Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған 0 oC
2017 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

2017 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

1. Жалпы статистикалық мәліметтер.

Алматы облысы бойынша Статистика департаментінің мәліметтері бойынша 14 пен 29 жас аралығындағы жастардың саны 432 483 адамды құрайды, оның ішінде – 99 538-і қалалық жерлерде, 332 945-і  ауылда тұрады. Оның ішінде 222 368 – ер, 210 115 – әйел адамдар.

Облыс жастары 3 жоғары және 73 кәсіптік-техникалық оқу орнында білім алады.

2. Қаржыландыру.

Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға бөлінетін қаражат көлемі ұлғаюда. Мысалы, жергілікті бюджеттен 2013 жылы – 209,3 млн. теңге, 2014 жылы – 313,6 млн. теңге, 2015 жылы – 462,5 млн. теңге, 2016 жылы – 435,2 млн.теңге, 2017 жылы – 542,1 млн.теңге.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа бөлінген қаржы көлемі  2013 жылы – 10 млн. теңге, 2014 жылы – 30 млн.теңге, 2015 жылы –   25 млн.теңге,  2016 жылы – 31 млн. теңге, 2017 жылы – 31 млн. теңгені құрады.

3. Жастар ресурстық орталықтарының қызметі.

Облыста 20 жастар ресурстық орталықтары қызмет атқарады, оның ішінде  1 облыстық және аудан, қала деңгейінде 19 «Жастардың ресурстық орталықтары» коммуналдық мемлекеттік мекемелері. Штат саны 110 адамды құрайды.

 Облыс бойынша ауылдық округте жастар саясаты бойынша 253 нұсқаушылар бірлігі бөлінді. Бүгінгі күні әрбір округте 1 нұсқаушыдан өз жұмыстарын атқаруда.

2016 жылғы 5 шілдеде Талдықорған қаласында Жастарға қызмет көрсету орталығының ғимараты ашылды. Қазіргі таңда күнделікті орталыққа шамамен 230-250 жас келеді.

Олар негізінен, жастарға қызмет көрсету бөліміне кеңес алу үшін күніне 7-8 адам, коворкингке- 45-50, интернет-кітапханаға – 50-60 (түнгі 23.00-ге дейін), фото және дыбыс жазу, бейнеролик түсіру студиясына – 15-20, аула клубтарына – 50-60, көп функционалды залға – 20-30, анти-кафеге – 10-15 жас өз уақыттарын тиімді өткізеді.

Сондай-ақ, мәжіліс залда аптасына 2-3 рет жастарға арналған түрлі тақырыптарда семинар-тренингтер, кездесулер өткізіліп тұрады.

Жастарға қызмет көрсету бөлімі 2017 жылдың І тоқсанында 663-тен аса адамның қатысуымен 3 бос жұмыс орындар  жәрмеңкесін өткізді. Жәрмеңкеге қатысқан мекемелер саны – 45. Ұсынылған бос жұмыс орындары – 2607. Жәрмеңке нәтижесінде 125 жұмыссыз жасқа жолдама беріліп, 40 азамат жұмысқа орналасты. Сонымен қатар, қайта даярлау курстары бойынша 12 мүмкіндігі шектеулі азаматтар оқуға қабылданды.

«Жастарға қызмет көрсету орталығы» ғимаратына келіп, «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша – 90 адам, «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша – 23 адам, «Қолжетімді баспана 2020» бағдарламасы бойынша – 17 адам, «Серпін 2050» әлеуметтік жобасы бойынша 17 талапкер кеңес алды. «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша – 29, Техникалық және кәсіптік білім  беру бойынша 9 азаматқа кеңес беріліп, түсініктеме жұмыстары жүргізілді. Психологиялық кеңес алғандар – 26. Жастар ісі жөніндегі комитет бойынша – 9. Алғашқы медициналық көмек көрсетіліп кеңес алғандар  саны – 53.

Барлығы –  273 адам кеңес алды. Онлайн режимде кеңес алғандар саны – 628 адам. Барлық келіп кеңес алған және онлайн режимде кеңес алғандар саны – 901.


Апта сайын мемлекеттік бағдарламалар бойынша ашық есік күндері мен дәрігер-психолог мамандардың қабылдауы өткізіліп тұрады.

4. Консультативтік-кеңесші органдар.

Облыс, аудан, қала әкімдіктері жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңес отырысы ережеге сәйкес жартыжылдықта бір рет өткізіледі.

Облыста жастар ісі жөніндегі 20 Кеңес жұмыс атқарады (1 облыстық, 19 аудан, қалалық), кеңесте түрлі деңгейдегі (облыс, аудан, қала) әкімдер төрағалық етеді.

Түрлі деңгейдегі кеңес отырыстарында жастар саясаты саласындағы төмендегі бірқатар мәселелер шешімін тапты:

- аудан, қалалық жастар ресурстық орталықтары, ауылдық округ нұсқаушыларының материалдық-техникалық базасы нығайтылып, аудан, қалалық жастар ресурстық орталықтарына жаңа қызметтік көліктер тапсырылды.

-  облыстық жастар ресурстық орталығының қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында 20 орынды ИВЕКО микроавтобусы мен газель берілді.

- облыстық жастар ресурстық орталығы жанынан жастарға арналған интернет-журналы, әлеуметтік желілермен жұмыс істеу және аула клубтарымен жұмыс істеу бөлімдері құрылды.

-   көшеттерді өсіру үшін «Жасыл ел» облыстық штабтарының сенімгерлік басқаруына мамандандырылған тәлімбақтар жанынан жер телімдерін бөлу мүмкіндігі қарастырылып, қазіргі таңда Талдықорған қаласының аумағынан 1 га жер телімі бөлінді.

-   Талдықорған қаласында 1 га жер телімі бөлініп, жастарға қызмет көрсету орталығы ғимараты салынып, пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, 2016 жылғы 23 желтоқсанда өткен облыстық жастар ісі жөніндегі Кеңес отырысының қорытындысы бойынша Талдықорған қаласындағы жастарға қызмет көрсету орталығы жанынан 2017 жылы жастардың денсаулық орталығын ашу туралы шешім қабылданды.

5. Жұмыспен қамту.

2017 жылдың 1 қаңтарына жастар арасынан 16441 адам жұмыспен қамту шараларымен қамтылды, олардың 11084-і жұмысқа орналастырылды.

Еңбекке бейімделгеннен кейін тұрақты жұмысқа орналасу үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құру қарастырылған. 2017 жылдың 1 қаңтарына әлеуметтік жұмыс орындарына 313 адам жіберілді.

Жастар практикасы облыстағы жастар арасында әлеуметтік-экономикалық ахуалдың жақсаруына және жастар жұмыссыздығының азаюына ықпалын тигізуде. Жыл басынан «Жастар практикасына» 1551 жас маман жіберілді.

6. Облыстық «Жасыл ел» штабы

«Жасыл ел» штабы 3 жыл қатарынан «Үздік штаб» және үздік ақпараттық жұмысы үшін «Үздік онлайн штаб» атанса, 2016 жылы «Үздік командир» және «Үздік жоба» номинацияларына ие болып отыр. 2016 жылғы жұмыс маусымы ашылғаннан бері (мамыр-266, маусым-445, шілде-578, тамыз-574, қыркүйек-207, қазан-194 жасақшы) жасылелдіктер қатарында  2264 жасақшы еңбек етті. 2017 жылы 1875 жасты жұмыспен қамту көзделген.

2017 жылы «Жасыл ел» бағдарламасын қаржыландыру көлемі облыстық бюджеттен 54 млн.809 мың теңгені құрады.

7. Жастар үкіметтік емес ұйымдарының қызметі.

Облыста 67 жастар бірлестіктері тіркелген, оның ішінде аса белсенділері  25 ЖҮЕҰ. 2016 жылы 31 млн.теңгеге 5 жоба іске асырылды.

Сондай-ақ, «Expo-2017» халықаралық көрмесі шеңберінде өткізілетін шараларға түрлі қызмет бағыттары бойынша 100 ерікті қатысуға ниет  білдірді.

2016 жылы аталған шара бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Еріктілер қызметін ірі халықаралық іс-шараларға («Expo-2017», «Универсиада-2017») дайындау үшін ұйымдастыру» атты лоты қарастырылып, 50 ерікті ағылшын тіліне оқытылды.

8. Өткізілген шаралардың бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде жариялануы

Алматы облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының  «Вконтакте», «Instagram», «Facebook», «Youtube», «Twitter» желілеріндегі ресми парақшалары тіркелген. 

Бүгінде барлығы 396 269 жазылушы тіркелген. 365 аккаунт жұмыс істеуде. Көрсетілім саны – 1 781 086. Әлеуметтік желіде 31 қоғамдастық парақшалары  ашылып, оның 19-ы аудандық ресурстық орталықтарда тіркелген. Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының жаңадан іске қосылған Kazng.gov.kz  ресми сайтының кіру көрсеткіші – 15 754 құрайды.

Сонымен қатар, «Kz Prank» әлеуметтік эксперимент жобасының Youtube желісінде көру көрсеткіші 918 450-ді құрайды. Пранк тақырыптары «Бала ұрлау», «Қыздар төбелесі» және т.б.

2017 жылдың І тоқсанында 5000-ға жуық жастардың қатысуымен  52 іс-шара өтті. Атап айтсақ:

1. XXVIII қысқы Дүниежүзілік универсиаданы қолдау мақсатында жастар арасындағы коньки  мен хоккейдан жарыс;

2.   Облыстық «Жүректен жүрекке» байқауы;

3.   «Жас буын» атты облыстық пікір-сайыс жарысы;

4. Олимпиада чемпионы, бокстан халықаралық спорт шебері С.Сәпиевпен кездесу; 

5.   Жоғарғы оқу орындары арасында «Жайдарман» ойындары;

6.   «Жақсы мамандық-жақсы жұмыс» атты кездесу;

Ағымдағы жылы жастарды патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында келесі  іс-шараларды өткізу жоспарлануда.

1. «Айбын» әскери-патриоттық лагері;

2. «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» атты ауыл жастарының форумы;

3. Өзге ұлт өкілдері жастарының қатысуымен «Патриот KZ» байқауы;   

4. Вена балы форматындағы «Көктем балы»;

5. «Мемлекеттік рәміздерім – тәуелсіздік символы» тақырыбындағы жастар акциясы.

Сондай-ақ, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында келесі іс-шараларды өткізу жоспарланып отыр.

1.«Мәдени өнім – мәдени қазына» атты «UNKNOWN TALENT» жобасы;

2.«Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы аясында көп тілді зияткерлік ойындары;

3. «Туған жерге тағзым» акциясы;

4. Өзге ұлт жастары арасында «Бір шаңырақ астында» атты этно-фестивалі;

5. «Жастар жырлайды» Республикалық жас ақындар айтысы;

6. «Туған жерге туыңды тік» марафоны;

 


 

 


Орналастырылған күні: 21.04.2017 11:07

Өзгертілген күні: 21.04.2017 11:18:23


Саймасай ауылындағы А. Байтұрсынов мектебі туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424
Наверх