 ауданында (Ақсу, Райымбек) ауылшаруашылық малдары арасында құтырма ауруына күдікті 3 жағдай тіркелді,  2 жағдайда құтырма ауруының диагнозы зертханалық жолмен расталды. Ошақтардың барлығы ветеринарлық қызметпен бірлесіп тексеріліп, тиісті шаралар атқарылды, қарым – қатынаста болған 15 адам есепке алынып, олардың антирабиялық екпелерінің күнбе – күн алынуына тізім бойынша бақылау жүргізілуде.

Облыс аумағында оба, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы тіркелген жоқ.  Департаменттің  зоологиялық-паразитологиялық тобымен көктемде-күзде іс-сапарлар ұйымдастырылып, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына, туляремия және басқа карантиндік инфекциялардың эпидемиологиялық жағдайының қолайсыздығына байланысты аудан аймақтарындағы табиғи ошақтарының белсенділігіне геоақпараттық жүйе бойынша мониторинг жүргізіледі. Көктем,  күз айларында тексеру барысында сыртқы ортадан алынған оң нәтижелі  сынамалар электрондық картаға енгізіліп тұрады.

Адам иммунтапшылық вирусы жұқпасымен (АИТВ) 81 жағдай тіркелді, 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш 4,1 құрады. 15-49 жас топтары арасында АИТВ жұқпасының таралу көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 0,002 құрады.

Аса қауіпті инфекциялардың алдын алу мақсатында бруцеллез, сібір жарасы, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы мен құтырма аурулары бойынша бейнероликтер түсіріліп, облыстық «Жетісу» телеарнасы арқылы көрсетілуде. Сондай-ақ құтырма, бруцеллез және сібір жарасы жұқпаларының алдын алу және сақтық ережелерін насихаттау мақсатында департаментпен күнтізбелер жасалып, халыққа таратылуда.

  Қазіргі уақытта 741 елді мекендердің 622-і (83,9%) орталықтандырылған,  106-і (14,3%)  орталықтандырылмаған, 9 (1,21 %) елді  мекен тасымалды сумен қамтылады, оның 6 Сарқан ауданындағы разъездер:  Керегетас, Сарықұлақ, Арғанаты, Ақбалық, Қаратас, Көкшалғын, Жамбыл ауданындағы Ащысу және Бозой ауылы, Іле ауданындағы Күрті ауылы және 4  өзен суын қолданады. Микробиологиялық көрсеткіш талаптарына сәйкес ауыз суының меншікті салмағы төменгі деңгейлік қалпында болып, 3,6% құрады. 

Радиациялық ахуал бірқалыпты, радиациялық фон  0,11-0,18 мкЗв/сағ. құрады.

Облыс бойынша 178 рентген кабинеттері  жұмыс істеиді.  2017 жылдың 1 тоқсанында оның 8-і, дозиметриялық өлшемдерді қолдана отырып, санитариялық-гигиеналық тексерулер жүргізілді.

Есепті жылы облыс аумағындағы тағам объектілерінің жұмысымен байланыстырылған топтық аурушаңдық тіркелмеді.

2017 жылдың 1 тоқсанында 2016 жылдың  1 тоқсанымен салыстырғанда эндемиялық зобпен аурушаңдық саны барлық жас топтары арасында 6144-ден 5854-ке азайды.  Облыс аумағында йодпен байытылған сүт өнімдерін өндіру жалғасуда (сүт зауыттары ААҚ АӨК «Адал» Еңбекшіқазақ ауданы (сұраныспен), «Үштөбе Айдын» ЖШС Қаратал ауданы,  «Ляззат-2006» сүт цехы мен  ЖК Л. Жолтабарованың наубайханасы Талдықорған қ.).

Департаменттің  бақылауында барлығы 2035 білім беру ұйымдары бар.  Ыстық тамақтану  538 (72,9%)  мектепте ұйымдастырылған, 98 (13,2%) - буфеттік. Барлық 538 (100%)  асханалар жекеменшік кәсіпкерлерімен жалға алынып, жұмыс істеуде.  Мектептер медициналық кабинеттермен 99%, медициналық кадрлармен 100% қамтамасыз етілді.

 

 

 

 

 

 

 

 


Орналастырылған күні: 18.04.2017 17:14

Өзгертілген күні: 18.04.2017 17:15:32

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Наверх