Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған -9 oC
2017 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

2017 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

Алматы облысы әлемнің 94 мемлекетімен сауда-серіктестік қатынасты жүзеге асырады. 2017 жылдың қаңтар-ақпан айларында сыртқы сауда айналымы 183,0 млн. АҚШ долларын құрады, оның ішінде экспорт -37,6 млн. АҚШ доллары, импорт – 145,4 млн. АҚШ доллары.

Өңіраралық деңгейде бауырластық қатынастар орнатылып, өзара ынтымақтастық туралы келісімдер мен меморандумдарға қол қойылған.

2017 жылдың наурызында Татарстан Республикасы Менделеев муниципалдық ауданының басшысы В. Чершинцев бастаған ресми делегациясының Панфилов ауданына жасаған сапары барысында екі аудан арасында достық қарым-қатынас туралы келісімге қол қойылды.

Сонымен қатар, ҚХР Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданы Боротала-Моңғол автономиялық облысының губернаторы Бадымала мырза бастаған ресми делегациясы облыстың басшылығымен кездесіп, ҚР Достық бекеті мен ҚХР Алашанькоу қаласы арасында «Қорғас» ХШМЫО секілді шекара маңындағы сауда орталығын құруға қызығушылық білдірді.

“Beijing Longhua Yang Guang Investment Co. Ltd” компаниясының бастауымен ҚХР бизнесмендері Алматы облысына келіп, облыстың инвестициялық әлеуетімен танысты. 2017 жылғы 29 наурызда «Талдықорған» индустриялық аймағында ет комбинатының бірінші тасын қалау салтанаты өтті.

 

 

 

 


Орналастырылған күні: 25.04.2017 12:09

Өзгертілген күні: 25.04.2017 12:09:59

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Наверх