Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +15 oC
2017 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

2017 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

Есептік кезеңде Алматы облысында туризмді дамыту мастер-жоспарын және оны іске асыру жөніндегі 2014-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жалғастырылды.

Алматы облысының аумағында Алакөл мен Балқаш курорттық аймақтарын дамыту жоспары әзірленді және бекітілді. 2017 жылғы ақпанда Астана қаласында Алакөл, Балқаш, Кендірлі, Баянауыл, Имантау-Шалқар, Байқоңыр, Катон-Қарағай, Сарыағаш-Түркістан курорттық аймақтарын дамыту бойынша ұсыныстарды қарау және іріктеу үшін ведомствоаралық жұмыс тобының отырысында инженерлік-көліктік инфрақұрылымдардың құрылыстары, жағажайларды қоршау бөгендерінің жұмыстары, әуежайларды реконструкциялау, авиарейстерді субсидиялау бөлігінде республикалық бюджеттен қаржыландыруды талап ететін мәселелерді көрсете отырып, курорттық аймақтарды дамытудың әлеуетін таныстырды.

2017 жылғы наурызда облыс әкімінің орынбасары Ж. Омардың қатысуымен өткен Алакөл ауданының туристік әлеуетін дамыту бойынша көшпелі брифингте БАҚ өкілдері Алакөл көлінің жағалауында қажетті туристік инфрақұрылымды құру бойынша атқарылған жұмыстар мен жоспарлар туралы ақпараттандырылды.

Ақши ауылынан Алакөл көлінің жағалауында орналасқан демалыс орындарына дейінгі жолды қайта жаңғырту бойынша жұмыстар жалғастырылуда. Автомобиль жолының жалпы ұзындығы 23,78 шақырымды, оның ішінде: сол жақ жағалауы бойынша – 15,53 шақырымды, оң жақ жағалауы бойынша – 8,25 шақырымды құрайды. Жобаны жүзеге асырудың құны - 3,036 млрд.теңге, 1516,0 млн.тенге игерілді. Жобаны аяқтау мерзімі - 2018 ж.

Алакөл көлінің жағалауында демалушылар ағымының жыл сайын артуына байланысты, ағымдағы жылы да «Жетіген-Достық-Жетіген» маусымдық теміржол қатынасы ұйымдастырылады, бұл мақсатта  85,0 млн.тг. бөлінді. Вагондардың саны - 12 (купе), тасымалданатын жолаушылардың болжамды саны - 60 мың адам. Пойыздың қатынау кестесі 15 маусым мен 31 тамыз аралығын қамтиды. Билеттердің бағасы конкурс өткізу аяқталғаннан кейін анықталады.

Туристерді Алакөл көлінің жағалауына қолайлы жеткізу үшін  Үшарал қаласындағы әуежайдың құрылысы жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарына облыстық бюджеттен 896,9 млн.теңге бөлініп, оның 348,7 млн.теңге сомасы 2016 жылы игерілді. Әуежай құрылысын аяқтаудың мерзімі - 2017 жылғы мамыр айы.

Бұған қоса, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетіне «Астана-Үшарал», «Алматы-Үшарал» авиарейстерін субсидияландыру бойынша ұсыныс енгізілді. Комитеттің ақпараты бойынша  субсидияландырылатын авиамаршруттардың тізіміне қосу 2017 жылғы бюджетті анықтау барысында мүмкін.

Сонымен қатар, «Жетісу» Авиакомпаниясы» АҚ-мен бірлесе «Талдықорған-Үшарал-Талдықорған» ішкі авиарейсін ашуды жоспарлап отыр. Ағымдағы жылы облыстық бюджеттен ішкі авиарейстерді субсидияландыру үшін 15,2 млн.теңге бөлінді.

Балқаш көлінің жағалауында туризмді дамыту үшін жалпы ұзындығы 141 шақырым «Алматы-Өскемен-Қызылқайың-Лепсі» автомобиль жолының реконструкциясын жүргізу бойынша 134,4 млн.теңге сомаға ЖСҚ әзірленді. Аталған автожолдың құрылысын 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджеттен қаржыландыруға енгізу үшін уәкілетті органға 758,5 млн.теңге сомаға бюджеттік өтінім жолданды.

Келесі нысандардың құрылысы жалғастырылуда:

- 500 орынды көпсалалы қонақ үй кешені, бастамашы - «Falcon Petroleum» ЖШС. Бүгінгі күні тиісті инфрақұрылым: су және электр беру желілері тартылды, ғимараттың 4-қабатын тұрғызу жұимыстары жүргізілуде. 2017 жылы қолданысқа беру жоспарланған.

- 200 орынды «Каримов» ЖК» демалыс аймағы. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының 90% аяқталды. 2017 жылғы маусым айында қолданысқа беру жоспарланған.

Есептік кезеңде облыстық туризм басқармасымен және Туризм және ақпараттық қызмет көрсету орталығымен ішкі, балалар-жасөспірімдер және спорттық туризмді насихаттауға және одан әрі дамытуға бағытталған туристік іс-шаралар өткізілді.

2017 жылғы 4-8 қаңтар аралығында Текелі қаласында В. Чепельдің құрметіне туристік көпсайыс бойынша (балалар, жасөспірімдер) Қазақстан Республикасы Кубогының шеңберінде Жасанды жер бедерінде туристік көпсайыс (тау туризмі) бойынша ашық өңірлік сайыстары өткізілді. Жалпы есепте, сайыстардың қорытындылары бойынша «Жасөспірімдер» және «Юниорлар» жас топтары арасында «Ирбис-Текели» командасы бірінші орындарға ие болды.

2017 жылғы қаңтар айында Ескелді ауданында мемлекеттік бюджеттік ұйымдардың, сонымен қатар жастардың ҮЕҰ-ның қызметкерлерінің қатысуымен жыл сайынғы қысқы фестиваль ұйымдастырылды. Іс-шараға  15 топ, 100-ден аса адамға қатысты.

2017 жылғы 15 ақпанда Талдықорған қаласында М. Тынышпаев атындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайымен бірлесе «Менің сүйікті Жетісуым» атты өлкетану викторинасы өткізілді. Қатысушылардың жалпы саны - 76 адам.

«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрменің  (бұдан әрі - ЭКСПО-2017) қатысушылары үшін әзірленген маршруттарда экскурсия өткізе алатын гидтерді дайындау мақсатында 2017 жылғы 13-18 наурыз аралығында Орталық Азия Университетінің базасында «ЭКСПО-2017»-ге қатысу шеңберінде білікті гидтерді (гид-аудармашыларды) дайындау бойынша курстарының І-ІІ кезеңдері өткізілді. Курстардың қорытындысы бойынша тыңдаушыларға тиісті куәліктер табысталды.

Бұған қоса, Туризм және ақпараттық қызмет көрсету орталығы облыстың туристік логотипінің, сонымен қатар EXPO-ның нышанымен сувенирлік өнімдер (буклеттер, каталогтар, лифлеттер, қаламдар, магниттер, блокноттар, қолшатырлар және т.б.) әзірленді.

Мониторинг мәліметтері бойынша 2017 жылғы 1 қаңтарда облыста туристерді қабылдайтын 606 нысан есептелінеді, оның ішінде: 160 қонақ үй, 140 қонақжай және аңшылық үйлері, 61 демалыс үйлері мен шипажайлар, 20 сауықтыру лагерлері мен орталықтары, 218 демалыс аймақтары мен базалары, 7 өзге нысан.

2017 жылғы 1 тоқсанда облыс аудандары мен қалаларында көрсетілген ақылы туристік-сауықтыру қызметтерінің көлемі 1 142,0 млн.теңгені құрады, бұл 2016 жылғы сәйкес кезеңдегі көрсеткіштің  119,9 %-ын құрайды.



Орналастырылған күні: 19.04.2017 09:30

Өзгертілген күні: 19.04.2017 09:32:56

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх