Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +7 oC
2017 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

2017 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының жұмыстары 2017 жылғы I-тоқсанындағыжылдық жоспарына сәйкес атқарылды.

Мәдениет, мұрағат  мекемелерінің желісі – 563 нысанды құрайды.

Оның ішінде: 243 мәдениет үйлері мен клубтар, 269 кітапхана, 22 музей, 2 галерея, 19 архив, 5 облыстық мәдениет мекемелері және  2 видеомобиль.  Мәдениет саласында 2017 жылға 2941,5бірлікті құрайды.

Мәдениет, архив мекемелеріне 2017 жылға 4 649,6 мың теңге бөлінді. 2017  жылы  мәдениет   нысандары   бойынша  күрделі жөндеу жұмыстары мен ЖСҚ жасату жұмыстарына барлығы 870,2 млн. теңге бөлінді. Бүгінгі таңда«Черкасск қорғаны» музейі жұмыстары аяқталуда. Сарқан аудандық мәдениет үйі, Бақалы ауылдық мәдениет үйі, Жамбыл ауданының Мыңбаев ауылдық мәдениет үйі және Талдықорған қалалық мемлекеттік архиві жөндеуден өткізілетін болады. Сондай-ақ,  5 мәдени нысанға  ЖСҚ жасалуда. Олар: Ұйғыр аудандық архиві, Үшқоңыр мәдениет үйі, Мыңбаев мәдениет үйі, Бесағаш мәдениет үйі, І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайының қасбетіне және Көксу ауданы Мұсабек ауылдық мәдениет үйі.

2017 жылдың I-тоқсанында облыс аумағында 10347 шара ұйымдастырылып, оған 1 504183 адам қатысты. Есепті мерзімде 2 184,3теңге ақылы қызмет көрсетілді.

Балалар  мен  жастардың  тәрбиесіне  ата-апаларымыздың  белсенділігін  арттыру мақсатында 236 «Шежіре – өнер, тәлім отауы» үйірмелері жүргізіліп келеді.

Алматы облысының мемлекеттік архиві және оның филиалдарында, Талдықорған мемлекеттік архивінде жалпы 5286 қор, 1 439 285  сақтау бірліктері сақталуда.

Есептік кезеңде мемлекеттiк сақтауға 26739 сақтау бірлігі, оның ішінде тұрақты  сақталатын 17636 сақтау бiрлiгi, жеке құрам бойынша 9068 сақтау бiрлiгi, жеке тектік 35 сақтау бірлігі, жұмысын тоқтатып, жабылған мекемелердің 1022 уақытша сақтау бірлігін қабылдады.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында  2017 жылдың 3 ақпанында І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында мәдениет саласы қызметкерлеріне облыстық Дін істері, Ішкі істер басқармалары өкілдерінің қатысуымен  жиын өткізілді.2017  жылғы 30-31 наурыз күндері Алматы облысы, Сарқан, Ұйғыр  аудандарында, Алматы облысының мәдениет, архивтер  және  құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен Ақсу, Алакөл, Панфилов, Райымбек аудандарының мәдениет қызметкерлерімен бүгінгі күнгі өзекті мәселе -  «Терроризмнің алдын-алу, сондай-ақ терроризм актісі кезіндегі іс-қимыл туралы»  мәдениет қызметкерлеріне  семинар–жиын  өткізілді. Мақсаты:Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  «Қазақстан үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы  бесінші басымдық  бойынша  терроризмнің және діни экстримизмнің алдын алу  шарасы ұйымдастырылды.

Сонымен қатар 2017 жылғы 1 тоқсан Елбасы Жолдауын насихаттау бағытында мәдениет үйлерінде 86 жиын, 42 концерт ұйымдастырылды.

Алматы қаласында өткен Халықаралық Универсиаданың ашылу салтанатына облыс өнер шеберлері белсене ат салысты.

Сондай-ақ ақпан айында У.Шекспирдің «Ромео мен Джульетта» атты трагедиясының, наурыз айының 31 –і күні А.Ихсанның «Хақ жолы»әлеуметтік драмасының тұсаукесері өтті.

Сүйінбай атындағы облыстық филармониясының «Қобыз сарыны» квартеті, «Алтынай» МХБА бишілері және жеке дауыстағы әншілері26 ақпан – 2наурыз аралығында Алашорданың 100 жылдығына орайластырылған концерттік бағдарламамен Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облыстарында өнер көрсетіп, жұрт ықыласына бөленді.

Талдықорған қаласы І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Хантәңірінің мұзбалағы, ақиық ақын М.Мақатаевтың 86 жылдығына арналған ақынның өлеңдеріне жазылған әндерден дәстүрлі Х «Жырлайды жүрек» облыстық әншілер байқауы ұйымдастырылды.

27 наурыз Халықаралық театр күні мерекесіне орай облыс әкімінің қатысуымен салтанатты шара өтіп, өнер шеберлері марапатталды.

«Алатау әуендері» МКҚК  «Құлансаз» ансамблі Еңбекшіқазақ, Талғар, Алакөл аудандарында гастрольдік сапарлармен барып қайтты. Шымкент қаласында өткен Ш.Қалдыаяқов атындағы халықаралық байқауға Сүйінбай атындағы облыстық филармония әншісі Тілек Нағымбаев қатысып, жүлделі 1-ші орын иеленіп қайтты.

Астана қаласында өткен ХІ «Ақ көгершін» Халықаралық балалар шығармашылығы байқауына Алматы облысы атынан қатысқан үміткерлер жүлделі орындарған ие болып қайтты.  Би номинациясы бойынша Қаратал ауданының «Алтынай» үлгілі би ансамблі І – дәрежелі дипломант, «Эстрадалық ән» номинациясы бойынша Қарасай ауданынан Ә. Жұмабай Бас жүлде, Текелі қаласынан  Ш.Сыдық ІІ – орын, Еңбекшіқазақ ауданынан Ж. Қанатқызы ІІ – орын, «Дәстүрлі ән» номинациясы бойынша Қаратал ауданының өнерпазы Г.Мырзагелді І – орын иеленді. 


Орналастырылған күні: 19.04.2017 11:17

Өзгертілген күні: 19.04.2017 11:19:27

Елді мекендерге бұрылыс салу туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Наверх