Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған -9 oC
2017 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

2017 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат


Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңы мен Тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын орындауда 2017 жылдың    І тоқсанында жүйелі жұмыстар атқарды.

Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Алматы облысының 2017-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары жасалып, 2017 жылғы  24 ақпанда облыс әкімдігінің №80 қаулысымен бекітілді.

Тілдік жағдайды зерделеу үшін облыстық және жергілікті атқарушы органдардағы кіріс-шығыс құжаттарына тоқсан сайын мониторинг жасалып тұрады. Облыс бойынша мемлекеттік тілдің қолданылу көрсеткіші 99,3 пайызды құрады.

 Облыста 10 мемлекеттік тілді оқыту орталығы жұмыс істейді. 2017 жылдың  І тоқсанында мемлекеттік тілді оқыту курсына 661, ағылшын тілі курсына 186, орыс тілі курсына 30 тыңдаушы қабылданды.

2016 жылы 2 орталықта (Талдықорған қаласы, Қарасай ауданы) мемлекеттік тілмен қатар ағылшын тілі оқытылса, үстіміздегі жылы қажеттілікке байланысты ағылшын тілін оқытуға қосымша 2 штаттық бірлік бөлініп, барлығы 4 оқыту орталығы (Талдықорған Қапшағай қалалары, Қарасай, Іле аудандары) ағылшын тілін тегін оқуға мүмкіндік алды.

2017 жылдың І тоқсанында Қазтест жүйесі негізінде мемлекеттік қызметшілер және бюджеттік сала қызметкерлері арасында 7438 адам диагностикалық, 136 адам сертификаттық тестілеумен қамтылды.  

Жыл басынан «Сәрсенбінің сәтінде...» әдеби кеш, тіл және өнер қайраткерлеріне арналған «Тағзым – 3» шарасы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық жұмыс комитетінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тілді үйрету: әдіс, тәжірибе, инновация» атты республикалық семинар ұйымдастырылды.

Облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес Ескелді ауданындағы ономастикалық ахуалдың жай-күйіне зерделеу жүргізіліп, бірқатар кемшіліктер анықталды және оларды жою бойынша ұсыныстар берілді.

Алматы облысы «Көксу ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Амангелді атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы ұсыныс бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы әзірленіп, тиісті министрліктерден келісім алынды және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесіне өткізілді.

Басқарманың ұйымдастыруымен облыс бойынша халыққа қызмет көрсету нысандары мен қоғамдық көліктердегі деректемелер мен көрнекі ақпараттарда тіл нормаларының Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңының талаптарына сәйкес ресімделуін, олардың сауатты жазылуын қамтамасыз ету мақсатында облыстық  «Тіл тазалығын сақтайық!» акциясы жарияланды (сәуір-маусым айлары).  Акцияға жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары, облыстық «Жетісу» телеарнасының «Тілсақшы» бағдарламасы белсенді атсалысуда.

Жыл басынан бері жарнама агенттіктерінен 40 жарнама келісуге ұсынылып, оның ішінде 28 жарнама мәтініне келісім берілді, 12 жарнама қайта қарау үшін кері қайтарылды.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырмасына сәйкес облыс бойынша идеологиялық тұрғыдан ескірген атауларға талдау жүргізіліп, 1991-2016 жылдар аралығында өзгертілген (қала, аудан, объектілер, елді мекен, даңғылдар, көшелер және т.б.) атаулар туралы мәліметтер жинақталды.

Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы тарапынан облыстағы тіл мәселесіне қатысты атқарылатын жұмыстар жүйелі түрде  жалғасатын болады.


Орналастырылған күні: 19.04.2017 17:30

Өзгертілген күні: 19.04.2017 17:32:04

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Наверх