Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +7 oC

2017 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

 "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың
 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының" жүзеге асырылу барысы туралы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы тарапынан атқарылған жұмыстар


«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын» іске асыруға 2017 жылы 8513,7 млн.теңге қарастырылды (ТОХ – 4482,3 млн.теңге, РБ – 3863,3 млн.теңге, ДКБ 2020 – 168,1 млн.теңге).

        Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде:

1) тегін кәсіптік және техникалық білім берумен орта жастағы (15-24 жастағы) жастар қатарынан 1535 адамға 308,4 млн.теңге;

2) еңбек нарығындағы қажетті мамандықтарға жұмыс берушілердің сұранысы бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 3825 адамға 1264,1 млн.теңге қарасытырылған.


Бағдарламаның екінші бағыты бойынша 5321,7 млн.теңге бөлінді.

Оның ішінде:

    - 620 әлеуетті қатысушыға шағын несие беруге -4737,0 млн.теңге (ауылды жерлерде РБ – 3200 млн.теңге, ТОХ –480 адамға 476,7 млн.теңге, қалада ДКБ 2020 – 42 адамға 168,1 млн.теңге, ТОХ – 98 адамға 892,2 млн.теңге);

    - «Бизнес Бастау» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне  оқытуға 1300 қатысушыға 133,0 млн.теңге (РБ – 114,9 млн.теңге, ТОХ – 18,1 млн.теңге);

   - қалада және ауылдық жерлерде шағын несиені кепілдендіруге 402,5 млн.теңге (ТОХ – 402,5 млн.теңге);

   - микроқаржылық ұйымдардың шығындарын субсидиялауға – 49,3 млн.теңге(ТОХ – 49,3 млн.теңге).

Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде 2017 жылға 1619,5 млн.теңге бөлінді.

Аталған бағыт шеңберінде әлеуметтік жұмыс орындарына – 915 адамды жұмысқа орналастыруға 183,2 млн.теңге, жастар практикасына – 1055 түлекті бағыттауға 360,1 млн.теңге қарастырылды.

Сонымен қатар қоғамдық жұмыстарға – 8855 жұмыссыз азаматтарды жіберуге 1071,1 млн.теңге және Бағдарламаны ақпараттық сүйемелдеуге 5,0 млн.теңге жоспарланып отыр.

 Жыл басынан қоғамдық жұмыс орындарына 2670 адам жіберілді (жылдық жоспар 8855) (30,2%).

Әлеуметтік жұмыс орындарына 924 адам(100,9%), жастар практикасына 382 түлек жіберілді (36,2%).

 

Алматы облысы бойынша "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының" жүзеге асырылу барысы туралы кәсіпкерлік және  индустриялық-инновациялық даму басқармасы тарапынан атқарылған жұмыстар

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған Бағдарламасын  жүзеге асыру үшін 2017 жылы жалпы 8 млрд. 513 млн. теңге бөлінді.

Бірінші бағыт «Техникалық - кәсіптік білім беру және қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға» – 1 млрд. 572 млн. 500 мың  тенге;

 Екінші бағыт «Жаппай кәсіпкерлікті дамытуға» – 5 млрд. 321 млн. 700 мың. теңге, оның ішінде Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы арқылы – 1145,6 млн. теңге (РБ-168,1 млн.теңге, ЖБ- 977,5 млн.теңге), Бағдарламаны жүзеге асыру ережесіне сәйкес аталған қаражат Талдықорған және Текелі қалаларына арналған.

Қаржыландыру жоспарына сәйкес    көрсетілген қаражат ағымдағы жылдың сәуір айында «Даму «Қоры» АҚ аударылады.

Үшінші бағыт «Еңбек нарығын дамытуға» -     1 млрд. 619 млн. 500 мың  теңге).




Орналастырылған күні: 19.04.2017 15:39

Өзгертілген күні: 25.05.2017 14:39:34

Елді мекендерге бұрылыс салу туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Наверх