Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +34 oC
2017 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

2017 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

2017 жылы 21 өзенінің (Кызылағаш, Құсақ, Үшарал, Кызылащы, Талды, Ұзынбұлак, Тескен Саз, Мұраталы, Ақбейіт, Көмірші, Қошқар, Шибұт, Нарынқол, Ойқайың, Шілікті, Қашкан-Талғар, Сарыбұлақ, Ақтам, Будуты, Арлыкголсай, Сұңқар өзендері) су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеудің жобаларын жасау жұмыстары жүргізіліп жатыр.  Бұл мақсаттар үшін облыстық бюджеттен 31,6  млн. теңге бөлінді.

Жалпы экологиялық жағдайдың жақсарып, су ресурстары мен су шаруашылығы құрылғыларын тиімді пайдалану мақсатында Сарқан ауданындағы Алтай көлдерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерінің белгілерін орнатуға 422 657 теңге бөлінді.

Қазақстан Республикасының Су кодексінің 92 бабының 1 тармағына сәйкес халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын жерүсті және жерасты су объектілеріне жеке және заңды тұлғаларға берілетін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның қорытындысын тіркеу жұмыстары жүргізіледі.

Сонымен қатар «Жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қоры бар аумақтарда ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшін ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат беру» және «Су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтерін көрсетіледі. 


Орналастырылған күні: 18.04.2017 16:30

Өзгертілген күні: 18.04.2017 16:31:30

Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх