Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған -15 oC
2017 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

2017 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

1. Облыстағы діни ахуал дамуының үрдістері: 2017 жылдың   I тоқсанында облыс аумағында діни ахуал тұрақты және болжамды болып сақталды. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан өткізіліп жатқан діни төзімділікті қалыптастыруға бағытталған жұмыстар ықпалын тигізуде.

Облыс аумағында өткізілген іс-шаралар дін саласындағы мемлекеттік саясаттың талаптарына сай жүргізіліп отырды.

Жергілікті тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының, сондай-ақ, облысымызға білімі мен біліктілігі жоғары теологтар шақырылып, әр түрлі форматта өткізіліп жатқан шаралардың нәтижесінде өңір жұртшылығының діни сауаттылығы артып, оң көзқарас қалыптасып келеді.

Есептік кезеңде, облысымыздағы конфессияаралық келісімді нығайту, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, дәстүрлі ислам құндылықтарын насихаттау мен тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру жұмыстарын жүргізу мақсатында ауқымды іс-шаралар атқарылды.

2017 жылға арналған жоспар бойынша дін саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру бағытында қызмет ететін Алматы облысының ақпараттық-түсіндіру топтарының жұмысы халық арасында өз деңгейінде, тұрақты жүргізілуде.

Қаңтар айында облыстық Жетісу телеарнасындағы «Иманашар», «Болмыс» ток-шоу бағдарламаларына орталықтың қызметкерлері  Қ. Байғара «Шетелдегі діни білім алу мәселелері», А. Әубәкір жаңадан қабылданған «уақытша тіркеу» заң жобасының елімізде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алудағы маңыздылығы жайлы сұхбаттарын берді.

Ақпан айында облысқа мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын насихаттау-түсіндіру мақсатымен республикалық ақпарат тобының мүшесі, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жауапты хатшысы Марат Алмасұлы Әзілханов келіп, Текелі қаласы мен Ескелді ауданында, жастарға қызмет көрсету орталығы мен журналистер үйінде өткен жиын барасында Қазақстанның жаңа бағыттағы дамуы, заманауи ақпараттық технологиялардың қоғамдық өмірдегі орны, ұлттық қауіпсіздік, діни сауаттылық, азаматтық қоғам институттарының белсенділігі жайында айтылды.

Панфилов ауданында кеңейтілген ақпараттық-түсіндіру жұмысы (пилоттық жоба): 2017 жылғы 7 ақпандағы Алматы облысының әкімі 15 ақпан мен 15 наурыз күндері аралығында өткізілген «масштабты ақпараттық-түсіндіру жұмысының жоспары» мен жұмыс тобының құрамын бекітуімен    III-топтан тұратын жұмыс тобы жасақталынып, топ жұмысы қорытыланды.

Жасақталған топтар құрамына РАНТ мүшелері, танымал теолог мамандар (Ризабек Батталұлы, Алау Әділбаев, Шәмшат Әділбаева, Жасұлан Жүсіпбеков, Бағдат Бейсенов), мемлекеттік қызметкерлер, «Нұр Отан» партиясының мүшелері, дін істері басқармасының дінтанушылары мен теологтары, жалпы саны  98 мамандардың қатысуымен 65 іс-шара өткізу жоспарланды. Жоспарлы және жоспардан тыс 147 іс-шара өткізіліп 10342 адам қамтылды, аудан халқының 9,2 % құрайды.

Панфилов ауданы бойынша әлеуметтік зерттеу жұмыстары жүргізілді.

Әлеуметтік зерттеу келесі кезеңдерді қамтыды:

1. Дайындық кезеңі: Бұл кезеңде зерттеу бағдарламасы әзірленді;

2. Негізгі кезең: Бұл зерттеуде өзі жүргізген жұмыстарын қарастырады;

3. Қорытынды кезең: өңдеу жүреді, деректерді талдайды, сондай-ақ тұжырымдар қалыптастырады.

Зерттеудің мақсаты қазіргі заманғы аудан тұрғындарының діндарлық деңгейін зерттеу, олардың құндылықты бағдарларын анықтау.

Зерттеу әдістемесінде сандық әдістерді кешенді пайдалана отырып, еліміздің әр қалалары мен аудандарында жаппай сауалнама зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді, әрі қарайғы талдау нәтижелерінің салыстырмалығын қамтамасыз етеді.

18 наурыз күні Талдықорған қаласында «OPENAIR» форматында «Жалған діни ұйымдарға кіріп кетпеудің амалдары» тақырыбында «Көк базар», «Шаған», «Евразия», «Қарағаш» сауда үйлері мен автовокзалдарда сатушыларға, жолаушылар мен таксисттерге ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп бүктеме мен кітапшалар таратылды. Халдықты толғандырып жүрген сұрақтарға дінтанушы мамандар толық, нақты ақпарат берді. Барлығы қамтылған адам саны 500-ге жуық.

Орталықтың материалдық-техникалық базасын күшейту мақсатында ақпанда өткен маслихаттың шешімімен қаржы есебі қарастырылды. Қарастырылған қаржы есебін келесі бағыттағы жұмысты жақсарту мақсатында жұмсалады:

- «Фокустоп» құру (жұмыс орны анықталып, өңірдегі діни ахуалға тереңдетілген талдау жүргізу);

- «Фотостудия» (халықты дін саласына байланысты өзге де сапалы бейне аудиожазбаларды ресми сайттар мен әлеуметтік желілерде жариялау арқылы ақпараттандыру);

- «Баспахана» (діни сараптамадан өткен үлестірмелі материалдарды өзіндік өндірістегі кітаптар мен журналдарды және әдістемелік құралдарды сапалы, ауқымды және жедел басып шығару);

-«Ақпараттық стенд (моноблок)»(жастар арасында дін саласындағы мемлекеттік саясатты насихаттау, басқарма мен орталық тарапынан шығарылған бейне және аудиожазбаларды, дін тақырыптарындағы сенімді мағлұматтарды алу жетімдігі);

- «РеИнформобиль» (ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, халықтың діни сауаттылығын арттыру мақсатында үлестірмелі материалдарды   шалғай орналасқан аудандарға жедел жеткізу);

- «РеРеамобиль» (шалғай орналасқан ауылдық округтерде нүктелі түрде оңалту жұмыстарын жүргізу);

2. Діни бірлестіктер және олардың филиалдарымен пайдаланатын ғибадаттар (ғимараттар) және басқа үй-жайлар туралы мәліметтер. Діни бірлестік пен филиалдарының жалпы саны 586-ны құрады. Оның ішінде: ислам мешіті-430, православ-48, Рим-Католик-11, протестанттық-95 және 2 дәстүрлі емес діни бірлестіктер.

Діни бірлестіктердің саны 2016 жылмен салыстырғанда 2-ге артып отыр. Оның 2-і ислам мешіті (Жамбыл ауданы-1, Кербұлақ ауданы-1).

Сонымен қатар, облыс көлемінде мешіттерде барлығы 500 имам қызмет атқарады. Олардың ішінде: 80,6 % (403) бас имамдар, 15 % (75) наиб имамдар, 14,2 % (14) ұстаз,  1,6 % (8)азаншы және де 5,4 % (27) мешітте бос орындар бар. Атап айтқанда: Алакөл ауданында – 2, Балқаш ауданында-2, Еңбекшіқазақ ауданында – 8, Жамбыл ауданында – 2, Іле ауданында-1, Қаратал ауданында -1, Кербұлақ ауданында – 5, Панфилов ауданында-2,  Райымбек ауданында – 3 және Талғар ауданында -1 мешітте имамдар қажет етеді.

Христиандық және дәстүрлі емес діни бағыттарында 294 діни қызметкер жұмыс істеуде. Олардың ішінде: 22,8 % (67) православтық, 9,8 % (29) Рим-Католиктік, 66,3  % (195) протестанттық, 0,7 % (2) Бахаи, 0,4 % (1) Кришна санасы.

Облыста имамдардың білім деңгейлері бойынша 26,6 % (133) жоғары білімді, 14,2 % (71) медресе бітірген, 45,8% (229) курстан өткен және 13,4% (67) орта білімді имамдар қызмет атқарады.

Христиандық және дәстүрлі емес діни бағыттарында білім деңгейлері бойынша 15,6 % (46)  жоғары білімді, 13,3 % (39) орта білімді, 71 % (209) курстан өткен қызметкерлер қызмет атқарады .

Алматы облысы бойынша Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты аудан, қала және ауыл имамдарына жалақы төлеу үшін 12 аудан мен 3 қалада қорлар құрылған. Қалған 4 ауданда қор құру мүмкіндіктері қарастырылуда.

Жұма намазына үнемі зерделеу жүргізіліп, діни тұрақтылықты сақтау басты назарға алынып келеді.

3. Миссионерлік қызметтің жағдайы.  Облыста 20 миссионер тіркелген, оның 16- католицизмді, 4- протестантизмді (пресвитериан) ұстанады. Олардың 2-Италиядан, 1-Испаниядан, 5-Польшадан, 7-Оңтүстік Кореядан,                            1- Литвадан, 2- Словакиядан  және  2- Қазақстандық.

Талдықорған каласында–6, Қапшағай қаласында-10, Еңбекшіқазақ ауданында-1, Талғар  ауданында-1, Текелі қаласында 2 миссионер тіркелген.

4. Діни әдебиеттерді таратуға арналған арнайы тұрақты орындардың қызметі. Облыс әкімдігінің 2012 жылғы 10 желтоқсандағы «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту, ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни жораларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келісу туралы» № 389 қаулысына өзгерістер енгізу туралы облыс әкімдігінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі №337 қаулысымен діни әдебиеттерді таратуға арналған 20 арнайы тұрақты орындар бекітілген. Оның ішінде 8 орында (Алакөл, Жамбыл, Ескелді, Қарасай, Панфилов, Сарқан, Талғар аудандары және Талдықорған қаласы) діни әдебиеттер сатылады.

Есепті кезеңде діни әдебиеттерді және өзге де діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды таратуға арналған арнайы тұрақты орындардың орналасуын келісуге өтініштер түскен жоқ.

Басқарманың ғимаратында арнайы діни әдебиеттер кітапханасы ашылып, діни әдебиеттер шығаратын баспаханалардың әдебиеттері жайғастырылып, интернет-кітапхана жасақталды. Кітапхана қорында тәрбиелік мазмұнында 705 әдебиет, 291 діни әдебиеттер, 153 терминдік және тілдік сөздіктер, 98 құқықтық актілер жинағы, 163 әдебиет әр түрлі бағыттағы тарихи, мәдени кітаптар. Кітапханадан кез келген бағыттағы әдебиеттерді табуға болады.  

5. Ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың қызметі. Алматы облысының  2012 жылғы 10 желтоқсандағы №389 қаулысымен «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту, ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни жораларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келісу туралы» 7 намазхана келісілді.

6. БАҚ-да мақалалар жариялау жұмыстары.

Жүргізілген ақпараттық-түсіндіру  жұмысы бойынша облыстық, аудандық БАҚ-тарда дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру, дәстүрлі құндылықтарды насихаттау, діни экстремизмнің алдын алу және радикалдық идеяларға қарсы иммунитет қалыптастыруға бағытталған өзекті мәселелер бойынша Алматы облысының дін істері басқармасының, жергілікті атқарушы органдарының, «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының қызметкерлері, ҚМДБ өкілдері мен православ дінінің өкілдері, тілшілер тарапынан облыстық, аудандық БАҚ беттерінде жалпы 309 мақала жарияланды.

АТТ жоспарына сәйкес әр түрлі бағыттағы діни мәселелерге байланысты 1300 материалдар саны шығарылып, өткізілген іс-шараларда тұрғындарға таратылды (500 кітапша, 800 бүктеме).

7. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары.

Облыс бойынша құрамында 397 мүшесі бар 3 қалалық, 16 аудандық, 20 ақпараттық-түсіндіру топтары жаңартылып жұмыс жасауда.

Облыстық ақпараттық-түсіндіру топтарына: 130 мемлекеттік қызметкер, 38 құқық қорғау органдары қызметкері, 22 беделді азамат, 10 денсаулық сақтау және төтенше жағдайлар, 15 Қазақстан халқы Ассамблеясының және этномәдени топ өкілдері, 84 ҚМДБ имамдары және басқада діни бірлестіктердің өкілдері, 7 дінтанушы, исламтанушы, теолог, 14 ҮЕҰ қоғамдық бірлестік өкілдері,1 мәдениет, өнер және спорт саласының өкілі, 9 партия жетекшілері мен мәслихат депутаттары, 28 мектеп, колледж директорлары мен мұғалімдері,16 жастар ұйымдарының өкілі және 23 БАҚ өкілдері тартылған.

2017 жылы облыс бойынша жоспарға сәйкес 48 дөңгелек үстел,   55 семинар, 56 дәріс, 299 кездесу, 9 конференция, 51 тәрбие сағаты, 8 пікірталас, 3 акция, 130 отырыс, 2 сауалнама, 156 сұхбат, 1 ашық есік, 1 ток-шоу, 1 OPENAIR жалпы 820 іс-шара өткізіліп, оған  50305 адам қатысты.

2017 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес қазіргі таңда  6 бағытта 20 шара өткізілді. Оның ішінде: 7 семинар, 3 дәріс, 1 конференция, 3 дөңгелек үстел, 6 кездесу.

Бағытына бөліп қарастырсақ:

1. Студент және оқушы жастармен жұмыс – 12 шара, 928 адам қамтылды;

2. Жұмыссыз жастармен жұмыс – 2 шара, 65 адам;

3. Бюджеттік мекеме қызметкерлерімен жұмыс – 1шара, 100 адам;

4. Құқық қорғау органы қызметкерлерімен жұмыс – 2 шара, 145 адам;

5. Дінді қатаң ұстанатын тұрғындармен жұмыс – 1 шара, 150 адам;

6. Ауылдық жерлердегі жұмыс – 2 шара, 300 адам.

АТТ мүшелері жүргізген іс-шараларда қамтылған негізгі мақсатты аудитория: жастар (жалпы білім беретін мектептердің оқушылары, ЖОО студенттері, маргиналды жастар), мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметкерлер, өндірістік және коммерциялық кәсіпорындардың қызметкерлері, діншіл жамағат, сотталғандар.

8. Шет елдердегі теологиялық оқу орындарында білім алып жатқан Қазақстан азаматтарымен жүргізілетін түсіндіру жұмыстары.  2017 жылғы соңғы мәліметке сәйкес облыс аумағынан шет елдерде діни білім алып жатқан 58 студент тіркелген. Атап айтқанда: Жамбыл ауданынан-10; Қарасай ауданынан-7; Талғар ауданынан-7; Еңбекшіқазақ ауданынан-11; Іле ауданынан-3; Панфилов ауданынан-5 (1 студент лайықты емес деп танылған шетел діни оқу орнында білім алып жатқан студент оралды); Ұйғыр ауданынан-1; Сарқан ауданынан-4; Райымбек ауданынан-7; Қапшағай қаласынан-2; Текелі қаласынан-1 студент оқиды.

Шетел діни оқу орындарында білім алып жатқан студенттерді талдау нәтижесінде Түркияда-26, Мысырда-26, Пәкістанда-2, БАӘ-1, Сауд Арабия Патшалығында-1, Иорданияда-2 студент анықталды. ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитеті тарапынан  10 шетелдік діни бағыттағы оқу орындары ел азаматтары үшін білім алуға лайықты деп танылған. Осыған сәйкес, 37 студент лайықты деп танылған шетел діни оқу орындарында білім алып жатса, 21 студент лайықты емес деп танылған шетел діни оқу орнында білім алуда. Жоғарыда аталған мәселелерді назарға ала отырып, мақұлданбаған діни білім беру мекемелерінде оқып жатқан студенттердің жақын туыстарымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы оларды елге қайтарып, отандық діни білім беру мекемелерінде білімін жалғастыруға жағдайлар жасалуда.

9.Оңалту жұмыстарын ұйымдастыру.

Жыл басынан басқарма тарапынан дәстүрлі емес діни ағымдарды ұстанушы азаматтармен профилактикалық жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында Р. Батталов, Ж. Жусіпбеков, А. Әділбаев, Ш. Әділбаева сияқты тәжірибелі теолог-мамандар, РАНТ мүшелері Алматы облысының Панфилов ауданына шақырылды.

Аталған мамандардың қатысуымен халық арасында діни сауаттылықты арттыру, дәстүрлі емес діни ағымдардың әсерінен сақтап қалуға бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізілді. Соның ішінде Панфилов ауданының «Елтай», «Базар», «Мұқаш-Кеңесбай», «Орталық» мешіттерінде уағыздар жүргізілді. Сондай-ақ, аудандық мектептер, арнайы білім беру мекемелерінде кездесулер өткізілді.

Нұр Мүбарак Египет Ислам мәдениет Университетінің оқытушысы, РАНТ мүшесі Ш. Әділбаеваның қатысуымен әйелдер жамағатымен арнайы кездесулер, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Сондай-ақ, орталық мамандары А. Бекишева және А. Алимханова тарапынан Панфилов ауданының Үлкеншыған және Пенжім ауылдарының әйел жамағаттарымен арнайы тренингтер өткізілді.

РАНТ мүшелерінің қатысуымен облыста ведомствоаралық есепте тұрған дәстүрлі емес діни ағымдарды ұстанушы азаматтармен жеке түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, 26 азамат дәстүрлі ислам дінінің ханафи мәзһабына толығымен өтті.

Аталған бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта қалған аудандарда өзінің жалғасын табатын болады.

10. Өңірдегі әйел жамағаттарымен ұйымдастырылған іс-шаралар туралы:

Облыс әкімі А. Баталов бекіткен «15 ақпан-15 наурыз аралығындағы Панфилов ауданында кең көлемді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары» іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында 4 наурыз күні сағат 10.00-де орталығының қызметкері А. Алимханова Үлкеншыған ауылының әйелдер жамағатымен «Қызға қырық үйден тыйым» тақырыбы аясында кездесу өткізді.

Орталықтың психологы А. Бекишева Пенжім ауылының әйелдер жамағатымен «Балаларды жат ағымдардан қалай сақтап қаламыз» тақырыбы аясында психологиялық тренинг өткізді. Кездесулер соңында жамағат тарапынан келіп түскен сұрақтарға жан-жақты жауап берілді.

7 наурыз күні «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» КММ-нің 2017 жылғы жоспарына сәйкес Талдықорған қаласында «Аяулы әже, ардақты ана, ару қыз» атты акция ұйымдастырылды. Шара 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнін құттықтау аясында ұйымдастырылды. Іс-шара барысында «Қыз балаға қырық үйден тыйым», «Қазақ мәдениеті – қазақтың дәстүрлі діни танымы» тақырыптарында буклеттер және 300 гүл шоқтары мен 300 бүктеме таратылды.

Сондай-ақ 10 наурыз күні «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің ұстазы, PhD доктор Ш. Әділбаеваның және Орталық дінтанушыларының қатысуымен Жаркент қаласы Уалиханов, Алтынсарин атындағы мектептердің және Гуманитарлық-техникалық колледжінің оқушы қыздарымен «Ислам діні және қазақ салт-дәстүрі» тақырыбында кездесулер өтті. Кездесулерге 400 адам қатысты.

11 наурыз күні Ш. Әділбаева Көктал ауылының «салафизм» ағымын ұстанатын 4 әйелмен жеке түсіндіру жұмыстарын жүргізді, кездесу нәтижесінде аталған азаматшалар дәстүрлі исламның ханафи мазхабына бағытталды.

11.Түзету мекемелеріндегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстары.

2017 жылдың 1 тоқсанында Алматы облысының дін істері басқармасы ММ «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» КММ-нің теолог мамандары тарапынан Қапшағай қаласы Заречный ауылында орналасқан  ЛА 155/14 және ЛА 155/8 түзету мекемелерінде жазасын өтеп жатқан 16 адаммен жеке түсіндіру, оңалту жұмыстары жүргізілді.

12. Сенім телефонының қызметі. Халыққа дін саласында психологиялық және құқықтық көмек көрсету бойынша сенім телефоны өз қызметін жалғастыруда. Жауапты мамандар азаматтардың сауалдарын жұмыс күндері 08:00-20:00-ге дейін, демалыс күндері 09:00-17:00-ге дейін арнайы құрылған кезекшілік кестесіне сәйкес қабылдайды. Сенім телефонының халық арасында өзектілігін ескере отырып, алдағы уақытта тәулік бойы үздіксіз ақпарат қабылдау мүмкіндіктері қарастырылуда.

Талдау нәтижесі көрсеткендей, түскен сұрақтардың басым көпшілігі діни терминдерге және діни амалдарға қатысты екені анықталды. Шақырту мен түсіндіру жұмыстарын талап ететін қоңыраулар түспеді.

13. Дінтану сараптамасын жүргізу бағытындағы жұмыстар.

Ағымдағы жылдың I тоқсанында Алматы облысы дін істері басқармасы тарапынан Дін істері комитетіне терроризм және діни экстремизм идеяларын уағыздайтын 150 желі дінтану сараптамасына жолданып, қазіргі уақытта дінтану сараптамасы жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ, діни экстремизмнің алдын алу, конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету мақсатында «Салафизм», «Терроризм тұзағы», «Адасқандар», «Таблиғи жамағат», «Ортақ мәселе», «Салафизм шырғалаңы» және т.б. тақырыптарда 20 бейнеролик пен бейнефильмдер халық назарына ұсынылып, 11000-ға жуық көрсетілімдер болды. Сонымен қатар, дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, діни сауаттылықты арттыру мақсатында «ДАИШ ұйымы – олар кімдер?», «Толерантность – главное богатство Казахстана», «Сәләфилерді кімдер қаржыландырады?», «Причиняющие добро», «Сәләфилік идеяның тарих сахнасына шығуы», «Орынсыз «талақ» - отбасы институтының басты қаупі», «Шесть признаков завербованного экстремистами человека», «Сәләфилер дәстүрді дұрыс танымайды», «Роль НПО в борьбе с экстремизмом», «Такфир – радикальная идеология» тақырыптарында 180 мақала мен жаңалықтар жарық көріп, 70-ке жуық комментарийлер жазылды. Жалпы облыс бойынша ресми әлеуметтік желілер мен ресми сайттарға қойылған мәліметтер көзі 200-ке жуық.

1 наурыз күні «Панфилов ауданында бір айлық масштабты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде» атты мақала e-islam сайтында жарияланды.

15 наурыз күні орталықтың қызметкерімен жазылған «Незнание привело к заблуждению» атты мақаласы e-islam.kz және республикалық bnews.kz сайттарына орналастырылды.



Орналастырылған күні: 24.04.2017 16:42

Өзгертілген күні: 22.05.2017 12:18:04

Елді мекендерге бұрылыс салу туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Наверх