Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +12 oC
2017 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

2017 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

Алматы облысындағы қоғамдық-саяси ахуал туралы

 

Облыс бойынша 103 ұлт өкілдері, 71 ұлттық – мәдени орталықтар,  354 үкіметтік емес ұйымдар, 12 салалық кәсіподақ бірлестіктері, 102 бұқаралық ақпарат құралдары, 67 жастар бірлестігі және саяси партиялардың 6 облыстық филиалдары жұмыс атқарады. Саяси партиялардың арасында  «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы белсенділігін көрсетуде.

Облыстың жергілікті атқарушы органдары тарапынан өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын сақтау  мен әлеуметтік шиеленіс ошақтарын болдырмаудың алдын алу мақсатында нақты жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.

Аудандық, қалалық әкімшіліктерден  келіп түскен мәліметтерге сәйкес, өңірде тұрғындарды алаңдататын, өз шешімін таппаған өзекті мәселелер тиісті деңгейде шешілуде. 

Бейбіт митингілер мен шерулер бойынша алдын-алу шаралары қабылданып, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізілуде.

2017 жылдың басынан жергілікті атқарушы органдарға 8 өтініш түсті (оның ішінде 1 – рұқсат берілді, 4 – арызданушыдан бас тарту туралы өтініштің түсуіне байланысты қараусыз қалдырылды, 3 – «Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» заңының талаптары түсіндіріліп, өтініштерін толықтыру туралы ұсыныс берілді).

Ү.ж. I тоқсанында жоспарға сәйкес өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалды саралау, саяси партиялар  мен үкіметтік емес  ұйымдармен  жұмысты жүйелі түрде ұйымдастыру, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және мемлекеттік рәміздерді қолданудың талаптарын түсіндіру мәселелері бойынша аудандық, қалалық ішкі саясат бөлімдерінің басшылары іс-тәжірибеден өтті.

Сондай-ақ,  Ескелді, Кербұлақ, Қаратал, Көксу аудандарында ішкі саясат бөлімдерінің жұмыстарына әдістемелік көмек көрсетілді.

Жергілікті атқарушы органдардың азаматтық қоғам институттарымен өзара байланысын қамтамасыз ететін аудандық, қалалық әкімдіктер жанындағы қоғамдық келісім кеңестері тұрақты негізде 252 ауылдық округті қамтып, пікірлесу алаңы тұрғысында қызмет етеді.

Этносаралық қатынастың дамуына әсер ететін теріс үрдістердің алдын алу және болдырмау мақсатында  көпұлтты аймақтар ерекше бақылауға алынған. Бүгінгі таңда этнос өкілдері тығыз қоныстанған аудандарда наразылық пен шиеленіске әсер ететін, сондай-ақ қоғамдық – саяси ахуалды ушықтыратын жағдайлар байқалмады.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметі қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын-алуға және құқықтық тәртіпті сақтауға бағытталған бірқатар ұйымдастырушылық және практикалық шаралар жүргізді.

Осыған орай, жергілікті полиция қызметінің мемлекеттік және өзге де органдармен, ұйымдармен, мекемелермен бірлескен іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді.

Жедел жағдайды бақылап отыру мақсатында барлық қала аудандық ішкі істер басқарма бөлімдерінде бейнебақылау камераларының техникалық мүмкіндіктері барынша қолданылады. Бейнебақылау камералары неғұрлым адам көп жиналатын орындарда, наразылық акциялары өтуі мүмкін жерлерде, сондай-ақ үлкен көшелердің қиылыстарында орнатылған.    

Анықтама үшін: қазіргі таңда Алматы облысының аумағында 144 бейнебақылау камералары орнатылған, оның ішінде:

Талдықорған қаласында -71;

Қапшағай қаласында – 8;

Жамбыл ауданында – 8;

Еңбекшіқазақ ауданында  -8;

Қарасай ауданында -19;

 Іле ауданында – 15;

Талғар ауданында -15.

Сонымен қатар, облыс орталығы Талдықорған қаласында «Қауіпсіз қала» бағдарламасы аясында 396 бейнебақылау камераларын орнату жоспарлануда.

Қазіргі уақытта қоғамдық-саяси ахуал тұрақты, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табуда.

   

Азаматтық қоғам институттарының өзара әрекеттестігі туралы

Облыстық әділет департаментінің 2017 жылғы 1 наурыздағы  мәліметтері бойынша облыс бойынша 968  үкіметтік емес ұйымдар тіркелген. Олар әр түрлі бағыт бойынша:  білім беру саласында, әлеуметтік бағытта, жастар саясаты жөнінде, экология тақырыбында, әскери-патриоттық, салауатты өмір салтын қалыптастыру жөнінде, гендерлік теңдік бағытында және  басқа бағыттарда жұмыс істейді. 

Өңірдегі ҮЕҰ дерекқорын жаңарту мақсатында жыл басында облыстық әділет, статистика, мемлекеттік кірістер департаменттеріне, аудан, қала әкімдіктеріне арнайы хат жолданды. Қазіргі уақытта «Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 51 бұйрығының 12 тармағына сәйкес үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтер жинастырылуда.

Дерекқор бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына Алматы облыстық Азаматтық Альянсы тартылып, сондай-ақ облыстық «Жетісу», «Огни Алатау», аудандық, қалалық БАҚ-да, аудандық, қалалық әкімдіктерінің, облыстық ішкі саясат басқармасының ресми сайттарында қысқаша ақпараттар, әдістемелік ұсынымдар, жадынамалар орналастырылды. Аудандық, қалалық әкімдіктер тарапынан үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілеріне хабарламалар таратылуда.

2017 жылғы 2 ақпанда өңірдегі саяси партиялар және үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілерімен Қазақстан Республикасы  Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын  түсіндіру және насихаттау мақсатында  кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге  облыс әкімінің орынбасары Ж.Омар қатысты.

2017 жылғы 9 ақпанда Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігімен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коммерциялық емес ұйымдар қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын түсіндіру және талқылау мақсатында, сондай-ақ дерекқор мәселесі бойынша  үкіметтік емес  ұйымдардың   қатысуымен бейнеконференция арқылы селекторлық кеңес өткізілді. Қатысқан ҮЕҰ саны – 20. 

17 ақпанда облыс әкімі Амандық Ғаббасұлы Баталовтың қатысуымен Ауған соғысы  ардагерлерімен  кездесу ұйымдастырылды. Шараға облыс басшылары, басқарма және департамент басшылары, Ауған соғысы ардагерлері, БАҚ өкілдері, барлығы 80 адам қатысты.

 15 наурызда  өңірдегі үкіметтік емес ұйымдар өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру туралы аудан, қала әкімдерінің қатысуымен бейнебайланыс арқылы арнайы селекторлық жиын өткізілді. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Ж.Омар қатысып,  ү.ж. 31 наурызына дейін өңірдегі ҮЕҰ-дар өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну туралы нақты тапсырмалар берілді.

2017 жыл басынан осы бағытта аудан, қалаларда 20 астам «дөңгелек үстелдер», кездесулер ұйымдастырылып, аталған шараларға 450 адам қатысты.

Жалпы, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа 2017 жылы -  404,925 млн.теңге бөлінді. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың салалық принциптерін кеңейту мақсатында облыстық денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, ішкі саясат, дін істері және жастар саясаты жөніндегі басқармалары, сондай-ақ, аудандық және қалалық әкімдіктері тиісті жұмыстар атқаруда.  Бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктері өз салалары бойынша әлеуметтік жобалар тақырыптарын бекітіп, биылғы жылы жалпы 127 әлеуметтік жобаларды іске асыру жоспарлануда.

Облыс әкімдігінің 2017 жылғы 8 ақпандағы №89 Қаулысымен облыс әкімдігі жанындағы азаматтық қоғам институттарымен өзара байланыс жөніндегі Кеңес Ережесіне өзгертулер енгізіліп, құрамы қайта толықтырылды. Мүдделі басқарма басшылары, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, қоғамдық ұйым жетекшілері кіретін Кеңес құрамы 16 адамнан жасақталды. Облыстық Кеңес жоспарына сәйкес 2017 жылдың 1 тоқсанында  Райымбек, Кербұлақ аудандарындағы жергілікті атқарушы органдардың азаматтық қоғам институттарымен өзара байланыс жөніндегі атқарылған жұмыстар туралы Кеңес төрағаларының есептері тыңдалды.  Отырысқа Кеңес мүшелері, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары, ішкі саясат бөлімдерінің басшылары  қатысты.

                    

Ақпараттық сүйемелдеу туралы

Қазақстан Республикасының Президенті Н..Назарбаевтың Қазақстан халқына  «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты  Жолдауын  түсіндіру мақсатында құрамында 2602  адамы бар облыстық, аудандық, қалалық 335  ақпараттық топ құрылып, шығу кестесі бекітілген. Топ мүшелері аудандар мен  қалаларда, елді мекендерде  216  кездесу өткізді.  Ақпараттық  жұмыспен   23 324    тұрғын қамтылды. 

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың  ақпан айының 16-25 күндері аралығында  8  адамнан  құрылған  республикалық ақпарат топ  мүшелелері Жолдаудың басымдықтарын  түсіндіру бойынша облыс көлемінде жұмыс атқарды.  Олар 28 кездесу  өткізіп,  4 675   облыс тұрғындарымен кездесті.          Жолдауының   мәтіні басылған және негізгі қағидаларын түсіндіру мақсатынды әзірленген   әдістемелік құралдар  10 000   данамен  басылып шығарылып,   ақпараттық топ мүшелеріне және облыс тұрғындарына таратылды.                                                                                                     

БАҚ-да сөз сөйлеу үшін мемлекеттік мекемелердің басшыларының, депутаттардың, ҮЕҰ, жастар ұйымдарының, этностық-мәдени бірлестіктердің өкілдерінің ішінен спикерлер пулы құрылды.

2017 жылдың 2 ақпанда облыс әкімінің орынбасары Ж.Омар  Жолдаудағы негізгі бағыттарды жергілікті жерлердегі тұрғындарға жеткізу мақсатында  облыстық  ақпарат топтар мүшелерімен   семинар өткізді.

Облыстық, аудандық газеттерінде «Актив жиыны», «Әкімдер есебі», «Селектор», «Послание Президента – руководства к действию», «Отчеты акимов всех уровней», «Совещания» атты арнайы айдарлар ашылып, мақалалар жариялануда.

Алматы  облысының  өңірлік  коммуникациялар  қызметі жергілікті атқарушы орган басшыларымен 33 брифинг өткізді.       

Облыстың және барлық мемлекеттік органдардың ресми сайттарында 63 мыңнан астам оқырмандары бар аудан, қала әкімдерінің және әкімдіктерінің, облыстық басқарма басшыларының «Instagram», «Facebook», «ВКонтакте» әлеуметтік желілерінде парақшаларына күнделікті ақпараттар жариялануда.      

Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс шеңберінде жергілікті атқарушы мемлекеттік органдардың қызметтері бойынша ақпараттық  сүйемелдеу үшін «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Время», «31 канал», «Хабар 24», www.kazinform.kz, Kazakhsan Today.kz, «Nur.kz», Tengrinews.kz, Zakon.kz, Today.kz, Ult.kz, Abai.kz, BNews, qamshy.kz, Altyn-orda.kz және тағы басқа  республикалық  бұқаралық ақпарат құралдармен  тұрақты түрде ақпарат алмасып отырылады.    Ақпараттық сүйемелдеуге  жалпы облыстық медиа-план жасалынды.


Ішкі саяси бағыттар бойынша жоспарлау туралы

Ішкі саясат саласындағы мемлекеттік саясатты жүйелі түрде жүргізу, өткізілетін шаралардың саяси-идеологиялық бірегейлігіне қол жеткізу мақсатында мемлекеттік ұлттық мерекелер, қоғамдық-саяси маңызды іс-шаралар  жоспарланып, іске асырылды.

Өңірде ішкі саясат саласындағы жұмыстарды жоспарлау, ұйымдастыру, жүйеге келтіру бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды.

2017 жылғы 25 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Президентінің билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі үндеуін, Қазақстан Республикасының Президенті Н..Назарбаевтың Қазақстан халқына  «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты  Жолдауын халық арасында түсіндіру бойынша шаралар тізбесіне сәйкес облыста, сондай-ақ аудан, қалаларда жүйелі кестелер әзірленді.

Елбасы Жолдауын түсіндіру мақсатында Алматы облысының тұрғындарымен кездесу сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының жұмыс кестесі құрылды.


Аталған кестелерге сәйкес Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіне өткізілген іс-шаралар  бойынша күнделікті есеп жолданды.

2017 жылға арналған идеялық-ақпараттық жұмыстың базалық басымдықтарына, елеулі мерейтойлық даталарға оқиғалар қатары әзірленді.

 Сондай-ақ, ел бірлігін және қоғамды топтастыруды қамтамасыз ету барысында азаматтық қоғам институттарымен, өңірдің қоғам жұртшылығының өкілдері шараларға тартылуда.

Облыстық аудан, қалаларында өткізілген барлық шаралар тұрғындардың басым көпшілігіне оң ықпалын тигізіп, жалпы халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін жоғарылатуға өз септігін тигізуде.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы«Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсы туралы»  № 250 өкіміне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы №181 қаулысымен бекітілген  «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу бойынша аталған шараға қатысу үшін жарияланым бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып, өтінімдер қабылдануда.

Сонымен қатар, облыс әкімінің және орынбасарларының хаттамалық тапсырмаларына мәліметтер уақытылы берілуде. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.


Ішкі саясат саласындағы талдау және мониторинг жұмыстары  туралы

Үстіміздегі жылдың І тоқсанында талдау және мониторинг бөлімі облыс  тұрғындарның пікірін анықтау бойынша 4  жедел-сауалнама өткізді, оған  3386   респондент қатысты:

-       облыстағы қоғамдық-саяси ахуалды зерделеу;

-       облыс тұрғындарының билік тармақтары арасында  өкілеттіліктерді қайта бөлу мәселелері бойынша пікірін анықтау;

-       ҚР терроризм  мен экстремизм мәселелеріне  байланысты кейбір  заңнамалық құжаттарына  енгізілген өзгертулер мен  толықтыруларға байланысты облыс  тұрғындарының пікірін анықтау;

-       Облыс тұрғындарының Қазақстан Республикасы Президентінің 2017  жылдың 31 қаңтардағы Қазақстан халқына     Жолдауын қабылдау деңгейін анықтау.

Әлеуметтік   сұрау нәтижелерін  қорытындылай келе, облыстағы қоғамдық-саяси жағдай бірқалыпты, әр түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы достық қарым-қатынас орныққан, тұрғындардың көңіл-күйі позитивті және тұрғындардың басым бөлігі мемлекеттік саясатқа оң көзқараста екендігін атап өтуге болады.

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы Конституциялық  Заң талаптарын орындау  мақсатында облыс әкімі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі облыстық комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес Кербұлақ, Қаратал аудандарында 25 мемлекеттік мекеме мен білім ұйымдарында мемлекеттік рәміздердің қолданылуы мен насихатталуына қадағалау жүргізіліп, әдістемелік көмек көрсетілді.

   

Кадр жұмысы бойынша

2017 жылдың 1 қаңтарына облыстық ішкі саясат басқармасының штат санының лимиті 16 адамды құрайды, оның ішінде басқарма басшысы – 1, басқарма басшысының орынбасары – 2, бөлім басшысы – 5, бас маман – 7, жетекші маман – 1.

Басқарманың барлық қызметкерлерінің білімі жоғары, оның ішінде: философия докторы  (PhD) – 1, педагогика ғылымдарының кандидаты – 1, екі жоғары білімі бар – 5.

2017 жылы кешенді аттестациялауға жататын –10 адам, әңгімелесуге қатысқан – 10 адам.

Бүгінгі күні басқармада бос вакансиялар жоқ, сондықтан конкурстар болған жоқ. Қызметке тағайындалғандар және жұмыстан босатылғандар жоқ.

 


Орналастырылған күні: 18.04.2017 16:10

Өзгертілген күні: 18.04.2017 16:16:42

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх