Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған -9 oC
2017 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

2017 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

Қазақстан Республикасын Индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өңірлік кәсіпкерлікті дамыту картасы бойынша 297,1 млрд. теңгеге 51 жоба іске қосылып, 8015 жаңа жұмыс орны құрылды.

970 жұмыс орнының құрылумен 875,8 млрд.теңге сомасына «Балхаш ЖЭС» құрылысы жобасы  Республикалық индустрияландыру картасының аясында жүзеге асырылуда.

Карта жобаларымен 2010 жылдан бастап 206,1 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, қызмет көрсетілген. Оның ішінде 2016 жылы 63,4 млрд. теңге. 2015 жылмен салыстырғанда өсімі 24%-ды (52,1 млрд. тенгені) құрады.

Алматы облысының 2015-2019 жылдарға арналған (2-ші бесжылдық) Өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасында өзектендіру есебімен жалпы сомасы 75,4 млрд. теңгені құрайтын 16 жоба бар, 2787  жұмыс орны.

2015 жылы 374 жаңа жұмыс орнының құрылуымен  жалпы сомасы   6 681 млн. теңгеге 3 жоба іске қосылды («Абди Ибрагим Глобал Фарм» ЖШС-нің фармацевтикалық зауытының құрылысы; «Aluminium of Kazakhstan» ЖШС-нің  алюминий профильдерін шығару зауыты; «Алакөл-Көмір» ЖШС-нің Асфальтбетонды өндіру зауыты құрылысы).

2016 жылдың 6 желтоқсанында Елбасының қатысуымен өткен Телекөпір аясында 500 жаңа жұмыс орнының құрылуымен жалпы сомасы 8250,0 млн. теңгеге «Қуаттылығы жылына 400 мың тонна шойынды инновациялық технология бойынша шығару тау-кен қайта өңдеу нысаны құрылысы» «Bapy Mining» ЖШС іске қосылды.

2017 жылы 1575 жаңа жұмыс орнының құрылуымен жалпы сомасы 45 180 млн. теңгеге 7 жоба («Агрокешен Жетысу Мажико» ЖШС Жем қоспа және майлы өнімдерді шығару өндірістік кешенінің құрылысы, «Агро-Инвест-Каратал» ЖШС шошқа кешені базасында ет және шұжық өнімдері өндірісінің құрылысы; «Империя Фуд» ЖШС  еткомбинатының құрылысы; «Алматы Стекло» ЖШС шыны зауытының құрылысы; «PSI Story Industry» ЖШС металконструкцияларды өндіру бойынша зауыты; «Нұрлы құс» ЖШС Нұрлы ауылында 2500 тонна қуаттылығында ет бағытындағы құс фабрикасын құру; «Маревен Фуд Тянь -  Шань» ЖШС тамақ өнімдерін өндіру зауыты) іске қосылуға жоспарланған.


Орналастырылған күні: 19.04.2017 18:26

Өзгертілген күні: 19.04.2017 18:31:36

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Наверх