Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +8 oC
2017 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

2017 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат


Облыстың жер қоры 22 млн 358 мың га құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылық алқаптары –15 млн  844 мың га, оның 1 млн 070 мың га егістік, 484 мың 909 га - суармалы егістік, көпжылдық екпелер - 31 мың 136 га, тыңайған жер - 106 мың 291 га, шабындық - 469 мың 090 га, жайылым - 14 млн 160 мың га және бау-бақша мен қызметтік мақсаттарға арналған жер - 6 мың 806 га.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2016 жылғы 09 қыркүйегіндегі тапсырмасына және Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметовпен бекітілген «Жер қатынастарын реттеу саласындағы 2017-2019 жылдарға арналған жұмыс жоспарына» сәйкес, облыс аумағында 2017 – 2019 жылдары жер учаскелері меншік иелерінің және жер пайдаланушылардың жеріне құжаттық түгендеу (ревизия) жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Аталған жұмысты іске асыру мақсатында облыс, аудан, қалалар деңгейінде комиссиялар құрылып, тиісті іс – шаралар атқарылуда.

Сонымен қатар, Елбасы Жолдауында жерді пайдалану тиімділігін арттыру көзделген. Атап айтқанда, Республика бойынша суармалы егістік алаңын бес жыл ішінде 40%-ға кеңейтіп, 2 млн гектарға жеткізу жоспарланған.
Аталған тапсырманы орындау мақсатында облыс деңгейінде бірқатар жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, 126,684 гектар айналымнан шығып қалған суармалы жерлерді қайта айналымға енгізу мақсатында пилоттық жобамен  6 ауданның (Ақсу, Алакөл, Ескелді, Көксу, Панфилов, Ұйғыр) Ислам Даму банкісінің қаражатымен суару жүйелерін қайта жаңғырту құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Бүгінгі таңда  суармалы егістің көлемін кеңейтуге облыста ішкі резервтер бар. Атап айтқанда, жер пайдаланушылардың өтініштері негізінде неғұрлым бағасы төмен ауыл шаруашылығы алқаптарын  суармалы егістікке ауыстыру, жайылымдық және тәлімді жерлерді суармалы егістік ретінде пайдаланып жүрген жер пайдаланушыларды анықтап, есептік құжаттамаға тиісті өзгерістер енгізу болып табылады.
Бұдан бөлек, 2016 жылғы 15 наурызындағы № 31  облыс әкімінің өкімімен облыс аумағында ауыл шаруашылығы, коммерциялық мақсатындағы жерлерге, жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілген жерлерге түгендеу жұмыстарын жүргізу үшін комиссия құрылып, іс - шаралар жоспары бекітілді.

Бүгінгі таңда аталған комиссия жұмысы нәтижесінде пайдаланылмай жатқан көлемі 643,51 га құрайтын 1179 жер учаскесі анықталған. Оының ішінде 257 жер учаскесі (29,36 га) жеке тұрғын үй құрылысы үшін және 910 (628,08 га) коммерциялық мақсаттағы жер учаскелері.
Сонымен қатар, іс-шараны орындау мақсатында 2016 жылы аудандық, қалалық жұмыс топтарымен 58,4 мың га пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер анықталды (6,3 мың га суармалы егістік, 10,7 мың га тәлімді егістік, 41,2 мың га жайылым, 0,2 мың га басқа жерлер).

Қабылданған шаралар нәтижесінде 3,3 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылды, 34,7 мың га жердің иелері жерлерін пайдалануға кірісті, 7,2 мың га жер иесіз мүлік ретінде есепке алынды, 13,2 мың га жердің материалдары жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасымен қаралуда.
Аталған бағыттағы жұмыстар облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасымен атқарылуда.

Тұрақты жұмыс комиссиялармен пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша жұмыстар жалғастырылуда.

  «Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы»


Автомобиль құрылысы белдеуіне 939 жер учаскелері енген (690,6 га), оның сатып алуға жататыны 722 учаске (639,08 га), (Іле ауданы - 197 уч., Талғар ауданы - 186 уч., Қарасай ауданы - 339 уч.).
Жер учаскелерін иеліктен шығару барысында 580 жер учаскесі (334,2 га) жалпы сомасы 9,2 млрд. теңгеге сатып алынды (Қарасай ауданы - 232 уч., Іле ауданы - 188  уч., Талғар ауданы -160 уч.), 27 жер учаскесінің меншік иелеріне тең бағалы жер учаскелері берілді (Талғар ауданы), 114 жер учаскесі жер пайдаланушылармен мемлекет меншігіне өз еркімен қайтарылды (Қарасай ауданы - 79, Іле ауданы - 9, Талғар ауданы -26).
Қалған 1 жер учаскесі бойынша материалдар сот қарауында. Өтемақы сомасы сот шешіміне сәйкес анықталады.
  «Алматы-Бішкек» автомобиль жолы

  Республикалық маңызы бар «Алматы - Бішкек» автомобиль жолының «Алтын орда» базары аумағындағы жолдын кеңейуіне байланысты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалы-Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінің Қарасай аудандық бөлімшесінің берілген экспликациясы мен картографикалық материалдарына сәйкес, автомобиль жолының құрлысына барлығы 53 жер учаскесі түседі (көлемі-4,4782 га), оның ішінде мемлекет меншігінде 5 жер учаскесі (көлемі-0,1263 га). Мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға жататын 48 жер учаскесінің (көлемі-4,3519 га) 35 жер учаскесінің (көлемі –3,2273 га) бағалау есебі әзірленді. Бағалау құны 115 млн 190 мың теңге құрайды. Қалған 13 жер учаскесі бойынша бағалау жұмыстары ағымдағы жылдың 20 сәуірінде аяқталады.

Бүгінгі күні, Қарасай ауданы әкімдігі тарапынан 2017 жылдың 30 наурызда №231 «Мемлекет мұқтаждығы үшін жер телімдерін мәжбүрлеп иеліктен шығару, оның ішінде сатып алу жолымен иеліктен шығарудың басталуы туралы» 2016 жылдың 09 қарашасында №11-1693 қаулысының №1 қосымшасына өзгерістер енгізу туралы қаулысы қабылданды.
Тәуелсіз бағалаушы компанияның алдына-ала жүргізілген маркетингтік іздестіру жұмыстары нәтижесінде жол белдеуіне түсетін құрылыс нысандары мен жер учаскелерінің алдын ала есептелген нарықтық құны 1 млрд. 835 млн, теңгені құрайды.

Жер учаскелерін сатып алуға республикалық бюджетке 1 млрд. 835 млн теңге бөлу бойынша 2017 жылға бюджеттік өтінім жолданды.


  Іле ауданы аумағындағы «Гейт Сити» индустриалды аймақтың құрылысы


  «Береке» индустриалды аймақтың құрылысына барлығы 98 жер учаскесі түседі (көлемі 483,46 га), оның ішінде сатып алынуға жататыны 77 жер учаскесі (396,34 га). Оның ішінде, 5 жер учаскесі (24,5 га)  иелері бағалау құнымен келісіп, сатып алынды (70,002 млн теңге), 22жер учаскесі (72,6 га)  иелері тең бағалы жер учаскесін алуға келісім берді (оның ішінде 16 жер учаскесі кепілде тұр), 1 жер учаскесі (3,0 га) бойынша мұрагерлік қабылдау үстінде, 32 жер учаскесі (214,49 га) материалдары сотқа жолданды (оның ішінде 3 жер учаскесі кепілде тұр), 14 жер учаскесі (74,5 га) экспликацияға жаңадан қосылған жерлер (бағалау жұмыстары ағымдағы жылдың 1 мамырында аяқталады), 3 жер учаскесін иеліктен шығару бойынша сот шешімі қабылданды (7,23 га). Сот шешімдері күшіне енуіне қарай аталған жер учаскелері сатып алынатын болады (құны 2,0 млн теңге). 
Жер учаскелерін сатып алу үшін жергілікті бюджеттен 838,013 млн. теңге қаражат бөлінді. Қаржыландыру жоспарына сәйкес, оның игерілуі сәуір және тамыз айларына жоспарланған.
Бүгінгі күні, «Береке» индустриялды аймақтың ұлғаюына байланысты (534,9898 га) қосымша экспликациясы жасалуда. 


Талдықорған қаласындағы заманауи бассейн құрылысы. «Ирбис» 


«Жастар» саябағының маңынан сатып алынуға жататын көлемі 4,25 га құрайтын 11 жер учаскесі анықталды. Меншік иелері анықталып, жоспарлау – картографиялық материалдары әзірленді. Иеліктен шығару туралы қала әкімдігінің қаулысы қабылданып, әділет органында тіркелді.
 Қалалық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық бөлімі тарапынан бағалаушы компания (жеке кәсіпкер «Бағалау») анықталып, 8 жер учаскесі бойынша бағалау сомасы 673,0 млн тенге құрады, 3 меншік иесі жер учаскесін бағалау жұмыстарына кедергі көрсетуіне байланысты ақпараттық анықтама әзірленді. Алайда, меншік иелерінің бағалау сомасымен келіспеуіне байланысты 9 жер учаскесі бойынша материалдар сот органдарына жолданды, 2 жер учаскесі иелерімен келіссөз жүргізілуде.  


      Талдықорған қаласындағы Оңтүстік-Батыс тұрғын аймағы 

Жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы Талдықорған қаласы әкімідігінің 2016 жылғы 26 қыркүйектегі № 41-656 қаулысы қабылданған.
Нәтижесінде, қаланың Оңтүстік-батыс тұрғын аймағындағы 33 жер учаскесін (көлемі 50,0 га) алып қою бойынша тәуелсіз бағалау компаниясымен бағалау есептері әзірленді (659,0 млн теңге).

Қалалық әкімдік тарапынан барлық 33 жер учаскелерінің бағалау актілері республикалық бағалаушылар палатасына ұсынылып, эксперттік сараптама нәтижесі алынды. 7 жер учаскесінің иелері бағалау сомасымен келісті (217,0 млн теңге), 6 меншік иелері тең бағалы жер учаскесін ұсыну туралы арыздарын Талдықорған қаласының сәулет және қалақұрылысы бөліміне жолдады,  4 жер учаскесі иелерімен келіссөз жүргізілуде, 16 меншік иесіне бағалау сомасы көрсетілген хабарлама жолданды. 


Талдықорған қаласындағы «Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес акционерлік қоғамының әкімшілік ғимаратына кіре беріс жолының құрылысы
«Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес акционерлік қоғамының әкімшілік ғимаратына кіре беріс жолының құрылысына көлемі 6,66 га құрайтын 11 жер учаскесі түседі. Бағалау жұмыстары ағымдағы жылдың 27 сәуірінде аяқталады.
 


Орналастырылған күні: 20.04.2017 17:05

Өзгертілген күні: 20.04.2017 17:09:33

Саймасай ауылындағы А. Байтұрсынов мектебі туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424
Наверх