Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған -9 oC
2017 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

2017 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

 

2017 жылы эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүзеге асыруға 2 011 566,0 мың  теңге  қаржы бөлініп, жыл басынан 372 708,9 мың теңге қаржысы игерілді.

Алматы облысы аумағында жануарлардың аса қауіпті жұқпалы аурулары ошақтарының пайда болуы жағдайына жүргізілген талдаудың нәтижесінде ағымдағы жылы, жануарлардың  індетті  ауруларының 4 ошағы тіркелінген. Олардың 2-і құтыру ауруынан және 2 - МІҚ қарасаннан. Тіркелінген ошақтарта тиісті ветеринариялық сауықтыру шаралары атқарылып, эпизоотиялық ахуал қалыптастырылуда.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы жоспарлы бруцеллез ауруына жүргізілген   серологиялық    зерттеулердің    нәтижесінде  447 бас   ірі  қара,  68 бас ұсақ малдың бруцеллез ауруына оң белгі бергені анықталып, ветеринариялық-санитариялық талаптарды сақтау ережелеріне сәйкес,  іс- шаралар  жүргізілуде.

Жергілікті атқарушы органдардың ветеринариялық мамандары мал базарларының тазалығы мен келген малдарды ветеринариялық бақылаудан өткізу, сонымен қатар ауыл шаруашылығы малдары мен өнімдерінің қозғалысын қадағалауға алу жұмыстарын ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясының ветеринариялық-санитариялық инспекторларымен бірлесіп жүргізуде.

Ауыл шаруашылығы жануарларының бірдейлендіріліп, компьютерлік дерек қорға енгізілгені: 999 415 бас мүйізді ірі қара, орындалуы 102,2%;       3 348 551 бас ұсақ мүйізді мал, орындалуы 97,1%;  98 843 бас шошқа, орындалуы 102,1%;  278 694 бас жылқы, орындалуы 98,9%;  6 845 бас түйе, орындалуы 93,1% құрайды.

Облыс бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бағдарламасы қондырылған 253 компьютердің интернет желісімен қосылуы толық қамтамасыз етілген.

 Ауыл шаруашылығы министрлігі мен облыс әкімі арасындағы  келісімге сәйкес, облыс бойынша барлығы 141 мал сою орындары бар,  яғни 23 мал  сою  пункті,  118 алаң  бар. Оларда  жыл басынан барлығы 4 934  бас мүйізді  ірі  қара, 6 150  бас  ұсақ  мүйізді  мал, 800 бас  жылқы, 7 466  бас  шошқа  сойыстан  өткізілді.

Облыс бойынша ішкі сауда орындарында сатылуға түскен ауыл шаруашылық жануарларының ұшалары мен ауыл шаруашылық өнімдерінің саны бойынша 7 415 мүйізді ірі қара ұшасы,  11 393 ұсақ мүйізді мал ұшасы, 2 177 жылқы ұшасы, 1 852 шошқа ұшасы, 193 475 дана жұмыртқа және

74 205 кг балық ветеринариялық-санитариялық зертханаларда сараптамадан өткізілген.

Қажетті болып танылған 254 типтік үлгідегі мал қорымдарынан бары 148. Оның сыртында қарапайым үлгіде 131 қорым бар. Сонымен қатар, 20 жылжымалы, 6 стационарлық биологиялық қалдықтар мен мал өлекселерін өртеу арқылы жоюға арналған инсинераторлармен қамтамасыз етіліп, қолданысқа пайдаланылуда.

2017 жылы босқын жүрген ит, мысықтарды аулау және жою жұмыстарын жүргізу үшін  облыстық бюджеттен 68 400,0 мың теңге қаржы бөлініп, 20 437,9 мың  теңгеге 10 596 ит, 54 мысық ауланып, жойылды.

 


Орналастырылған күні: 19.04.2017 10:20

Өзгертілген күні: 19.04.2017 10:22:53

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Наверх