Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +15 oC
2017 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

2017 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

Есеп беру мерзімінде Алматы облысының көші-қон полициясында барлығы 39714 шетел азаматы тіркелді,оның ішінде алыс шетел азаматтары – 4728, ТМД елдерінің азаматтары – 34986, өткен жылдың наурыз айында барлығы 39808 (-94) шетел азаматы тіркелді, оның ішінде алыс шетел азаматтары – 7590 (2862), ТМД елдерінің азаматтары – 32218 (+2768).

Жалпы әкімшілік жауапкершілікке – 4379 азамат тартылды:  оның ішінде 1848 шетелдіктер, 2531 Қазақстан Республикасының азаматтары.

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларды қабылдайтын заңды және жеке тұлғалармен халық көші-қоны саласындағы әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып шетел жұмыс күші мен еңбек мигранттарын жұмысқа тартқандары үшін 154 ҚР азаматы жауапкершілікке тартылды.

Әкімшілік құқықбұзушылық кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан 223 шетелдік шығарылды, өткен жылмен салыстырғанда 165 дерекке артық.

ҚР АІЖК 36-4 бабына сәйкес азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен 5 шетелдік шығарылды.

Есеп беру мерзімінде көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін ҚР мен шетел азаматтарына қатысты 2 қылмыстық іс қозғалды: ҚР ҚК 392 бабымен – 1, ҚР ҚК 393 бабымен – 1.

2017 жылдың наурыз айына Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін жалпы соммасы 20532361 теңгеге айыппұл салынды. Айыппұлдарды өндіріп алу 100%.

ҚР Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 8 ақпандағы №76 бұйрығын орындау мақсатында облыс ІІД Көші-қон полициясы басқармасы қызметкерлерімен Алматы облысы аумағына келген еңбек мигранттарына рұқсат қағаздарын беру бойынша жұмыстар жүргізілді.  Ағымдағы жыл басынан бері  5691 шетел азаматы жеке тұлғаларда еңбек етуге рұқсат алды, 1438 қолда бар рұқсат қағаздарын ұзартты, ол 55 % құрады (2016 жылы 883 және 374).

Алимент төлеуден жалтарып жүргендер мен мемлекеттік борышкерлерді іздеу бойынша келесідей көрсеткіштер бар: алимент төлеуден жалтарып жүрген 67 тұлғаның ішінен 55 іздестірілді, бұл 82,0% құрайды. Іздеуге жарияланған 75 мемлекеттік борышкерлердің ішінен 61 іздестірілді, бұл 81,0% құрайды.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ішкі көші-қонды бақылау айтарлықтай рөлге ие. 

2017 жылдың 1 тоқсанында тұрақты тұру орны бойынша 72199 адам тіркелген, 2595 адам тіркеуден шығарылған.  ҚР азаматтарының төлқұжаты мен жеке басын куәландыратын құжаттарын толтыруға 38852 формуляр рәсімделді.  

Атқарып жатқан жұмыстардың нәтижесінде 2017 жылдың 3 айында Қазақстан азаматтығына 692 адам қабылданды, олар соңғы өзгертулерге сәйкес жеңілдетілген тәртіппен азаматтыққа қабылданды. Қазақстан Республикасының азаматы болып 199  адам танылды. ҚР азаматтығын жоғалту бойынша азаматтардан 40 өтініш тіркелді. 

2017 жылдың басынан бері 2341 шетелдік өтінішпен жүгінген, оларға ықтиярхаттар берілген.  

Азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігін алу үшін 46 ТМД елдерінің азаматтары жүгінді, олардың барлығы азаматтығы жоқ тұлғалардың өтініштерін алды.

Басқа елдерге тұрақты тұруға шығу үшін 106 материал рәсімделді.


Орналастырылған күні: 21.04.2017 10:40

Өзгертілген күні: 21.04.2017 10:42:53

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх